Трамптың Сауд Арабиясына сапарын сараптау (2)
Трамптың Сауд Арабиясына жасаған сапары әртүрлі мәселелер тұрғысынан үлкен маңызға ие. Алдыңғы бағдарлама барысында сіздерді Сауд Арабиясының мақсаттары тұрғысынан Трамптың Арабстанға сапарының маңызына тоқталған едік. Бүгінгі бағдарламада бұл ресми сапардың АҚШ көзқарасы тұрғысынан маңыздылығын қарастырамыз.
Сауд Арабиясы АҚШ үшін үш мəселе тұрғысынан маңызды болып отыр: энергетика, қауіпсіздік мəселелері мен қару-жарақ саудасы. Осылайша, қолда бар мəліметтерге сəйкес, Трамптың Риядқа сапары кезінде бəрінен бұрын қару-жарақ саудасы мен қауіпсіздік мəселелері талқыға түскен.
Дональд Трамп АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обамаға қарағанда Сауд Арабиясы мен араб елдеріне көбірек экономикалық тұрғыдан қарайды. Ұлыбританиялық The Independent газеті осыған байланысты:"АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Сауд Арабиясы мен баска да сүннит мемлекеттерімен одақтасуы сындарлы болғаннан гөрі қиындықтар тудырады деген пікірді ұстанған жағдайда, Дональд Трамп мүлдем өзгеше көзқарас ұстанады»,- деп жазған. Сонымен қатар, Вашингтондағы ұйымның Таяу Шығыс істері жөніндегі маманы Саймон Хендерсонның пікірінше, Парсы шығанағындағы араб елдерінің ойынша, Трамптың сауда-саттықтағы өткені оның адам құқықтарына енжарлығы мен Иранға қатысты қатал болуы олардың Дональд Трампқа қатысты оң көзқарас ұстана алуына себеп болатын мәселелер саналады.
Сол себепті, Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель Джабир Арабстанның АҚШ үшін қуатты және ірі экономикалық серік және де әлемдегі ең ірі мұнай көзі мен ең үлкен инвестор болып табылатынын баса айтып, Трамптың Сауд Арабиясына сапарын кез келген тұрғыдан «тарихи сапар» деп сипаттады. Любек ұйымындағы аймақтық мәселелердің сарапшысы Мириям Эпс бұл мәселеге байланысты пікірі келесідей: «Егер Трамппен жақсырақ сауданың өтемақысы қорғаныс саласындағы мәселелер үшін көбірек ақша төлеу болса, онда Рияд бұл келісімді өте жақсы деп бағалайды».
Араб елдері, әсіресе Сауд Арабиясы АҚШ-пен қарым-қатынасын кеңейтуде қауіпсіздік мақсаттарды көздесе, Дональд Трамп бұл қарым-қатынастардан ең алдымен экономикалық мақсаттарды көздеп отыр. Дональд Трамп АҚШ президенті сайлауының бәсекелестік науқанында: «Сауд Арабиясы біз үшін сүт беретін сиыр. Біз қалаған уақытымызда одан алтын мен доллар сауып отырамыз, ал сүті таусылған кезде оны соямыз»,- деп айтқан еді. Бұл пікір АҚШ президентінің Сауд Арабиясы туралы экономикалық көзқарасының шарықтау шегі саналады. Мүмкін бұл көзқарас Трамптың саудагерлік болмысы мен долларға деген сенімінен туындаған шығар. Осыған байланысты, Сауд Арабиясы мен АҚШ АҚШ президентінің Риядқа сапары кезінде құны 380 миллиард доллар болатын ірі келісімге қол қойған еді. Дональд Трамп бұл келісімді АҚШ үшін инвестиция деп атады. Бірақ айта кететін маңызды жайт, бұл келісімнің 110 миллиард доллары, яғни келісім құнының үштен бір бөлігі Сауд Арабиясының АҚШ-тан қару-жарақ сатып алуына қатысты келісім болып табылады және қысқа мерзімде жүзеге асады.
