Ирактағы ДАИШ-тың құрылуы мен құлдырауы 2: ДАИШ-тың үш жыл басқыншылығының салдарлары
(last modified Wed, 12 Jul 2017 10:23:56 GMT )
Шіл 12, 2017 16:23 Asia/Almaty
  • Ирактағы ДАИШ-тың құрылуы мен құлдырауы 2: ДАИШ-тың үш жыл басқыншылығының салдарлары

ДАИШ-тың Иракта үш жылғы белсенділігінің ең маңызды салдарларының бірі бұл елдің әртүрлі аймақтарында адамдарды физикалық және психикалық тұрғылардан қауіпсіздіктен айыруы болды.

Адами салдарлар:

Ирактың әртүрлі аймақтарында ДАИШ лаңкестерінің қолынан қаза болғандар мен жарақат алғандар туралы нақты мәлімет болмағанымен, ДАИШ қылмыстарының ащы да жан түршіктірерлік жайттарын   әр аймақтан көруге болады. Ең ащы оқиғалардың бірі Нейнава облысындағы Санджар қаласының езидтеріне қарсы жасаған қылмыстары болды. 2014 жылдың тамыз айының 3 күні Санджар қласына шабуыл жасаған ДАИШ лаңкестері бұл қалада жан түршіктірерлік қылмыстарға барды. Лаңкестер олардың ер адамдарын өлтіріп, әйелдері мен қыздарын тұтқынға алып, қаланың сыртында құл сататын аялдамалар пайда болды. Қашып үлгерген езидтер Санджар тауларына тығылып, апталар бойы су мен тамақ тапшылығымен бетпе-бет келіп, біразы шөл мен аштықтан өлді. Бірнеше мың адам ДАИШ лаңкестерінің қамауына түсті. ДАИШ-тың Ирактағы келесі қылмыстарына бұл елдің жүздеген азаматын ең үрейлі түрде, тіпті отбасы мүшелерінің алдында өлтіруі болды. Бауыздау, өртеу, оқпен ату, топтап өлтіру – ДАИШ лаңкестерінің Ирактың әртүрлі аймақтарында қолданған тәсілдері. Әйелдерді зорлау – ДАИШ-тың Ирактағы қылмыстарының келесі түрі. ДАИШ лаңкестері жүздеген ирактық әйелге жыныстық тұрғыдан шабуыл жасап, жүздеген христиан әйелдерді күң ретінде сатты. Ирактың іші мен сыртындағы миллиондаған босқын ДАИШ-тың Ирактың кейбір аймақтарын басып алуының келесі бір салдары саналады. Диктор 1

ДАИШ лаңкестерінің Ирактағы ең маңызды қылмыстарының бірі әскери емес адамдарды қалқан ретінде пайдалануы болды. БҰҰ Ирактағы өкілі Ян Кобис 2017 жылдың сәуір айында: «ДАИШ лаңкестері қарапайым халықты нысанаға алып, оларды өлтіру үшін әр түрлі құралды пайдаланады. ДАИШ лаңкестері әскери емес адамдарды бір жерден басқа жерге ауысуға мәжбүрлеп, стратегиялық аймақтарда оларды қалқан ретінде қолданады. Кейбір аймақтарда ДАИШ лаңкестері әскери еместерді ғимараттарда орналастырып, бұл мекендерді үкіметтік күштерге қарсы шабуылдар үшін пайдаланды. Олар ирактық күштерді артқа шегіндіру үшін әскри еместерге қарсы оқ атты немесе оларды қалқан ретінде пайдаланды»,- деді. ДАИШ лаңкестері физикалық қауіпсіздікті қатерге тіреуімен бірге үрей мен қорқыныш тудырып, бұл елдің әртүрлі аймақтарында психикалық қауіпсіздікті де қатерге тіреді. Бауыздау, өртеу, мүгедек қылу, оқпен ату және басқа да әртүрлі қылмыстарды көрген ирактықтардың арасында үрей мен қорқыныш туып, бұл көріністер келешекте тек ұрпақтың өзгеруімен ұмытылуы мүмкін.

Экономикалық салдарлар:

