Маусым 20, 2017 16:19 Asia/Almaty
  • Лондондағы лаңкестік әрекеттер – Британия үкіметі саясатының салдары

Ұлыбританиядағы үшінші лаңкестік оқиға Еуропада кең ауқымды реакцияларға кезікті. Батыс үкіметтері бұл лаңкестік оқиғаға көңіл айтып, лаңкестікпен күрес саласында Ұлыбританияның қасынан табылатынын жариялады.

 

Маусым айының 3 күні үш шапқыншы басында жүк көлігімен Лондон көпірінде жаяу адамдарды басып, содан соң Боромаркет аймағына барып, бір полицияны пышақтап, Воксхолл аймағындағы ресторандарының біріне шабуыл жасады. Оқиғаның салдарынан 7 адам қаза болып, 48 адам жарақат алды. Маусым айының 3 күні үш шапқыншы басында жүк көлігімен Лондон көпірінде жаяу адамдарды басып, содан соң Боромаркет аймағына барып, бір полицияны пышақтап, Воксхолл аймағындағы ресторандарының біріне шабуыл жасады. Оқиғаның салдарынан 7 адам қаза болып, 48 адам жарақат алды. 

Өткен жылдары Еуропада орын алған лаңкестік әрекеттердің көбін өз мойынына алған ДАИШ лаңкестік тобы бұл жолы да Лондонның лаңкестік шабуылдарының жауапкершілігін өз мойынына алды. Алайда, Британияның ақпарат құралдарында ДАИШ тобы үшін «Ирак пен Шам исламдық үкіметі» деген термин қолданылуда. Британия мен кейбір Батыс мемлекеттерінде «исламдық үкімет» деген терминнің пайдалануының мақсаты Ислам дінін рақымсыз дін етіп, теріс көрсетуде. Негізінде, ДАИШ тобының ой-пікірлері мен бұл топтың қылмыстары мен Исламның арасында еш байланыс жоқ. Қатыгез лаңкестік топты атау үшін «исламдық үкімет» деген термин пайдалану  шын мәнінде қате әрі адастыратын әрекет. Тіпті, Британияның бұрынғы премьер-министрі Дэвид Кемеронның үкіметі ВВС арнасының «исламдық үкімет» деген сөз тіркесін пайдалануын сынаған болатын. Бірақ, Ұлыбритания мен басқа еуропалық мемлекеттерде Исламнан үркіту саясаты өте күшті  жүргізілуде. Бұл саясат бойынша әрбір лаңкестік әрекет Ислам діні мен мұсылмандармен байланысты көрсетіледі. Осындай үгіт-насихаттардың салдарынан  Еуропада орын алған әрбір лаңкестік әрекеттен кейін мұсылманарға қарсы нәсілшіл шабуылдар бірнеше есе артуда. Кеңес Одағы мен Шығыс блогы ыдырағаннан кейінгі Батыстың стратегиясы  Исламды Батыстың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін қауіп-қатер етіп көрсету болды. Дәл осы стратегия бойынша лаңкестік пен Исламды бір-біріне жақындату бағытында талпыныстар жасалуда. 

