Трамптың Сауд Арабиясына сапарын сараптау (1)
АҚШ президенті Дональд Трамп мамырдың жиырмасы күні Сауд Арабиясының астанасы Риядқа ресми сапармен барды. Мамырдың жиырма екісі күні Риядтан шығып, Палестинаның басып алынған жерлеріне сапар жасады. Трамптың Сауд Арабиясына жасаған сапары әртүрлі мәселелер тұрғысынан үлкен маңызға ие. Бүгінгі бағдарлама барысында сіздерді Сауд Арабиясының мақсаттары тұрғысынан Трамптың Арабстанға сапарының маңызы жайлы сөз қозғаймыз.
АҚШ президенті Ақ үйде билік етіп отырған төртінші айда шетелге алғашқы сапарын жасады. Трамптың ресми сапарының алғашқы мақсаты Таяу Шығыс және Сауд Арабиясының астанасы Рияд болды. Бұдан Дональд Трамп үшін бір жағынан жалпы Таяу Шығыс аймағының, екіншіден нақты айтқанда Сауд Арабиясының маңызды екенін айтуға болады. Дональд Трамп өзінің шетелге алғашқы сапары ретінде Сауд Арабиясын таңдауы арқылы көптеген адамдардың әлемнің жер-жерінде, әсіресе Америкада АҚШ президентіне тағатын екі айыптың, яғни өзінің нәсілшіл және исламнан үркітуші еместігін көрсетуге талпыныс жасады. Басқа жағынан алып қарасақ, Трамп шетелге алғашқы сапары ретінде Риядты таңдап, "принцип саудагері" екенін көрсеткісі келді. Мұның алдында айтылғандай "Арабстанды сауу" деген Сауд әулеті режимінің "мұнайдан түсетін долларларын" алу керек дегенді білдіреді. Шын мәнінде, Дональд Трамптың шетелге алғашқы сапарының алғашқы мемлекеті ретінде Сауд Арабиясын таңдауының ең маңызды дәлелі мұнайдан түсіп отырған өте үлкен сомадағы долларлаға қол жеткізу болды.
Бірақ, Дональд Трамптың Сауд Арабиясына сапарына қатысты келесі маңызды мәселе тараптар сұхбаттасуларының негізгі тақырыбы Таяу Шығысқа қатысты тмәселелердің болуы. Әсіресе бұл тақырыптарға Сирия, Ирак және Йемендегі дағдарыстар, лаңкестік топтармен күресу және күннен-күнге артып келе жатқан ИИР-ның аймақтағы ықпалы болды.
Сауд Арабиясы мен АҚШ Сирия дағдарысына байланысты жеті жыл аралығында бір бағытта және үйлесе отырып әрекет етті. Сауд Арабиясы Сирияның араб елдері одағына мүшелікке кіруін кейінге қалдырған жағдайда АҚШ та БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Сирия жүйесіне қарсы өз күшін аямады. Сауд Арабиясы лаңкестік топтарға қаржылай және ақпараттық тұрғыдан қолдау көрсетуді өз мойнына алған жағдайда АҚШ та қажетті қару-жарақтарды Арабстанға сату арқылы лаңкестік топтарды қамтамасыз етіп отырды. Сонымен қоса Сауд Арабиясы секілді сол топтарға ақпараттық тұрғыдан көмектесті. Осылайша Сирия дағдарысында Сауд Арабиясы мен АҚШ-ты ерекшелендіріп тұрған мәселе Арабстанның АҚШ-тың Сирияға әскери шабуылы арқылы Башар Асадты биліктен тайдыруға қатты талпыныс жасауы болды. Алайда, Барак Обама билігі кезінде АҚШ Сирияға қарсы ешқандай әскери әрекет жасамаған еді. Ал Дональд Трамп Сирияға қарсы әскери әрекет жасау үшін дайын екендігін көрсету мақсатында өзінің Ақ үйде билік етуінің үшінші айында – сәуірдің жетісі күні Сирияның Хомс облысындағы аш-Шайрат базасына шабуыл жасады. Қазір Сауд әулеті режимі Дональд Трампты Сириядағы дағдарысты тоқтатудың маңызды жолдарының бірі бұл елге одан да ауқымдырақ түрде шабуыл жасап, Башар Асадты билік басынан құлату екендігіне сендіруге талпыныс жасауда. Ирак дағдарысы АҚШ үшін де, Сауд Арабиясы үшін де маңызды саналатын Таяу Шығыстағы екінші мәселе саналады. Екі мемлекет те бұл елде шиіттердің билікке қол жеткізуіне қарсы. Сол себепті бұл екі алпауыт ел Ирак күрдтеріне қарсы коалиция құруды мақсат етіп отыр. Ирак күштері ДАИШ лаңкестеріне қарсы күрестің соңғы күндерін бастан өткізіп жатқан жағдайда ДАИШ-тен кейінгі Ирак, әсіресе ДАИШ-тен кейінгі Мосул АҚШ үшін де, Сауд Арабиясы үшін де аса маңызды. Сондықтан, Трамп пен Сауд Арабиясы басшылары бұл сапар барысында Ирактың жаңа кеңістігінде бұл елмен қалай қатынас жасау керектігі жайлы сұхбаттасты.
