Діни жетекшінің қатысуымен Полиция Академиясының курсанттарына диплом тапсырылды
(last modified Tue, 26 Sep 2017 09:13:39 GMT )
Қыр 26, 2017 15:13 Asia/Almaty
  • Діни жетекшінің қатысуымен Полиция Академиясының курсанттарына диплом  тапсырылды

Қасиетті «Қорғаныс аптасы» қарсаңында шаһривар айының 26 күні Иран Ислам революциясының жетекшісі әрі елдің бүкіл қарулы күштерінің бас қолбасшысы аятолла Хаменеидің қатысуымен Полиция Академиясын аяқтаған курсанттарға диплом мен дәреже берген салтанатты шара өтті.

Аятолла Хаменеи Полиция академиясының кіреберісіндегі шәһидтердің қабірін аралап, «Фатиха» сүресін оқып, Алладан полиция күштері шәһидтерінің мәртебесін көтеруді сұрады. Содан кейін алаңға жиналған полиция, шекара және жол полициясының бірліктерін аралады. Рәсімде Полиция Академиясының басшылары мен үздік ұстаздары Иран қарулы күштері бас қолбасшысының қолынан сыйлық, ал Академияның екі курсанты әскери дәреже алды. Шәһидтерге адалдыққа ант беріп, майдандық жаттығуларды көрсету Полиция Академиясын аяқтаған курсанттар рәсімінің келесі бөлімі болды.

Полиция Академиясы ИИР полиция күштерінің офицерлер дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Академияның міндеті – Иран полициясының келешек офицерлерін тәрбиелеп, оларға білім беру. Академияның курсанттарына теориялық сабақтармен қатар елдің басқа жоғары оқу орындарында берілмейтін кәсіби дағдылар мен техникалық білім беріледі. Бұл жоғары оқу орны оқ ату, көлік жүргізу, жүзу, өзін-өзі қорғау сынды мықты полиция қызметкерінің бойынан табылуы тиіс тәсілдерін үйретіп, мамандарды тәрбиелейді.  

 

Діни жетекші  Полиция Академиясын аяқтаған курсанттарға диплом мен дәреже тапсыруға қатысты

Аятолла Хаменеи кездесудің басында алаңда өткен салтанатты шара үшін ризалығын білдіріп, ұлы Алладан оқуды аяқтаған жастар үшін осы дүние мен ақыретте бақыт сұрады. Ислам революциясының жетекшісі  қоғам үшін қауіпсіздік нығметінің маңыздылығына тоқталып, жиналғандарды мойындарындағы үлкен міндеттеріне назар аудартып: «Қауіпсіздік – Жаратушының басты нығметтерінің бірі. Егер елде қауіпсіздік болса, бұл елдін ғылыми, ахлақи және адами дамуына себеп болады. Егер қауіпсіздік болмаса бұлардың ешбіреуі жүзеге аспай, алға ілгерілеу көптеген қиындықтарға тіреледі. Сіздер мемлекет пен халқының бақытты болуы үшін қажет негізгі факторды қамтамасыз ету міндетін өз мойындарыңызға алдыңыздар. Бұл өте маңызды міндет. Сіздердің рухани және физикалық мүмкіндіктеріңіз сіздерге көмектеседі. Сіздер Алланың  көмегімен бұл міндетті атқарасыздар»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісінің алдында курсанттар майдандық жаттығуларды көрсетті 

Иранның бүкіл қарулы күштерінің бас қолбасшысы Ислам республикасы жүйесі дұшпандарының Иранның қауіпсіздігін бұзу талпыныстарына тоқталып: «Біздің жастарымыз бар күштерімен қауіпсіздікті қорғау үшін күресті. Олар Ислам революциясы жеңісінің алғашқы айларында елдің кейбір шекараларында дұшпанның түрткілерімен пайда болған елді бөлуді мақсат еткен қозғалыстарға қарсы күресті, сондай-ақ сегіз жолға созылған таңылған соғыс пен қасиетті қорғаныс кезеңінен кейін және қазіргі таңда да дұшпандардың елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру талпыныстарына қарсы тұруда. Біздің мүмін жастарымыз қарулы ұйымдарда, соның ішінде полиция күштерінде ержүректікпен елдің қауіпсіздігін қорғады»,- деді.

