Маусым 04, 2016 22:16 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы 79

Иранның исламдық кеңес мәжілісінің оныншы кезеңі сенбі күні жұмысын ислам революциясының қазіргі жетекшісінің жолдауымен бастады.

Иран ислам революциясының қазіргі жетекшісі хазірет аятола Хаменеи осы шараға арнаған жолдауының бір бөлігінде қарсыласу экономикасын жүзеге асыру үшін еселенген талпыныс жасауды елдің алдындағы қазіргі басты бағдар деп атады.

Иран мәжілісінің қарсыласу экономикасына негізделген тұрақты дамуға жетудегі рөлі һәм ішкі салада, һәм халықаралыық салада маңызға ие. Парламенттер заң шығару және олардың орындалу саласындағы мүмкіндіктерімен осы екі салада айшықты рөлге жауапты.

Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф осы аптада саяси-экономикалық делегацияны бастап, Польша, Финляндия, Швеция және Латвия елдеріне бару мақсатындағы еуропалық сапарын бастады. Осы тақырыптағы хабарға құлақ салыңыздар:

Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф сапарының бірінші кезеңінде Варшавада Польша қайраткерлерімен екі ел арасындағы экономикалық-саяси серіктестіктерді кеңейту жолдары туралы сұхбаттасты.

Иран Сыртқы Істер Министрі Иран мен Польшаның экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Иранның аймақтағы транзиттік әлеуеттеріне сілтеме жасап: «Иранның табиғи ресурсы теңдессіз. Мұнай мен газдың ең үлкен қоры Иранда. Иранның кен саласындағы мүмкіндіктері мен ғылыми-технологиялық саласындағы дамуы инвестицияның салынуы үшін әзір» деді. Осы сапарда Иран мен Польшаның сауда палаталары Иран Сыртқы Істер Министрі мен польшалық қайраткерлердің қатысуымен сауда келісіміне қол қойды. Иранның энергиямен қамтамасыз ету компаниясы мен Польшаның энергия саласындағы белсенді бір компаниясы арасында да келісім жасалды.

Сапар барысында сауда экономикалық серіктестіктер деңгейін арттыру, екі ел арасында сауда делегацияларын аттандырып, қабылдау, халықаралық көрмелерге қатысу, сонымен қатар Иран мен Польшаның жеке сектор бөлімдерінде серіктестік деңгейін арттыру қуатталды.

Зарифтің Еуропа сапарындағы екінші ел – Финляндияға сапарда да экономикалық салаларда ынтымақтастық жасау істерінің жиынтығы назарға алынған.

Стокгольм – Зариф барған еуропалық үшінші елдің астанасы. Швеция Сыртқы Істер Министрі Карл Бильдт бұдан бұрын 2013 жылдың сәуір айында Иранға келген болатын.

Латвия Иран Сыртқы Істер Министрінің Еуропа сапарында ат басын тіреген соңғы ел болды.

Теһран өткен аптада Латвия Сыртқы Істер Министрін де қабылдады.

ИИР-ның президенті Хасан Рухани Теһранда Латвия Сыртқы Істер Министрі Линас Линкявичюспен кездесуде Иран мен Латвияның ортақ серіктестіктерді кеңейту және тереңдету үшін кең ауқымды мүмкіндіктерге ие екендігін, осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы өз байланыстарында жаңа кезеңді ашуы керектігін айтты.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі серіктестік саласындағы Иранның бағдарламасы тек экономикалық, сауда немесе мұнай келісімдерімен ғана шектелмейді, сонымен қатар кең ауқымды ынтымақтастықтарды нығайтуға негізделген қатынасқа да қатысты.

Иран президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Орумиеде Иранның Батыс Әзірбайжан халқының алдында сөйлеген сөзінде Ирандағы әлем елдерінің әртүрлі компанияларының инвестиция салу мақсатындағы құзырына тоқталып, осы үдерістің жалғасуын қуаттап, биылғы жылы Иранның экономикалық жағдайының жақсаруы мен қабылдауға лайық деңгейдегі дамуға ие болғанын хабарлап: «Мұнай мен газ конденсатынан Иранның үлесін алған елдер енді санкциядан кейінгі жағдайға қарай әрекет етуде» деді.

