Макронның сыртқы саясаттағы тәсілдері
(last modified Wed, 21 Jun 2017 12:05:57 GMT )
Маусым 21, 2017 18:05 Asia/Almaty
  • Макронның сыртқы саясаттағы тәсілдері

Эммануель Макронның Франция мемлекетінің жаңа президенті ретінде 14 мамыр, 2017 жылы қызметке келуі Франция Үкіметінің 5 кезеңіндегі бұрын-соңды болмаған жағдай болып саналады. Расында да, алғаш рет жеке саясаткердің Францияның билеуші екі партиясы, яғни солшыл социалистік және оңшыл республикалық партияларынан тыс, 66 % дауыспен француздардың сеніміне ие болып Елисей сарайына аяқ басуы болды.

 

Макронның сыртқы саясаттағы  ұстанымдары

2017 жылы 14 мамырда Франция мемлекетінің жаңа президенті ретінде Эммануель Макронның билікке келуі Франция Үкіметі сайлауының 5 кезеңіндегі бұрын-соңды болмаған жағдай саналады. Расында, бұл Францияда алғаш рет  елді билеуші екі партиялар – солшыл социалистік және оңшыл республикалық партияларынан тыс, жеке саясаткердің 66 % дауыспен француздардың сеніміне ие болып, Елисей сарайына аяқ басуы болды.

Макронның Республика президенттігінің билігіне келгеннен кейінгі айтқан маңызды мәселелерінің бірі – Еуроодақтың маңызды елі Францияның сыртқы саясаттағы ұстанымы. Бұл бағдарламада Макронның жалпы саяси бағыты мен осы аренадағы ықпалы талқыланады. Францияның тек саяси және экономикалық, әскери салаларындағы маңызға ие ұстанымдары ғана талқыланбай, сондай-ақ, Францияның Германияның жанындағы үнемі қозғалыстағы мотор іспеттес ел екені және бұл екі мемлекеттің Еуроодақтағы ықпалды елдер саналатындығы мен Еуроодақтағы шетелдік аренада болашақтағы өзгерістерді айқындайтыны да айтылады. Макрон қазіргі таңда халықаралық аренада Франция мен  өзінің бет-бейнесін айқындауға күш салуы мүмкін. Ол Еуропаның басқа елдерімен өз іс-әрекеттерінің тәуелсіздігін сақтап, әлемдік қауымдастықпен өзара ықпалдасуға күш салады. Францияның жаңа президенті сондай-ақ жаһанданудың  жалғастырушысы, ұстанушысы екенін айқындап, елінің бұл бағытты алға жылжытып, халықаралық қоғаммен өзара ықпалдастығын арттыратындығына үміт білдірді.

Макронның сыртқы саясат аренасындағы ұстанымын дұрыс түсіну үшін оның ой-пікіріне көңіл бөлу қажет. Макронның сыртқы саясаттағы ұстанымы мен жоспарын ішкі саясаттағы  ұстанымы мен белсенділігін ескере отырып байқауға болады. Макрон – бұрынғы социалист-банкир-экономист. Ол Француз социалистік Үкіметінде 2014-2016 ж.ж. экономика министрі болып қызмет атқарды. Экономиканы реформалайтын «Макрон заңдары» атты атышулы заң шығарып, либералды экономика мен  ашық сауданың қолдаушысы болды. Макроннан сыртқы саясаттағы экономика мен бизнесте ашық саудалы экономикалық елдермен байланысын нығайтып, жаһанданудың шынайы ұстанушысы болатынын күтуге болады. Осындай елдердің алғашқы қатарында Еуроодақ елдері, екінші қатарында Батыс блогының елдері, экономикасы жаңа өркендеп келе жатқан елдер, келесі сатыда  Азия материгі және Латын Америкасы мен Африка тұр. Қазіргі таңда Макрон Еуроодақ елдеріне, Еуропа бірлестігіне бірауызды саясаттың қажеттігін айтады. Мемлекеттер тарапынан оның бұл мақсаты қуатталды. Макрон қуатты Үкіметтің бағыты мен мәселелерін, ортақ ақша ретінде басқа валюталарға қарағанда құны жоғарылау бағаланатын еуроны пайдалануды, елдер арасындағы қарым-қатынас жасауды  жеңілдетуді және Еуропа елдерінің арасындағы тауар айналымы Еуроодақтың беріктігін арттыру мақсатында қажет санайды.

