Наурыз – жүрек пен жан өзгеретін мезгіл
(last modified Sun, 26 Mar 2017 04:19:14 GMT )
Нау 26, 2017 10:19 Asia/Almaty

Наурыз мерекесі – тарихтағы көне мейрам. Наурыз – жаңару мен балғындықтың, жастық пен шаттықтың белгісі. Бұл мереке – бір-біріміз бен туыстар мен отбасылардың бір-біріне деген мейір- махаббатының символы. Сонымен қатар, баршаның бір-бірімен көрісуі, дос-жарандар арасындағы достық пен мейірімділікті нығайту мен өкпе-реніш, араздықты ұмыту кезеңі болып саналады. Себебі, көктем мезгілі балғындық пен шаттықтың, тазалық пен жарық және нұрдың көрінісі саналады.

Табиғаттың қуанышты әрі әсерлі өгерісі, суық топырақты жарып шыққан нәзік жас өскіндер, бозторғайлар мен кептерлердің әсем дауыстары, жаңадан бүр жарған гүлдердің жұпар иісі мен жаңа жауған жауыннан кейінгі ғажап иіс, түрлі-түсті гүлшанақтар ашылып, әсемдіктерімен көздің жауын алып, барлығы бірлесіп бір жиын ұйымдастырғандай болады. Сұлулық және сән-салтанатпен үйлескен бұл жиын сөзбен сипаттау мүмкін емес ерекше қуаныш пен шаттық сыйлап, адамдарға қатты әсер етіп, оларды өзгертеді. Бұл ұлы қозғалыс өзі сұлу және сұлулықты сүйетін Жаратушының сыйларын, яғни осы кереметтердің мәнін түсінуге шақырады.

Шаттық пен достық мерекесі Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз мерекесі – тарихтағы көне мейрам. Наурыз – жаңару мен балғындықтың, жастық пен шаттықтың белгісі. Бұл мереке – бір-біріміз бен туыстар мен отбасылардың бір-біріне деген мейір- махаббатының символы. Сонымен қатар, баршаның бір-бірімен көрісуі және дос-жарандар мен таныс-жолдастар арасындағы достық қатынастар мен мейірімділікті нығайту мен өкпе-реніш, кек пен араздықты ұмыту кезеңі болып саналады. Себебі, көктем мезгілі балғындық пен шаттықтың, тазалық пен жарық және нұрдың көрінісі саналады.

Көктем Құдайдың адамдарға жетекшілік етіп, оларды тәрбиелеудегі нышаны саналады. Көктем – табиғаттың ұйқыда жатқан жаны мен адамның қапылдықтағы рухындағы жаңа рухтың қайнауы мен жаңа серпілісі. Өмірінің әрбір сәтін қапылдықта өткізіп жатқан адам үшін табиғаттың осы ғибраты қажет-ақ. Ислам көзқарасы бойынша, өзгеріс Наурыз мерекесі мәдениетіндегі ең маңызды фактор саналады. Табиғаттың өзгерісінен ғибрат алу адамдардың рухани тұрғыдан өзгеруінде маңызды рөл атқарады. Бұл адамның шынайы өзгеріс пен қуаттың қайнар көзін түсінуіне көмектеседі.

Сондықтан, имамдарының хадистерінде жыл басының алғашқы сәттерінде Құдаймен сырласқанда одан ахлақтық өзгеріс сұрауға ерекше мән берілген. Біз тек өзгеріске ғана емес, сонымен қатар өзгеріс кезінде оның бізге жар болуына да мұқтажбыз. Жаратқанның ықыласынсыз қайта жандану мен өсуден үміт жоқ. Ендеше, таза жүрегімізбен мейірім, махаббат, тазалық, жасыл шөп мен балғындыққа толы дастархан жайып, әсем Наурыздың әнін айтып, Құдайдан тілейік:

یا مقلب القلوب و الابصار

 یا مدبرالیل و النهار
یا محول الحول و الاحوال

 حول حالنا الی احسن الحال

«Уа, жүректер мен көзқарастарды өзгертуші! Уа, күн мен түнді теңестіруші! Уа, жылдар мен жағдайларды өзгертуші, біздің ішкі күйімізді ең ізгі жағдайға өзгерт!»

