Рохинья мұсынлмандары – әлемнің ең қаналған азшылығы (7)
Бұл бағдарламада БҰҰ-ның Мьянма үкіметіне рохинья мұсылмандарымен қатынас жасауына байланысты жасаған ескертуіне сілтеме жасап, бұл тайпаға бұдан жаман зұлымдық пен қанаушылықтың жасалғаны туралы баяндамаймыз.
Рохинья мұсылмандарының шиеленіскен жағдайының жалғасуы БҰҰ-ның тағы да оларға қатысты алңдаушылық білдіріп, олардың барлығының толығымен Мьянма жерінен шығарылу ықтималдығы туралы ескерту жасауына себепкер болды. Осыған байланысты Мьянмадан Бангладешке қашып кеткен рохинья мұсылмандарының жағдайын бақылайтын БҰҰ-ның арнайы өкілі Янг Хи Ли: "Рохинья мұсылмандарының тартқан азаптары жайлы арнайы халықаралық тергеу жүргізу қажет",- деді. Сондай-ақ БҰҰ-ның осы өкілі барлық рохинья мұсылмандарының Мьянмадан депортациялануының ықтималдығына сілтеме жасап, Мьянма үкіметінің түпкі мақсатын бұл елді мұсылмандардан тазарту деп атады.
БҰҰ-ның арнайы өкілі осы азшылық тобына қарсы жасалған зорлық-зомбылықтың оның ойлағанынан әлдеқайда кең тарағанын хабарлады. Рохиньялық босқындар оған мұсылман әйелдерінің мемлекеттік әскери күштер тобы тарапынан зорланып, адамдардың бауыздалып, ал балалардың тірідей отқа өртеніп жатқаны туарлы хабарлаған. Ол кісі Мьянмада өткен жылы қазан айынан бері Ракхайн штатында басталған және он мыңдаған рохинья мұсылмандарының Бангладештің Кокс-Базар аймағына қашып кетуіне себеп болған басып-жаныштаудың қорқынышты жағдайларын өз құлағымен естіді. БҰҰ мұның алдында да Мьянманың Ракхайн штатындағы рохинья азшылығына қарсы зорлық-зомбылыққа қатысты ескерту жасаған болатын. Бұл ұйым осы зорлық-зомбылықтарды адамзат баласына қарсы қылмыс деп атаған болатын.
БҰҰ-ның мамандары бірнеше уақыт бұрын Мьянма әскері мен қауіпсіздік күштерінің рохинья мұсылмандарына қарсы жасаған әрекеттерін адамзат баласына қарсы жасаған қылмыс және тайпалық тазарту болуы мүмкін деп атаған жағдайда Еуропа одағы қауіпсіздік күштерінің рохинья мұсылмандарына қарсы жасап жатқан қылмыстары туралы тергеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, БҰҰ-ның ақиқатты анықтайтын тергеушілерін Мьянмаға жіберуін талап еткен еді. Мұндай шешім қабылдау арқылы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Мьянмадағы рохинья мұсылмандарына қарсы жасалған қылмыстар жайлы тергеу жүргізу үшін арнайы тергеу комитетті іс-сапарға жіберуге бірауыздан келісім берді. Бұл қылмыстар мьянмалық қауіпсіздік күштері тарапынан Ракхайн штатындағы мұсылмандарға қарсы жасалды.
БҰҰ-дағы Мьянманың өкілі бұл шешімге қанша қарсылық білдірсе де, оны қабылдауға келмейтін шешім деп атады. Алайда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі дауысқа салмай, қарар қабылдаған болатын. Бұл қарардың негізінде рохинья мұсылмандарына қарсы жасалған қылмыстардың барлық орындаушыларын жазалу талап етілген.
Мьянма әскерилерінің қарулы адамдардың бірнеше шекара бекетіне шабуылын сылтауратып, өткен жылдың қазан айынан бастап қазіргі кезге дейін рохинья мұсылмандарын басып-жаныштау саясатын жүзеге асырудың жалғасында Ракхайн штатының шамамен 75 мың адам тұрғыны Бангладешке қашқан. Сондай-ақ БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Мьянма әскерінің соңғы төрт ай аралығында басып-жаныштау әрекеттерінің салдарынан жүздеген рохинья мұсылмандарының өлтірілуі туралы ақпаратты ашты. Осыған байланысты, Мьянма басшылары арсыздықпен мазлұм әрі қаналған рохинья азшылығына жасаған қылмыстарын ақтап отыр.