Йемен дағдарысы да АҚШ президентінің Риядқа сапары кезіндегі тараптардың сұхбаттарында талқыланған тақырыптардың бірі болды. Сауд Арабиясы 2015 жылдың наурыз айында Йеменге қарсы шабуылды бастаған еді. Бүгінде бұл соғыстың жалғасып жатқанына екі жылдан асты. Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шапқыншылығының АҚШ-тың соғысты бастауға арнайы нұсқау беруімен, тіпті оның қолдауымен жүзеге асқаны айдан анық. Бірақ, Рияд бұл істі жеткіліксіз деп ойлайды. Себебі АҚШ-тың Йеменге қарсы соғысқа белсендірек қатысуын күтеді. Дональд Трамп Ақ үйге билікке келген төрт айдың ішінде Йеменге қарсы әскери әрекеттерді арттырды. Енді Трамптың Риядқа сапары кезінде Сауд әулеті режимі өзінің Йеменге қарсы соғысында АҚШ-тың көбірек қолдауына қол жеткізу үшін талпыныс жасады. Себебі, Йемен дағдарысы Арабстан сыртқы саясатының ең маңызды мәселесіне айналған. Рияд Вашингтонның оны Йемен иірімінен құтқаратынын күтіп отыр. Себебі Сауд Арабиясы Йеменде қысқа мерзімді соғыс болады деп ойлады. Бірақ бұл ойы жүзеге аспады.
Лаңкестік топтарға қатысты қалай әрекет етуі Трамптың Рияд сапары кезіндегі саудиялық және америкалық басшылардың сұхбаттасқан келесі маңызды тақырыбы болды. Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың бұл мәселеге қатысты ортақ тұсы екі елдің де лаңкестік топтарды өздерінің сыртқы саясатының мақсаттарын алға ілгерілетудің құралы деп санайтындығында. Сондықтан бұл екі елдің лаңкестік топтарға деген көзқарастары әртүрлі. АҚШ лаңкестікті "жақсы және жаман" деп екіге бөлу арқылы "Ән-Носрат" майданы топтарын "жаман" лаңкестер қатарына жатқызған жағдайда Сауд Арабиясы лаңкестік топтардың арасынан ешқандай айырмашылық көрмейді. Айта кететін маңызды жайт Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың екеуі де лаңкестік топтардың жойылғанын қаламайды. Дәл осы мәселе Вашингтон мен Рияд үшін бұл топтармен қалай қатынас жасау қажеттігін өзекті тақырыпқа айналдырып отыр. Сауд Арабиясы Ирак үкіметіне қысым көрсетіп, бұл елдің үкімет позициясын нығайтуға тыйым салу үшін тек Ирак үкіметі опозициясына демеу болып қана қойма, сонымен қатар Ирак күштерінің лаңкестікке қарсы соғыстағы жеңісін өзінің мүдделеріне қайшы санайды. Дәл осындай жағдайда АҚШ та Ирактағы лаңкестікпен басқарылған түрде күресуі арқылы арнайы жоспарға ие ие. Басқаша айтқанда, АҚШ алдымен ДАИШ-тен кейінгі Иракты, әсіресе ДАИШ-тен кейінгі кезеңдегі Мосулды басқаруды анықтауға талпыныс жасап, кейін Ирак күштерінің ДАИШ-пен күресін тоқтатуға талпыныс жасауда. Сирия дағдарысында Сауд Арабиясы лаңкестік топтарды күшейтуді қалайтындықтан Дональд Трампты осы мәселеге көндіруге талпыныс жасауда.
Саудиялық және америкалық басшылардың сұхбаттарының тағы бір маңызды тақырыбы Иран Ислам Республикасының күннен күнге артып келе жатқан аймақтағы ықпалымен күресу жолдары болғаны күмәнсіз. Сауд Арабиясының пікірінше, 2003 жылы АҚШ-тың Иракқа қарсы соғысынан кейін Таяу Шығыс аймағындағы ИРИ-ның пайдасына қатысты билік теңгерімі өзгерген. Сауд Арабиясы мен Ирак арасында Саддам кезінде жақын қарым-қатынастың болмауына қарамастан, Рияд Саддам үкіметін ИРИ-ның аймақтағы ықпалына қарсы тосқауыл деп есептеген болатын. Саддам үкіметінің биліктен тайып, Иракта шиіттік үкіметтің билікке келуі Иран Ислам Республикасын Ирактағы өзгерістердегі ең маңызды ойыншыға айналуына себеп болды. Сауд Арабиясы халықаралық ойыншылардың, әсіресе АҚШ-тың көмегімен ИРИ-ның аймақтағы ықпалын нығайтуға кедергі жасауды көздеген болатын. Сол себепті, Сауд Арабиясы Иранға қарсы экономикалық санкциялар салудың негізгі қолдаушысы және маңызды факторы болған. Сауд Арабиясы бұл санкцияларды өз мүддесіне сай деп ойлады. Осылайша, ИРИ мен «алтылық» топ арасындағы ядролық келісім мен Иранға қарсы ядролық санкциялардың күшін тоқтату ғана емес, сонымен қатар Сириядағы Башар Асад жүйесін биліктен тайдыруға тосқауыл болып, Ирактағы әл-Абади үкіметі позициясын нығайтуда көрініс тапқан ИРИ-ның Сирия және Ирак секілді дағдарыстарда белсенді рөл атқаруы мен оның ұтқырлығы Сауд Арабия үкіметінің ашу-ызасын келтірді. Себебі, Сауд әулеті режимінің ойынша, АҚШ-тың бұрынғы үкіметі өзінің араб одақтастарын қажет жағдайда қорғамаған. Бүгінгі таңда Сауд әулеті режимі Трампты өз жерінде күтіп, Риядқа жақтас он жеті араб және мұсылман мемлекет басшыларының қатысуымен отырыс ұйымдастырып, Дональд Трампты ИРИ-ның аймақтағы ықпалымен шындап күресуге көндіруге мүдделі болып отыр.