Діни жетекші Құм қаласының революцияшыл халқымен кездесті
Дей айының он тоғызы Иран халқының исламдық күресі тарихындағы ең маңызды күндерінің біріне айналды. Жыл сайын Құм халқы осы күннің жылдығында Иран Ислам революциясының жетекшісімен кездесіп, күрескерлерді еске алады. Биыл да осы күнге орай Құмның мыңдаған тұрғыны Ислам революциясының жетекшісімен кездесті.
Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1356 жылдың дей айының он тоғызы (1978 ж. қаңтар) Иран халқының есінде ислам жолындағы күрестің ең маңызды күндерінің бірі ретінде танымал. Имам Хомейнидың халық арасындағы беделінің күннен күнге артуынан алаңдап, үрейі ұшқан Мұхаммад Реза шах дәл сол жылдың дей айының ортасында «Этелаат» газетінде имам Хомейниге қарсы сатиралық мақаланы жариялауды бұйырды. Мақала жарық көргеннен кейін Құм қаласының халқы наразылық білдіріп, шеруге шықты. Шах режимінің әскері наразы халыққа қарсы тұрып, адамдардың көбін өлтіріп, жаралады. Бұл қантөгістен кейін басқа қалалардың халықтары Құм шәһидтерінің қырқы рәсімін өткізді. Сол күні тағы біраз адам өлтірілді. Кейін сол адамдардың қырқы рәсімінде басқа да қалалардың халқы шерулерге шықты. Нәтижесінде халықтың хабардарлығы артып, Пехлевидің тәуелді режимінің айуандық бейнесі әшкереленді. Соңында бұл ояну бір жылдан кейін халықтың жеңісіне ұласты. Иран Ислам революциясының жетекшісі дей айының он тоғызы күнгі оқиғаны еске алып, бұл оқиғаны Иран халқының жүректерін хабардар етіп, исламдық қозғалыстың қатарына қосқан үлкен әрі әсерлі оқиға деп атады. Хазірет бұл оқиғаның ерекшеліктерінің бірін дер уақытында орын алғанында деп қуаттап: «Құм халқы сол кезде дер кезінде әрекет етті. Кез келген іс уақытылы орындалған кезде әсерлі болады. Құм тұрғындарының артықшылығы мәселені жылдам түсініп, дұшпанды жылдам анықтап, дер кезде жауап қайтаруы болды. Егер олардың жауабы кеш қалғанда мұншылықты әсер етпейтін еді»,- деді. Аятолла Хаменеи имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болғаннан кейінгі кездегі Язидке қарсы Тавабин көтерілісіне тоқталып, оны «кеш орын алған және лайықты нәтижеге жетпеген іс-әрекет» деп атады. Ол кісі әрекет дер кезінде орындалуы үшін міндетті дұрыс анықтау қажет деп санайды.
Аятолла Хаменеи Иранда орын алған Ислам революциясын артта қалушылық пен тәуелді болудан құтқарған хабар деп бағалап, Ислам революциясы жүйесінің Исламның берекесімен Иран халқын бұл екі қорлықтан құтқарғанын қуаттап: «Иранның тәуелді болуы мүдделеріне сай болғандар бүгінде революцияға қарсы тұрып, оған дұшпандық білдіруде»,- деді. Иран Ислам революциясының жетекшісі дұшпанды жеңу үшін оның үмітін үзу керек деп баса айтып: «Алпауыт елдер өзгермейді, яғни олардың дұшпандық қатынастары қалады. Біз дер кезінде іс-әрекетімізді орындап, дұшпан мен оның әрекеттерінің мақсаттарын анықтап, қырағылық танытуымыз керек. Дұшпанға қарсы тұрып, оған табандылық таныту – біздің міндетіміз»,- деді. Иран Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында АҚШ, Ұлыбритания, халықаралық плутократияны және сионистер мен олардың жақтастарын Ислам революциясы мен Иран халқының шынайы дұшпандары деп таныстырып; «Бұл дұшпандардан өзге де дұшпанымыз бар: ол – біздің ішкі болмысымз. Ішкі дұшпандарға енжарлық, үмітсіздік, түңілу, жалқаулық жатады. Біздің «сыртқы дұшпан» деп айтқанымыз өзіміздің кемшіліктің ада екендігімізді білдірмейді. Қате, жаман саясаттар, жаман әрекеттер, әртүрлі негізсіз қайшылықтар, әрекетсіздік, ой-өрістің таяздығы – осының барлығы ішкі дұшпандармыз»,- деді. Аятолла Хаменеи АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің бұл елдің келесі үкіметіне Иранға қарсы қысымдарды күшейту туралы хатына сілтеме жасап: «Сыртқы дұшпанның болуы – теріске шығарылмайтын шындық. Сондықтан дұшпанның күлімсіреуі шынайы дұшпанды анықтауға кедергі болмауы қажет»,- деп баса айтты.