Жиырма үшінші халықаралық ауылшаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің көрмесі әлемнің 46 елінен келген 746 компанияның қатысуымен Теһранда өз жұмысын бастады.

Теһранда өтіп жатқан «Агрофуд-2016» атты жиырма үшінші халықаралық ауылшаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің көрмесінде ирандық және шетелдік компаниялар өздерінің ең жаңа өнімдері мен ақпарат алмасу, экспортты дамыту, сауда айналымдырын арттыру бойынша қызметтерін ұсынды.

Көрмеге қатысқан 46 елдің арасында Испания, Австрия, Украина, Италия, Германия, Беларусь, Дания, Швейцария, Франция, Польша, Голландия, Үндістан мен Грекия павильондарын ашты.

Көрменің өткізілуімен бір мезгілде ирандық және германиялық компанияларды азық-түлік өнеркәсібінде Иранда инвестиция салуды және ортақ серіктестік жасауды қуаттаған екі ел арасындағы серіктестік мүмкіндіктерін таныстырған отырыс та өтті.

Германияның азық-түлік құрал-жабдықтарын өндіруші ассоциацияның бір мүшесі отырыста сөйлеген сөзінде: «Иран германиялық компаниялардың өнімдері мен ортақ өнімдерді Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы басқа елдерге экспорттайтын аймақтың өзегі бола алады» деді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі кезеңде Иран мен Жапония арасында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жүзеге асырылуы және санкциялардың жойылуына байланысты экономикалық және сауда байланыстарын кеңейту үшін лайықты жағдай әзірленді. Осы аптада Токиода өткен «Иранның Жапониядағы машина жасау және бөлшек өндіру өнеркәсібіндегі мүмкіндіктері мен перспективалары» атты екінші семинарда Токиодағы Иранның елшісі Реза Назараһари қазіргі жағдайдың Ирандағы жапондық компаниялардың көбірек атсалысуы үшін ыңғайлы негіз қалыптастырғанын мәлімдеді. Токиодағы Иранның елшісі жапондық үлкен банктердің Иранмен брокерлік байланыстарын қалыпқа келтіру үдерісін жылдамдату туралы таяудағы кеңесулер мен екі ел арасындағы инвестиция салу мен құны 10 миллиард долларды құрайтын несие желісін қалыптастыруға демеушілік жасайтын келісімшартқа тоқталып: «Иран мен Жапонияның жоғары деңгейлі қайраткерлері екіжақты экономикалық қарым-қатынасты кеңейту үшін шынайы ерік-жігерге ие» деді.

Семинар Жапонияның сауда-өнеркәсіптік 45 компаниясы өкілдерінің, сондай-ақ, Жапонияда тұратын ирандық жұмыс орындары иелерінің қатысуымен өтті.

Осы аптада Куала-Лумпурда «Иранмен халал сауда мүмкіндіктері» атты форум өтті.

Малайзияның Өнеркәсіп және сыртқы сауда министрінің орынбасары Хаджи Ахмад Хаджи Маслан осы министрлікте Малайзия мен Иранның жүздеген бизнесмендері және өнеркәсіп иелерінің қатысуымен өткен «Малайзияның Иранмен халал сауда мүмкіндіктері» атты форумда: «Халал өнімдерге деген хабардарлық пен нарықтық сұраныстардың артуына байланысты биылғы жылы Иран экспорты көңіл аударарлықтай артады деп болжануда» деді.

Осы форумда ИИР-ның Куала-Лумпурдағы елшісі Марзие Афхам және Малайзияның халал өнеркәсібін дамыту компаниясының атқарушы директоры Джамил Бидин қатысты. Джамил Бидин Малайзияның әлемде осы елдің экономикалық нарықтарын дамытуды көздейтінін айтып: «Азияның батысындағы жаңадан бой көтерген нарықтар, соның ішінде ИИР санкциялардың күшінің жойылуына байланысты биылғы жылдың басынан жаңа нарықтардың ортасына орналасты» деді. Бір күндік конференция екіжақты халал сауда байланыстарын арттыруға көмектесу және екі ел арасында инвестиция салу мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында өтті. Мамандар отырыста сексен миллионнан астам халқы бар және шамамен 400 миллион адамнан тұратын көршілес нарықтарға қолжетімділік үшін мүмкіндіктері бар Иранның халал нарығына ену жағдайын қарастырды.

