Жетекшілік хадисі 73
Исламның ұлық пайғамбары: «Күнәнің мастығы шараптың мастығынан жаман. Өйткені, шараптың мастығы бірнеше сағатқа созылып, тарқайды, ал күнәнің мастығы сол күнәға нашақор болғандай адамды қайталап жасауға итермелейді. Күнәға әдеттенген адам соқыр әрі саңырау сынды",- деген.
Күнәдән алыстап, жақсылық жасау – имандылардың айқын ерекшеліктерінің бірі. Исламның ұлық пайғамбары мүміндерді сипаттап: «Мүміннің жүрегі ахлақтық кемшіліктерден пәк»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 67-ші том). Имам Саджад (ғ.с.) де мүміндердің белгілерінің бірін күнәдән алыстауы және оңашада Алланы зікір етуі деп санаған. («Бихар әл-Анвар», 64-ші том). Күнә адамдардың өміріне теріс әсер етеді. Оның бірінші жаман әсерін көрсету үшін Алла Тағала бұл дүниедегі өмірде оны қиындықтарға шырмап, көңіл аудартады. Имам Садық (ғ.с.): «Адамдардың бетпе-бет келетін әр бақытсыздығына, тіпті әр түрлі ауруларына күнәлары себеп болады»,- деген болатын. «Шура» сүресінің 30-шы аятынан: «Бастарыңа келген бір ауыршылық қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Алла көбін кешіп жібереді»,- деп оқимыз. («Бихар әл-Анвар», 73-ші том). Кейбір илаһи пайғамбарлар мен әулиелердің бетпе-бет келген қиындықтары олардың дәрежесін көрсету немесе оларды сынау болып табылады. Сонымен бірге кейбір қарапайым адамдардың қиындықтары да сынақ болып табылады. «Бақаре» сүресінің 155-ші аятында: «Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед F.C сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр!»,- деп айтылған. Кейбір кезде қиындықтар іске жеңіл қарау мен ақылдаспаудың салдары болады. Кейбір уақытта күнә жасауға ниет етудің өзі адамды кейбір ырзықтардан мақұрым қалдырады. Ырзық азық-түлікпен шектелмейді. Өйткені адам пайдаланатын материалдық және рухани әрбір нәрсе ырзық саналады. Иман мен ғибадат жасауға мүмкіндік беру – ырзық, олардан мақұрым қалу күнәға итермелейді. Имам Садық (ғ.с.): «Адам кейде өтірік айтады. Сондықтан түнгі намазынан мақұрым қалады. Түнгі намазынан мақұрым қалған адам ырзығынан да мақрұм қалады»,- деген болатын. Күнә адамның тура жолдан ауытқып, шындықтан алыстауына себеп болады. Осыған орай исламның ұлық пайғамбары мен пәк имамдар күнә жасамауды көп қуаттаған. Пайғамбардың рауаяттарының бірінде: «Ең имандылар – уәжіптерді орындап, күнәларден алыстайтындар»,- деп айтылған. Имам Бақер (ғ.с.): «Танырқататын жайт, халық аурудан қорқып, тамақтанған кезде ықтият сақтайды, бірақ тозақ отынан қорқып, күнәдан тартынбайды»,- деген. Әрине адам илаһи болмысына жақынырақ болған сайын күнәдан тартыну ол үшін оңайырақ болады. Алайда өзінің илаһи болмысын ластаған болса, күнә жасамау ол үшін ауыр тиеді. Имам Әли (ғ.с.): «Нәпсілік талап-тілектеріңнің шектен шығушылығы әдетке айналмай тұрып, олармен күрес. Өйткені, егер тілектер жеңіп, сен оларға бағынатын болсаң, сені өзі қалаған жерге жеткізіп, нәтижесінде сен олармен қарсыласу күшінен айырыласың»,- деп ескерткен. Хазірет келесі бір сөзінде: «Күнәдән алыстау деген нәпсімен күресіп, оны құлшылық пен ғибадатқа қарай бұруды жеңілдету»,- деп айтқан. Исламның ұлық пайғамбары өзінің сахабаларының бірі Абдолла бен Масудке: «Әй, Масудтың ұлы! Күнә жасама, өйткені күнә арақ-шарап сынды мас қылады. Бірақ бұл мастық шараптың мастығынан ауыр» деп, «Бақаре» сүресінің18-ші аятын оқыған: «Саңырау, сақау және соқыр болып бетінен қайтпайды». Шарап адамды масайтады. Мас болған адам айқайлап, ұрысып, әдепсіздік жасап, кейде өз абыройын төгетінін байқамайды. Өйткені мас кезінде адам еш нәрсені түсінбей, ақылынан айырылады. Исламның ұлық пайғамбары: «Күнәнің мастығы шараптың мастығынан жаман. Өйткені, шараптың мастығы бірнеше сағатқа созылып, тарқайды, ал күнәнің мастығы сол күнәға нашақор болғандай адамды қайталап жасауға итермелейді. Күнәға әдеттенген адам соқыр әрі саңырау сынды",- деген. Имам Бақер (ғ.с.): «Әр пенденің жүрегінде ақ бөлімдері бар. Ол күнә жасаған кезде бұл бөлімдерде дақ пайда болады. Егер тәубе етсе, олар кетеді. Егер күнә жасауды жалғастырса, қара дақтар одан сайын қарайып, ақ бөлімді толық басады. Ақ бөлім толық қарайған кезде бұл жүректің иесі еш уақытта шындық жолын көрмейді»,- деген. Бұл туралы «Мутаффифин» сүресінің 14-ші аятында: «... бәлкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты»,- деп айтылған.