Жетекшілік хадисі 74
Күнә – Алланың бұйрығымен қарсыласу. Адамды күнә жасауға итермелейтін себептердің бірі оны кішкентай, маңызды емес деп санау жатады.
Алла Тағала Құран Кәрімде «Ниса» сүресінің 31-ші аятында: «Егер сендер тыйым салынған нәрселердің үлкенінен сақтансаңдар, сендердің жамандықтарыңды жасырып, өздеріңді құрметті орынға кіргіземіз»,- деген. Сондай-ақ, «Кәһф» сүресінің 49-шы аятында: «Амал дәптері алдарына қойылады. Сонда күнәһарлардың одан қорыққанын көресің. Олар: “Апырым-ай! Бізге нендей өкініш! Мына кітапта кішкенені де, үлкенді де тастамай-ақ түгендепті” дейді»,- деп ескертеді. Бұл аяттардан күнәләрдің екі түрлі болып, яғни үлкен және кішкентай күнәләр болып бөлінетіндігін көреміз. Күнә – Алланың бұйрығымен қарсыласу. Адамды күнә жасауға итермелейтін себептердің бірі оны кішкентай, маңызды емес деп санау жатады. Алланың бұйрығымен қарсыласу қаншалықты кішкентай болғанымен, илаһи ұлылықтың алдында орын алғандықтан үлкен саналады. Шын мәнінде, егер кейбір аяттар мен рауаяттарда кейбір күнәләр кішкентай деп аталса, олар «үлкен күнә» деп аталған кейбір басқа күнәлардың жамандығымен салыстырмалы түрде айтылған. Сондықтан еш уақытта күнә, яғни Алланың бұйрығына бағынбау кішкентай болмайды. Исламның ұлық пайғамбарының рауаяттарының бірінде: «Күнәнің ұсақтығына қарамаңдар, оны жасаған адамның үлкендігіне қараңдар»,- деп айтылған. Имам Әли (ғ.с.) да бұл туралы: «Күнәларді ұсақ санау – ең үлкен күнәлардың бірі»,- деген («Наһдж ул-Балағе», 348-ші хикмет). Имам Садық (ғ.с.) Алланың елшісінен: «Сендер үшін кішкентай болып көрінсе де, жамандық пен ұят нәрсені ештеңе емес деп санамаңдар. Сондай-ақ сендерге үлкен болып көрінген жақсылықты да үлкен деп санамаңдар. Үлкен күнә тәубе арқылы кешіріледі, ал кішкентай күнә қайталанса үлкен саналады»,- деген. Кішкентай күнәні қайталай беру оны үлкен күнәға айналдырады. Расында, күнә жіңішке жіп сынды, ал егер қайталана берсе мықты арқанға айналатындықтан оны үзу қиын болады. Имам Садық (ғ.с.) былай деп есіне алатын: «Алла елшісі өзінің сапарларының бірінде ешбір өсімдік өспейтін, суыз шөл далаға жетеді Ол сахабаларына: «Ағаш жинап әкеліңдер, от жағып, тамақ пісіреміз»,- дейді. Сонда сахабалары: «Бұл тақыр жер. Бұл жерден ағаш табылмайды»,- дегенде Алла елшісі: «Жан-жаққа барып, мүмкіндіктеріңе қарай ағаш немесе құрғақ шөпшек теріп әкеліңдер»,- дейді. Олар жан-жаққа кетіп, көздеріне түскен шөпшек пен бұтақтарды әкеліп, пайғамбардың қасына жинайды. Шөпшек пен бұтақтардың мөлшері көп болғанда пайғамбар: «Күнәлар да осындай, бір-бірінің үстіне жинала береді. Кішкентай күнә да жасамаңдар, олар жиналып, тіркеледі...»,- деген. («Усуль Кафи», 2-ші том). Басқа бір сөзінде имам Садық (ғ.с.): «Күнә қайталана беретін болса, кішкентай деп саналмайды»,- деген («Бихар әл-Анвар», 8-ші том). Күнәларды кішкентай деп санау адамға ұсақ тастарды лақтырып, ол наразылық білдірген кезде: «Бұл кішкентай тас болған, түк болған жоқ»,- деп ақталғысы келетіндігі сынды. Мұндай адам кешірілмейді. Өйткені оның сөздері үстемдік пен менмендікті білдіреді. Имам Хасан Аскари (ғ.с.): «Кешірілмейтін күнәларға адамның мені бұдан басқа күнә үшін айыптамаса болар» деп айтуы жатады. Өйткені адам ойындағы күнәні кішкентай деп санайды»,- деп ескерткен болатын. («Бихар әл-Анвар», 50-ші том). Имам Садық (ғ.с.) да бұл туралы: «Кішкентай күнәні маңызды емес деп санамаңдар, әйтпесе олар кешірілмейді. Елемейтін күнә адам оны жасап, «егер бұдан басқа күнәм болмаса, мен қандай бақыттымын» деп айтатын күнә жасатады»,- деп түсіндірген. Күнә жасаған кезде ләззат алып, қуанышты болу сырт көзге маңызды болмағанымен, күнәны үлкейтіп, теріс әсерін арттырады. Имам Әли (ғ.с.): «Жамандардың жаманы – жамандық жасаған кезде қуанатын адам. Күнә жасағаннан ләззат алатын адамға Алла Тағала ләззатын қорлық қылып қайтарады»,- деп айтқан болатын. Сонымен бірге имам Саджад (ғ.с.): «Күнә жасаған кезде қуанбаңдар, өйткені бұл қуаныш – жасаған күнәдан үлкенірек әрі жаманырақ»,- деген болатын. («Бихар әл-Анвар», 75-ші том). Күнәны әшкерелеу кішкентай күнәны үлкен күнәға айналдырады. Өйткені күнәны әшкерелеу қоғамды ластап, күнәның әдетке айналуына себеп болады. Имам Әли (ғ.с.): «Күнәләрды әшкерелеуден абай бол, өйткені ол ең ауыр күнә»,- деп ескерткен.