Дональд Трамп араб елдерімен, әсіресе Сауд Арабиясымен әскери келісім жасау арқылы бір мезгілде үш маңызды мақсатты көздеп отыр. Біріншіден Трамптың Сауд Арабиясына сапары мен бұл елге 110 милиард доллар қару-жарақ сатуы Дональд Трамп үшін АҚШ-та көбірек жұмыс орындарын тудыруға себеп болады. Осылайша, Трамп сайлау науқаны кезінде АҚШ халқына берген маңызды уәделерінің бірі, яғни көбірек жұмыс орындарын тудыру мен жұмыссыздық деңгейін азайту уәдесін орындау үшін әрекет ете алады. Екіншіден, Дональд Трамп араб мемлекеттерімен ірі әскери келісімдер жасау арқылы АҚШ-тың ішінде бетпе-бет келіп отырған қатты қысымдарды азайтуға талпыныс жасауда. Үшіншіден, Дональд Трамп ірі әскери келісімдер жасау арқылы Вашингтонның қауіпсіздік саласындағы гегемониясын бүкіл әлем бойынша таратып, өзінің бәсекелес алып державалары, әсіресе Ресей Федерациясымен стратегиялық бәсекелестігін АҚШ-тың пайдасына қарай өзгертуге талпыныс жасауда.
Алайда айта кететін маңызды жайт, Доналд Трамп үкіметі Сауд Арабиясымен ең ірі әскери келісімін әсірешілдік, зорлық-зомбылықпен күрес және Иранның ықпалына төтеп беру секілді себептермен қол қойды. Шын мәнінде, астыртын әрекет теориясы болжамалы дұшпан жасау, әсіресе Ираннан үркіту теориясын күшейту АҚШ-тың Сауд Арабиясымен ең ірі әскери келісім жасауы үшін негіз болып табылады. Шынтуайтында, қауіпсіздік мәселелері Дональд Трамптың экономикалық мақсаттары үшін қызмет етеді. Басқа сөзбен айтқанда, АҚШ үкіметі бұл әскери келісімдерді АҚШ-тың араб елдеріне, әсіресе Сауд Арабиясына берген қауіпсіздік кепілдіктері секілді көрсетуге талпыныс жасауда. Осы орайда, 50-ден астам араб және мұсылман мемлекеттері қатысқан Рияд отырысында бұл мемлекеттер Ирак пен Сириядағы лаңкестікке қарсы әрекеттерге қолдау көрсету үшін 34 мың әскери запас күштерді орналастыру туралы мәселені жақсы қабылдады. Сонымен қатар, мамырдың жиырма бірі күні Сауд Арабиясының астанасы Риядта Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің мүше елдері мен АҚШ арасында өткен отырыста тараптар лаңкестікке қаржылай қолдау көрсетумен күрес орталығын құру туралы меморандумға қол қойды. Сауд Арабиясымен 300 миллиард долларлық келісім жасағанына дән риза болған Дональд Трамп араб-мұсылман елдері басшыларымен өткізген отырыста келесідей таңқаларлық сөз айтты: «Сауд Арабиясының ұлылығын тек сөзбен айтып жеткізу жеткіліксіз саналады».
АҚШ-тың осы сапар барысында Сауд Арабиясымен ең ірі әскери келісімге қол қоюына қарамастан, Дональд Трамп өзін Сауд Арабиясы мен басқа да араб мемлекеттеріне қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін міндеттемес бұрын АҚШ президенті сайлауы науқаны кезіндегі үгіт-насихатында айтқанындай АҚШ-тың Сауд Арабиясының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қарызын қару-жарақ сату арқылы өтеуге мүдделі болып отыр. Трамптың пікірінше, Барак Обама үкіметінің Таяу Шығысқа қатысты дипломатиясының осалдығы осы аймақтағы араб елдерінің қауіпсіздігін шығындарды алмай-ақ қамтамасыз етуінде болды. Осыған байланысты Дональд Трамп араб-мұсылман елдерімен өткен ортақ отырыста қатысушы ел басшыларына қаратып: «Сіздердің дұшпандарыңыздың көзін біз құртады деп күтпеңіздер»,- деп мәлімдеді.
Бұл тақырыпты қорытындылай келе, Трамптың Сауд Арабиясына сапары Таяу Шығыс аймағы үшін де теріс салдар алып келеді. Бір жағынан Сауд Арабиясы мен АҚШ арасында әскери келісім жасалуы арқылы Таяу Шығыс соғысқұмарлықтың күшеюінің куәсі болады. Басқа жағынан, Таяу Шығыста соғысқұмарлықтың күшеюі бұл аймақта қауіптілік жағдайдың кең етек жаюына себеп болады. Таяу Шығыс аймағында қауіптілік жағдайының етек жаюы бәрінен бұрын сионисттік режимнің қалауы екені және бұл режимнің мүдделеріне сай келетіні, ал АҚШ-тың өзін Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті санайтыны шәксіз.