Жетінші жыл қарсаңындағы Сирия дағдарыстары 1
(last modified Tue, 28 Feb 2017 10:25:06 GMT )
Ақп 28, 2017 16:25 Asia/Almaty
  • Жетінші жыл қарсаңындағы Сирия дағдарыстары 1

Сирия дағдарысы 2017-ші жылдың наурыз айында жетінші жылға аяқ басады.

Сирияның маңыздылығын жергілікті, өңірлік және трансөңірлік деген үш тұрғыдан қарастыруға болады.

 Жергілікті деңгейде қарастыратын болсақ,  Сирия географиялық тұрғыдан Ливан, басып алынған Палестина, Түркия және Иракпен шекараласады. Мұндай жағдай бұл елдің маңыздылығының себептерінің бірі саналады. Дәл осы мәселе  Сирияның Ливан істеріне әсер етуіне жол ашып, сионистік режим үшін де негізгі ойыншылардың бірі саналады. Сирияның саяси жүйесінің кімнің қолына түсетіні өте маңызды мәселе болып табылады.  Сириядағы Башар Асад жүйесінің ерекшеліктерінің біріне бұл жүйенің сыртқы қарым-қатынас пен халықаралық байланыс тұрғысынан тәуелсіз ойыншы болып, еш уақытта сионистік режиммен әшкере немесе жасырын қарым-қатынас орнатпауы жатады. Бұл ерекшелік араб үкіметтерінің көбінің факторларына қайшы. Сондықтан Батыс сионистік режимнің қауіпсіздігіне алаңдап, араб елдерінің көбіндегідей Сирияға да өздеріне тәуелді әрі оларды қолдайтын үкіметті отырғызғысы келеді. Жергілікті тұрғының келесі мәселесі – Сирия халқының құрамы. Сирия халқының құрамы бұл елдің жүйесіне қарсы аймақтық алпауыт елдер үшін дағдарыс тудырды. Қарсыластардың пікірінше, сүнниттер Сирияның көпшілігін құрайды, алавиттер аз сандыларға жатады. Басқаша айтқанда, халықтың діни болмысы Сирияның дағдарысына қосылды. Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар мен Біріккен Араб Әмірлігі бұл елдің билігін алавиттерден сүнниттерге ауыстыруға және үкіметін діни тұрғыдан өздеріне жақындатуға құруға талпынуда. Ирактан да Түркия мен Сауд Арабиясының мұндай көзқарасын байқауға болады. Бүгін Сирия дағдарысы жалғасуының маңызды және негізгі дәлелдерінің біріне бұл елдің мәселесіне діни, атап айтқанда сүнниттерді билік басына әкелу тұрғысынан  қарау болып табылады. Мұндай стратегияның қолдаушылары өз пікірлерін Сирияда алавиттердің аз санды болуымен түсіндіреді. Алайда Бахрейнде Халифе режимінің бұл елдің 65 миллион халқына қарағанда аз санды болуын қабылдағылары келмейді. Яғниғ бұл үкіметтер діни болмысқа да өз мүдделеріне сай назар аударады.                                                                                                                                    Аймақтық тұрғыдан Сирия аймақтың күшін теңгерімде ұстауда маңыздылыққа ие. Таяу Шығыс аймағы саяси тұрғыдан бітімге келу және қарсыласу лагеріне бөлінеді. Сирия әрқашан ИИР, Ливан Хизболласы және ХАМАС-пен  бірге қарсыласу шебін құрды. 2011-ші жылдағы араб наразылықтары мен екі айдың ішінде екі диктатураның құлауынан кейін аймақ  күшінің теңгерімі қарсыласу ағымдарының мүддесіне қарай өзгерді деген пікір қалыптасты. Сондықтан Сауд Арабиясы басқарған әрі АҚШ, Франция мен Ұлыбритания қолдайтын бітім ағымы аймақтағы күштің теңгерімін өзгерту үшін Хизболла мен ХАМАС мемлекет емес, олар тек Ливан мен Палестина елдерінің құрамындағы күш саналады деп, Ливан мен Палестинаның үкіметтерін өзгерту  қажет деп санамады. ИИР аймақтық алпауыттың бірі саналып, бұл елдің жүйесі халықтың қолдауына ие болғандықтан оны өзгерту мүмкін болмады. Сирия араб елінің бірі болғандықтан сол елдің жүйесін өзгертудің нысанасына алынды. Өйткені Сирия араб наразылықтарының куәсі болуымен бірге саяси тұрғыдан да басқа күш-қуатты араб мемлекететріне ұқсас.  