Мұхаррам – жанкештілік пен шәһәдат айы
Ғасырлар өткенімен, имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның есімі жүректерді ерекше толқытып, әлемнің азаттық талап етушілерін әлі қызықтырады. Өйткені, имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысы кез келген уақыт пен кез келген мекенде шындықтың жақтастары қабылдайтын негізге сүйенген.
Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасиетті көтерілісінің барлық кезеңдерінен Аллаға құлшылық ету, әділет талап ету және зұлымдықпен күресу мақсаты айқын байқалды. Бұл көтерілістің жанкештілік, иман мен мағрифат, рухани кемелдік сынды сипаттары жоғары ойларды көрсетеді.
Хиджри қамари күнтізбесі бойынша 1439 жылдың мұхаррам айының бірінші жұлдызы. Мұхаррам –хиджри қамари жылының бірінші айы. Арабтар тіпті Исламға дейін бұл айды құрметтеп, осы айда соғыс пен қантөгісті харам санаған. Мұхаррам айында соғысуға тыйым салу арабтардың арасындағы ұзаққа созылған қақтығыстарды тоқтататын жолдардың бірі және бейбітшілік пен тыныштыққа шақыратын құрал болды. Надандық ғасырында бұл сүннет сақталып, Ислам келгеннен кейін де илаһи дін оны растап, заңды түрде барша мұсылмандардың арасында таратты. Алайда, хиджри қамари жыл санағы бойынша 61 жылы Бани Умайенің залым және надан басшылары мұхаррам айында Исламның ұлық пайғамбары әулетіне құрметсіздік көрсетіп, Кербала даласында имам Хусейн бен Әли (ғ.с.) мен хазіреттің перзенттері мен серіктерін өлтірді. Бұл оқиғадан кейін мұхаррам айы имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның есімімен байланысты болып, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіріп, Исламның ұлық пайғамбары дінінің құндылықтарын жаңдандыру үшін көтерілген адамдардың жанкештілігі мен батылдығын еске салады. Хиджри қамаридің 61 жылының мұхаррам айының 10 жұлдызында тарих заман мен мекеннің қоршауларының артында қалмай географиялық және тарихи шекаралардан өтіп, барлық ғасырлар үшін әсері болатын оқиғаның куәсі болды.
Хиджри қамаридің 61 жылының мұхаррам айындағы имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісіне жасаған шолу имам Хусейн (ғ.с.)-ның ең маңызды мақсатының илаһи міндетті орындау болғанын көрсетеді. Алланың пендесі болғанын мақтан тұтқан адам илаһи міндетін орындап, Алланың ризалығына ие болудан басқа еш нәрсені ойламайды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның өз заманындағы бұзақылықтарға қарсы көтерілуіне Бани Умайе үкіметі мен қоғамның ислам дінінің негізгі критерийлерінен бұрмалануы себеп болды. Бұл Исламның ұлық пайғамбарының дүниеден озғанынан 50 жылдан кейін орын алған ащы оқиға болды. Алла елшісінің өсиеттерін ұмытып, хазіреттің әулетін оқшаулау, исламдық қоғамдағы рухани құндылықтардың азаюы, билік басындағылардың дүниеқұмарлығы мен бедғаттардың таралуы қоғамда надандық кезеңге оралуға жағдай тудырған факторлар болды. Сол кезде ислам үмбетінің тағдыры Язид сынды бұзақы әрі күнәһар басшының қолына түсіп, мұсылмандардың ғиззатына құрметсіздік көрсетілді. Исламның ұлық пайғамбары сынды басшының билігін көрген қоғам сол кезде Язид сынды күнәһардың билігіне куә болды. Язид исламдық негіздерге немқұрайдылық танытып, бұзақылыпен айналысты. Имам Хусейн (ғ.с.) тек өз мүддесі туралы ғана ойлап, оны қамтамасыз ету үшін дінді өзгертіп, халыққа зорлық-зомбылық көрсеткен үкіметті көруімен бірге ислам қоғамында бассыздық таралып, ислам үмбетін жігерсізге айналдырғанын байқады.
