АҚШ-тың нәсілшілдері бетперделерін шешті
(last modified Mon, 04 Sep 2017 08:35:58 GMT )
Қыр 04, 2017 14:35 Asia/Almaty

АҚШ-тағы ақ нәсілдің артықшылығын жақтаушылар бұл жолы Вирджиния штатының Шарлоттсвил қаласында шеруге шықты.

АҚШ-тағы ақ нәсілдің артықшылығын жақтаушылар бұл жолы Вирджиния штатының Шарлоттсвил қаласында бетперделерін алып тастады. Олар Шарлоттсвилдегі зорлық-зомбылық шерулері кезінде неонацистер мен нәсілшіл астыртын Ку-клукс-клан ұйымына жақын екендіктерін жариялады. Олар бұдан бұрын түрлі түсті нәсілдерге қарсы жасырын әрекет етсе, өткен тамыз айының 11 күні түстен кейін ақ нәсілдің артықшылығын жақтаушылар қолдарына шырақ ұстап, Шарлоттсвилдің көшелеріне шығып, «Ақ нәсілділердің өмірі – маңызды» деген ұран айтты.

АҚШ-тағы ақ нәсілдің артықшылығын жақтаушылар  Вирджиния штатының Шарлоттсвил қаласында шеруге шықты

Наразылықтар сол қаланың парктерінің біріндегі АҚШ-тың азамат соғысындағы бір қолбасшысының ескерткішін алып тастаудың алдын алуға қатысты болды. Шерушілер өз мақсаттарын америкалық ақ нәсілділердің құқықтарын қорғау және штат басшыларының генерал Роберт Лидің ескерткішін алып тастау шешіміне наразылық білдіру деп жариялады. Генерал Ли Американың оңтүстік штаттары коалициясының қолбасшысы және құлдық қоғам жақтастарының бірі болды. Ол 19 ғасырдың екінші жартысындағы азамат соғысы кезінде құлдық қоғамға қарсы Линкольн басқарған солтүстік коалицияға қарсы соғысты. Шарлоттсвил қаласында төтенше жағдайдың жариялануы мен көптеген полиция күштерінің қалаға жиналуына қарамастан, күні түстен бастап экстремистік оңшылдар мен оларға қарсылық білдіріп, шеруге шыққандардың арасында қақтығыстар орын алды. Ақ нәсілді нәсілшілдердің зорлық-зомбылықтарын көрсететін жарияланған суреттер терезесін қараңғылаған көліктің қолдарында әртүрлі ұрандар жазылған плакаттар ұстаған шерушілерге қарсы бет алғанын көрсетті. Бұл көлік енсіз көшелердің бірінде үлкен жылдамдықпен шерушілерді қағып-соғып өтті. Бұл апатта жарақаттарының салдарынан 32 жастағы бір әйел өліп, біраз адам жарақат алды.

 Аталмыш оқиға нәсілшілдерге қарсылардың ашу-ызасы мен кегіне себеп болды. Шарлоттсвилдегі зорлық-зомбылық қақтығыстары тамыздың 13 күні таңға дейін жалғасып, кемінде 3 адам қаза болып, 35 адам жарақат алды. Шарлоттсвил қақтығыстарынан бұл оқиғаға қатысты АҚШ Президенті Дональд Трамптың реакциясы маңызды болды. Дональд Трамп Шарлоттсвил оқиғасына қатысты бірінші реакциясында Твиттердегі парақшасында: «Барлығымыз бірігіп, тұрақтылық білдіретін нәрсемізге қарсыларды айыптайық. АҚШ-та зорлық-зомбылықтың бұл түріне орын жоқ. Барлығымыз бірігейік!»,- деп қуаттады. Германияның Süddeutsche Zeitung газеті Трамптың бұл оқиғаға қатысты сөздерін сараптап: «Трамп бұл оқиғаға ешкім, неонацистер де, оның өзі де жауапты емес деген пікірге ие. АҚШ бұл зорлық-зомбылықтан кейін өзіне оралуы керек. Негізінде, бұл үшін шара қолдану – АҚШ Президентінің міндеті. Ол АҚШ үшін қай нәрсенің маңызды,  қай нәрсенің маңызды емес екенін анықтауы қажет. Трамп бұл қарапайым міндетінде сәтсіздікке ұшырады»,- деп жазды.  Демократтардың әйгілі қайраткерлері, азаматтық құқық саласының белсенділері, тіпті АҚШ республикашыларының біразы Вирджиния штатындағы Шарлоттсвил қаласындағы зорлық-зомбылық оқиғасына қатысты ақ нәсілдің артықшылығының жақтастары оңшыл қозғалысты айыптамағаны үшін Дональд Трампты кінәлады. АҚШ-тың республикашыл сенаторы Кори Гарднер Твиттердегі парақшасында Дональд Трампқа арнап: «Президент мырза, біз жамандықты өз атымен атауымыз керек»,- деп жазды. Флорида штатының республикашыл сенаторы Марко Рубио АҚШ-тағы ақ нәсілдін артықшылығын жақтаушы оңшыл топтарға: «АҚШ халқы үшін ел президентінің ақ нәсілдің артықшылығын жақтаушыларға тікелей ескерту жасап, Вирджиния оқиғасын айыптау өте маңызды»,- деді. АҚШ Конгресіндегі демократтардың басшыларынң бірі Нэнси Пелоси Твиттерде: «Дональд Трамп, менен кейін былай деп қайтала: ақ нәсілді артық санау – АҚШ-тың құндылықтарына құрметсіздік білдіру»,- деп жазды. АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон «Твиттерде»: «Әрине, сөз бостандығын қорғау керек. Бірақ, зорлық-зомбылық, жиіркеніш тарату мен ақ нәсілді артық санауды айыптау қажет»,- деп қуаттады. АҚШ Конгресінің тәуелсіз сенаторы Берни Сандерс те ақ нәсілді артық санауды айыптап, Вирджиниядағы ұлшылдардың шерулерін АҚШ үшін қабылдауға болмайтын жайт деп атады.

