Maм 30, 2016 16:31 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 3

Тауһидтің мәңгі әрі табанды көшеті жемісті болып қалу үшін оны қорғап, оған зиян келтіретін мәселелермен күресу қажет. Ең маңызды мәселелердің бірі тарих бойында әр түрде пайда болған шірк ой-пікірлер болып табылады.

 Шірктің мағынасын анықтау үшін тауһид пен бір Аллаға иман келтіру түсініктерін анықтау қажет. Тауһидке иман келтіру саласында теріске шығару және дәлелдеу деген екі жол бар, олар бір-бірі үшін қажет. Бір Аллаға құлшылық ететін адам тауһидтік ой-пікірді дәлелдеу тұрғысынан жаратылған әлемде тек бір Алла бар екенін және жандардың оның қолында екендігін қабылдайды. Одан басқа Жаратушы жоқ. Жаратылған әлем мен қасиетті діндердің заңдары тек Алла тарапынан ғана реттеледі. Тек оның жігерімен адам мен әлемнің тағдыры анықталып, әлемдегі барлық жаратылыстар оның өзіне қарай оралады. Мұндай ой-пікірге қайшы кез келген пікір шірк саналады. Сондықтан бір Аллаға құлшылық ететін адам оны теріске шығаруы керек. Басқаша айтқанда, әр мазхабтың әлемнің Жаратушысының жалғыз болуы туралы наным-сеніміне қайшы кез келген наным-сенім шірк саналады. Хазірет Ибрахим бір Аллаға құлшылық етуші адамның үлгісі ретінде өз ғасырының мүшіріктерінің жолы мен рәсімін теріске шығарып, оларға: «...Сендерден де Алладан өзге табынғандарыңнан да бездік. Сендермен арамызға мәңгі дұшпандық, өштік бастады. Сендерге Алланың бірлігіне иман келтіргенге дейін қарсымыз»,- деп айтады. («Мүмтахене» сүресі, 4-ші аят). Исламның ұлық пайғамбары хазірет Ибрахимнің жолын жалғастырып, шірк ой-пікірлерге қарсы көтеріліп, илахи бұйрыққа сүйеніп: «Шын мәнінде Аллаға құлшылық қылуға әрі оған ешбір ортақ қоспауға бұйырылдым. Мен ол жаққа шақырамын. Және қайтар жерім де сол жақ»,- деді. («Рағд» сүресі, 36-шы аят). Алайда пайғамбардың талпыныстары мен дұрыс жолға нұқсауына қарамастан, Меккенің мүшіріктері Алланы жаратылған әлемнің жалғыз Жаратушысы ретінде қабылдамақ түгілі өздерінің шірк наным-сенімдеріне табандылық танытып, әртүрлі қастықтары және соғыс ашуларымен пайғамбарға қарсылыласуға көтерілді. Өкінішке орай, пұтқа табынушылар ғана емес, кейбір илаһи діндердің жақтастары да өздерінің илаһи пайғамбарларының бір Құдайға табынатын діндерінен адасып, шірк наным-сенімдерінің торына түсті. Көне Иранда Зәртушт дінінің жақтастары әлем екіге, яғни жақсылық пен жамандық немесе нұр мен қараңғылыққа бөлінеді деп санаған. Осыған орай жақсылық пен нұрдың «Яздан», жамандық пен қараңғылықтың «Ахриман» деп аталатын құдайлары бар деп санаған. Ұлы Алла бұл наным-сенімді теріске шығарып, пайғамбарын: «Әр нәрсені жаратушы Алла. Ол жалғыз, аса өктем»,- деп айтуға міндеттеді. («Рағд» сүресі, 16-шы аят). Сондықтан жаратылған әлемнің Құдайы – біреу. Ол барлық жақсылықтың көрінісі, ал әр жамандық пен қараңғылық адамдардың жігерімен пайда болады. Қараңғылық пен жамандық Алладан алыс. Сол заманда тауһидтен, яғни бір Аллаға құлшылық ету жолынан ауытқыған келесі илаһи діннің жақтастары Бани Исраил болды. Хазірет Мұса Құдаймен сырласу үшін Тур тауында қасиетті Тәурат кітабын ашқан кезде оның Самири деген жақын серіктерінің бірі шайтандық күдік-күмәндерімен Жебірейілдің атының тұяғының астынан бір уыс топырақты алып, бұзаудың мүсінін жасап, оны безендіріп: «Сендердің де, Мұсаның