Трамптың жер планетасын жою жолындағы әрекеттері
Дональд Трамп АҚШ-ты дүниежүзілік аренада оқшауландырып, коммерциялық мүдде мен бас пайдасын көздеп, қоршаған орта мен жер планетасын жоюды мақсат етіп отыр.
Диктор:
2007 жылы климат өзгерістерін зерттеушілер өздерінің 4-ші мәліметінде әлемнің жаһандық жылынуын айқын құбылыс деп мойындады. XXI-ші ғасырда әлемдік ауа-райының орташа температурасы 0,76 градусқа көтерілді. Болжамдар бойынша бұл көрсеткіш 1,8-ден 4 градусқа дейін көтеріледі. Әлемдегі температураның жаһандық жылынуы мұздардың суға айналуына соқтырады. Соның салдарынан теңіздер мен мұхиттар суының мөлшері ғасырдың соңында 17 сантиметрге көтеріледі. 1993-2003 ж.ж теңіз суларының мөлшері жылына шамамен 3,1мм-ге өсті. Климат өзгерісін зерттеушілер XXI-ші ғасырдың соңына таман теңіз сулары 18-ден 59 сантиметрге дейін көтеріледі деген болжам жасады.
Климаттың өзгеруі тірі организмдер өмір сүретін ортаға шынайы қауіп тудырады
Диктор:
Климаттың өзгерісінің адамзаттың араласуы мен тіршілігі, сондай-ақ, парниктік газдардың әсері екендігінде еш күмән жоқ. Ауылшаруашылығы, орман, балық шарушылығы секілді экономикалық бағыттар тоқтап, адамзат тіршілігі мен денсаулығына кері әсерін тигізіп жатыр. Жылына 140000 адамның өлімі табиғи апаттар мен кейбір аурулардың қайта өрбуі климаттық өзгеріс салдарынан деген болжам бар. Климаттық өзгерістің адамзат тұрағына қатысты ең кері әсерлерінің бірі кей жерлерде өмір сүрудің мүмкін еместігі және ол жер тұрғындарына төнген қауіп салдарынан адамдар көп жағдайларда жер аударуға мәжбүр болып, 2050 жылға дейін ата-бабасының жерін тастап қоныс аударатындардың саны 200 млн болады деп болжанды. БҰҰ-ның ассамблеясы бұл санның 50-350 млн аралығында екенін және бұл көрсеткіштің жоғары екенін хабарлады.
Әлемнің жаһарндық жылынуының қоршаған ортаға тигізетін зияны
Диктор:
Соңғы жылдары шамамен 1 млрд гектар жер шөл далаға айналды. Бұл жағдай ішкі және сыртқы аймақ тұрғындарының қоныс аударуына соқтырып, оларды қоршаған ортасын ауыстыруға мәжбүр етті. Аймақтағы тұрақсыздық пен әскери қақтығыстар жергілікті тұрғындарды жер аударуға мәжбүр етті. Мұндай жаппай үдеріс қабылдаушы елдерге әр түрлі қиындық тудырып, әуелі сол аймақтағы халықтың құрамын өзгеріске ұшыратады. Сонымен, климат өзгерісі қоршаған ортаға ғана емес, адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігімен, кризистен құтылу қажеттігімен тығыз байланысты.
Құрғақшылық, жаһандық жылыну, аштық
Диктор:
Әлемдегі жаһандық жылынудың салдарларымен күрес баршаның міндеті, әлемдік қоғамның ортақ жауапкершілігі. Оған жұмсалатын қаржы мөлшері де әділ түрде елдер арасында бөлінуі қажет. Бұл принцип 1992 жылы Рио де-Жанейрода танылып, жарияланды. Барлық мемлекеттер климат өзгерістері мен қоршаған ортаны, жерді сақтау бойынша жауапкершіліктерге ие, бірақ міндеттері әртүрлі. Парниктік газдардың көп мөлшерін шығаратын, индустриялдық, дамыған және әлемдегі парниктерден шығатын газдың 4/1 бөлігін шығаратын АҚШ секілді мемлекет жердегі зиянды қалдықтар үшін көбірек жауапкершілікке ие болуы қажет.
Әлемдік қоғамдастықтың климаттың өзгеруіне қарсы күрестері
Дүниежүзілік қауымдастықтың жер планетасын сақтау бағытында жасаған қадамдары 2015 жылдың 12 желтоқсанында Парижде 195 ел қатысқан қоршаған ортаны қорғауға арналған жиналыста әлемдік климаттың өзгерісі және табиғи жағармайларға да қатысты құжаттарды бекітуге себеп болды. БҰҰ-ның көмегімен әлемдік климаттың өзгеруіне қатысты 32 құжат Париждағы келісілген уақыт пен 2020 жылға дейін орындалуы қажет және дүние жүзі көлеміндегі алғашқы климаттық келісімшарт болғандықтан осы құжаттар негізінде дүниежүзі елдері парниктен шығатын газдарды, сондай-ақ табиғи жағармайларды пайдалануды азайтуы керек. Бұл құжаттардың негізінде дүниежүзі мемлекеттері жер планетасындағы температураның өсу көрсеткішін 2 градустан төмен мөлшерде ұстап тұруға жауапкершілік алды. Сонымен бірге дүниежүзі елдері температураны 1,5 тен жоғары көтермеуге үшін тырысуы қажет.