Вирджиния оқиғасы және Трамп

АҚШ-тағы ақ нәсілді басқалардан жоғары санау үдерісін бұл мемлекеттің бүкіл тарихының бойынан байқауға болады. Еуропадан Америкаға қарай бет алған ақ  нәсілділер бұл жерлердің жергілікті тұрғындарын, әсіресе Африка құрлығынан Америкаға келген қара нәсілділерді тіпті хайуан сынды да бағалаған емес. Олар базарларда алып-сатылып, ақ нәсілділердің мүлкінің бір бөлігі болды. Тіпті, 19 ғасырдың ортасындағы солтүстік-оңтүстік соғыстар АҚШ-тағы нәсілшілдікті тоқтатпай, «Ку-клукс-клан» деп аталған нәсілшіл кландар пайда болды. Бұл топты бірінші рет 1865 жылы АҚШ  армиясының ардагерлері  құрды. «Ку-клукс-клан» жылдамдықпен АҚШ-тың оңтүстігінде кең таралды. Бұл топ АҚШ-тың қара нәсілділері мен мигранттарға қарсы әрі олардың азаматтық құқықтарға ие болуын қабылдамайды. «Ку-клукс-клан» тобының мүшелері бастарына ерекше бас киімдер киіп, оңтүстік штаттардағы ақ нәсілдің артықшылығын дағдарысқа тіреушілерге қарсы шабуылдар жасайды. Алайда бұл Америкадағы жалғыз нәсілшіл топ емес. АҚШ-тағы азматтық құқықтар саласындағы белсенді топтардың бірі бүгінде бұл елде 1600-ден астам экстремистік топтың анықталғанын жариялады. Олардың арасындағы ең танымал топтардың бірі «Оңшыл альтернатива» тобы саналады. Бұл  топ – Дональд Трамптың жақтасы. Бірақ, сынаушылар оның мүшелерін ырымшыл  ақ нәсілді ұлтшылдар деп санайды. 2016 жылғы президенттік сайлау алдындағы бәсекеде Трамп нәсілшіл және исламға қарсы деп айыпталды. Трамп «Оңшыл альтернатива» тобына өзінің қатысты екенін теріске шығарды. Негізінде, олар Трамп билік басына келгеннен бері АҚШ-тың саяси және қоғамдық сахнасында белсенділіктерін арттырды.

АҚШ нәсілшілдері

 АҚШ мәселелері жөніндегі сарапшылардың пікірінше, Дональд Трамптың билік басына келуі америкалық ұлтшыл ақ нәсілділерге көптеген күш берді. Мұндай идеологияны қорғау АҚШ үшін соны мәселе емес. Бірақ, бұл жолы олар үшін өз нәсілінің артықшылығын ешбір бетпердесіз әшкерелеуге жағдай туды. Қазіргі таңда олар АҚШ-тың саяси перспективасының бір бөлімі. 2009 жылы АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі өз мәлімдемесінде ақ нәсілді жақтаушы топтардың лаңкестік қауіп-қатері туралы ескерту жасаған болатын. Мәлімдеме қатты сынға кезігіп, бұл министрлік саяси қысымдарға байланысты өз мәлімдемесін қайтып алып, оны дайындаған топты таратып жіберді.

*********************************

Сарапшы доктор Ахундан ханымның пікірі:

АҚШ-тағы құлдық жүйе мен қара нәсілділерге қарсы нәсілдік  кемсітушілік – оңайлықпен немесе заңның бекітілуімен жойылмайтын америкалықтардың тарихы мен қоғамындағы қалың қабат. Құлдық иелерінің тарихы мен одан кейінгі Америкадағы қара нәсілділерге қарсы кемсітушілік өткен онжылдықтар мен ғасырларда көптеген шарықтаулар мен құлдырауларға ие болды. Құлдық  АҚШ-тың барлық штаттарында жойылғаннан осы кезге дейін қара нәсілділер үкіметтік кемсітушіліктің басқа түрімен бетпе-бет келіп отыр. Нәсілшілдік – Америка қоғамының ішінде тарихи тамырланған сұм құбылыс. Бұл елдің әртүрлі таптары, соның ішінде полиция орталығынан бастап, жұмыс берушілерге дейін қара нәсілділерді ақ нәсілділермен тең санамайды. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама: «АҚШ қоғамындағы  нәсілшілдік тамырланған құбылыс. Сондықтан, бұл мәселе бір түнде шешілмейді»,- деп мойындады. Алайда АҚШ президенттік сайлауындағы Дональд Трамптың жеңісі елдің жер-жеріндегі аз сандыларға қарсы нәсілшіл әрекеттер толқынымен қатар болды. Трамп жақтастарының нәсілшіл және мұсылмандарға жиіркеніш білдірген шабуылдары Испаниядан келген америкалықтар мен қара нәсілділерді нысанаға алды.