Осылайша Макрон Еуроодақтағы құрылымды реформалаудың ұстанушысы болып, осы бағытта еуроға қатысты экономикалық және ақша реформаларын жасау және Еуроодаққа қатысты маңызды ұсыныстарды  қарастырады. Ол «Еуропа қауіпсіздік кеңесін» құрғысы келеді. Еуроодақтың сыртқы шекараларындағы бақылауды күшейтіп, осы одаққа мүше елдердің қауіпсіздігін арттыруды қалайды. Макрон бір жағынан Еуроодақтағы маңызды елдердің бірі Германиямен жақын қатынаста. Осы бағытта ол Германия канцлері Ангела Меркельдің ұстанымын қолдайды. Соның ішінде, ашық сауда мен босқындарды қорғайтын саясатын құптайды. Макронның еуропалық саясаттағы ұстанымы Германияға өте жақын болады. Макрон Еуроодақтағы сыртқы мәселелердегі шешімдерін, әсіресе АҚШ пен Ресейге қатысты істерде Меркельмен  толыққанды ақылдаса отырып  қабылдайды деп күтіледі. Макронның көзқарасы бойынша, АҚШ-та Дональд Трамптың билікке келуі, Владимир Путин кезіндегі Ресейдің сыртқы саясаты,  аймақтағы соғыстар әсіресе, Таяу Шығыстағы соғыстар және Еуроодақтың құрамынан Британия шыққаннан кейінгі әлсіреуі Еуропа мен әлемнің маңызды сын-тегеуріндері саналады. Сол себепті, осыған қатысты ықпалды ұстаным ұстанғысы келеді.

Макрон Сицилиядағы жетілік топтың отырысының барысында Трамппен қарым-қатынасына абай болуға тырысып, Францияның  Германия секілді АҚШ-тың талаптарының ығына жүрмейтінін, әсіресе,  сауда мәселесі мен НАТО-ның қаржы мәселесінде келісімге келмейтінін көрсеткісі келді. Макронның көзқарасы бойынша, Дональд Трамптың билікке келуі француздықтардың алаңдаушылықтарының себебі болды. Өйткені, ол әлемдік үлгіні бұзып, сауда келісімдері мен ауа-райы келісімдерін қатерге тікті. Трамптың «Париж ауа-райы өзгерістері» меморандумына  қатысты ашық қарсыластық білдіруі, жетіліктің отырысында алты индустриялды мемлекеттің АҚШ-қа қатысты қарсы ұстаным қабылдауына себеп болды. Осының бәрі Макрон Трамппен АҚШ пен болашақтағы сауда келісіміне, АҚШ  үкіметімен НАТО қаржысын шешуге деген келісім мен Трамптың елеулі сұраныстарын НАТО мүшелігіндегі Еуропа елдерінің әскери бюджетін екі процентке арттыруды бейбіт жолмен шешуді күтпеуі керектігін білдіреді.

Макрон әлемдегі үлкен ядролық қаруы бар Ресейді де сыртқы саясаттағы маңызды мәселенің бірі санайды. Макронның көзқарасы бойынша, Ресеймен келіссөздер жүргізу қажет. Себебі кейбір халықаралық тақырыптардағы келіссөздер Ресейдің қатысуынсыз шешілмейді. Бұл жайында да Макрон АҚШ секілді  қуатты елмен келісімге келген секілді. Қазіргі Ресей Еуроодақтың үлкен серіктесі саналады. Ресей мен Франция арасындағы сауда көлемінің 30 процентке төмендеуі франциялық компаниялар мен индустрия қожайындары үгін жақсы хабар емес.  Макронның бұл қызметке келуі екі елдің қарым-қатынасын қайта жандандыруға себеп болады. Сондай-ақ, Ресей президенті Владимир Путин 2017 жылы мамыр айының соңында Парижге алдын ала келісілмеген іс-сапарында Макронмен Украинадағы кризис туралы кеңескенде Ресейге қарсы Еуропаның санкциялары мен Сирия кризисі жайлы да айтылды.

