Мәңгілікке Иранға тиесілі Парсы шығанағының ұлттық күні
(last modified Sat, 29 Apr 2017 11:51:33 GMT )
Сәу 29, 2017 17:51 Asia/Almaty
  • Мәңгілікке Иранға тиесілі Парсы шығанағының ұлттық күні

Парсы шығанағы ұлттық күні 2005 жылдан ғана басталмайды, Иран халқының тарихының тереңдігі, ұлттық және жергілікті мәдениетінен басталады.

«Парсы шығанағы ұлттық күні» деп аталатын  ордибехешт айының 10 жұлдызы хиджри шамси күнтізбесіндегі жай бір күн емес, бір халықтың өркениті мен тарихынан бастау алатын күн. Арабтар мен кейбір халықаралық органдардың қастықтары мен олардың халықаралық қарым-қатынас негіздерін бұзуына қарамастан, Иран үкіметі бұл күнді ресми қабылдату саласында жұмыстар жасады. Сондай-ақ, осындай қастықтарға қарсы кең ауқымды халықтық наразылықтар да орын алды. Шын мәнінде, Парсы шығанағы ұлттық күні 2005 жылдан ғана басталмайды, Иран халқының тарихының тереңдігі, ұлттық және жергілікті мәдениетінен  басталады.

Парсы шығанағы  ұлттық күн

Парсы шығанағы – Оман теңізінің бойында Иран мен Арабстан түбегінің арасында орналасқан канал. Аумағы шамамен 240 текше километрге жететін шығанақ Мексика мен Гудзон шығанақтарынан кейін әлемнің үшінші шығанағы саналады.

Парсы шығанағы

Парсы шығанағы шығыс жағынан Ормуз бұғазы мен Оман шығанағы арқылы Үнді мұхиты мен Араб теңізіне шығады. Батыс жағынан Карун өзені Тигр мен Евфрат өзендеріне қосылғаннан кейін Арванд өзенінің сағасымен аяқталады. Иран, Оман, Ирак, Сауд Арабиясы, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Қатар және Бахрейн – Парсы шығанағы жағалауында орналасқан елдер. Парсы шығанағының солтүстік жағалауы толығымен Иранның саяси географиясында орналасқан. Парсы шығанағы мен оның жағалауы мұнай мен газ қорларына ие болғандықтан, халықаралық деңгейде бұл канал маңызды әрі стратегиялық аймақ саналады.                           

 БҰҰ-ның географиялық атауларға қатысты  №61-шы құжатына сәйкес, «Парсы шығанағы» деген атау барлық тілдер мен әлемдік әдебиетте «парсы», «Иран» және «араб емес» деген терминдермен милади жыл санағына дейінгі ғасырларда қолданылған. Милади жыл санағынан бес ғасыр бұрын  бұл аймақ «Парсы шығанағы» аймағы деп танымал болған. Негізінде гректер мен римдықтар,  олардан  бұрын шығыс Рим, Аббаси ханзадалары мен исламдық географтар әрқашан бұл каналға «Парсы шығанағы» деген атауды пайдаланған. Табари, Яқуби және Масуди кітаптарынан  да осы атауды кездестіруге болады. Португалдықтар мен испаниялықтар келгеннен кейін де Парсы шығанағығың атауы осы атау болды. Сонымен бірге Британия, Америка, бұрынғы Кеңес Одағының энциклопедиялары мен БҰҰ-ның құжатында «Парсы шығанағы» деген атау тұрақты кездеседі.

"Парсы шығанағы" - тарихи атау 

Хақаман әулетінің шаһы Ұлы Дарий де өз жазбаларында «Парстан келген Парсы шығанағы» деген атауды қолданған. Милади жыл санағы бойынша екінші ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы Флавий Арриан «Анабасис»  еңбегінде Парсы шығанағы үшін мағынасы мен айтылуы «Парсы шығанағы» деген сөзтіркесіне жақын «Персикан каитас» (Persikon Kaitas) деген терминді қолданды. Миладидің бірінші ғасырының ортасында өмір сүрген әйгілі грек географы Страбон да еңбегінде  сан рет «Парсы шығанағы» деген терминді пайдаланып: «Арабтар Қызыл теңіз бен Парсы шығанағы (Persikon Kaitas) арасында өмір сүреді»,- деп жазған.

Көне карталарда "парсы өзеңі" деген атау қолданылған

Птолемей деп танымал болған әлемнің ең көрнекті географы Клаудиус Птолемей милади жыл санағы бойынша екінші ғасырда Парсы шығанағын «Персикас Синус» (Persicus Sinus) деп атаған. Бұл сөз «Парсы шығанағы» деген мағынаны білдіреді.  Кейбір латын тіліндегі құжаттарда да бұл атау «Персикас Синус» (Persicus Sinus) және «Маре Персикам» (Mare Persicum) яғни «Парсы теңізі» деп көрсетілген. Еске салатын жайт, дүниежүзінің көптеген тілдерінде Парсы шығанағы үшін «Персикас Синус» деген термин қолданылған. Француз тілінде Golfe Persique, ағылшын тілінде Persian Gulf, неміс Persischer Golf, италия тілінде Golfo Persico, орыс тілінде Персидский залив, жапон тілінде Perusha Wan, түрік тілінде Farsi Korfozi деп тіркелді. Рим тарихшысы Руф Квин Курций миладидің бірінше ғасырында Парсы шығанағы үшін Парсы су қоймасы деген мағынаны білдіретін  «Акуарам Персико» (Aquarum Persico) деген атауды қолданды.

