Маусым 01, 2016 16:17 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 76

Табалу, яғни басқаның бақытсыздығына қуану. Діни бауырының басына түскен қиындықтарын көріп, соған қуанып, қиындықтармен кезіккен адамды айыптайтын адам табалау ауруына шырмалған адам болып саналады.

Басқалардың басына түскен қиындықтарға  қуану – дін ғана емес, ешбір адамның ақылы қабылдамайтын мәселе. Адамның ақылы мен рухы достық пен махаббатты және басқалармен ымыраға келуді талап етеді. Достық адамның басқаға деген тілеулестігін арттырады. Адамның пәк болмысы басқаның уайым-қайғысына  қуануды қабылдамауымен шектелмей, оны айыптайды. Исламның ұлық пайғамбарының әулетінен шыққан пәк имамдар мұндай қуанышты жаман деп санап, өз жақтастарына біреудің қиындықтарына күліп, қуанудан тартынуды насихаттаған. Исламның ұлық пайғамбары: «Өз бауырыңды табалама. Алла Тағала оған рақымдылық жасап, сондай қиындықты сенің басыңа жібереді»,- деген.

Табалу, яғни басқаның бақытсыздығына қуану. Діни бауырының басына түскен қиындықтарын көріп, соған қуанып, қиындықтармен кезіккен адамды айыптайтын адам табалау ауруына шырмалған адам болып саналады. Табалау – Алланың істерінің хикметіне надандық таныту. Өйткені көбінде Жаратушы өткеннің қателіктерін түзетсін немесе дәрежесін көтерсін деп, адамдарды сынайды. Илаһи пайғамбарлардың өздері де, соның ішінде Алла тарыпынан сайланған хазірет Әйюб пайғамбар да көптеген қиындықтармен кезіккен. Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: «Алла Тағала күнәсіз хазірет Әйюбті бақытсыздыққа шырмады. Хазірет Әйюб сабыр сақтады. Бірақ кейбір адамдар оны көптеген ауыртпалықтармен кезігуіне байланысты табалап, айыптады. Мұндай жағдайда хазірет Әйюб Жаратушыға: “Рас, мені шайтан бейнет және қинауға ұшыратты” деп жалбарынып («Сод» сүресі, 41-ші аят), Алладан құтқаруды сұрады. Өйткені пайғамбарлар үшін халықтың табалауы мен тілдеуіне сабыр сақтау өте қиын»,- деп айтылған. Исламның ұлық пайғамбарының келесі рауаяттарының бірінде хазірет Әйюб илаһи сынақтардан абыроймен өткен соң күндердің бірінде  серіктері мен жақындары одан: «Басыңнан өткен қиындықтардың қайсы ауыр  болды?»- деп сұрағанда хазірет: «Дос пен дұшпанның табалауы мен айыптауы»,- деп жауап қайтарды. Басқаларды табалау мен айыптау дүние мен ақыретте табалаушы адамға жамандық әкеледі. Оның әсері табалаушыға бұл дүниеде қиындықтар тудырады. Имам Садық (ғ.с.): «Бақытсыздығына байланысты  өз бауырын табалаған  адам қиындықтарға шырмалмай дүние салмайды» деген. («Усуль Кафи», 2-ші том). Ақыретте де бұл адам Алланың ызасына себеп болады. Өйткені қасиетті хадисте Алла Тағала: «Менің пендеме қорлық көрсетуші Маған соғыс ашқанмен бірдей»,- деген. Алла елшісі мүмінге қорлық көрсетушіні оны қорлаушы, оған қорлық көрсетушіні  Алланы азаптаушы,  ал Алланы азаптаушыны лағынет атқан деп таныстырады. («Мустадрак әл-Васаел», 9-шы том). Алла елшісі имам Әли (ғ.с.)-ға: «Уа, Әли! Мүміннің үш белгісі бар: намаз, зекет және ораза. Өмірін қиындықтарға тірейтін адамның да үш белгісі бар: біріншісі, адамның көзінше оған жағымпазданып, жоқ кезінде ол туралы өсек айтады. Сондай-ақ оның басына қиындық туған кезде қуанады. Көбінде табалайтын адам табалаудың Алладан мін іздеу екендігіне назар аудармайды. Өйткені, кейбір уақытта Алла Тағала адамды хикметтері үшін қиындықтарға шырмайды. Яғни, кейде адамның кезігетін ауыртпалықтары оның өткендегі іс-әрекеттеріне байланысты емес, олар  Алланың хикметі. Алла елшісі: «Қиындықтарға шырмалған адамдарды көргенде Аллаға шүкіршілік айтыңдар,  бірақ олар естімейтін болсын, әйтпесе уайымға батады»,- деген. («Усул Кафи», 3-ші том). Бұл дүниеде әрқашан басқаларды айыптап, табалайтындар кездеседі. Сондықтан адам ақыл мен шариғатқа сай ғамал етіп, табаламай, табалаушыдан алыс болғаны жөн. Алла Тағала  жақсы көретін адамдары туралы «Мәиде» сүресінің 54-ші аятында: «...Алла жолында соғысады. Сөгіс берушілердің сөгісінен олар қорықпайды»,- дейді. Хазірет Мұсаның рауаяттарының бірінде хазірет  Аллаға: «Уа, Алла! Халықтың наразылық білдіріп, табалайтын тілін менен алыстат. Олар мені мазалайды...»,- деген. Алла Тағала хазірет Мұсаға: «Әй, Мұса, бұл істі Өзім үшін орындамадым, сен үшін орындайын ба?» -деді. Хазірет Мұса: «Өзіңді үлгі тұтқаныма ризамын»,- деді. («Бихар әл-Анвар», 68-ші том).