Мьянма әскері қолбасшысының айтқан сөздері бұл ел үкіметінің Ракхайн штатындағы әрекеттерді доғаруға байланысты айтылған алдыңғы уәждерін осы облыстағы мұсылмандардың ауыр жағдайы туралы қоғамдық пікір мен халықаралық ұйымдардың көзқарасын бұрмалау мақсатында қолданған тактика болғанын көрсетеді. Мьянма әскерінің қолбасшысы Мин Унг Халиянг осы елдің астанасында жиналған жамағатқа мьянмалық әскерилердің Ракхайн мұсылмандарын өлтіру, оларды азаптау және үйлерін өртеу әрекеттерін қорғап: "Бұл облыстың тұрғындары Мьянманың азаматтары саналмайтын мигрант бенгалдықтар болып табылады",- деді.
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Мьянма әскери күштерінің Ракхайн штатындағы рохинья мұсылмандарын жаппай өлтіру, зорлау және азаптауға қатысты қылмыстарды зерттеуге шешім қабылдап, ақиқатты анықтаушы топты осы елге жібергеннен кейін Мьянма әскерінің қолбасшысы рохинья мұсылмандарын өлтіру әрекетін қорғаштай бастады. Ммьянмалық жоғары лауазымды әскеридің рохинья мұсылмандарына қарсы шабуылдарды қорғаштауы Ракхайн халқына қарсы зорлық-зомбылықтардың жалғасуының белгісі болуы мүмкін.
Мьянма үкіметі осы мемлекеттің бұрыннан келе жатқын және негізгі тұрғындары саналатын рохинья мұсылмандарын бенгалдық деп мойындауға немесе құрықталып, абақтыға түсіп, белгісіз мекендердегі өте нашар жағдайларда лагерлерде өмір сүрудің арасынан біреуін таңдауға мәжбүрлеп отыр. Рохинья мұсылмандарының көпшілігі Мьянмадағы геноцидтен аман қалу үшін көршілес елдерге қашуға мәжбүр. Алайда, теңіз және адам контрабандашыларының қолынан аман қалған күннің өзінде мақсат еткен елдерде де олар өмір сүру үшін көптеген мәселелермен бетпе-бет келеді.
Рохинья азшылығы біраз уақыттан бері Мьянмада кемсітушілікке душар болып отыр. Олар Мьянмадағы қоғамның ең кедей тобы саналады әрі бұл елде азаматтық құқықтарынан айрылған. Бангладеште де заңсыз мигрант аналады. 2016 жылдың қараша айында халық жасағы полиция бөлімшесіне шабуыл жасағаннан кейін көптеген рохинья мұсылмандары Мьянмадан қашып, көршілес ел Бангладешке жол тартуға мәжбүр болды. Рохинья мұсылмандары азшылығының 17 мың мүшесі осы елден кеткен соң қазір Бангладештің шекаралас лагерлерінде өмір сүруде. Осылайша, не Мьянма үкіметі бұларға елге оралуға рұқсат бермейді, не Бангладеш оларды қабылдамай отыр.
Басым бөлігі Үндістанның Джамму және Кашмир штатындағы Джамму және Самба аймақтарында өмір сүріп жатқан рохинья мұсылмандары бұл елге заңсыз түрде Үндістанның Мьянма және Бангладештің ортақ шекарасы немесе Бенгал шығанағы арқылы келген. Джамму мен Кашмир басшылығының жариялаған статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Джамму мен Кашмирде шамамен он мыңға жуық рохинья мұсылмандары өмір сүріп жатыр. Үндістан басшылары бұл елдегі рохинья мұсылмандары мигранттарының санын шамамен 40 мың адамға жетеді деп болжап отыр. Бұл адамдар БҰҰ-ның қамқорлығында болса да, Үндістан үкіметі оларды босқын ретінде мойындамай отыр. Үндістанның қауіпсіздік ұйымдары рохиньялық босқындарды тынышсыз Джамму және Кашмир штаты үшін қауіп санайды.
