Маусым 01, 2016 16:20 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 77

Қызғаныш – басқа адамның ие болған нығметтерінен айырылуы туралы армандау. Қызғаншақ адам басқалардың қаржы, білім, жұмыс орны, тіпті діни істеріндегі табыстар мен алға ілгерілеуіне, басқалардың нығметке ие болып, қуанышқа бөленуіне наразы болады.

Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінен: «Хазірет Мұса бен Имран Құдаймен сырласқан кезде  көзі илаһи аспанның көлеңкесінде орналасқан ерге түсіп «Уа, Құдай! Көлеңкеңді түсірген адам кім?» деп сұраған кезде: «Әй, Мұса! Бұл адам Құдайдың басқаларға жіберген нығметтеріне қызғаныш білдірмеген адам»,-деген жауапты естіді»,- деп оқимыз.

Қызғаныш – басқа адамның ие болған нығметтерінен айырылуы туралы армандау. Қызғаншақ адам басқалардың қаржы, білім, жұмыс орны, тіпті діни істеріндегі табыстар мен алға ілгерілеуіне, басқалардың нығметке ие болып, қуанышқа бөленуіне наразы болады. Құран Кәрім «Әл-Имран» сүресінің 120-шы аятында: «Егер сендерге бір игілік жетсе, оған олар наразы болады, ал егер сендердің бастарына күтпеген қиындық туса, олар қуанады...»,- деп айтылған. Бұл аят басқалардың құқықтары бұзылып, олардың нығметтерінен айырылуына  қуанатын және басқа адамның нығметке ие болуына уайымдайтын адамның қызғаншақ екенін көрсетеді. Адамның  екі сипаты, яғни басқалардың қиындықтарына қуануы және  басқалардың қуанышына наразы болуы  анық байқалады. Шын мәнінде, қызғаныш – адамның нығметтерді өзі үшін қаласа да, қаламаса да басқалардың солардан айырылуына қуануы. Өйткені қызғаншақ адамның өзі  кейде бұл нығметтерге ие, бірақ олардың басқаларға да жетуін қаламайды. Имам Әли (ғ.с.): «Қызғаншақ адам  нысанына алған адамның нығметтерге ие болуына наразы болып, қарсы тұрған адамның  нығметтерінің азаюын өзі үшін нығмет деп санайды. Қызғаншақ адам әрқашан қысым мен азап-қорлықтың астында жүреді. Өйткені Алланың пендесіне жіберетін нығметтері ешуақытта таусылмайды. Ал қызғаншақ басқаның қолынан көрген нығметтер үшін уайым-қайғыға батады. Осыған орай имам Әли (ғ.с.): «Қызғаныштың салдары – осы дүние мен ақыреттегі қиындықтар мен бақытсыздық»,- деген. Қызғаншақ өзін мақұрым және зиян көруші санап, оның мақұрым болуына нығметтерді пайдаланып отырған адамды кінәлі деп санайды. Сондықтан әрқашан өкініп, ыза болады. Бұл психикалық ауруды емдемесе, адамның денесіне зардап келтіреді. Негізінде, қызғаныш адамның денесі мен рухын да жояды. Имам Әли (ғ.с.): «Қызғаныш денені құртады» десе, келесі бір хадисінде: «Қызғанышын жеңе алмаған адамның денесі оның өліміне жеткізеді»,- деген. Қызғаныш – ең ауыр психикалық аурулардың бірі. Имам Әли (ғ.с.) бұл қатерлі ауру туралы: «Қызғаншақтай залым көрмедім, ол жәбір көргенге ұқсас болады. Оның жаны мен жүрегі тыныштық таппайды»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 73-ші том). Қызғаншақ адам барлық уақытта уайым-қайғыға батып жүреді. Қызғаншақтар көбінесе күйзеліп, алаңдауда болады, өйткені имам Әли (ғ.с.)-ның айтуынша, «қызғаншақ адам өмірін қызғанышпен ащы қылады». Қызғаншақ өзінің қызғанышымен пенделердің Жаратушысымен қарсыласады. Өйткені Алла Тағала өзінің рақымдылығы және мейірімділігімен пенделерінің жағдайына көңіл бөліп, оларға нығметтерін сыйлайды. Ал нығметтердің жойылуын тілейтін қызғаншақ адам  өзін Алладан дана деп санайды. Қызғаншақтың ойы бойынша ол қызғанатын адам нығметтерге лайық емес. Алла елшісі: «Жаратушы хазірет Мұсаға: «Қызғаншақ менің нығметтеріме ызаланады және пенделеріме бөлген бөлігінен мақұрым қалады»,- деген»,- деп айтты.  («Усуль Кафи», 2-ші том). Исламның ұлық пайғамбары: «Расында Алланың нығметтерінің дұшпандары бар»,- дегенде: «Бұл дұшпандар кімдер?» деген сұрақ қойылған кезде хазірет: «Алланың басқаларға жіберген нығметтеріне қызғаныш білдіретіндер»,- деп жауап берген. Сондықтан қызғаншақ адам білсе де, білмесе де Алламен күресуде. Оның дәл осы әрекеті оның діні мен иманына зардап келтіреді. Осыған орай имам Әли (ғ.с.): «Қызғаныш - дінге зиян келтіруші»,- деген. Яғни, қызғаншақ адамдардың иманы жоқ, өйткені  қызғаныш пен иман бір-біріне қайшы ұғымдар. Адамның бойында қызғаныштың пайда болуымен оның иманы да азаяды. Шын мәнінде қызғаныш пен иманның жойылуының арасында шынайы байланыс болғандықтан қызғанышты иманды құртатын өртке теңейді. Имам Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағенің»  86-шы құтпасында қызғаныш деген сипатты айыптап: «Бір-біріңнен қызғанбаңдар, өйткені құрғақ бұтақтарды жандыратын өрт сынды қызғаныш иманды жояды»,- деген. Қызғаныш деген ауру адамның адамгершілігін құртатын басқа ауруларға себеп болады. Егер қызғаншақ адам қызғануын жалғастыратын болса, ол өсек айту, пәле жабу, өтірік айту сынды басқа күнәлардай күнә жасады деп түсіндіру керек. Имам Әли (ғ.с.) осыған орай қызғанышты күнәләрдің себебі деп атаған болатын.