Жетекшілік хадисі 75
Құдырет талап ету өте қатерлі, өйткені ол адамның рухани дамуына зардап келтіруімен бірге қоғамдық тұрғыдан оны жиіркенішті етіп, оқшаулайды.
Адам жаратылысына орай өзін жақсы көреді. Өйткені Алла Тағала мұндай қасиетті оның болмысында қалыптастырған. Адамның өзіне деген сүйіспеншілігі бастапқы кезеңде адамды өзінің тамақтану, ұйқтау сынды өмірлік қажеттіліктеріне жігерлендіреді. Келесі кезеңдерде адамның кемелдікке жетуі және Аллаға жақындауы жолындағы барлық іс-әрекеттері мен ғамалдарының негізі болады. Бірақ, кейде өзіне деген сүйіспеншілік адамды негізгі жолдан бұрмалап, жолдың ортасында оны күш, байлық пен билікке қарай итермелеуі мүмкін. Исламның ұлық пайғамбары: «Қатер мен бұзақылық – қойлардың отарына шабуыл жасайтын екі жыртқыш қасқыр. Қатер мен бұзақылықтан гөрі дәреже мен мансапқа, мүлік пен атаққа ғашық болу мұсылман үшін қатерлі»,- деген болатын. Құдырет талап ету – дәреже мен мансапты шектен тыс талап ету. Мұндай жағдайда адам кез келген мүмкіндігін пайдаланып, қандай жолмен болса да дәрежеге жеткісі келеді. Құдырет талап ету өте қатерлі, өйткені ол адамның рухани дамуына зардап келтіруімен бірге қоғамдық тұрғыдан оны жиіркенішті етіп, оқшаулайды. Дәреже мен билікке деген сүйіспеншілік адамның жүрегінде екіжүзділік тудырады. Алланың елшісі бұл туралы: «Дәреже мен байлыққұмарлық өсімдікті өсіретін су сынды адамның жүрегінде екіжүзділікті дамытады»,- деп ескерткен. Исламның ұлық пайғамбарының бұл сөздері құдырет талап етудің адамның екіжүзділігіне маңызды әсер ететінін көрсетеді. Өйткені, кейде адам жетістікке жету немесе халықтың алдындағы өз беделін сақтау үшін оларға қарсыласпауға және адамдардың қателіктері мен дұрыс жолдан бұрмалануына қарамастан, олардың наным-сенімдері және талап-тілектерімен бір бағытқа түсуге талпынады. Мұндай дүниеқұмарлық пен атаққа әуес болу адамның шындықты таптап, оған көңіл бөлмеуіне себеп болады. Құдырет талап ету мен билікқұмарлық адамның өліміне жағдай тудырады. Имам Садық (ғ.с.) бұл қатер туралы: «Билікқұмарлардан алыстаңдар! Алламен ант етемін, адам өзі мен басқаның өліміне жағдай жасамаса, оның артынан тағаның дыбысы естілмейді»,- деген. Әрине сол кезде мақұрымдардың көбінің жалаңаяқ болғанын, дыбыс шығатын аяқ-киімді дүниеқұмарлар мен байлардың ғана кигендігіне назар аудару қажет. Сондай-ақ, байлар материалдық қалаулары болмағанда біреудің соңынан жүрмейтін де еді. Қасиетті Ислам діні құдырет талап етуді қатты айыптайды. Өз есімін естіп, толқитын жүрек адамның достығына тәуелді болып, өз-өзін көрсетуге шырмалады. Құдырет талап ететін адам әрқашан тек өзінің мүддесі туралы ғана ойлап, Аллаға қатысты бейқамдық танытып, соның салдарынан Алланың лағынетіне ие болады. Имам Садық (ғ.с.): «Ойы мен зікірі билік талап ететін адам лағынетке ие»,- деген. Өйткені билікке құмар болу илаһи бұйрықтарға бағынбауға себеп болады. Исламның ұлық пайғамбары: «Әлемде Алланың бұйрығына бағындырмаған бірінші күнәға алты нәрсе себеп болды. Олардың біріне билік пен мансапқа құмарлық жатады»,- деген. Әрине дәреже-деңгей мен билік оңайлықпен келмейді. Көбінде бір нәрсені қолға түсіру үшін көп талпыныс жасап, ауыртпалықтарға төзімділік танытуы керек. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Билікті жақсы көру уайым-қайғымен бірге жүреді»,- деп айтқан болатын. Негізінде жаратылыстарға қызмет етіп, илаһи ризалыққа ие болып, халық пен қоғамның мәселелерін шешу үшін билікті қабылдайтын адамдар бар. «Фұрқан» сүресінің 74-ші аятында Алланың ерекше пенделерінің тілектерінің біріне «...Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!» деген тілек жататындығы айтылған. Сондықтан билік талап ету әрқашан жаман нәрсе емес. Әйгілі ғұлама Маджлесидің айтуынша, биліктің екі түрі болады: яғни шындық пен жалғандық билігі. Расында билікті дәреже, мансапқа жету үшін емес, илаһи мақсаттарға жету үшін талап ететін адамдар имам Әли (ғ.с.) сынды Алланың заңдарын орнатып, шындықты нығайту жолында ілгерілейді. Хазірет Әли (ғ.с.) халифатты қабылдаған кезде халыққа: «Хабардар болыңдар! Дәнді жарып, адамды жаратқан Алламен ант етемін, егер халық жиналып, мені қолдап, көтерілмегенде, егер Алла әр қоғамның ғұламалары мен ойшылдарынан залымдардың мешкейлігінің алдында және жәбір көргендердің аштығының алдында үнсіздік танытпайтындығы туралы уәде алмағанда мен халифатты (билікті) өз мойныма алмайтын едім»,- деген («Наһдж ул-Балағе», 3-ші құтпа).