Маусым 01, 2016 16:24 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 78

Жақсылық тілеу – басқалардың нығметтерге ие болуы мен нығметтердің артуын жақсы көру. Басқаша айтқанда, өзіне тілеген жақсылық пен материалдық және рухани бақытты басқаларға да тілеу.

Жақсылық тілеу – басқалардың нығметтерге ие болуы мен нығметтердің артуын жақсы көру. Басқаша айтқанда, өзіне тілеген жақсылық пен материалдық және рухани бақытты басқаларға да тілеу. Алла елшісі: «Өзіне қалаған нәрсені басқаға да тіле»,- деген. Адамды тәрбиелейтін Исламның мәдениетінде жақсылық тілеу ерекше орынға ие. Жақсылық тілеу, яғни жақсылықты басқаларға тілеу діннің негіздерінің бірі саналады. Барлық пайғамбарлар мен илаһи әулиелер жақсылық тілеушілер болған. Олар өздерінің барлық талпыныстарымен халықты жақсылыққа қарай нұсқаған. Бұл жолда олар бар күштерін салды. Барлық жақсылық тілеушілердің көшбасшысы саналатын Алланың елшісі адамды жақсылық тілеуімен құнды деп бағалап: «Қиямет күні Алланың алдындағы ең беделді адам жақсылық жолында оның жаратылыстары үшін басқалардан көбірек қадам жасаған адам болады»,- деген болатын. («Усулт Кафи», 2-ші том). Осыған орай исламның ұлық пайғамбары Иран, Рим және Эфиопия басшыларына хат жолдаған кезде хат тасушыға: «Алла үшін пенделеріне жақсылық тілеңдер. Өйткені кімде-кім халықтың жұмыстарын өз мойнына алса, бірақ жақсылық тілемесе, Алла Тағала оны жәннәтқа жібермейді»,- деп ескерткен. Барлық адамдар әрқашан күмән мен қателіктерге кезігеді. Сондықтан бір-бірімен қарым-қатынастағы адамдар міндеті ретінде айналасындағыларға жаны ашып, өзінің іс-қимылдарын қадағалайды. Яғни, егер олар жолында қате көрсе, жақсылық тілеу туралы насихаттап, оларды қателіктеріне назар аударуға шақырған. Басқаларға жақсылық тілеп, дұрыс жолға нұсқау қабілетіне ие бола тұрып, оны жасамайтындар имам Садық (ғ.с.)-ның: «Бауырының адасқанын көріп, оны адасушылықтан шығару мүмкіндігіне ие бола тұрып, бұл істі жасамаған адам – қиянат жасаушы»,- деп айтқан хадисіндегі қиянат жасаушылардың қатарына кіреді. Сонымен бірге басқа хадистердің бірінен: «Мүмін бауыры онымен ақылдасқан кезде оған ол үшін жақсы болатын нәрсе туралы айтпаған адамнан Алла Тағала  оған берген ақылын қайтып алады»,- деп оқимыз. Мұсылмандардың жақсылық тілеуінің келесі белгісі ол әрқашан өзінің ащы тәжірибелерімен   басқалармен бөліседі. Бұл істі ол жанашырлық пен жақсылық тілегендіктен жасайды. Имам Әли (ғ.с.) жақсылық тілеуден ада қоғамды: «Ақылды емес және ақылшыларды жақсы көрмейтін халықтан түк шықпайды»,- деп сипаттайды. («Фуруғ кафи», 8-ші том). Шын мәнінде, егер жақсылық тілеу қоғамның барлық таптарының арасында таралса, халықты дұрыс жолға нұсқауға маңызды рөл атқаратын болады.  Өйткені әр адам өзіне қалаған жақсылықты  басқаларға да тілейтін болады. Мұндай жағдайда адами қоғам құндылықтарға толып, кемелдікке  жеткен гүлстанға айналады. Исламның ұлық пайғамбары: «Әр адам өзіне жақсылық тілегендей, діни бауырларына да жақсылық тілеуі керек»,- деген. Имам Әли (ғ.с.) перзенті имам Хасан (ғ.с.)-ға берген ақыл-кеңестерінің бірінде: «Жамандық немесе жақсылық тілегеніңе қарамастан бауырыңа ақ ниетпен насихат бер»,- деген. («Наһдж ул-Балағе», 31-ші хат). Сондықтан жақсылық немесе жамандық тілеуіне қарамастан адамдарға жанашырлық және ақ ниетпен ақыл-кеңес  айтудан тартынбаған жөн. Исламның ұлық пайғамбарының сөздерінен жақсылық тілеудің жәннәттің кілті екенін түсінеміз. Хадистердің бірінде: «Бір топ адам пайғамбардың қасында отырған кезде пайғамбар оларға: «Қазір мұнда жәннәтқа баратын адам кіреді»,- деді. Сол кезде ансарлардың бірі кіріп, амандасып, намаз оқуға кіріседі. Келесі күні пайғамбар сөзін қайталайды. Қайтадан сол ансарлық ер адам кіреді. Үшінші күні оқиға қайталанады. Хаіреттің қасында отырғанда бұл жәннәтқа барады деген адамның өмірі туралы сұрастырған кезде оның көп ғибадат жасайтынын байқамайды. Бұл адам тіпті  мүміндердің көбі орындайтын түнгі намазды да оқымайды екен. Ол кешке ұйықтардан бұрын Алланы еске алып, таңғы намазға дейін оянбай демалатын.  Сондықтан одан: «Не үшін сен жәннәтқа барасың?»- деп сұрайды. Ол: «Менің күнделікті ісімді көрдіңдер. Бірақ  мен еш уақытта Алла нығметтерін сыйлаған мұсылманға не қиянат жасау, не қызғаныш білдіру туралы ойламаймын. Мен барлық адамдарға жақсылық тілеп, Алланың оларға жіберген нығметтеріне қуанамын»,- деп жауап берді»»,- деп айтылған.