Мәскеу Ресей мен Франция басшылары арасындағы дипломатиялық мәміленің басталып, Франсуа Олландтың тұсында жойылған екі жақты байланыстың жаңадан басталатындыға үміттенеді. Бір жағынан, Макрон мен Путиннің кездесуі Макронның сайлау тобының елдің президенті сайлауының екінші кезеңіне дейінгі уақытқа сәйкес келді. Ресейдің ақпарат құралдары оны демократияшылардың бұл үдеріске ықпалы деп айыптады. Макрон Мәскеумен қарым-қатынаста шегінушіліктерге мүмкіндік береді. Осы жағдайда екіжақты бірден бір маңызды мәселенің бірі, яғни Еуроодақ тарапынан Ресейге қарсы санкциялар Мәскеу Еуроодақтың сұранысына көнгенге дейін жалғасады.

Әлемдегі экономикалық құдыретті ел Қытай жайында айтар болсақ, Макрон Еуроодақпен Пекин арасындағы байланысты жақсы көзқараспен болжайды. Ол Еуроодақтың қалыбына сай қауіпсіздік, сауда, қоршаған орта секілді үш салада Қытаймен ыңғайлы әрі ұзақ қарым-қатынаста болғанды айқын қалайды. Қытай басшылары да Еуроодақтың маңыздылығы мен оның үлкен мемлекеттерінің бірі Франция екенін ескере отырып, екіжақты немесе көп жақты қарым-қатынастарды арттыруды қалайды. Соның ішінде Қытай мен Францияның ортақ позициясы «Париж ауа-райы өзгерістері» меморандумы және олардың орындалуын жақтауы мен АҚШ-тың оған қарсы шығуына қатысты

Макронның Таяу Шығысқа қатысты сыртқы саясаты Батыстағы саясатының көшірмесі іспетті. Бірақ, ол Францияның Таяу Шығыстағы рөлін қайта жандандырғысы келеді. Сондай-ақ, Макронның сыртқы саясатындағы бағдарламаларының ішінде Франция Таяу Шығыстағы бұрынғы маңыздылығын қайта арттырса, әсіресе жаһандық мәселе болып отырған Сирия кризисін шешу жолдарына кіріссе деген ойлар бар. Осының бәрін сараптай келе, Макронның Сирия кризисіне қатысты ұстанымына тоқталсақ, ол да алдыңғы Франция Үкіметінің  Башар Асадқа қарсы дұшпандық позициясын ұстанады. Ол Путинмен соңғы кездесуінде Сирияда химиялық қаруды пайдалану мәселесі туралы сөз қозғап, Францияда «қызыл белдеу» жариялады. Оның мақсаты лаңкестік топтар емес, Сирия армиясы еді. ДАИШ лаңкестері жайында айтсақ, Франциядағы және басқа да Еуропа елдеріндегі соңғы екі жылдағы шабуылдарын ескере отырып, олардың ДАИШ-ке қарсы ұйымның жақтаушысы екенін байқауға болады. Макронның Иранға «Ортақ қадам» бағдарламасына қатысты ойы Трамппен салыстырғанда оң көзқарасқа ие. Францияның жаңа Үкіметі сыртқы саясатта бұл жайында Иранға апаратын есіктердің ашылуын жалғастыру қажет деп түсіндірді. Осы жағдайда екі шарт назарға алынды:  2015 жылғы «Ортақ қадам» ядролық келісімін орындау мен аймақтағы тұрақтылықты орнатуға Иранның көмегінің қажеттілігінен тұрады. Макронның пайымы бойынша аймақтағы тұрақтылықты орнатудағы Иранның көмегі Иранның Ирак, Сирия, Йемен секілді елдердегі маңызы мен ықпалына байланысты.

Макронның Израиль жайындағы көзқарасы сионистік режимнің қауіпсіздігін сақтау болып табылады. Осы тұрғыдан, Израильдің қауіпсіздігі ол үшін даусыз принцип. Осылайша, палестиналық ұйымның заңдылықтары Макрон үшін келесі бір принцип. Түркияның Еуроодаққа қосылуы жайлы көзқарасы бойынша, бұл елдің қазіргі жағдайы мен Еуроодақ арасындағы қайшылықтары болғанымен Макрон Еуроодақ Түркияға өз есіктерін жаппауы қажет, бұрынғыдай екіжақты келіссөздер жалғасуы тиіс деп санайды.

 

 

 

 

Тегтер