Табиғаттың сырттай өзгеруін адамдардың іштей өзгерісіне жетелейтін бұл дұға қандай керемет еді!?

Ислам ілімінде табиғатқа деген көзқарас Жаратушыдан бөлек қарастырылмайды. Себебі, табиғатты Құдайдың өзі жаратты. Сол себепті ол оның шексіз құдіреті мен рақымының көрінісі саналады. Ағаштар, жасыл жайылымдар мен шабындықтар және жаратылыс көркемдігінің басқа көріністері, мұның барлығы Құдайдың белгілері. Егер тек табиғаттың сұлулығы мен көктемнің келуіне, гүлдердің қызғылт түске боялуы мен алқаптардың жасыл кілем жамылуына риза болатын болсақ, тек бұл байлықтарды Құдай тарапынан жасалған өзгеріс және оның шексіз рақымы деп қарайтын болсақ, онда біз мұның бәріне бейқамдық және қапылдықпен қарағанымыз. Құран Кәрімнің бірнеше аятында табиғаттың қайта жандануы арқылы адамдарға өлімнен кейінгі өмір жайлы ескерту жасалған. Мысалы:

وَاللَّهُ الَّذِی أَرْسَلَ الرِّیَاحَ فَتُثِیرُ سَحَابًا فَسُقْنَاهُ إِلَى بَلَدٍ مَیِّتٍ فَأَحْیَیْنَا بِهِ الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا کَذَلِکَ النُّشُورُ (فاطر:9)

Ол сондай Алла, желдерді жіберіп, сонда ол; Бұлтты қозғап, оны өлі бір жерге айдаймыз. Және жаңбыр арқылы жансыз қалған жерді қайта жандандырамыз. Өліктің тірілуі де осы сияқты. (Фатыр: 9).

Марқұм ғұлама Табатабаи осы сүренің тәпсірінде былай деп жазды: "Құдай бұл аятта Жер ана немесе табиғаттың жыл сайын жаңа өмір кезеңін бастап, соңында қайта өлетінін адамдарға түсіндіру үшін адамдардың өлгеннен кейін қиямет күні қайта тірілуін жердің қайта тірілуіне теңеген...»

Адамдардың жағдайы да дәл осындай. Құран аяттарымен қоса, хадистерде де көктемнің келгенін көріп, тіршілік иелерінің о дүниеде қайта тірілуін есімізде сақтауымыз қажет. Мәселен, мына хадисте былай дейді:

اذا رایتم الربیع فاکثورا ذکر النشور

Көктем мезгілін көрген сайын сендер қиямет күні қайта тірілетіндіктерің туралы көбірек ойлана бастайсыңдар.

Сол себепті, табиғаттың өзгеруін көріп, адам да өзінің о дүниеде қайта тірілетінін есінде сақтап, табиғаттың өзгеруін өзінің бейғам және қапыл жанын өзгерту үшін үлгі етіп алса, қандай керемет болар еді.

