Там 31, 2017 15:40 Asia/Almaty
  • Мина апатының екінші жылдығы: Сауд Арабиясының жауапсыздығының салдарлары

Мұсылмандардың маңызды рәсімдерінің бірі уаһи жері Меккеге барып, қажылық міндеттерін орындау саналады. Қажылық – мұсылманның ең маңызды парыздарының бірі.

Мұсылмандар қамари күнтізбесі бойынша зихадже айының бірінші онкүндігінде Сауд Арабиясының Мекке қаласындағы әл-Харам мешітіне аттанып, арнайы рәсімдерді орындайды. Белгілі жағдайларға ие әрбір мұсылман өмірінде бір рет болса да сол рәсімдерді орындауға міндетті. Қажылық – адамның әлемді жаратқан Ұлы Алланың алдындағы құлшылығының көрінісі. Ислам дінінде қажылық рәсімі ақыл-есі түзу, азат және қаржы мүмкіндігі бар адам үшін уәжіп саналады. Жыл сайын әлемнің жер-жерінен екі жарым миллион адам қажылық рәсімдерін орындау үшін уаһи мекені Меккеге сапар шегеді. Сондықтан қажылық кезең мұсылмандар үшін мүбәрәк кезең саналады. Алайда  екі жылдан бері қажылық ащы оқиғаны еске салатын болды. Сауд Арабиясы үкіметінің 2015 жылы орын алған апаттарға көрсеткен жауапсыздығы оқиғадан екі жыл өткенімен, қасіретті одан сайын арттырып отыр.

2015 жылы орын алған Мина апаты

Осыдан екі жыл бұрын миллиондаған мұсылман қажылықтың шайтанға тас лақтыру рәсімін орындаған кезде  уаһи жерінде адами апат орын алды. Бейресми мәліметтер бойынша шамамен жеті мың адам адамдардың бір-бірімен сығылысуы мен аптап ыстықтан қаза болды. Негізінде Меккеде екі миллионнан астам адамның жиналатындығына байланысты арнайы шаралар ойланыстырылып, мұсылмандарға міндеттерін тәртіппен орындауға көмек көрсетіледі. Қажылық рәсімдерін бағдарлама бойынша әрі қауіпсіздік жағдайда өткізу міндеті Сауд үкіметінің мойнында. Алайда, 2015 жылғы қажылық жауапкерсыздық пен қажылардың өмірінің қатерге тірелгенін көрсетті. Бірінші оқиға құрылыс кранының әл-Харам мешітінің алаңына құлауы болды. Бұл басқа ондаған қрандармен бірге саудиялықтардың қасиетті кесенені дамыту жобасы бойынша жұмыс істеп жатқан ең үлкен кран еді. Саудиялықтар тіпті қажылық кезінде әл-Харам мешітінде адам санының артатындығына қарамастан ауыр құрылыс крандарын қасиетті мекеннен алыстатпаған. 2015 жылдың қыркүйек айының 11 күні үлкен әрі ауыр құрылыс краны әл-Харам мешітінің үстіне құлап, жантүршіктірерлік жағдайда 107 қажы шәһид болып, 238 қажы жарақат алған болатын.

