Мықты экономика – Иран үкіметінің басты мақсаты
Иран Ислам революциясы жеңіске жеткен соң дұшпандар осы халықтық революциямен күресу үшін кез келген құралды пайдаланып, Ислам революциясының шарықтауына кедергі келтіруді көздеді. Алайда бүгінде Ислам революциясы өзінің қырқыншы жылдығында шетелдік түйткілдердің барлығына қарамастан, шарықтау шегіне жетіп отыр.
Террор Ислам революциясы дұшпандарының ең маңызды құралы болды. Осы тәсілді пайдалану арқылы олар 20 ғасырдағы халықтық революцияның дамуына кедергі келтіруге тырысты. Әртүрлі саяси тұлғалар мен қарапайым халыққа террор жасау Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бастап Иранда дұшпандар тарапынан қолданылды. Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі кезеңде «Мұнафықтар» тобы шетелдік қолдауға сүйеніп, Иранда маңызды революцияшыл тұлғаларға террор жасауда рөл атқарып, азаттық талап етуші халықтар арасында әсерлі революция ретіндегі Ислам революциясын өзінің биік мақсаттары жолында қиындыққа ұшыратуды көздеді.
Осы аяда х.ш.ж.с.б. 1360 жылдың 8 шахриварында Ислам революциясының ұлы мақсаттарын ілгерілету үшін атқарушы билік басында болған екі маңызды мемлекеттік тұлға «Мұнафықтар» лаңкестік тобының нысанасына алынды. Иран Президенті Мұхамед Әли Раджаи мен Премьер-министрі Мұхамед Джавад Бахонар х.ш.ж.с.б. 1360 жылы (1981 жылы) «Мұнафықтар» лаңкестік тобы Премьер-министр кеңсесінде ұйымдастырған лаңкестік жарылыста шәһид болды. Шәһид Раджаи мен шәһид Бахонар Иран Ислам революциясының қысылтаяң шағында ішкі-сыртқы дұшпандардың қастандықтарына қарсы маңызды рөл атқарып, революцияның жоғары мақсаттары мен ИИР жүйесінің құндылықтарын ілгерілету үшін көп талпыныс жасады. Ислам революциясын басқарушыларды нысанаға алу бұл революцияны құртудан басқа мақсатты көздемеді.
Алайда Иран халқы өткен 40 жылда террордың оларды кері шегіндірмейтінін дәлелдеді. Бүгінде мемлекеттік органдар мен басқа тармақтардың әріптестігі
мен халықтың үлгі тұтарлық қолдауының арқасында Ислам революциясы гүлденудің шарықтау шегіне жетіп отыр.
ИИР-ның негізін қалаушы хазірет аятолла Хомейни (р) шәһид Раджаи мен шәһид Бахонар «Мұнафықтар» лаңкестік тобының қолынан қаза тапқаннан кейін: «Әлемнің барлық алпауыттарына қарсы көтерілген халық – Құдай мен ислам және діни үкімдердің дамуы үшін көтерілген халық. Оны террормен кері шегіндіре алмайсың»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи шәһид Раджаи мен шәһид Бахонардың сипаттарын баяндап: «Бұл екі тұлғаның қызмет еткен уақыты өте қысқа болғандықтан, олардың атқарушы биліктегі істерін бағалай алмасақ та, әрдайым жақсы қырынан еске алынады. Өйткені, олардың тұлғалық және басқарушылық рухы революцияшыл, мүмін әрі шыншыл болды»,-деді.
Иранның сол кездегі Президенті мен Премьер-министрі шәһид болғаннан кейін олардың қаза болған күнінің жылдығымен аяқталатын апта шахривар айының 2-8 аралығы ИИР-ның күнтізбесінде «үкімет апталығы» деп аталды. Бұл апталықта осы екі шәһид еске алынып, құрметтелумен қоса, үкіметтің атқарған шаралары мен болашақ бағдарламалары халыққа түсіндіріледі. Үкімет апталығында көңіл аударылатын ең маңызды мәселелер – үкіметтің экономика саласындағы әрекеттері. ИИР Президенті Хасан Рухани өткен аптаның сәрсенбі күні мемлекеттің шәһидтерін, әсіресе шәһид Раджаи мен шәһид Бахонарды еске алып, олардың қызметтері мен жанпидалықтарына тоқталып, үкімет апталығын атқарушы биліктің атқарған істері жайында халыққа есеп беріп, әлеуметтік капиталды арттыруға берілген мүмкіндік деп атады.
