Шіл 02, 2017 17:36 Asia/Almaty
  • Самұрықтың мекені – айтысып, тартысатын  жер емес

Иран әдебиеті, тарихы және өркениетіндегі самұрық туралы мәліметтерге қарамастан, Хикмет Бабаоғлу «Түркестан» ғаламтор базасында мәліметтер жариялап, мифологиялық самұрық құсты Әзірбайжанға тиесілі деп таныстырады.

Иран жұртының әйгілі палуаны Самның көпке дейін перзенті болмады. Ұрпақсыз өту Иран палуандары үшін үлкен қайғы еді. Өйткені, ұрпағы мен әкесінің ісін  ұлы жалғастыруы керек. Сондықтан олар жылдар бойы күннің нұры сынды жарқыраған сәбидің дүниеге келуін күтті. Алайда көп күткен сәбидің дүниеге келуімен Иран жерінің палуандарының өмірінде қиындықтар басталды. Баланың туғанынан бір апта өтті. Самға перзентінің ақ шашты екені туралы хабарды айтуға ешкімнің батылы жетпей, бұл хабарды Самға  сәбидің сүтанасы ержүрек әйел жеткізді. Сам баласының шашының ақ болуын бақытсыздықтың белгісі санады. Сондықтан, ол баланы адам көрмейтін жерге апарып тастауды бұйырды. Сөйтіп, Самның ұлы Залды Эльбрус тауына апарады. Бұл қиырдағы, адам баласының аяғы баспаған, тек самұрық құс ұясын салған жер еді. Самұрық баланы ұясына  балапандарының қасына апарады. Самұрық Залды кемеңгерлік рухымен таныстырып,  оған  әртүрлі мүмкіндікті сыйлайды. Сам түс көріп, Залды іздеп, самұрық мекен еткен Эльбрус тауының етегіне келеді. Зал мықты жігіт болған кезде самұрық Залмен қоштасып, оған қиындық көрген кезде пайдалана алатын қауырсынын сыйлайды.

Бүгінде тағы  да жалған бірдейлікке ие болу үшін басқалардың  мұраларына қолсұғушылыққа куә болып отырмыз. Әзірбайжан –  осыдан бірнеше ғасырға дейін халқы мен жері Иранның құрамына кіріп, үлкен Иран мәдениетінің бір бөлімі болған ел. Бірақ Иран мен Ресей соғысындағы «Гүлстан» мен «Түркіменчай» келісімдері бойынша Ресейге қосылды. 1991 жылы Кеңес Одағы тараған соң  әлемде тәуелсіз Әзірбайжан республикасы ретінде танымал болды. Алайда, бұл ел тәуелсіздікке ие болғаннан бері оның мәдени басшылары мемлекеттерінің қысқа тарихына қарамастан мыңжылдық тарих туралы уәж айтуда. Осыдан біраз уақыт бұрын ЮНЕСКО-ның немқұрайдылығын пайдаланып, ирандық музыкалық аспаптардың бірін Әзірбайжанның атына тіркеген бұл елдің мәдени басшылары болмысты жалған құжат немесе ақпараттық жанжал арқылы қадамын жаңа басқан мемлекет үшін сатып алып, мыңжылдық мәдени тарих туралы уәж аутға болады деп санайды деген ой туады. Әзірбайжанның кейбір мәдени басшылары жылдар бойы бұл ел халқының ирандықтармен жақын болуы мен бұл елдің мыңдаған жылдар бойы Иран мәдениетінің бір бөлімі болғанына назар аудармасатан, жалған болмысқа ие болу саласында талпыныс жасап, қаржы жұмсауда. 2007 жылы олар ЮНЕСКО-ға Гиркан ормандарын Әзірбайжанның  атынан әлемдік мәдени мұра ретінде тіркеуге құжат жіберген болатын, бірақ ИИР-ның дер кезіндегі әрекетімен бұл құжаттар қайтарылды. Әлемдегі ең көне ормандардың бірі саналатын орманның тек 10 пайызы Әзірбайжан жерінде, ал 90 пайызы Иран жерінде орналасқан.