Рохинья азшылығы көршілес елдерде де нашар жағдайларды бастан кешіп отыр. Осыған байланысты соңғы шараны айтатын болсақ, Джамму және Кашмир штатындағы рохинья мұсылмандарының көпшілігінің жеке куәліктерінің күші жойылғаннан кейін, осы штаттың тұрғын мәселесі жөніндегі министрі шекаралық қауіпсіздік күштерінің жоғары лауазымды тұлғалары және Мьянма Жоғарғы сотының төрағасымен осы мәселені шешудің жолын табу мақсатында отырыс ұйымдастырған болатын. Ол кісі бұл отырыста: «Үндістан үкіметі рохинья мұсылмандарын мигрант ретінде мойындамады. Ал шетелдік азаматтар туралы заңға сәйкес, олардың бұл жерде қалуы заңсыз саналады. Сондықтан, олар Бангладеш, Мьянма немесе Бенгал шығанағы арқылы Джамму штаты территориясына кіруге мәжбүр болған», - деді. Шетел азаматтары жөніндегі министрлік Мьянма үкіметімен бұл мәселені қанша талқыға салса да, Үндістан үкіметі бұл мұсылмандарды азамат ретінде қабылдауға дайын емес. Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Сариперия Рангантан Нью-Делиде тілшілерге берген сұхбатында: «Мьянма үкіметі Ракхайндағы рохинья мұсылмандарының жағдайын бақылауға алып, бұл адамдардың көршілес елдерге жаппай қашуына себеп болып жатқан азаптаулардың алдын алуы тиіс»,-деп мәлімдеді. Үндістан Сыртқы істер министрі орынбасарының бұл сөздері Нью-Делидің өткен аптада он мыңнан астам босқын рохинья мұсылмандарының жеке бастарын анықтау арқылы оларды Джамму және Кашмир штатынан депортациялауға мүдделі екендігін жариялаған жағдайда айтылып отыр. Халықаралық Кешірім ұйымы да Үндістан үкіметінің рохиньялық босқындарды күштеп қайтару әрекетіне ескерту жасады.
Бас сауғалау, жаппай зорлық-зомбылық көру мен тайпалық тазалау қаналған рохиньялық азшылықтың несібесіне бұйырған жалғыз нәрсе болып саналады. Осылайша, ақиқатты анықтаушы топтың Мьянмаға жіберіліп, оның Мьянма әскерінің соғыс қылмысы, геноцид, әйелдер мен қыздарды зорлау секілді қылмыстар жасағанын растаған жағдайда бұл ел үкіметіне деген халықаралық қысымдардың артатындығына қарамастан, Мьянма басшылары қоғамдық пікірді алдау үшін жаңа тактика қарастыруда.
БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы әрі Ракхайндағы текетірестерді зерттейтін сегіз адамнан тұратын комитеттің төрағасы Кофи Аннан ұсынған рохинья босқындарының Бангладештен Мьянмаға оралуы туралы ұсынысқа келісім беру Мьянма үкіметі үшін Ракхайндағы апаттар туралы қоғамдық пікірді бұрмалау үшін жақсы мүмкіндік саналады. Мьянма үкіметі рохинья босқындарының қайтадан жаппай зорлық-зомбылық көруден қорқып, отандарына қайта оралмайтындығын жақсы біледі. Сол үшін бұл елдің лауазымды тұлғалары жүзеге аспайтын ұсынысты қабылдап, басқаларды зорлық-зомбылықтардың доғарылып, босқындардың оралуын қалайтындықтарына сендірмек.
Бұл Мьянманың рохинья босқындарының оралуына қатысты міндеттемесін толық орындаудағы Мьянманың шынайылығын дәлелдеу үшін үнемі халықаралық бақылау мен БҰҰ бақылаушыларының Ракхайнда кемінде екі жыл бойы болуынажет ететін жағдайда орын алып отыр. Алайда бұл елдің басшылары мұндай жағдайды қабылдамайды.