Язид пен оның қол астындағылар үшін имам Хусейн (ғ.с.) сынды тұлғаның оларға бият етуі өте маңызды болды. Алайда имам Хусейн (ғ.с.)-ның еш уақытта Язидке бият етпейтіні анық еді. Өйткені, оған бият ету деген оның бұзақы үкіметін қабылдау саналды. Имам Хусейн (ғ.с.) сырт көзге өздерін діндар көрсеткен алдамшылардың билік басына жеткенін түсініп, исламдық қоғамды оятып, халықты діни, қоғамдық және саяси салаларда қырағылық білдіруге шақыруға талпыныс жасап: «Дін – олардың тілдерінің құралы. Олар дінді тек өздерінің күнделікті дүниесі үшін ғана пайдаланғысы келеді. Шынайы сынақ келген кезде шынайы діндарлар азаяды»,- деген. Бани Умайе дінді өзінің саяси мақсаттарының құралы етіп, діни түсініктерді теріске шығарды. Имам Хусейн (ғ.с.) бұрмалаушылықтарды түсініп, сол кездегі үкіметке қарсы шығып, қоғамның қоғамдық және саяси жағдайын анықтап, Язидке бият етпеді. Имам Хусейн (ғ.с.) бият етпеген соң, Мәдине басшысы имамның жағдайын қиындатты. Имам Хусейн (ғ.с.) Мединеден кетуе шешім қабылдап, жолға шығу үшін орынды уақытты қарастырды. Сол кезде Мекке қаласы имам үшін жұмыстарын жалғастыруға қолайлы мекен болды. Қажылақ кезеңі жақындап қалған еді. Сол себепті қажылық кезінде халықтың үлкен жамағатының жиналуы имам үшін тиімді мұрсат болды. Имам Хусейн (ғ.с.) Мединеден кетіп бара жатқан кезде: «Мен атамның үмбетін түзетіп, істерін жаңғырту үшін Мединеден шығып, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіремін»,- деген болатын.
Имам Хусейн (ғ.с.) Меккеге кіріп, көтіріліске жағдай жасау үшін үлкен талпыныстарын бастады. Куфе мен басқа аймақтардың халқының көбі имамға бият еткісі келіп, хат жазып, хазіретті Куфеге шақырды. Бірақ, үкімет оларға қысым көрсеткен кезде, қорқып, бият етуден бас тартты. Кейбірулер алданып, имамға бият етпеді. Дүние көздерін торлап, құлақтарын керең еткен адамдар имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның Исламның ұлық пайғамбарының немересі екенін жақсы білді. Бірақ, біле тұра имамды жалғыз қалдырды. Қажылығын аяқтамаған имам Хусейн (ғ.с.) жанұясы және серіктерімен бірге Куфеге қарай жолға шықты. Бұл қалаға жетпей, Кербала даласында Язид бен Муавиенің сарбаздарының қоршауына түсті. Бірақ оларға бағынбады. «Ашура» деп танымал болған мұхаррам айының 10 күні имам Хусейн (ғ.с.) серіктерімен бірге еріндері шөлден кезеріп, Кербала даласында шәһид болды.
Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысы саяси және әлеуметтік салаларда әртүрлі нәтижелерге ие болды. Бүгінде сол оқиғадан ғасырлар өткенімен, имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның есімі жүректерді ерекше толқытып, әлемнің азаттық талап етушілерін қызықтырады. Өйткені, имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысы кез келген уақыт пен кез келген мекенде шындықты қалайтын адамдар қабылдайтын негізге сүйенген. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасиетті көтерілісінің барлық кезеңдерінен Аллаға құлшылық ету, әділет талап ету және зұлымдықпен күресу айқын байқалды. Имам Хусейн (ғ.с.) билік пен байлыққа жету туралы ойламады. Ол адамдарға жақсылық тіледі. Сондықтан, бұл көтерілістің көптеген әсері болды.
Иранның зұлымдыққа қарсы Ислам революциясы имам Хусейн (ғ.с.) қозғалысының тағлымдары мен құндылықтарына сүйеніп жеңіске жетті. Сондай-ақ, қазіргі таңда да дәл сол тағылымдарға сүйеніп, өз жолын жалғастырып, зорлық-зомбылық жасаушыларға қарсы күресі жалғастыруда. Алла Тағала әлемнің жақсылықтар мен пәктіктің мекені болғанын қалайды. Алланың осы жоғары мақсатына қарсы ағымдар бас көтерген кезде иманды адамдар күреске шығып, адамзатты құтқару үшін жанкештілік танытты. Иранның мұсылман жігіті ДАИШ-ке қарсы соғысып, шәһид болған Мохсен Хаджаджи имам Хусейн (ғ.с.)-нан үлгі алып, дінді өздерінің сұм мақсаттарының құралы еткен залым надандарға қарсы күреске шығып, сол жолда кезіккен қылмыс пен зорлық-зомбылыққа қарсы батылдық көрсетті.
Ашура тек бір күннің оқиғасы емес. Оның әсері мәңгілік. Сол себепті бүгінде имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның мектебінен сабақ алған шәһид Хаджаджи сынды жастар қырағы, хабардар түрде Алланың жолына түсіп, ДАИШ лаңкестерінің жалған билігін масқара етіп, шәһид болуымен Ашура күнінің оқиғасын жалғастырып, ұждандарды оятады. Хиджри қамаридің 61 жылының мұхаррам айындағы Ашура күнінің сабақтары уақыт пен мекенмен шектелмей, жалғасуда. Өйткені, шындық пен әділет талап етушілер мен залымдар мен жалғандықтың жақтастарының қақтығыстары аяқталмайды әрі шек пен шекара танымайды.