-
Иранға сапар(220) (Соңғы бөлім)
Сәу 20, 2017 14:46Осы бағдарламаның тізбегі барысында Иранның әртүрлі қалаларының әралуан тарихи, мәдени және көркемдік тартымдылықтарымен қысқаша таныстырып өттік. Бағдарлама тізбегінің соңғы бөлімдері Теһран қаласын таныстыруға арналғандықтан бүгінгі бағдарламаны Теһранның ең көне әрі танымал көшелерінің бірі «Си-е тир» (бұрынғы Қавам ас-Салтане) көшесімен таныстыруға арнауды жөн көріп отырмыз.
-
Иранға сапар (213)
Сәу 06, 2017 17:19Теһранның тарихи тартымдылықтарының арасында тарихи үйлер ерекше маңызды. Кейбір үйлер əлі күнге дейін нақты анықталмай, Иранның ұлттық мұра тізіміне тіркелмеген, алайда кейбіреулері тіркеу барысында қолданыс аясы өзгертіліп, Теһранның атақты мұражайларының тізіміне енгізілді. Солардың бірі – Мұқаддамның үйі.
-
Иранға сапар (218)
Сәу 06, 2017 17:06Қала тұрғындары санының күн сайын артып отырғанына байланысты үлкен қалалар тұрғындардың бос уақыттарының бір бөлігін өткізуі үшін арнайы мәдени және ойын-сауық орталықтардың болуын қажет етеді. Мәдени және ойын-сауық орталықтарын салудағы мақсат салауатты ойын-сауық пен халықтың көркем шығармалық талғамын жан-жақты тәрбиелеу үшін қоғамдық орындар қалыптастыру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, мұндай орталықтар адамдарды өз қабілеттерін көрсетуге ынталандыру үшін салынады.
-
Иранға сапар (217)
Нау 31, 2017 14:29Теһран қаласы бірнеше миллиондық тұрғыны мен ауыр кептелістермен қатар, географиялық жағдайына байланысты теңдессіз табиғи тартымдылықтарға ие. Мұнымен қоса, Теһран қаласының жауапты басшылары қаланың ішіндегі табиғи кеңістіктерді пайдаланып, қолдан саябақ жасауға талпыныс жасады. Бүгінгі бағдарламада осы саябақтардың бірқатарымен таныстырамыз.
-
Иранға сапар (216)
Нау 25, 2017 18:05Теһран әлемнің ең ірі қалаларының бірі ретінде көрнекті тартымдылықтарымен қоса, ауыр кептеліс мәселесімен де бетпе-бет келіп отыр. Шын мәнінде, Теһран қаласының бұрыннан келе жатқан қиындықтарының бірі – көшелердегі ығы-жығылық пен қаланың орталық бөлігіндегі кептелістер. Алайда, Теһранда 12 млн адамның тұратынын ескерсек, мұның табиғи нәрсе екендігі айқын.
-
Иранға сапар(215)
Нау 25, 2017 17:54Теһранның көрнекті жерлерімен таныстыруды жалғастыра келіп, бүгінгі бағдарламаның бірінші бөлігін Иранның шыны және қыш бұйымдары мұражайымен таныстыруға арнаймыз.
-
Иранға сапар (214)
Нау 14, 2017 20:59Иран кең аумағы, жер бедерінің әртүрлілігі, таулар мен ойпаттардың болуы және ерекше климаттық жағдайына байланысты құнды табиғи тіршілік орталарының бірі болып табылады. Онда жабайы жан-жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін алуан түрі бар.
-
Иранға сапар (212)
Қаң 23, 2017 17:17Егер естеріңізде болса, өткен бағдарламаларда Теһран облысының кейбір аудандарымен таныстырдық. Иранның әртүрлі қалаларында, әсіресе Теһранда көптеген кофеханалар бар.
-
Иранға сапар (211)
Қаң 23, 2017 17:14Егер естеріңізде болса, өткен бағдарламада Дамаванд ауданының тарихи және табиғи тартымдылықтарымен таныстырдық. «Дамаванд» атауы Иран халқының, тіпті әлемде табиғи тартымдылықтарға қызығатындардың көбіне Альборз таулы сілемінің ең биік те салтанатты шыңы Дамавандты еске түсіреді. Бұл шың Теһранның солтүстік-шығысынан 75 шақырым жерде орналасқан.
-
Иранға сапар (209)
Қаң 14, 2017 17:05Теһран облысы мен оның тарихи және табиғи тартымдылықтарымен таныстыруды жалғастыра келіп, бүгінгі бағдарламаны Дамаванд ауданымен таныстыруға арнаймыз. Бұл жап-жасыл ауданға «Дамаванд» деген мифологиялық атау берілген. Бағзы замандарда Дамаванд ауданының Иранның үш маңызды ауданы – Рей, Қумес және Табарестанның тоғысқан жерінде орналасуы оның маңыздылығының бір себебі болды. Бұл аймақ бүгінде Теһран, Семнан мен Мазандеран облыстарын алып жатыр.