Ирак: наурыздан наурызға дейінгі өзгерістер
(last modified Mon, 03 Apr 2017 13:12:39 GMT )
Сәу 03, 2017 19:12 Asia/Almaty
  • Ирак: наурыздан наурызға дейінгі өзгерістер

Өткен 1395 жылдағы Ирактың ең маңызды хабарларының бірі бұл елдің батысынан солтүстігіне дейінгі әртүрлі аймақтарды ДАИШ лаңкестік тобынан босатуы мен елдегі саяси қозғалыстары болды.

2016 жылдың маусым айынының 26 күні Ирактың әл-Анбар облысындағы Фалуджені азат ету ДАИШ лаңкестік тобына соққы берді. Сол кездегі Мосулдың әртүрлі аймақтарындағы жеңістер Ирактың армиясы, халықтық күштері мен әртүрлі саяси топтардың ынтымақтастығының нәтижесі болды. ДАИШ лаңкестеріне қарсы соғыс мәселесімен бірге Ирак Премьер-министрі Хейдар әл-Абадидың кабинетінің құрылуы, Садр ағымының бұл елдегі бұзақылықпен күресуі, Ирактың халықтық күштерінің заңды органдарға айналуы туралы жобаның елдің Мәжілісінде бекітілуі және Ирак шиіттерінің үлкен коалициясының басшысы Амар Хакимнің  саяси қайшылықтрды шешудегі рөлі өткен 1395 жылдағы Ирактағы ең маңызды ішкі өзгерістерге жатады. Бағдат-Эрбиль қарым-қатынастары, Түркия әскери күштерінің Мосулдың Башиғе базасында  орналасуы, Бағдаттағы Сауд Арабиясы елшісінің араласуы және Кербалада имам Хусейн (ғ.с.) «арбағинінің» өтуі ақпарат құралдарының назарына түскен Ирактың өткен жылдағы келесі маңызды өзгерістері болып табылады. Кербалада өткен имам Хусейн (ғ.с.)-ның «арбағині» – мұсылмандардың бірлігінің көрінісі. Ислам әлемінің дұшпандары лаңкестік топтар құрып, бірлікке зардап келтіруге әрекет жасады. Ирактағы ең маңызды өзгеріс елдің солтүстігіндегі Нейнава облысының орталығы Мосулдегі ДАИШ-пен соғысы болды. Әл-Анбардағы Ирактың халықтық күштерінің бұл елдің армиясымен ынтмақтастық жасауының табысты тәжірибесінің жалғасында аталмыш облыс ДАИШ лаңкестерінен босатылған соң  2016 жылдың қазан айында Ирактың халықтық күштері, федералды полициясы мен елдің көшпенді тайпаларының ынтымақтастығымен Мосулды  азат ету әрекеті басталды. Мосулдың шығысындағы азат ету әрекеттері алға ілгерілеп, 2017 жылдың қаңтар айында бұл аймақ ДАИШ-тен толық босатылды. Мосулдың шығысындағы ирактықтардың алға ілгерілеуімен ақпанның 19 күні Мосулдың батысын азат ету әрекеттері басталып, алға ілгеріледі. Түркия мен АҚШ сынды сыртқы ойыншылар Мосулды азат етуді өз бақылауына алғысы келгенімен, Хейдар Абади үкіметінің қатаң ұстанымымен бетпе-бет келді. Түркия әскери күштерінің Мосулде орналасуы ирактықтардың қарсылығымен кезігіп, Түркияның қысымдарына қарамастан, түрік әскерилері Башиқе базасынан шығуға рұқсат ала алмады. Алайда түрік әскерилерінің  орналасуы екі елдің дауына себеп болды. Түркия премьер-министрінің Бағдат сапарымен  екі елдің қарым-қатынастары қалыпты жолға түсіп, Түркия өз күштерін Мосулды азат ету әрекеттері аяқталғанша Ирактан шығаратын болды. Ирактың әртүрлі аймақтарының ДАИШ лаңкестерінен босатылуымен бірге бұл елдегі саяси шынайы пікірталастардың куәсі болудамыз. Хейдар Абадидың өз кабинетін құруы және Бағдаттың Сабз аймағында  шерудің өтуі  Ирактың басты саяси хабарлары болды. Өткен жылы Бағдаттың әт-Тахрир алаңында  ирактық азаматтардың  апталық жиындары жалғасып, тұрмыстың нашарлығы мен жұмыссыздыққа наразы жүздеген адам жиындарға қосылып, наразылық білдірді. 2016 жылдың сәуір айының 30 күні сондай жиындардың бірінде Мұқтада Садрдың  жақтастары Сабз аймағының парламенті мен премьер-министрінің ғимаратына кірді. Ирак үкіметі мен қауіпсіздік күштері олармен қисынды қарым-қатынас орнатып, Ирактың саяси үдерісіне әсер ету үшін, зорлық-зомбылық жасамады. Бұл наразылықтар мен Хейдар Абади үкіметінің реформалары туралы пікірталастар 2016 жылдың бірінші бес айындағы Ирактағы ең маңызды саяси дағдарысына айналды. 