Иран Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында Ұлыбританияның Парсы шығанағына қайтып оралуы мен елдердің арасына жік салу саясаттарын жалғастыруына тоқталып: «Ұлыбританияның жауыз жобасының бірі – аймақ елдерін бөлшектеу»,- деді. Ол сонымен бірге Ұлыбританияның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қабылданғаннан кейінгі жылдардағы дұшпандық жобалары мен елдерде ішкі бейберекеттіктер тудыру үшін арнайы адамдарды қаруландырып, оларды әскери жаттығулардан өткізуіне тоқталып: «Осындай жауыздықтарына байланысты біз Ұлыбританияны «жауыз Британия» деп атаймыз»,- деді. Аятолла Хаменеи дұшпанның өзі мен мақсатын және тәсілдерін анықтауды қоғамның барлық таптары, соның ішінде ел басшылары, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, жастар мен жұмысшылар үшін қажет деп атап, халықтың дұшпанының мақсатын Иран халқын тізе бүктіру деп атады. Аятолла Хаменеи мемлекетті күшейтуді үстемшілердің дұшпандықтарына қарсы тұратын жалғыз жол, мемлекеттің күш-қуатын жоғары көтеру жобаларын жоспарлауды барлық басшылар мен саясаткерлердің, діни оқу орындары мен жоғары оқу орындарының, мәдени және саяси белсенділердің міндеті деп қуаттады. Содан соң Ислам революциясының жетекшісі елдің күш-қуатының кейбір факторларын анықтап, иман, діни білім, ғылыми диспут пен экономикалық мәселелерді шешуді осы саладағы ең маңызды факторлар деп атады. Ол хазірет Иранның тарихи қозғалыстарындағы, соның ішінде Танбоку, монархиялық қозғалыс, мұнай өнеркәсібін ұлттандыру мен Ислам революциясындағы иманның рөлін маңызды деп бағалап: «140 жылдан бері осы елде орын алған әрбір әрекетте діни иман факторы ең басты, әсерлі әрі сындарлы фактор болды»,- деп баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі АҚШ пен Ұлыбританияның діни тұлғалардың рөлін төмендету және олар мен халықтың арасында қайшылық тудыру сынды жауыз мақсаттары мен халықтың діни иман мен рухани тұлғалардың рөліне немқұрайдылық танытқан сәтте халықтың сәтсіздікке ұшырағанына тоқталып: «Діни ынталандыру мен иман – күш-қуатқа ие болуға себеп болатын әрі сақталатын факторлардың бірі. Бүгін біріншіден, жастарды, содан соң басқа таптарды имандарынан алыстату үшін халықтың діни ынтасына жан-жақтан дұшпандық көрсетілуде. Бұл әрекет бүгінде дұшпан арқылы іске асырылуда»,- деді.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи мемлекеттің күш-қуатының екінші факторы ретінде діни білімді атап: «Діни білім, яғни дін саясаттан бөлек емес. Дін адамның жеке және қоғамдық өміріне қатысады. Бұл – Иран Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаған имам Хомейни іске асырған саяси ислам көзқарасының дәл өзі. Аятолла Хаменеи саяси исламның әрқашан АҚШ пен Ұлыбританияның шабуылдарымен