"Парсы шығанағы" деген атау тарихи құжаттарда кездеседі

 Исламдық кезеңдегі тарихи және географиялық құжаттарда  да Парсы шығанағын анықтау үшін  парсы және араб тілдерінде «Бахр-е Фарс және әл-Бахр әл-Фарс» (Парсы теңізі) немесе «Халидж-е Фарс» және «әл-Халидж әл-Фарс» (Парсы шығанағы) деген терминдер пайдаланылған. Осылайша, аталмыш шығанақтың тарихи атауы әртүрлі тілдерде «Парсы шығанағы» немесе «Парсы теңізі» деп аударылған.  Сонымен бірге барлық халықаралық ұйымдарда бұл шығанақтың атауы «Парсы шығанағы» деп тіркелген.  Әртүрлі тарихи кезеңдерден қалған  карталар мен құжаттарға жасаған зерттеулер Парсы шығанағының әрқашан барлық халықтар мен мәдениеттерде дәл осы атаумен танымал болғанын көрсетеді. Тарихи құжаттар мен деректерге қарамастан, 1960 жылдардан бері пан-арабизм идеологиясының таралуымен араб ұлтшылдары дәлелсіз, қисынсыз әректтерімен Парсы шығанағының атауын Араб шығанағына өзгертуге күш салды. Бұл мәселе Араб лигасы директивасы ретінде ресми  түрде барлық араб елдеріне жіберілді. Бірақ, ешбір халықаралық ұйым мен орган Иранның географиялық құқығын бұзатын бұл әрекеттерді қабылдамады. 

Әрқашан Парсы шығанағы болған шығанақ

 БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар «Парсы шығанағы» деген атауды негізгі әрі сенімді  атау санап, оны өзгертуге келіспеді. ««Парсы шығанағы» атауы құжаты – көне әрі мәңгілік мұра» деген кітап бойынша БҰҰ-ның кеңсесі мен оның әртүрлі агенттіктерінің БҰҰ-ның  «Парсы шығанағы» деген атауды кемінде 8 рет  пайдаланатынындығына сілтеме жасаған. БҰҰ Бас хатшысы бірінші рет 1971 жылдың наурыз айының 5 күнгі AD311/1 Gen құжатында: «Географиялық атластар мен кітаптарда ежелден «Парсы шығанағы» деген атау пайдаланылады»,- деп қуаттады.  Екінші рет 1984 жылдың тамыз айының 10 күнгі UNLA45.8.2C,  үшінші рет 1990 жылдың қаңтар айының 10 күнгі құжаттарында Иранның оңтүстігі мен Арабстан түбегінің жағалауындағы теңіздің ресми атауын «Парсы шығанағы» деп жариялады. БҰҰ ұйымы жыл сайын өтетін географиялық атауларды үйлестіру туралы  конференцияларында бұл су жолы атауының Парсы шығанағы екендігін растады. 

БҰҰ құжаттарында "Парсы шығанағы" деген атау тіркелген

БҰҰ сан рет өз мәлімдемесінде, әртүрлі шешімдері мен басып шығарған ресми карталарында «Парсы шығанағы» атауының ресми болуымен бірге халықаралық делегациялардан ресми құжаттарында, әсіресе БҰҰ-ның құжаттарында «Парсы шығанағы» деген атауды қолдануды талап етті. Алайда кейбір араб елдерінінң Парсы шығанағының атауын бұрмалап, оны өзгерту талпыныстарының тарихи тамырлары қайда жатыр? 

 Сарапшылардың пікіріне сәйкес, «Араб шығанағы» деген терминді бірінші рет Парсы шығанағы шейхтері Англияның билігінде болған кезде Парсы шығанағында тұратын Англияның  саяси өкілдерінің бірі Родриг Ауунмен атады. Ол 1958 жылы «Араб шығанағындағы алтын көпіршіктер»  деген кітабында: «Мен  барлық кітаптар мен географиялық карталардан «Парсы шығанағы» деген атаудан басқа атау кездестірмедім. Бірақ, Парсы шығанағы жағалауындағы Бахрейнде бірнеше жыл өмір сүріп, жағалау тұрғындарының араб екенін байқадым. Сондықтан, «Парсы шығанағын» «Араб шығанағы» деп өзгерту керек»  деп жазды. Әл-Арабие журналы 1958 жылдың 2-ші нөмірінде осы мәселені жариялады. Араб органдары өзгерістер енгізген соң бірнеше америкалық және еуропалық ұйым да алдын ала жасаған жоспарларымен тарихи теңіздің атауын өзгертіп айтуды жалғастырды. Сөйтіп, 2004 жылы АҚШ National Geographic ұйымы өзінің географиялық атласында танымал «Парсы шығанағы» деген атаумен бірге «Араб шығанағы» деген атауды пайдаланды. Бірнеше жылдан кейін 2006 жылы Париждің Лур мұражайының қызметкерлері де «Парсы шығанағының» орнына «Араб шығанағы» деген атауды қолданды. Бұл екі ұйым ирандықтардың наразылықтарымен бетпе-бет келіп, көп ұзамай кешірім сұрап, мәліметтердің түзетті.

Ирандықтар Парсы шығанағына табанды

Иран халқы өз құқықтарын жаңғырту және мәдени мұраларын, тарихы мен өркениетін қолдап, «Парсы шығанағы» деген атауды мәңгі қалдыру үшін көтеріліп, бұрмалаушыларды кешірім сұрап, мәліметтерін өзгеруге мәжбүрледі. Халықтың халықаралық қоғамдарға хат жолдауы мен Парсы шығанағы атауын өзгертушілерге қарсы қолтаңба жинауы исламдық Иранның дұшпандарының сұм жобасының нәтижеге жетпеуіне себеп болды. Бүгінде тарих «Парсы шығанағы ұлттық күні» деген күннің бекітілуіне куә болуда Бұл күн басқыншы, отаршыл португалдық күштердің Ираннан шығарылған күнімен тұспа-тұс келді.