 Ислам революциясының жетекшісі полиция күштерінің халық олардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету талпыныстары мен жанкештіліктерін көретін жалғыз ұйым екендігіне тоқталып: «Сіздердің күш-қуаттарыңыз – Ислам революциясы жүйесінің абыройы. Сіздердің күштеріңіз, батылдықтарыңыз  бен әрекеттеріңіз – Ислам республикасы жүйесінің мақтанышы. Сіздер есірткі, қаладағы қылмыстар және әртүрлі бейберекеттіктер және бүліктермен бетпе-бет келген кезде жанкештілік танытқанда халық сіздердің талпыныстарыңызды көреді. Сонымен бірге халықың қажеттілігі саналатын қауіпсіздікті қамтамасыз етулеріңіз исламдық жүйенің абыройын да қамтиды. Бұл мемлекет үшін абыройдың критерийі»,- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі лаңкестік  дағдарысына тірелген тынышсыз аймақта Иранның қауіпсіздігінің қамтылуын Иран жастарының жанкештілігі мен талпыныстарына борыштар деп атап, жастардың мүмкіндіктеріне тоқталып: «Біз полиция күштеріміздің исламдық республика, исламдық үкімет және Құран мен Ислам негіздеріне сүйенген қоғамға сай болғанын қажет етеміз. Әрине, жастарымыздың тапынысы және илаһи көмекпен бұл мақсатымызға жетеміз. Полиция күштерінің сындарлы орнына жету үшін Аллаға тәуекел етіп, Жаратушыдан халықпен бірге болып, заңдарға табанды болу үшін көмек сұрау өте маңызды. Мемлекеттер мен халықтардың көбінің мәселелері өздерінің діни, ұждандық, ақыл және адами міндеттерін орындау саласындағы күдіктерге байланысты»,- деді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  ішкі қауіпсіздікпен бірге аймақ қауіпсіздігін өте маңызды мәселе санап, аймақтың бүгінгі тынышсыздықтарына билікқұмарлардың араласуы себеп болып отырғанын қуаттап: «Билікқұмар мемлекеттер кез келген құралды өздерінің заңсыз мүдделерін қамтамасыз етіп, халықтарды әлсірету үшін пайдаланады. Олар күндердің бірінде ДАИШ-ты құрды. Қарсыласу күштері мен мүмін жастар жігерімен ДАИШ пен соған ұқсас топтардың өмірінің соңғы күндерін жақындатқан кезде басқа қылмыстарды ойластырады. Бүгінде АҚШ-тың рөлі осы, яғни бір жолдан үміттерін үзген кезде келесі жолды іздейді»,- деді. Аятолла Хаменеи қарсыласу қозғалысы жастарының, Иран жастарының билікқұмар жүйелердің жобаларын сәтсіздікке ұшыратып, оларды жеңетінін қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі  аймақ халықтары мен үкіметтерінің өз күшін сезуін дұшпанды кейінгі шегіндіретін фактор деп атап: «Егер біз немқұрайдылық танытатын болсақ, дұшпан алға ілгерілей түседі»,- деді. Аятолла Хаменеи имам Хомейнидің «АҚШ –үлкен шайтан» деген тарихи сөзін еске салып: «Шайтандардың ең жаманы – АҚШ. Ол күн сайын өзінің шайтандығын көрсетеді»,- деп баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі  АҚШ-тың уәделерінде тұрмауы мен Иранның ядролық келіссөздерінің нәтижелері туралы уәждеріне тоқталып: «Иранның ядролық бағдарламасы – алдағы бірнеше жылда әрбір мемлекет өзінің медициналық және электр қуатымен қамтамасыз ету саласындағы бейбіт қажеттіліктері үшін қажет болатын толық ғылыми бағдарлама. АҚШ режимі Иран және басқа халықтардың ғылыми салада дамуына алаңдап, Иранға қарсы әділетсіз санкция салуда»,- деді. Аятолла Хаменеи АҚШ-тың Иранның ядролық келіссөздеріне қатысты ұстанымын зорлық-зомбылық санап: «Ирандық басшылар АҚШ-тың шіріген режиміне өз халқына табанды екенін, Иран халқының исламның берекесімен зорлық-зомбылыққа бағынбайтынын және ұлттық мүддеге табандылық танытатынын, сондай-ақ артқа шегінудің ИИР үшін мағынасының жоқ екенін дәлелдеуі керек»,- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи осал тұстарды анықтап, оны шешуді полиция күштерінің өте маңызды мәселелерінің бірі деп атап: «Жолдағы авариялар, елдің шекараларын қорғау, есірткі контрабандасымен, қастандықтармен күресу барысында полиция күштерінің талпыныстарымен осал тұстарды анықтап, соларды талқылау қажет. Мұндай жұмыс полиция күштерінің дамуына себеп болады» деді. Иранның бүкіл қарулы күштерінің бас қолбасшысы Полиция Академиясын аяқтаған  курсанттардың  рәсімінде сөйлеген сөзінің соңында Алладан жастар үшін мейірім тіледі.