кезіккеніне тоқталып: «Исламның ұлық пайғамбарының Мәдинеге қоныс аударғаннан кейінгі ең үлкен ісі үкімет құруы болды. Дін үкіметтен бөлек болу керек деген сөздердің мағынасы дін тек насихат жасасын, ал билік иелері ойларына келген әрі дінге қайшы кез келген істерін іске асырады. Саяси емес дін – осы. Діннің дұшпаны үкіметке, күш-қуатқа, әскер мен экономикаға, қаржы жүйесі мен әртүрлі кеңселік органдары бар діннен қорқады. Олар мұндай діннен қорқады»,- деді. Аятолла Хаменеи күштің келесі факторын жылдамдықпен алға ілгерілететін ғылым деп атап: «Ғылыми даму тоқтамауы, тіпті бәсеңдемеуі керек»,- деп баса айтты. Ол дарынды жастарды үмітсіздендіріп, олардың елден кетуіне себеп болуды елдің ғылыми дамуының алдын алуды көздейтін дұшпандардың жұмысы деп: «Өздерін бөгделерге сатқан жоғары оқу орындарының ішінде және олардың сыртындағы дұшпандардың жауыздығына қарамастан, біздің жастарымыз, біздің мүмін жастарымыз табандылық танытты. Дұшпандар біздің халықты танымады. Бірақ біз олардың қастықтарын тануымыз керек»,- деп қуаттады.
Иран Ислам революциясының жетекшісі экономикалық даму мен халықтың мәселелерін шешуді елдің күш-қуатына әсер ететін келесі фактор деп таныстырып: «Иранға қарсы әділестіз санкцияларды салудың мақсаттарының бірі – халықты экономикалық және күнделікті тұрмыстың қиындықтарымен бетпе-бет келтіріп, халықтың жүйеден алыстауына жағдай тудыру»,- деді. Аятолла Хаменеи санкцияларға қарсы тұратын жалғыз жолды елдің экономикасын күшейту, яғни қарсыласу экономикасы деп атап, сонымен бірге елдің мұнайға тәуелді болмау қажеттігін қуаттады. Иран Ислам революциясының жетекшісі ұлттық ғиззатты қорғауды елдің күш-қуатының келесі факторы деп атап: «Халықаралық келіссөздерде ұлттық ғиззатты қорғау және басқалардың алдында тізе бүкпеу халықтың ғиззатты сезуіне себеп болады. Дұшпан мен оның мақсаттары мен бағдарламаларын тану, сондай-ақ елдің күш-қуатының факторларын анықтау дұшпанды жеңуге себеп болады. Бұл – қырағылықтың өзі»,- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында елдің күш-қуатына ықпал ететін Жоғарғы сот, Сақшылар корусы, Эксперттер кеңесі, Ислам Мәжілісі Кеңесі және атқарушы билікті нығайтып, олардың күшін сақтап, олардың ешбіреуіне әлсіреуге рұқсат етпеу қажеттігін қуаттап: «Егер біз мықты қауіпсіздік орган, мықты халықтық әскери органға ие болсақ, егер «басидж» деп аталған халықтық күш пен заманның мәселелерінен хабардар діни азаматтарға, сондай-ақ нақты жобалары бар батыл үкіметке ие болсақ, Иран халқы мен елдің қозғалысы табысты болады. Мұның барлығы қамтылуы керек. Осы салада жұмыс жасауымыз қажет. Ие нәрселеріміз үшін Аллаға шүкір етіп, соларды сақтаймыз. Жоқ нәрселерімізді қамтамасыз етеміз, өзіміз үшін қамтамасыз етеміз»,- деді.