Құрылыс краны әл-Харам мешітінің үстіне құлады

Сол апаттан кейін миллиондаған қажы келесі апатқа куә болды. 2015 жылдың қыркүйек айының 24 күні Құрбан айт күні қажылар жыл сайынғы рәсім бойынша шайтанға тас лақтыру үшін Мина даласының Машар даласына аттанды. Бірақ саудиялық қауіпсіздік күштері олардың негізгі жолын жауып, жамағатты қосымша жолға нұсқап, енсіз жолдың шығаберістерін де жапты. Бірте-бірте қажылардың саны көбейіп, ыстық күннің астында ұзақ жол бойы әрі көп уақыт қалған  жеті мыңға жуық қажы кептеліске түсіп, әлсіреп, бір-бірінің аяқтарының астында қалып, қаза болды. Бұл апатқа себеп болған саудиялық  қызметшілер қажыларға әсерлі көмек көрсетудің орнына көмекке кеш келіп, тағы біраз қажының өліміне себеп болды. Сөйтіп,  хиджри қамари жыл санағы бойынша 1436 жылдың Құрбан айт күні Мина даласында қажылық тарихындағы ең үлкен апат орын алды. Сауд үкіметінің бұл апатқа көрсеткен реакциясы апаттың өзінен де жаман болды. Өздерін қасиетті мекеннің қызметшісі деп атайтын саудиялықтар апаттың жауапкершілігін өз мойындарына алмады. Олар қажылардың өздерін апатқа жауапты деп атады. «Әл-Ахбар» газеті бұл туралы: «Сауд Арабиясының басшылары қажылықты басқару мүмкіндіктерінің жоқтығын мойындап, Мина апатында құрбан болғандардың отбасыларынан кешірім сұраудың орнына, ұялмастан басқаларды апатқа жауапты деп атады. Айта кететін жайт, Мина апатынан көп ұзамай Сауд Арабиясының патшасы Салман бен Абдолазиз қажылық рәсімдері сәтті өтті деп, бұл елдің бұрынғы тақмұрагері Мұхаммад бен Тайфты қажылықты жақсы басқаруымен құттықтады»,- деп жазды.

Мина апатында ИИР-ның 464 қажысы құрбан болды. ИИР-ның басшылары Мина апаты орын алған соң басқа қажылар мен құрбан болғандардың отбасыларына жақындарының мәйіттерін тауып, елге жеткізу үшін көмек көрсетуге талпынды. Қажылар оралып, Мина апатында құрбан болғандардың мәйңттерінің көбі қайтарылған соң мұндай апаттың қайталануының алдын алу  үшін  Иран апаттың факторларын заңды түрде қарастыруды көздеді. Өкінішке орай, Сауд Арабиясы ИИР-ның ешбір бастамасына, соның ішінде екіжақты талпыныстар мен Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы шындықты анықтайтын исламдық халықаралық комитет құру, тіпті аймақтағы кейбір исламдық мемлекеттердің өз еріктері мен достық талпыныстары сынды ұсыныстарына жауап қайтармады. Қажылыққа баратын барлық зияратшылар медициналық сақтандыруға ие. Сондықтан Сауд Арабиясының үкіметі құрбан болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге сақтандыру қызметінің ақысын төлеуге міндетті. Бүгінде Мина апатынан  екі жыл өткенімен, Мина апаты құрбандарының ісі әлі аяқталған жоқ. Сауд Арабиясының үкіметі бұл мәселеге жауапкершілік білдірмеді. Сауд басшылары Мина апаты мен одан кейінгі кезеңде жауапсыздық танытты. Олар қасиетті мекендердің қызметшілері екендіктерін пайдаланып, араб елдеріне ислам тағылымдарынан өзгеше  экстремистік ваххабизм негіздері бойынша билік жүргізбек. Сауд үкіметі Сирия, Ирак пен Йеменде дағдарыс тудырып, тәкфиршіл лаңкестік топтарды қолдап, ваххабизмге қарсы кез келген мұсылманды өлтіруге көмектесуде. 2015 жылы орын алған Мина апатының құрбандары отбысыларының алдында жауапкершілік білдірмеу – Сауд Арабиясы басшыларының мұсылман халықтардың алдында өздерін артық санау идеясының салдары. Алайда, Сауд Арабиясы үкіметінің Мина апатына көрсткен реакциясы мен жауапсыздығы, Сауд үкіметі қолдайтын Сирия мен Ирактағы тәкфиршіл лаңкестік топтардың сәтсіздігі Сауд Арабиясындағы Исламнан алыс кеткен ваххабизм идеолошиясының болмысын тек мұсылмандар үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де әшкере етті.

 

 

Тегтер