Батыстағы исламнан үркіту (1)
(last modified Sat, 15 Jul 2017 08:38:29 GMT )
Шіл 15, 2017 14:38 Asia/Almaty
  • Батыстағы исламнан үркіту (1)

«Батыстағы исламнан үркіту» бағдарламасында әлемде, әсіресе Батыс елдерінде исламнан үркітуге қатысты орын алып жатқан оқиғаларға шолу жасайтын боламыз. Бұл бағдарламаның бірінші бөлімінде Ұлыбритания мұсылмандарына қарсы жасалған лаңкестік әрекеттер мен осыған қатысты әрқилы реакцияларға тоқталамыз.

Үш айға жуық уақыт бұрын Ұлыбританияда болған төртінші лаңкестік шабуылдың құрбандары мұсылмандар болды. 19 маусым таңсәріде Лондонда таңғы намаздан кейін мешіттен шығып бара жатқан мұсылмандарды жүк машинасы қағып кетті. Бұл оқиғада бір адам қаза тауып, 8 адам жараланды. Британия мұсылмандар кеңесінің бас хатшысы Харун Хан Twitter әлеуметтік желісінде жариялаған жолдауында: «Бір жүк машинасы мешіттен шыққан мұсылмандарды қағып кетті. Бұл қасақана соқтығысу болды»,‑деп жазды. 

19 маусымда Лондонда болған лаңкестік шабуыл салдарынан бір адам қаза тауып, 8 адам жараланды.

Британияның мұсылмандар кеңесі бұл оқиғаны қасақана әрекет және исламнан үркітудің салдары деп атап, мешіттердің айналасында қауіпсіздік шараларының күшейтілуін талап етті. Лондон мэрі Садық Хан өз мәлімдемесінде: «Бұл лаңкестік шабуылдың Рамазан айында мешіттен ғибадат етіп шыққан намазхандарға  қасақана жасалған әрекет екені айқын»,‑деді. Бұл оқиғаның Ұлыбританияда осыған дейін орын алған лаңкестік әрекеттерден үш негізгі айырмашылығы бар: бірінші айырмашылық – басқа лаңкестік әрекеттерге керісінше, осы лаңкестік шабуылды жасаған адамның ұстанатын діні жайлы ешкім сөз қозғамады; екіншіден – осы уақытқа дейін ДАИШ немесе басқа ешбір лаңкестік және тәкфирлік топ Лондон мұсылмандарына шабуылды өз мойындарына алған жоқ. Бұрынғы лаңкестік оқиғаларда бәрінен бұрын жауапты ретінде мұсылмандарға сілтеме жасалатын. Біраз өткеннен кейін ДАИШ немесе әл‑Каида сол лаңкестік оқиғаның жауапкершілігін өз мойындарына алатын. Осындай айыптаулар мен ДАИШ пен әл‑Каиданың лаңкестік оқиғаның жауапкершілігін қабылдауы салдарынан Еуропада исламнан үркіту мен исламмен жауласу кең етек жайды. Дүйсенбі күні Лондонда болған лаңкестік әрекеттің бұдан бұрынғы лаңкестік оқиғалардан үшінші айырмашылығы – оның ақпарат құралдарында таралуында. Бұл оқиғаның Ұлыбританияның саяси және ақпарат орталарында таралуы өте шектеулі болды.

Лондонда Ұлыбритания мұсылмандарына лаңкестік шабуыл жасау еуропалық елдердегі нәсілшілдік, этникалық кемсітушілік, исламнан үркіту және исламмен жауласудан бастау алады. Еуропаның саяси және ақпарат орталары мен барлау және қауіпсіздік органдары осы құрлықтағы лаңкестік әрекеттердің тамырын исламдағы әсірешілдік деп атап, таратып отыр. Сол себепті, Еуропада орын алған кез келген лаңкестік оқиғадан кейін оны жасаған адамның алдымен діні, содан кейін шыққан тегі аталып өтіледі. Бұл ақпараттық саясат исламнан үркіту және исламмен жауласуды тарату үшін жасалып отыр. Сол себепті дүйсенбі күні Лондонда орын алып, мұсылмандарды құрбан еткен лаңкестік оқиғада оны жасаушының діні мен шыққан тегіне ешбір сілтеме жасалмады. Өйткені, бұл оқиға осыған дейінгі лаңкестік оқиғалардан өзгеше болды.

Лондонда мешіттен шыққан мұсылмандарға жасалған лаңкестік шабуыл  

Бұл лаңкестік шабуылды жасаған адам – 48 жастағы христиан ағылшын. Ол шабуылды жасау барысында «Барлық мұсылмандарды өлтіргім келеді» деп айғайлаған. Осы шабуылды жасаушы адам христиан болғандықтан, христиан дінін лаңкестікті таратушы деп айтуға бола ма? Әлемдегі ешбір сарапшы Лондонда мешіттен шыққан мұсылмандарға жасалған лаңкестік шабуылға мұндай сараптама жасаған жоқ. Алайда, еуропалық үкіметтер Еуропа мен әлемде орын алып жатқан лаңкестік оқиғаларды исламдық тағылымдарға телуге неліктен құлшынып отыр? Оның дәлелі мынада: олар осындай жарнамалық саясат арқылы барлық мұсылмандарды «лаңкес» деп атап, оларды «қозғалмалы бомба» деп санайды. Еуропаның барлау және қауіпсіздік органдарының лаңкестік әрекеттер жасады деп айыпталған күдікті мұсылмандармен қатынасын осындай айыппен ұсталған басқа дін өкілдеріне қатынасымен салыстыруға келмейді. Көңіл аударуға тұрарлық жайт, олар әдетте қылмыс жасаған мұсылман еместердің амалдарын  лаңкестік әрекеттер деп санамайды. Іле-шала психологтар мен криминалистер тобы құрылып, қылмыстың себептерін талдауға кіріседі. Алайда, егер қылмыс жасаушының аты мұсылманша болса немесе ол ислам елдерінің азаматы болса, барлығы өзгереді. Яғни, қылмыстың себебі мәлім, терең зерттеуді қажет етпейді. Саяси және ақпарат орталары бірден лаңкестік әрекетті сараптауға кіріседі.  Батыстың саяси және ақпарат әдебиетінде «лаңкес пен терроризм» деген сөз «мұсылмандар және ислам» деген сөзбен түсіндіріледі.