Наурыз – жүрек пен жан өзгеретін мезгіл

Адам баласын қоршаған ортаның ластанулары мен дамыған технологиялардың алаңдаушылық туғызатын факторларының алуан түрі қоршап, торлап алған ғасырында тыныштық пен шаттық бағалы олжа болып саналады. Шаттыққа әртүрлі жолдармен қол жеткізуге болатындығы айдан анық. Сондай жолдардың бірі – адамдардың ішкі жан дүниесіндегі өзгерістер. Жаңа жылда болатын табиғаттың қайта жандануы мен өмірімізде орын алатын өзгерістер, сонымен қатар, көктем мезгілінде үйлерде, көшелер және өмірдің барлық сәттерінде көзге түсетін жаңарған әрі балғын кеңістік, біздің бойымыздағы ризалық пен табысқа жету сезімін күшейте түсіп, шаттандырады. Құдай табиғатты сан алуан көркем нақыштармен көркейтіп, адамның бойындағы өмір сүруге деген құштарлығын оятады. Ол рухтандыратын гүлдердің жұпар иісі, бұлбұлдардың сайрауы арқылы адамды шаттық пен қуанышқа бөлейді. Осындай ұлы сәттерде адам баласы да өзгерістер жайлы ойланады. Шын мәнінде, Наурыз мерекесі көктем мезгілінің басында адамзат баласы тіршілігінің ең айқын қырларын растай түседі. Ол – жаңару, жан мен тәннің тазалығы мен талпыныс пен әрекет ету. Сондықтан Наурыз мерекесі кезінде адами ақиқатқа көңіл бөлгеніміз жөн. Көктем мезгілінің басталуымен қатар келетін Наурыз мерекесі жаңа өмірге үміттендіріп, адамдардың Жаратушыға бойсұнушылығы мен біздің әлемнің Жаратушысының алдында бағынушылығымызды білдіруде құрал бола алатын өзгеріс пен қозғалыстың қажеттігін айқындайды. Шындығында, Наурыз адамның Құдайды есте сақтау арқылы жүрегін тазалау үшін берілетін мұрсат. Бір ұлы тұлға осы тұрғысында: "Біз Наурыз мерекесін Құдай мен оның пенделерімен татуласуға берілген мүмкіндік пен мұрсат екенін түсінгенде ғана оның берекесі мен тәттілігін сезіне аламыз. Сол кезде ғана біз ішкі жан дүниеміздің бүршік атқанына куә боламыз. Ислам мәдениетінде мейрам  күнін ешбір күнә жасалмайтын, тек пайда мен табыс түсетін күн деп есептеудің себебі бәлкім, осы шығар,- деген.

Діни және исламдық деректердегі Наурыз мерекесі

Аятолла Хамени: "Көктемнің басы – табиғаттың оянып, қайта жандануы мен қайнауы және табиғат әлеміндегі әсемдіктің басталуының басы. Бұл жағдайды өздерің үшін де өсіп-өну мен қайнаудың, сұлулықтардың басталуы санап, өздерің үшін жаңа күн бастаңыздар. Наурыз – адамзат тарихындағы жаңа күн мен адамдардың өміріндегі жаңа жағдай мен қалып. Наурыз әркімнің ішкі дүниесіне байланысты. Үлкен әрі маңызды оқиға орын алатын күн – Наурыз. Хазірет Садық: "Адам атамыз бен Хауа анамыз жер бетіне келген күн – жаңа күн, яғни Наурыз болып саналады. Бұл күн адамзат баласы үшін жаңа күн болып есептелінеді. Хазірет Нұх пайғамбардың бүкіл әлемді топан су басқаннан кейін кемесін құрлық жағалауына жеткізген күн де – "Наурыз" , яғни жаңа күн. Бұл – жаңа күн әрі адамзат тарихындағы жаңа оқиғаның басталған күні. Бұл – Құранның Пайғамбарға түсірілген күн.  Бұл адам баласы үшін жаңа күн болып саналады. Құранның адам баласына түсірілген күні адамзат баласы үшін жаңа күн әрі мүміндердің әміршісінің Пайғамбардың ізбасары ретінде билікке таңдалған күні болып есептелінетін тарихтағы маңызды кезең болып табылады",- деп айтқан.

Аятолла Хаменеи

Көктем мезгілі – жаңару мезгілі, ал Наурыз мерекесі жаңару мен жандану оқиғасы, сондай-ақ, ояну мен білім алу және танымға арналған мүмкіндік болып саналады. Исламның ардақты Пайғамбары айтқандай: "Дүниенің бір күйден екінші күйге өзгеруінен бейхабар ада ең қапыл адам болып табылады".