Диктор:
Дамыған және индустриялды елдер парниктік газдардың көп үлес мөлшерін құрайды. Сол себепті олар қоршаған ортаны құрту, жою салдарымен күресте көбірек талпыныс жасап, көбірек қаражат салуы қажет. Америкадағы парниктерден шығатын газ мөлшері әлемдегі парниктерден шығатын газ мөлшерінің 4/1-ін құрайды. Оның салдары дүние жүзіндегі жер планетасындағы әлемдік температураның жылынуы мен ормандардың жойылуына, құрғақшылық, сел, жаһандық жылыну мен жан-жануарлардың жоюлуына соқтырады. Жер планетасындағы Американың шығысынан алыстау аралдар мен жағалау аймақтар, жерлер суға кетеді. Тұрғындары амалсыз жер аударған жерлер осылайша өмір сүруге жарамсыз болып қалады.
Жер планетасын қорғау үшін жалпы жеке-жеке жауапкершілік қажет
Осылайша дамыған индустриалды мемлекеттер мен әлемнің жаһандық өзгерісінің салдары адамдардың тұрғылықты жерлерінің түпкілікті жоғалуына, климаттық өкінішті жағдайлар қоршаған орта мен жер планетасының жойылуына жеткізеді. Жаппай қоныс аудару үдерісі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіріп, адамзат өзінің алғашқы құқықтарынан – баспана, тамақ, тазалық, денсаулықтан кенде қалады.
Диктор:
Мемлекеттер арасындағы жер планетасын сақтау, халықаралық бірлестіктер құру сынды құлшыныстардың болуына қарамастан, АҚШ президенті қоршаған ортаны қорғау принциптеріне ашық қарсылық танытуда. Дональд Трамптың АҚШ президенттігі міндетін мойнына алғанына шамамен 130 күн ғана болды. Соған қарамастан, Трамп бір-ақ сәтте осыншама құлшынысты жоқ етіп, қоршаған ортаны қорғау қоғамдастығынан шығатынын жариялады. Трамп өткен аптаның бейсенбі күні Ақ Үйде сөйлеген қысқа сөзінде келісімшарттан шығудың сылтауы ретінде «Келісімшарт АҚШ халқына қатты экономикалық шектеулер тудырды. Мұның қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға ешқандай пайдасы жоқ» деген уәж айтты.
Трамптың Париж келісімшартынан шығуы
АҚШ-тың атышулы президенті: «Бұл келісім АҚШ-тың орасан зор байлығын басқа елдерге шашуға себеп болды. Париж келісімшарты америкалықтардың жұмысына, өміріне, ісіне үлкен зиян келтірді»,-деп мәлімдеді. Бұрынғы бизнесмен қоршаған орта мен дүниежүзінің болашағын табиғи жағармайлардан түсетін табыс пен көбірек пайда табу мақсатына шешті.
Диктор:
АҚШ-тың бұл келісімшарттан шығуы Вашингтонды халықаралық деңгейде оқшау қалдырып, мемлекет басшылары мен дүниежүзі халқы Вашингтонға наразылық білдіруде. АҚШ-тың өзінде Трампқа қарсы шерулер өтіп, әртүрлі штаттардың халқы президентке қарсы шықты. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама штаттар, қалалар, америкалық компаниялар, федералды үкіметтен тәуелсіз түрде аталған келісімнің стандарттарын орындап, Трамптың әрекетіне қарсы тұра алады деген үміт білдірді. Калифорния, Вашингтон, Нью-Йорк секілді штаттар Трампқа қарсылық білдіріп, Париж келісіміне табандылық танытатындықтарын мәлімдеді.
Барак Обама Трампмен қарсыласуға шақырды
АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керри: «Трамп «Америка әрдайым алда» деген ұран айтқанымен, қазіргі бүлдіргі қадамы АҚШ-ты артқа тартуда»,-деді. Демократ-сенатор Берни Сандерс Трамптың шешімін «халықаралық деңгейде елдің абыройын төгу» деп санайды. АҚШ президентінің бұрынғы 3-ші кеңесшісі Дэвид Горджен «CNN»-ге берген сұхбатында Трамптың шешімін тарихтағы ең масқара әрекет деп атады.
Диктор:
Әлем елдері де Трамптың шешіміне қарсы тұрып, Париж келісімшартын орындау Америка одан шыққан күннің өзінде де жер планетасының болашағы үшін жалғасын табады деді. Париж келісімшартында негізгі міндеттерге ие Қытай Үкіметінің басшысы Лин Чуан: «Біздің ел климат өзгерісі туралы келісімдегі міндеттеріне берік»,-деп қуаттады. «New York times» газеті «Американы оқшауландырған Трамптың бұл қадамы Қытайға кеңістік ашты. Қытай мынадай жағдайда басшылық рөлін өз мойнына ала алады»,-деді.
БҰҰ-ның Қоршаған орта бағдарламарының басшысы Эрик Сольхейм «АҚШ-тың Париж келісімінен шығуы климаттық өзгерістерге қарсы құрған одақ жеңіліске ұшырайды деген сөз емес» деді. Германия канцлері Ангела Меркель Трамптың шешіміне өкініш білдіріп: «Оның шешімі баршаның жер планетасын сақтауға қатысты міндеттерін тоқтатпайды»,-деді. Және Францияның президенті Макрон да осыған дейін Трампқа бұл келісімнен шығу жайында Париж келісімінен басқа бұл мәселені шешетін жолдың жоқтығын, жерді алмастыратын ешбір планетаның жоқ екенін ескерткенін айтты. Канада мен Мексика да Трамптың бұл әрекетіне өкініш білдірді. Америкалық психологтардың айтуынша, өкінішке орай, АҚШ-тың «сүйкімсіз» президенті Дональд Трамп дүниежүзілік аренада Американы оқшау қалдырап, коммерциялық және жеке басының пайдасын көздеп, қоршаған орта мен жер планетасын жоюды көздеп отыр.
Трамп және жер планетасының жойылуы