Батыс үкіметтері, саясаткерлері мен ақпарат құралдары осы саясаты толығымен мақсатты түрде қабылданған. Ислам елдері әлемдегі табиғи, саяси-экономикалық және мәдени географияда стратегиялық жағдайға ие.  Батыс елдері Кеңес одағы құлағаннан кейін осы аймақтың көп қырлы стратегиялық жағдайын пайдаланып, өздерінің ықпалдарын сақтап, дамыту үшін ислам елдерін қайта түрлендіріп, онда дұшпан тудыруды қажет етті. Осылайша, Батыс елдері, солардың басында АҚШ пен Ұлыбритания Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия аймағындағы ислам елдерінде әділет пен бейбітшілік талап ететін және үстемшілдікке қарсы исламға қарсы экстремистік және тәкфирлік ағымдарға қолдау көрсетті. Олар бұл саясатпен исламның келбетін бұзып, экстремизм және терроризммен күрес сылтауымен аймақтағы өздерінің ішкі істерге араласушылық және экспансистік саясаттарын негіздеді.

Батыс әлемде исламнан үркіту жобасын ілгерілету үшін тәкфирлік ағымдарды қолдайды

Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэйдің үш жыл бұрынғы сөздеріне сілтеме жасау Ұлыбритания үкіметі мен басқа Батыс елдерінің исламмен жауласу саясатының мақсаттандырылғанын көбірек әшкере етті. Тереза Мэйдің бұл сөздері батыс саясаткерлерінің исламның бейбітшіл әрі әділетшіл тағылымдарын жақсы білетінін және хабардар бола тұра, тәкфирлік, лаңкестік ағымдарды, экстремизм мен терроризмді тарататын елдерді әлі қолдап отырғанын көрсетті. Ұлыбританияның консерватор Премьер-министрі үш жыл бұрын адам құқығын қорғаушы белсенді ағылшын Дэвид Хэйнс Сирияда ДАИШ-тың қолынан қаза тапқаннан кейін ДАИШ лаңкестері жайлы сөйлеген сөзінде: «Олар өздерін «ислам үкіметі» деп атайды, алайда сіздерге шындықты айтуға рұқсат етіңіздер. Олар үкімет те емес, ислам да емес. Бұл жиіркенішті идеологияның шынайы исламға ешқандай қатысы жоқ»,-деген болатын. Тереза Мэй сол кезде Ішкі істер министрі лауазымында қызмет еткен еді. Алайда, бұл сөздер ол кезде кең көрініс таппады. Бұл сөздер Ұлыбритания үкіметі мен басқа еуропалық елдердің Сирия мен Ирактағы саясаттары мен шараларына сәйкес болмаған сынды. Өткен үш айдың ішінде ДАИШ Ұлыбританияда болған үш лаңкестік әрекеттің жауапкершілігін өз мойнына алды, алайда Тереза Мэй ешқашан бұрынғы сөздерін қайталамады. Тереза Мэй бұл сөзін Дэвид Хэйнстың жантүршігерлік өліміне қайғырып тұрған шақта айтып, сабырға келгенде оны айтқанына өкінген болуы керек. Өйткені, ол бұдан былай  ДАИШ-тың болмысы туралы сөз қозғамады.

Тереза Мэй сол сөзінде тағы бір маңызды жайтқа тоқталған болатын. Бұл оның Құран кітабынан хабардар екенін көрсетеді. Егер адам осы сөздерді айтқан кісіге көңіл аудармағанда оны бір мұсылман үлем айтты деп ойлап қалады. Тереза Мэй: «Құран «дінде еш мәжбүрлеу жоқ» деп айтады. Сондықтан, осы залдан мынадай жолдауды таратуға рұқсат беріңіздер: реакцияшылдар ешқашан біздің арамызда іріткі тудыра алмайды. Бұл жолдаудың таралуына рұқсат етіңіздер, өйткені біз исламның бейбіт дін екенін және дұшпандардың идеологиясына ешқандай қатысы жоқтығын білеміз. Ұлыбритания мұсылмандарымен иық тіресе тұрайық. Біз осы идеологияны жеңіліске ұшыратып, Ұлыбританиядағы жас мұсылмандардың реакцияшыл болып кетпеуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеуіміз керек»,-деген.  

 

Ұлыбританияның консерватор Премьер-министрі ислам дінінің болмысы туралы толық танымға ие бола отырып, ДАИШ-ты демеуші әрі экстремизм мен терроризмді таратушы Сауд Арабиясы мен БАӘ-не сапар шегіп, бірнеше миллиард долларлық  қару-жарақ келісімдеріне қол қойды. Шын мәнінде, Ұлыбритания үкіметі Сирия мен Ирактағы және еуропалық қалалардағы тәкфиршіл лаңкестердің қылмыстарына ортақтасып отыр деп айтуға болады.  

Тегтер