2016 жылдағы саяси пікірталастардың жалғасуы Ирактың Қорғаныс  және Қаржи министрлерінің сенімділіктен айрылуына себеп болды. Ирактағы әртүрлі саяси және қауіпсіздік мәселелермен бірге бұл елдің қоғамында әрқашан Эрбиль мен Бағдат қарым-қатынастарына ерекше назар аударылды. Ирактың Күрдістан аймағында  әрқашан мұнайға қатысты пікірталастарда қайшылықтарға ие болып, бұл аймақтың Бағдаттағы орталық үкіметке араласу Ирак басшыларының дағдарыстарына айналды. Нури Малекидің премьер-министрлігі кезінде Бағдат пен Эрбиль арасындағы  қайшылықтар ең жоғары толқынына жетіп, Хейдар әл-Абади үкіметі  міндетіне кірісе салысымен екі жақтың қарым-қатынастарын жақсарту жолында қадам басты. Тіпті, Эрбиль мен Бағдат Мосулды ДАИШ-тен азат ету операциясы қарсаңында бірге келіссөздер жүргізіп,  ақпарат құралдары екі тараптың келісімге келгені туралы хабарлады. Эрбиль мен Бағдат кеңесулері мен келісімдері әрқашан әлсіз болып, Ирактың Күрдістан аймағының тәуелсіздігі туралы мәселе бұл аймақтың басшысы Масуд Барзанидің кезінде екі жақты кеңесулерге өз әсерін тигізді. Осыған орай Ирактың Күрдістан аймағының сыртқы қарым-қатынастар департаментінің басшысы Фалах Мұстуфи британиялық «Гардин» газетіне берген сұхбатында күрдтердің тәуелсіздігі туралы Бағдат үкіметіне Пишмарге күштері мен ДАИШ тобының өткен екі жылғы соғысында азат етілген аймақтарды бақылауға тапсыру туралы ұсыныс жасады. Ирактың Күрдістан аймағының тәуелсіздікке қол жеткізуі ішкі, аймақтық және халықаралық қарсылықтарға байланысты  мүмкін емес. Барзани мен оның «Парти»  және Ирактың Күрдістан аймағының демократ партиялары тәуелсіздік мәселесін сылтауратып, біріншіден, өздерін Ирактың саяси өзгерістерінде көрсетуге, екіншіден, күрдтердің пікірлерін өзгертіп, наразыларды өздерінің жақтастары еткісі келеді. Масуд Барзанидің заңсыз басқаруымен қарсылықтар күшейгеннен бер ол қоғамдық ой-пікірді өзгерту үшін Ирактың Күрдістан аймағының тәуелсіздігі туралы мәселені алға тартуда. Ирактың Күрдістан аймағындағы Масуд Барзанидің заңды билігі 2015 жылдың тамыз айының 15 күні аяқталды. Сол күннен бері Ирактың Күрдістан аймағының тәуелсіздігі туралы пікірталас Масуд Барзани мен оның жақтастары үшін шынайы мәселеге айналды.  Ирак өзгерістерінің арасындағы ең маңызды хабар ел Парламенті өкілдерінің әл-Хашд әш-Шаабидің заңдылығына оң дауыс беруі болды. 2016 жылдың қараша айының 26 күні Ирак Парламентінің өкілдері Хашд әш-Шааби заңын бекітті. Бұл заң бойынша Хашд әш-Шааби  халықтық күштері бұл елдің заңды органына айналады. Аталмыш заң Хашд әш-Шаабиды белгілі міндеттері мен анықталған құқықтарға ие заңды орган ретінде жариялады. Ирак Парламенті өкілдерінің заңы бойынша Хашд әш-Шааби Ирактың Қарулы күштері Бас штабының қарамағына  кіріп, оның барлық жұмыстары аталмыш штабтың бұйрығымен қабылданатын болды. 2014  жылдың  маусым айының 10 күні ДАИШ лаңкестік тобы ыдыраған БААС партиясы, АҚШ және Сауд Арабиясының ынтымақтастығымен  Нейнава облысының орталығы Мосулды жаулап алды. ДАИШ-БААС бүлігінің салдарынан Ирактың солтүстік, шығыс және батысының бірнеше облысы солардың бақылауына алынды. АҚШ пен Сауд Арабиясының қолдауына ие Ирактағы ДАИШ лаңкестері әрекеттерінің күшеюімен Ирак шиіттерінің әйгілі ғұламасы аятолла Систанидің пәтуәсімен халықтық күштер құрылып, бұл ел халқының барлық таптары армияның  қасында ДАИШ-ке қарсы тұрды. Ирактың халықтық күштері лаңкестікке қарсы соғыста елдің басшыларына елде қауіпсіздік орнатуға табанды екендіктерін дәлелдеді. Ирактың Сыртқы істер министрі Ибрахим Джафари: «Лаңкестікті қолдайтын кейбір халықаралық тараптар әрбір мүмкіндікті Ирактың лаңкестікпен күресін маңызды емес етіп көрсетуге талпыныс жасауда» деді. Әл-Джафаридің айтуынша, бүкіл халық Ирактың халықтық күштерінің ДАИШ-ке қарсы жанкештілігінің куәсі болды. Ирактың халықтық күштері лаңкестікке қарсы соғыста стратегиялық рөлге ие болып, бұл мәселе лаңкестік топтардың қолдаушыларының ашуына себеп болды Осындай жағдайда Сауд Арабиясы бірнеше рет Иракиың халықтық күштерін соғыс майдандарында адам құқығын бұзды деп айыптады. 

Тегтер