Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттарға шолу (1)
Қасиетті Рамазан айының басталуына орай назарларыңызға «Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттарға шолу» атты бағдарламамызды ұсынамыз. Ислам тағылымдарын пайдаланып, кейбір әдеттер мен әрекеттерден бас тартып, осы қасиетті айда амалдарымызды көбірек руханиландыруға тырысайық.
Қасиетті Рамазан айы – қайырымдылық пен ізгілік айы. Бұл айдың келуімен барлық мұсылмандарға Алланың рақымы мен жарылқауының есігі айқара ашылады. Мүміндер Алланың қонақасына шақырылады. Бұл қонақасының шақыру қағазының мәтіні Құран сияқты қасиетті кітапта жазылып, елші – Мұхаммад пайғамбар арқылы жеткізілген. Бәрінен маңыздысы қонақтарды күтуді Құдайдың өзі мойнына алады. Сондықтан осындай ұлы да қасиетті айға дайындықпен кіру қажеттігі айқын. Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) Рамазанның жаңа туған айын көргенде қыбылаға қарап, қолын көкке көтеріп: «Уа, Пәруәрдігер! Бұл айды бізге жаңартып, амандық, денсаулық, шаттыққа толы күндер сыйлап, дерттер мен қиыншылықтарды жой. Уа, Алла! Бұл айда бізге ораза ұстауға, ғибадат етіп, Құран оқуға мұрсат бер. Осы айда біздің денсаулығымызды жақсарт»,-деп дұға тілеген.

Рамазан айында ораза ұсталып, оның ізгілігінің Исламда қажеттілік ретінде аталғанын айтпағанда, оразаның негізі ғибадаттан әлдеқайда жоғары. Бұл туралы мұсылмандар Алла елшісі мен имамдардан рауаят етілген хадистерді кітаптарында келтірген. Осыған қатысты Алла елшісінен (с.ғ.с.) қалған тартымды хадистердің бірінде: «Алла Тағала «Ораза мен үшін ұсталады. Оның сыйын өзім беремін» деп айтқан»,-деп қуатталған.
Осындай үлкен сыйға қалай қол жеткізуге болады? Бірінші кезекте ораза ұстаған адам тамақ жеп, су ішуден бас тартумен қоса, құлақ, көз, шаш, тері және денесінің басқа мүшелерін де тыйып ұстауы керек. Яғни, сол мүшелерге харам деп табылған күнәларды жасаудан бас тартуы тиіс. Күнә болатын сөз айтпауы керек, ғайбат, өтірік немесе тіл тигізіп, қорлап сөйлемеуі тиіс. Кез-келген сөзді тыңдай бермеуі керек. Тіпті одан да маңыздысы, жүректі жаулап, Құдайды еске алудан қапы қалдыратын кез-келген істен бас тартуы қажет.