Үкімет апталығында әртүрлі мемлекеттік органдар өздерінің түрлі экономикалық жобаларының тұсауын кеседі. Үкіметтің осы жылдардағы ең маңызды мәселесі жұмыспен қамту және жастардың жұмыссыздығын жою болды. Иран Ислам революциясы саяси саламен қоса, экономикалық салада да дұшпандардың қастандықтарына ұшырады. Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бастап санкциялар мен экономикалық қысым әрдайым осы
революциямен қатар жүрді. Көптеген талпыныстар мен ішкі әлеуеттерге назар аудару Иранды ауыр экономикалық өткелдерден өткізді. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Иранның экономикасын дамыту және оның негіздерін нығайту үшін «қарсыласу экономикасы» деген саясатты үкіметке жариялады. Қарсыласу экономикасының маңыздылығы әрдайым Ислам революциясы жетекшісінің назарында болды. Сол себепті аятолла Хаменеидің Иран Президенті мен он екінші үкімет мүшелерімен сенбі күнгі кездесуінде экономика мәселесін тағы қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи үкімет апталығына орай Министрлер кабинетінің мүшелерімен кездесуінде экономиканы Иранның шынайы бағдары деп атап, жауапты тұлғалардың халықтың тұрмыстық қиындықтарын, соның ішінде жастардың жұмыссыздығы мәселесін шешу үшін тынбай еңбек етуі қажеттігін айтып: «Экономика үкіметтің барлық мүшелері мен бөлімдерінің басты бағдары болуы тиіс»,-деді. Хазірет аятолла Хаменеи Иранның экономикалық бағытының мұнайға тәуелді экономикадан өзін-өзі қалыптастырушы халықтық экономикаға өзгеруі қажеттігін баса айтып: «Экономиканы мұнайдан арылтуымыз керек. Бұл маңызды мақсат Иранның мүмкіндіктері, әлеуеттері мен адами ресурстары арқылы орындала алады. Кейбір мұнайсыз елдер осылай істеген»,-деді.
ИИР әртүрлі экономикалық салаларда халыққа негізделген жақсы өндірістік әлеуетке ие. Осы маңызды жайтқа көңіл аудару және мұнай экономикасынан алшақ болу Иранның экономикалық қауіпсіздігін бірнеше есе арттырады. Осы маңызды мәселемен қатар негізгі ішкі мәселе, яғни жұмыссыздық пен жұмыспен қамтуды да өзін-өзі қалыптастырушы халықтық экономика негіздеріне көңіл аудару арқылы шешуге болады. Осы аяда ИИР Президенті Хасан Рухани он екінші үкімет мүшелерінің Ислам революциясының жетекшісімен отырысында он бірінші үкіметтің атқарған шаралары мен он екінші үкіметтің бағдарламалары мен мақсаттары жайлы есеп беріп: «Үкімет Иран халқына алдағы төрт жылда абсолюттік кедейшілікті тамырымен жоюға уәде берді»,-деді.
Он екінші үкіметтің бірінші мақсаты Иранда жастардың жұмыссыздығы мәселесін шешу деп жарияланды. Осы жолда алдағы төрт жылда жылына 900 мыңнан астам жұмыс орнын ашады деп жоспарланған. Өндіріс цикліндегі даму, шын мәнінде жұмыс орындарын ашумен бірдей. Жалпы өнеркәсіп орындарын жаңарту, іргелі ғылымға негізделген экономикаға өзгерістер енгізу, мұнайдан тыс табыстарға арқа сүйеу Иранның экономикалық негізін нығайту үшін қажетті үш маңызды да өміршең принцип болып табылады. Сонда Иран дұшпандардың экономикалық қастандықтары мен жаһандық дүмпулерден аман қалатын болады. Мықты экономика бүгінде айбындылықтың бір бөлігі саналады. Бұдан былай өткен замандағыдай елдің құдіреті тек әскери күш-қуатпен бағаланбайды.