Иранның Ислам революциясының жеңіске жетуі мен қасиетті Ислам дінінің жаңғыруы Батыс үкіметтері үшін шынайы қауіп-қатер болды. Иран Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейни жандандырған Ислам АҚШ пен Батыстың жақын одақтастары саналатын исламдық және араб елдеріндегі секулярлық исламнан өзгеше болды. Аталмыш мемлекеттердегі ислам – АҚШ пен сионистердің билікқұмарлығын ақтаушы ислам. Бұл ислам хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пайғамбарлық міндетіне кіріскен кезде күрескен мақсаттарға қайшы. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) надандық, пұтшылдық, күпірлік пен залымдардың зорлық-зомбылығына қарсы шығып, тек бір Аллаға құлшылық ету, бейбітшілік пен ымыраға келуді тарату үшін сайланды. Имам Хомейни Ислам революциясының арқасында шынайы Исламды жандандырды. Батыс үкіметтері, олардың басында тұрған АҚШ пен Ұлыбритания адамдардың азаттығы, бейбітшілігі мен достығының көрінісі болып табылатын адал исламды өзгертіп, теріс көрсетуге талпынуда. Сондықтан, олар осы салада Сауд Арабиясын қолдап, тәкфиршіл және экстремистік ағымдарды құрып, оларды күшейтуді көздеуде. Еуропадан бастап кедей Пәкістан, Ауғанстан және Шығыс Азия елдерінің көбінде Сауд елінің мұнай долларларына уаһабшылардың медреселері құрылып, белсенді жұмыс жасауда. Пәкістанның Пишавар қаласындағы уаһабшыл медреселерден әл-Қаида мен Талибан шықты. Талибан Сауд Арабиясы мен Пәкістанның қолдауы және АҚШ пен Британия барлау ұйымдарының нұсқауымен Кабулда Моджаһедин үкіметін құлатты. Ауғанстан әл-Қаиданың лаңкестік әрекеттері мен экстремизмді тарататын базаға айналды. АҚШ пен Британия күресіп жатқаны туралы уәж айтатын лаңкестік шын мәнінде олардың Сауд Арабиясын қолдап, ваххабизмді таратуға инвестиция салуының салдары болды. Бұл ой-пікірдің әділет пен байбітшілік орнатып, зұлымдықпен күресетін исламдық тағылымдарға еш қатысы жоқ. Батыс үкіметтері бір жақтан Сауд Арабиясын жан-жақты қолдап, бұл мемлекетті өз қару-жарағының үлкен қоймасына айналдырды. Басқа жақтан тәкфиршіл экстремистік Талибан және әл-Қаида топтарының әрекеттері мен қылмыстарын Ислам мен Құранның тағылымдарымен байланыстырып, Батыстың қоғамдық пікірінің алдында Исламды қатыгез және экстремист дін деп көрсетуге талпыныс жасауда. Олар кез келген лаңкестік оқиғаны мұсылмандармен байланыстырып, Батыста исламнан үркіту толқынын көтерді. Исламнан үркіту саясаты – Батыстың лаңкестікпен күрес және исламның шынайы жүзін теріс көрсету  саласындағы құралы. Ол Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада ДАИШ пен басқа да тәкфиршіл лаңкестік топтардың пайда болуына себеп болды. Негізінде, тәкфиршіл лаңкестік топтар үшін шекара жоқ, олардың әрекеттері әлемдік деңгейде таралды деп айтуға болады. Яғни, тәкфиршіл лаңкестік топтардың қоқан-лоққылары бүкіл әлемге жайылды. Батыс үкіметтері, соның ішінде Британия үкіметі лаңкестікпен күресетін құрал мен екіжүзділікті қайтадан қарастырып, лаңкестікті «жақсы» және «жаман» деп бөлуін қояр емес. Батыс үкіметтерінің бұл стратегиясы да лаңкестікті Батыс үкіметтері үшін  шынайы қоқан-лоққыға айналдырды. Батыс үкіметтерінің Сирия, Ирак, Ливия мен Йемендегі саясаттары бұл үкіметтердің өздерін шырмап отыр. Осыдан біраз уақыт бұрын Манчестердегі концертте лаңкестік әрекетті іске асырған адам Британияның барлау және қауіпсіздік органдардың рұқсатымен Ливияға барған болатын. Ұлыбритания мен Еуропаның басқа елдерінің мыңдаған азаматтары азат түрде және бұл мемлекеттердің барлау және қауіпсіздік органдары хабардар болған жағдайда Сирия мен Ирак пен Ливияға барған болады. Бұл адамдардың әрқайсы бүгінде радарлар таба алмайтын бомба сынды. Олар жаяу адамдарды көлікпен басу немесе адамдарға пышақпен шабуыл жасау сынды әдістерді пайдаланып, бомбадан да жаман түрде қоғамға қауіп төндіруде. Өйткені, адамдар лаңкестік әрекеттерге алаңдап өмір сүруде. Еуропалық қалаларда өтетін кез келген жиыны, концерт болсын, спорт алаңдары немсе карнавалдары болсын, лаңкестік қауіп-қатерлерге алаңдайды. Осындай жағдайда Батыс үкіметтері әкстремизм мен терроризмді қолдап отырған Сауд Арабиясымен стратегиялық қарым-қатынас орнатып, үлкен қару-жарақ келісіміне қол қойып отыр. Өткен жылдары лаңкестік әрекеттердің саны артып, Батыс үкіметтері Сауд Арабиясымен бірге Сирия мен Иракта және кейбір исламдық елдерде дағдарысқа тірелген соң Батыстың қоғамдық пікірі ояна бастады. Сауд Арабиясын билейтін идеология мен олардың тәкфиршіл лаңкестік топтарды, соның ішінде ДАИШ тобына идеология, қаржы және адами тұрғылардан көмек көрсететіндігі теріске шығаратын тақырып емес. Бүгінде ақпараттық, тіпті саяси топтар лаңкестік әрекеттердің тамыры туралы шынайы баяндап, Британия үкіметін елдегі жуырдағы лаңкестік әрекеттерге қатысты деп атауда. Ұлыбританияның лейбористік партиясының төрағасы Джереми Корбин Лондондағы лаңкестік әрекеттен кейін Сауд Арабиясымен арадағы қарым-қатынастарын қайтадан қарастыру қажеттігі туралы пікір білдірді.

 

 

 

 

Тегтер