Иран Ислам революциясы (ғалымдардың көзқарасы бойынша) 5
Ислам революциясының жеңісі кезіндегі АҚШ-ның Орталық барлау басқармасының басшысы Стэнсфилд Тёрнер мен америкалық қоғамтанушы Джон Фуранның Ислам революциясы туралы пікірі
Иран Ислам революциясы шетелдіктердің көзқарасы бойынша әрқашан жазушылар мен тарихшылардың қазіргі заманғы көңіл бөлетін оқиғаларының бірі болды. Бұл революция жеңіске жеткен күннен уақыт өткен сайын оның қалай орын алғаны мен осы уақытқа дейін тұрақты қалуына қатысты қызығушылықтар артуда.
Картер үкіметі кезіндегі АҚШ-ның Орталық барлау басқармасының басшысы Стэнсфилд Тёрнер Пехлеви режимінің құлауына байланысты Ислам революциясының жеңісін «белгісіз» деп бағалады. АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің бірі үлкен Буш: «Мен Иран революциясының жеңіске жетуіне байланысты міндетінен босатылған Орталық барлау басқармасының басшысынан: «Сендер әлем бойынша соншама адам мен осыншама дамыған құралдарға ие бола тұра, қыруар қаржы жұмсап, Иран халқының революциясы туралы болжай алмадыңдар ма?!»- деп сұрағанымда ол: «Иранда орын алған оқиға – «белгісіз, анықталмаған» оқиға. Біздің компьютерлерміз оны түсінбейді»,- деп жауап берді»,- деп есіне алатын. Тёрнер NBC-ге берген сұхбатында: «Біз 14 жыл қудалауда болған 78 жастағы діни адамның барлық факторлардың жинаушысы болып, күтпеген жерден ол жасаған ұлттық революциямен бетпе-бет келеміз деп ойламадық»,- деп мойындады.
Америкалық және еуропалық қоғамтанушылар мен саясаткерлердің көзқарастарына сәйкес, Иранның Ислам революциясының Батыстың гуманитарлық ғылымдағы сарапталмайтын ерекшеліктерге ие екені белгілі болды. Калифорния университетінің оқытушысы Джон Форан Иран Ислам революциясы туралы бірнеше кітап пен мақала жазып, «1977-79-шы жылдардағы революция – қоғамдық теорияның дағдарысы» деп аталған мақаласында: «1980-ші жылдардағы қоғамдық пікірлер Иран революциясын басқа революциялардан ерекше бірегей революция деп атау керек пе, әлде революциялардың себептерін Иранның деректері аясында қайтадан қарастыруымыз керек пе деген мәселелерді көтерді.
Ол Иран Ислам революциясының орын алуымен революцияға қатысты пікірлерде дағдарыстың пайда болуына тоқталып: «Ирандағы мұндай өзгерістер аталмыш пікірлердегі революцияға себеп болды»,- деп мәлімдеді. Джон Форанның пікірінше, Иран Ислам революциясының жеңісімен революциялық идеялардың төртінші буыны мен қоғамдық ғылым пайда болды. Бұл пікірлер мәдениет, идеология, дін мен діни басшылыққа сүйенеді.