Ирактың ДАИШ лаңкестерінің қол астына түсуінің келесі ең маңызды салдарлары экономикалық салдарлар саналады. ДАИШ Ирактың мұнай кірістерінің бір бөлімін өз бақылауына алып, инфрақұрылымдарын қиратып, елдің экономикалық жағдайына үлкен шығын келтірді. Ирак  ДАИШ-ке қарсы соғысқа  көптеген қаржы жұмсады. Ирак Премьер-министрі Хайдер әл-Абади 2017 жылдың қаңтар айында: «ДАИШ лаңкестері 2014 жылдан осы күнге дейін Ирактың инфрақұрылымдарына 35 миллиард долларға жуық шығын келтірді. ДАИШ-тың бұл шығыны Ирактың экономикасын толығымен  талан-таражға салды»,- деген болатын. Сонымен бірге Ирак Мәжілісінің қаржы комитеті осы жылдың ақпан айында: «Осы уақытқа дейін Ирак ДАИШ-ке қарсы соғыста 36 миллиард доллар жұмсады. Ирактың ДАИШ-ке қарсы соғысы елдің экономикасына көптеген шығын келтіріп, соғысқа жұмсалған қаржы елдің ішкі өнімінің 15 пайызын құрады. Елдің ДАИШ-ке қарсы соғысына күніне 10 миллион доллар кетіп отыр»,- деп мәлімдеген болатын. Алайда, ДАИШ-тың Иракқа келтірген шығыны  айтылған мәліметтерден  жоғары. Өйткені, бұл мәліметтер Мосул операциясы аяқталудан бұрынғы мәліметтер. Мосул операциясы Ирак үкіметі ең көп қаржы жұмсаған операция болды.  ДАИШ-тен ең көп экономикалық шығын көрген экономикалық салалардың бірі Ирактың ауылшаруашылық бөлімі болды. Ирак араб елдерінң көбі сынды азық-түлік импорттайтын елдердің бірі болғанымен, бұл елдің азық-түлік қажеттіліктерінің маңызды мөлшері елдің ішінде өндіріледі. Ирактың Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, ДАИШ-тың шабуылы елдің ауылшарушылық өнімдерін шығару мүмкіндігін кемінде 40 пайызға төмендетті. Осы салада аймақтық азық-түлік қауіпсіздігі  желісі 2016 жылдың желтоқсан айында «ДАИШ-тың Ирактың ауылшаруашылығына тигізген әсері» атты есебінде: «Ирактың бидайының 27 пайызы Нейнава облысында өседі, бірақ, бұл облыс – ДАИШ ең көп соғысқан аймақ. ДАИШ Ирактың бидайының 40 пайызын,  арпасының 40 пайызын өз ықтиярына алды. Арпа өнімінің 40 пайызға төмендеуі Ирак үшін 20 миллиард доллар шығын келтірді. Сонымен бірге Салаһаддин облысындағы бидай мен арпа өсіретін жердің 70-80 пайызы зардап шекті. ДАИШ егін егетін жерлерді өзінің әскери мақсаттары үшін пайдаланды. ДАИШ-тың әрекеттері Ирактың ауылшаруашылығына ұзаққа созылатын шығын әкелді»,- деп мәлімдеді.

Болмыстық салдарлары:

ДАИШ-тың Иракты басып алуының ең маңызды салдарының бірі болмыстық салдарлар саналады. Болмыстық салдарын  адами және мәдени өзгешелікті кемсіту тұрғысынан қарастыруға болады. ДАИШ-тың ирактық азаматтарға қарсы қылмыстары бұл елдегі адамның қадір-қасиетін бұрмалады. ДАИШ  қорлық көрсеткен ирактық аз емес. Болмысты  кемсітетін ең ащы оқиға лаңкестердің отбасы ерлерінің алдында әйелдер мен қыздарға жыныстық шабуыл жасауы болды. Нақты мәлімет болмағанымен, көптеген хабарлар бойынша ДАИШ Иракты жайлаған өткен үш жылда  ДАИШ лаңкестерінен болмыстары белгісіз заңсыз балалар дүниеге келген. ДАИШ басып алған аймақтардың азаматтарының көбі көздерімен көрген ащы да жан түршіктірерлік көріністерді еш уақытта ұмытпайтын болар. ДАИШ-тың қылмыстарына байланысты  Ирак халқының көбінің келешегі белгісіз. ДАИШ-тың Иракты басып алуының келесі салдары бұл елдің ұлттық болмысын жоюы, басқаша айтқанда мәдениетін құртуы болды. Мәселен, Мосул аймағындағы ассириялық өркениеттің маңызды қалаларының бірі саналатын Намруд қаласының үш мың жылдық тарихына ие археологиялық мұралары ДАИШ қылмыстарының салдарынан толық жойылды. Ирактың ежелден келе жатқан мұраларының көбісін ДАИШ лаңкестері талан-таражға салып, ирактық көне мұралар мен антикварлық заттар  сатылатын қара нарық пайда болды. Бұл саладағы келесі мысал Мосулдың орталық кітапханасының тарихи кітаптарының мыңдаған томын өртеп, мәдениетті құртуы саналады. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Бокова 2015 жылдың ақпан айында Мосулдың орталық кітапханасының тарихи кітаптары мен Ирактың мәдени мұраларының жойылуын ДАИШ лаңкестерінің қолымен мәдениетті құрту деп атап, бұл әрекетті адамзаттың мәдени мұраларын қирату деп баса айтты.  Таяу Шығыс мәселелерінің маманы Хосейн Руираван бұл туралы: «Мосул – Ашури империясының ең маңызды бөлімдерінің бірі. Көне мұралар қиратылған кезде мәдени болмыс жойылады. Мосул Хамадани үкіметінің ең маңызды орталықтарының бірі болды. Сол кездегі кітаптардың көбін жою арқылы бір қаланың  мәдени болмысы жойылады. ДАИШ-тың істеген ісі негізінде бір қаланың болмысын жою болды»,- деді. Қорыта айтқанда, осыған дейін айтылған мәліметтер ДАИШ-тың Иракты басып алуының салдарларының тек бір бөлігі ғана. ДАИШ-тың өткен үш жылдағы Ирактағы қылмыстарының салдарлары терең әрі ұзақ мерзімді зерттеулерді  қажет етеді.

 

 

Тегтер