Таяу Шығыс бітім ағымы мен оның Батыс қолдаушылары  араб елдерінің ішкі наарзылықтарының дәлелдеріне көңіл бөлмей, қателесті. Басқаша айтқанда, егер Тунис пен Мысыр үкімттері алғашқы айларда өзгергенде, оған сыртқы емес, ішкі факторлары себеп болатын еді. Ал Сирияға сырттан араласушылық жасалып, үкімет қарсыласу шебіне қарсы бітім ағымын күшейту мақсатында өзгертілмек болды. Қазіргі жағдайда Сирия дағдарысы жалғасуының себептерінің біріне дағдарысқа осы тұрғыдан назар аудару  жатады. Айтылған дәледермен бірге Сирия дағдарысының трансөңірлік маңыздылығына тоқталмауға болмайды. Өйткені Сирия Ресей мен АҚШ-тың әлемдік бәсеке жүргізетін сахнасына айналды. Ресей Сирия жүйесі мен лаңкестерге қарсы шынайы күресті қолдап, Алеппоны азат етуге өз үлесін қосты. Сондықтан бүгін АҚШ-пен салыстырғанда Сирия дағдарысында Ресей жақсырақ жағдайға ие. АҚШ пен әсіресе бұл мемлекеттің бұрынғы үкіметі және Ресей арасындағы бәсеке Сирия дағдарысының саяси жолмен шешілмеуі мен жетінші жылға аяқ басуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Жергілікті, өңірлік және трансөңірлік  деңгейдегі мәселелердің топтамасы Сирия дағдарысының басқа араб елдердегі дағдарыстардан өзгеше болуына себеп болды. 2011-ші жылы орын алған Сирияның ішкі шектеулі наразылықтары шетелдік ойнышылардың араласуымен лаңкестік соғысқа айналды. Бұл соғыстың негізгі құрбандары Сирия халқы болып отыр. Сирия халқы қазіргі жағдайға қатысты әскери қауіпсіздікке ие болмауымен бірге лаңкестердің адамгершілікке жат қылмыстарына байланысты моральдық тұрғыдан да дағдарысқа тірелді. Мұндай қылмыстарға Сирияда бұл елдің үкіметіне наразылар мен қарсы соғысып жатқан топтардың жергілікті азаматтардан емес, араб, еврей, Батыс және түрік азаматтарынан құрылғаны себеп болуда. Алайда Сирияның маңыздылығымен бірге Башар Асадтың  бұл елдің билік басында қалуы неліктен маңызды? Негізгі себеп, егер Башар Асад болмаса, Сирия саяси вакуумға тіреледі. Сондықтан тым болмағанда Сирияда лаңкестер жойылғанға дейін Башар Асад билік басында қалуы қажет. Алпауыт ақпарат құралдарының үгіт-насихаттарына керісінше, Башар Асадтың билік басында қалуы басқа мемлекеттердің мүдделерінен гөрі Сирияның өзі, оның территориялық тұтастығы мен қауіпсіздігі үшін маңызды. Өйткені лаңкестік топтар Сирия жүйесін құлатудан немесе Башар Асадты отставкаға жіберуден  бұрын өздері үшін жерді кеңейту туралы ойлауда. Қорыта айтқанда, лаңкестік топтардың мүшелерінің жергілікті болмауы, бұл топтардың Таяу Шығыс аймағы мен Сирия және Иракпен шекаралас аймақтарда өздері үшін жерді кеңейту мақсаттарына назар аударып, бұл мәселенің барлық мемлекеттердің, соның ішінде лаңкестердің қолдаушыларының өздері үшін де қоқан-лоққы екенін байқаймыз.