Иран Ислам революциясы 3 (ғалымдардың көзқарасы бойынша)
(last modified Sat, 28 Jan 2017 14:26:12 GMT )
Қаң 28, 2017 20:26 Asia/Almaty
  • Иран Ислам революциясы 3 (ғалымдардың көзқарасы бойынша)

Өткен ғасырдағы заманауи әлемнің үлкен оқиғалардың бірі Иранның Ислам революциясы болды. Ұлылығы, кең ауқымдылығы, халықтық және рухани болуына байланысты Батыс ойшылдары аталмыш революцияға немқұрайдылық таныта алмады. Бүгін Энтони Блектың имам Хомейнидің саяси көзқарасы туралы пікіріне тоқталамыз.

Батыс жазушысы, шығыстанушы Энтони Блэк «Исламның саяси идеологиясының тарихы» атты кітабында ислам революциясына, оның маңыздылығы мен әсеріне тоқталып, имам Хомейнидің саяси идеологиясы туралы: «Аятолла Хомейнидің саяси ой-пікірі басқа революцияшылардан өзгеше, бәлкім, заманауи дүниеде теңдессіз болды. Исламдық үкімет діни басшының билігіне байланысты. Исламдық үкіметтің мақсаты сыртқы империализмнің құралы саналатын шах үкіметін дискредитациялау болды. 1960-шы жылдардың соңы мен 1970-шы жылдардың басында аятолла Хомейни мен басқалар үкімет іс жүзінде залымдардың қолына түскен кезде  исламдық үкіметті өз қолдарына алып, мұсылмандардың арасында әділет пен тәртіп орнататын әділ діни ғалым қажет деген жобаны баяндады. Бұл жоба шах режимін исламға қарсы режим деп атады»,- деп жазды.

Энтони Блэк: «Исламның саяси идеологиясының тарихы»

Энтони Блэк имам Хомейнидің саяси пікірі туралы кітабының 533-ші бетінде: «Аятолла Хомейни исламдық философияға сәйкес және Платон мен Аристотельге сүйеніп, заңның мақсатын абзал адамдарды тәрбиелеу деп жариялады. Жақсы заңдар жақсы әдеттерге себеп болады. Сондықтан исламдық үкіметтің мақсаты – жақсы ахлаққа ие адамдарды тәрбиелейтін жағдай тудыру»,- деп жазды. Батыс ойшылы имам Хомейнидің саяси философиясы туралы: «Аятолла Хомейни шариғатқа сай өмір сүруді тек исламдық үкімет қамтамасыз ете алады деген революцияшыл пікірді баяндап: «Дәстүрлі пікір шариғатты орындауды жігерлендіреді немесе оған тыйым салмайды. Егер үкімет мұсылмандарға діндеріне сай ғамал етуге тыйым салса, оларға діни міндеттерін орындауға жағдай жасамайды. Мұндай үкіметтен құтылуға талпынған жөн» деген пікір айтқан. Аятолла Хомейнидің бұл салада тәжірибесі болды. Иран мен ислам әлемінің басқа елдеріндегі кедейлер үшін оның дәлелдері   мықты саналды,  өйткені батысшыл өмір сүруге итермелеп, шариғатқа көңіл бөлмеген басшылар кедейлерге зұлымдық жасағандар   болды.

Имам Хомейни

Имам Хомейнидің пікірі бойынша, тек исламдық үкімет шариғатты орындауға кепілдік бере алады» деп  жазды. Бұл пікірді азаттық талап етуші сүнниттер де қабылдады. Аятолла Хомейнидің саяси теориясы «Исламдық үкіметтің факторлары не?» және «Үкіметті кім басқару керек?» деген мәселелерді көтереді. Олардың жауабы – діни басшылық. Білім мен әділетке ие діни ғалым осы кезде жасырын өмір сүріп жатқан пәк имамның орынбасары бола алады. Аятолла Хомейни қоғамның назарын жақсы үкіметтің қажет екенін түсінуге  аударып, өз ұстанымын іске асырды.

 

Тегтер