Әлемдік халал нарығының қаржы айналымы бүгінде екі миллиард 300 миллион доллардан асады. Бұл сауда көрсеткіші әлем мұсылмандарының бір миллиард 800 миллион халқының қажеттіліктерін шешумен қатар мұсылман еместерге де таза тауарларды ұсынады. Халал өнімдер оларды да қызықтырып отыр.

Иран мен Еуразия экономикалық одағының алғашқы еркін сауда отырысы да осы аптада Ресей астанасы Мәскеуде өтті.

Экономикалық журналдың келесі хабары осы тақырыпқа арналды.

Еуразия экономикалық одағы 180 миллион адамнан астам халқы бар Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Армениядан тұрады. 20 миллион текше км аумаққа ие. Бұл жағырапиялық жақындыққа байланысты ирандық тауарларды экспорттау үшін үлкен нарық саналады.

Еуразия экономикалық одағы мен мүше елдердің Иранмен серіктестігі сауда көлемін арттыруға көмектесумен қатар, үлкен инфрақұрылымдық жобалар саласына инвестиция тартуға ұластырады.

Осы саладағы талпыныстар Еуразия экономикалық аймағын құру, Еуропа мен Азияны әртүрлі жолдар арқылы, соның ішінде Еуразия экономикалық одағына мүше елдер, соның ішінде Армения немесе Иран мен Үндістан арқылы бір-бірімен байланыстарын Қытай Жібек жолы сынды жобаларды қамтиды.

Үндістан мен Иранның байланыстарын неғұрлым көбірек кеңейту тәсілдері осы аптада Иранның Фарс облысының орталығы Шираз қаласында өткен екі елдің сауда саласы белсенділерінің отырысында қарастырылды.

Иран мен Үндістан саудагерлерінің экономикалық отырысында 21 сала бойынша, соның ішінде дәрі-дәрмек өнімдерімен, химия, ауылшаруашылық өнімдері және жеңіл көліктің қосалқы бөлшектерімен, мұнай-газ, мұнай-химия, азық-түлік, киім-кешек, әртүрлі кен шикізаттарымен алмасу туралы пікір алмасылды.

Үндістанның экспорттаушы ұйымдары федерациясының атқарушы директоры Нихар Үндістан мен Фарс облысының экономика саласы белсенділерінің ортақ сауда отырысында Иранмен қарым-қатынастарын арттыруды қалайтындықтарын, осы салада келіссөздердің де жасалғанын айтты.

Иранның батысындағы ең үлкен өнеркәсіп орыны саналатын Мебаһад мұнай-химия кешені сейсенбі күні Иран президенті Хасан Руханидің қатысуымен ашылды.

Мебаһад мұнай-химия кешені 800 миллион долларға жуық инвестициямен Меһабад және Сенендедж мұнай-химия бөліміндегі ИИР-ның елдің батысына салған ең үлкен инвестияциялары саналады. Бұл үлкен өнеркәсіп орыны мұнай-химия өнімдері экспортын дамыту және газ қорын ұтымды қолдану, сонымен қатар ұлттық инвестиция саласында қосылған құн қалыптастыру мақсатында Иранның мұнай-химия өнеркәсібі ұлттық компаниясының атсалысуымен және жеке сектор бөлімінің инвестиция салуымен салынды. Иранның батысына Ассалуйеден этилен тасымалдайтын желінің соңындағы 1600 км ұзындықта салынған Меһабад мұнай-химия кешені жылына жеңіл және ауыр полиэтилен сынды өнімдердің 300 мың түрін өндіру және елдің іші мен шетелдердегі нарықтарға жіберу әлеуетіне ие.