Иранның солтүстігіндегі Гиркан ормандары

 Әзірбайжанның кейбір мәдени басшылары сондай-ақ БҰҰ-ында Наурыз мейрамын жеке Әзірбайжанның атына тіркеуге талпыныс жасаған болатын. Енді біраздан бері парсы тілдес әйгілі ақын Низамиді өз атына тіркеу үшін әрекет жасауда. Олар бір күні оның қабірінің басындағы парсы жазбасы бар тасты қиратса, келесі бір күні Низамидің негізі мен отаны туралы жалған өлең жариялап, оны Низамидің өлеңдерінің қататырнда атады. Кейін Низамидің мүсінін жасап, «Италия алаңы» деп аталатын алаңға орнатып, оны әзірбайжандық ақын деп таныстырып, бұл туралы әлемнің әртүрлі газеттеріне мақала жазып, тарихты өзгертуге талпынды. Кезінде човган ойынын ЮНЕСКО-да Әзірбайжан ойыны деп тіркеу талпыныстары нәтижеге жетпеді. Жуырда солардың бірі жалған уәждерімен ирандық самұрық символын түркі тілдес әлемнің белгісі деп атады. Әзірбайжан билігінің басындағы Ени Әзірбайжан партиясының ресми органы «Ени Әзірбайжан» газетінің редакторы әрі бұл елдің мәжіліс депутаты Хикмет Бабаоғлы Бакудегі исламдық біртұтастық жарыстардың төртінші кезеңінің ашылу рәсімдерінде самұрық симолының пайдалануы туралы мақаласын жариялап, аңыздардағы самұрықты түрік әлемінің символы, ал ирандықтарды оны «ұрлады» деп қаралап, Фарид ад-Дин Аттар Нишабури «Мантеқ әт-Таир» еңбегінде самұрық дастанын өзгертті деген уәж айтты.  Исламға дейінгі және көне Иранның мәдениетінде мифологиялық құс кездеседі. Авеста кітаптары мен пахлави жазбаларынан қанаты үлкен самұрықтың «Виспобиш» немесе емдік қасиетке ие «Зороисеп тохмак» деп аталатын талдың  үстінде ұясы бар құс екені туралы оқыдық. Зерттеушілер бұл талды исламдық мәдениеттегі «Туба» ағашына теңейді. Авеста кітабында бұл тал «Вурукаша» деп аталып, «Фрохкерт» теңізінде орналасқаны жазылған. (Зерттеушілердің көбі бұл теңізді Каспий теңізі, сондай-ақ кейбіреулер Парсы шығанағы немесе Үнді теңізі санайды). Авеста кітабында «Самұрық» деген сөз «морғусин» деп жазылып, сөздің бірінші мағынасы «құс» деген мағынаны білдіреді. Пахлави жазбаларында «син» деп жазылып, дари тілінде «си» деп оқылып, қаршыға деген мағынаны білдіреді. Зерттеушілердің пікірінше «си» құстың сипаттамасы болып табылады.

Самұрық - ирандық мифологиялық құс

Самұрық – ирандық мифологиялық кейіпкердің бірі. Ол Исламнан кейінгі эпостар мен  мистикалық еңбектерде жиі кездеседі. Самұрық Фирдоусидің «Шаһнамасында» екі қырдан көрінеді. Мәселен «Зал» дастанында достыққа берік болса, Исфандияр дастанында жаман қырынан бейнеленген. Жаман, яғни аһримандық самұрық – айдаһар. Ол Исфандиярдың қолынан өледі. Қасиетті Самұрық «Шаһнамада» Залдың дүниеге келуімен оқиғаға араласады. Самұрық «Шаһнаманың» екі жерінде Залға маңызды көмек көрсетеді: бірінші рет Рүстем дүниеге келген кезде. Рүстем анасының ішінде болғанда өте ірі болғандықтан, Зал қиындыққа тіреліп, самұрық көмекке келіп, тылсым күшімен сәбиді анасының ішін жарып алып шығады. Келесі рет Рүстем мен Исфандиярдың соғысы кезінде  Рүстем әлсірнп, жеңіліп келе жатқан кезде самұрық үйреткен тәсілмен Исфандиярды жеңді. Самұрық Рүстемнің жарақаттарын емдейді. Парсы тіліндегі басқа мифологиялық мәтіндерде, соның ішінде Асади Тусидің «Гершаспнамесінде», ибн Синаның «Ресал ат-Таир», Ахмад Ғазалидің «Ресал ат-Таир» атты еңбектерде әпсаналық-эпостық сипаттан ирфандық сипатқа дейін көрініс тапқан.   Аттардың «Мантеқ әт-Таир» кітабы бір  топ құстың бәбісектің жол көрсетуімен самұрықтың мекеніне жету үшін Қап тауына қарай жасаған сапардың сюжетіне құрылған. Әр құс – адамдардың арнайы тобының өкілі. Жолдағы қиындықтар құстардың бір-бірлеп, орта жолдан қайтуына себеп болады. Соңында отыз құс Қап тауына жетеді. Олар ішкі түйсіктері арқылы  самұрықтың өздері екенін  түсінеді. Әдебиет зерттеушілерінің көбі, соның ішінде доктор Шафии Кадканидің пікірінше, бұл дастанда самұрық – Жаратушының болмысының кілті.  Самұрық – аты мен белгісі жоқ түсінік. Самұрық біздің әдебиетімізде кейде күннің көзінің сыры. Самұрықтың теңдессіздігі әрі көзге көрінбейтіндігі оны Құдайдың болмысы деп атауға себеп болды.

 Аттардың «Мантеқ әт-Таир» кітабы

Иранның әдебиеті, тарихы және өркениетіндегі самұрық туралы мәліметтерге қарамастан Хикмет Бабаоғлу «Түркестан» ғаламтор базасында мәліметтер жариялап, мифологиялық самұрық құсты Әзірбайжанға тиесілі деп таныстырады. Жаңадан тәуелсіздік алған елдің мыңжылдық тарих туралы  уәж айтуы ақылға сыймайтын мәселе. Егер Хикмет Бабаоғлу бұл жердің тарихының парақтарын ашса, басқалардың тарихы мен мәдениетін өзгерту қажет болмас еді. Өйткені, самұрықтың бүкіл ирандық мәдениеттің үстінен қанатын жайып, тарихтың басынан осы кезге дейін ирандық өнер, әдебиет және мәдени  биіктігінде ұшып келе жатқанын көретін еді.

 

Тегтер