да тәңірі осы»,- деді. («Таһа» сүресі, 88-ші аят). Сол кезде Бани Исраильдің 70 мың адамы Самиридің айла-шарғысына шырмалып, бұзаудың алдына сәждеге жығылып, оған табынды. («Әл-Мизан», 12-ші том, Құмидің тәпсірінен). Хазірет Мұса Тур тауынан оралған соң таңғалып, бұл әрекетке қатты ашуланып, Самиридің бұзауын өртеп, ешбір белгісі қалмасын деп, күлін теңіздің бетіне шашып жіберіп: «Тәңірлерің Алла ғана. Одан басқа ешбір Тәңір жоқ»,- деп жариялады. («Таһа» сүресінің 98-ші аяты). Сонымен бірге Бани Исраилдің бір тобы келесі шірк ойды баяндап, еврейлер халқының құтқарушысы деп санаған Узаирді «Құдайдың ұлы» деп таныстырды. Құран бұл сөзді бұрынғы кәпірлердің сөзі деп атап, бұрмаланған көзқарасты теріске шығарып: «...Құдай атқырлар, қайтып алданып отыр»,- деді. («Тәубе», 30-шы аят). Өкінішке орай, бұл шірк ұстанымдар христиан дінінің кейбір жақтастарына да жетіп, олар үштік наным-сеніміне шырмалды. «Қомус қасиетті кітап» еңбегінің жазушысы америкалық Хакс бұл туралы: «Құдайдың болмысы үш тең негізден, яғни Құдай әке, Құдай ұл және Құдай қасиетті рухтан қалыптасқан. Құдай әке – барлық әлемнің жаратушысы. Құдай ұлы Фади мен қасиетті рух – тазартушылар. Бұл үшеуінің бір сәтте әрекет ететіндіктерін ұмытпаған жөн»,- дейді. («Қомус қасиетті кітап», 344-ші бет). Құран Кәрім мұндай шірк көзқарасты қатаң түрде теріске шығарып: «Расында: “Алла, үштің үшіншісі” дегендер кәпір болды. Бір Тәңірден басқа тәңір жоқ. Егер олар бұл айтқандарынан тыйылмаса, олардан сондай қарсы келгендерге күйзелтуші азап кездеседі»,- деді. («Мәиде»,73-ші аят. Басқа бір аяттан: «Алланы “үшеу” демеңдер, (одан) тыйылыңдар. Сендер үшін жақсы. Шынайы түрде Алла бір-ақ Тәңір. Ол – баласы болудан пәк»,- деп оқимыз. («Ниса», 171-ші аят). Пұтқа табынушылармен бірге зәртушт, йудей және христиан діндерінің кейбір жақтастары шірк бұрмалануларымен илаһи болмыстан алыстап, илаһи пайғамбарлардың тарихына қайшы адамзат қоғамын бір Аллаға қарай шақырудың орнына, ақыл мен қисынға сай келмейтін көптеген «құдайларға» қарай шақырды. Сонымен бірге олар әлемнің Жаратушысына құлшылық етудің орнына қолдан жасалған «құдайларға» табынады. Негізінде пайғамбарлардың шақыруы – Аллаға қарай шақыру. Бұл шақыру адамдардың тауһидтік болмыстарында тамыр жайған. Алланың соңғы пайғамбарының пайғамбарлық міндеті адамзат қоғамы мен хазірет Ибрахимнің жақтастарын илаһи тура жолдан алыстатқан бұрмаланушылықтарды жою болды. Осыған орай Ұлы Алла Исламның ұлық пайғамбарына: ««Әй, Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт. Егер олар жүз бұрса: «Куә болыңдар, шәксіз біз мұсылман болдық» деңдер»,- деген. («Әли-Ғымран», 64-ші аят). Осыған орай Құран тек мұсылмандарды ғана емес, бүкіл Кітап иелерін шірк ойлардан бас тартып, барлық илаһи діндердің ортақ мәселесі бір Аллаға иман келтіруге шақырады. Құран Кәрім: «Өзіміздей адамдарды бір құдай санап, жағдайларын өз мүдделеріне пайдаланатын және харам мен халалды өз қалауларына сай өзгертетін діни ғалымдарды ресми тануға және оларға табынуға болмайды»,- деп қуаттайды. Шын мәнінде ислам құлдық пен идеологиялық отаршылықты және ойланбай үлгі тұтуды ғибадат пен құлшылықтың бір түрі деп санайды. Сөйтіп, шірк пен пұтқа табынумен күрескендей пұтқа табынуға ұқсайтын идеологиялық отаршылықпен де күреседі.

Тегтер