Тасуа күні
(last modified Fri, 29 Sep 2017 11:11:36 GMT )
Қыр 29, 2017 17:11 Asia/Almaty
  • Тасуа күні

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның зұлымдық пен зорлық-зомбылыққа қарсы салтанатты көтерілісі хиджри қамаридің 61-ші жылының мұхарам айының оныншы жұлдызында Кербалада орын алғанымен, көтерілістің орын алуына көптеген оқиғалар себеп болды.

Ашура күні жақындаған сайын Язид бен Муавиенің бұзық үкіметінің әрекеттері имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ді тарихи көтереліске қарай жігерлендірді. Ашура көтерілісінің орын алуында маңызды рөл атқарған күндердің бірі оның алдындағы Тасуа күні болды. Бұл күні бірнеше маңызды оқиға орын алып, біріншіден, Умар бен Саад басқарған Язид әскері мен имам Хусейн (ғ.с.)-ның адамдарының арасында соғыс болатынын, келісімге келу жолдарының қалмағанын көрсетті. Екіншіден, соғыстың келесі күні, яғни мұхаррам айының оны немесе Ашура күні орын алатыны да белгілі болды. Имам Садық ( ғ.с.) Тасуа туралы: «Тасуа – Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің серіктері Кербалада қоршауға алынып, Шам әскері оларға қарсы жиналған күн. Ибн Зияд пен Умар бен Саад мұнша сарбаздың жиналғанына қуанып, енді имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктерін олардың алдында әлсіз санап, имамға көмек келмейтінін, ирактықтардың  оларды қолдамайтынын  білді".

Имам Хусейн (ғ.с.) Язидтің билігін қабылдап, оған адалдыққа ант бетуді масқара санағанымен, соғыс пен қантөгісті қаламады. Басқа жақтан Язид әскерінің қолбасшысы Умар бен Саад имам Хусейн (ғ.с.)-ның жоғары дәрежесі және Алла елшісінің алдындағы беделінен хабардар болып, имамды өз үкіметін қабылдауға етуге көндіргісі келді. Имам Хусейн (ғ.с.) Умар бен Саадпен кездесуінде оны ісінің нәтижесінен  хабардар етіп, Исламның ұлық пайғамбары әулетімен соғыспай, оларды өлтіруден бас тартқызғысы келді. Бірақ, үкімет тарапынан оған  Рейді басқару туралы уәде берілген соң имам Хусейн (ғ.с.)-ды Язид бен Муавиеге бағынуға мәжбүрлегісі келді. Сонымен бірге Язид әскерінің рақымсыз әрі дүниеқұмар қолбасшысы Шемр бен Зей әл-Джушанның Кербалаға келуімен соғыстың болатыны нақтыланды. Ол өзімен 4000 сарбазды ертіп әкелді. Әртүрлі құжаттар теңсіз соғыстағы Язид әскерінің санын 20 000-30000 деп көрсетеді. Басқа жақтан мұхарамның жетінші күнінен имам Хусейн (ғ.с.)-ның әулеті мен серіктерінің алдынан  су жабылды. Тасуа күні имамның серіктері қоршауға түсіп, енді көбірек күштің жететіндігіне үміт қалмады. Шемрдің Кербалаға ертіп келген сарбаздарынан гөрі Куфе басшысы Абдолла бен Зияд әкелген  хаты маңызды болды. Бұл хатта ол  Умар бен Саадқа имам Хусейнді Язидке бағынуға мәжбүрлеуді немесе хазіретпен күресуді бұйырды. Сондай-ақ, Ибн Зияд Умар бен Саадқа: «Егер бұл бұйрықты орындай алмасаң, әскердің қолбасшылығын Шемр бен Зей әл-Джушанға тапсыр»,- деп қоқан-лоққы көрсетті. Бұл хаттың Шемрдің араласуымен жазылғаны белгілі болды. Рей үкіметінен айырлығысы келмеген Саад имам Хусейн (ғ.с.)-ның әскеріне шабуыл жасайтын шешімін жариялады. Шемрдің Тасуа күні іске асырған қастықтарының бірі имам Хусейн (ғ.с.)-ның туын көтеруші бауыры хазірет Аббас бен Әлиді имамнан бөлу әрекеті болды. Хазірет Аббас имамның бауыры, адал әрі ержүрек серігі болды. Егер оны Хусейн бен Әли (ғ.с.)-нан алыстатса, көтеріліске ауыр соққы тиетін болды.

Шемр өзінің сұм мақсатына жету үшін хазірет Аба әл-Фазл мен оның үш бауырына қатысты хат алып, олардың аналарымен бір елде болуын пайдаланып, оларды өз жағына тартпақ болды. Бірақ, Шемр хазірет Аббасты шақырған кезде имам Хусейн (ғ.с.) одан Шемрге баруды сұрағанға дейін тіпті жауап та бермеді. Хазірет Аббас пен бауырлары олардың аман қалуына кепілдік беретін хат пен олардан  имамнан кетуді талап еткен шақыру туралы хабардар болған кезде ызаланып: «Алла сені мен сенің қамқорлығыңды лағынет етсін.  Біз аман қалып, пайғамбардың (с.ғ.с.) қызының баласы аман қалмасын дейсіңдер ме?!»,- деп жауап берді. Бұл қатаң жауап Шемрдің жобасын сәтсіздікке ұшыратып, оны хазірет Аббас пен имам Хусейн (ғ.с.)-ның арасында қайшылық тудырудан үмітсіздендірді. Шемр хазірет Аббастың бауырына адал екенін, бұл екі ағайындының арасында ажырамас байланыстың бар екенін түсінді. Шемр бен Зей әл-Джушанның айласы сәтсіздікке ұшыраған соң Умар бен Саад Тасуаның түсінен кейін әскеріне соғысқа дайындалуды бұйырды. Имам Хусейн (ғ.с.) дұшпанның шабуыл жасайтыны туралы хабарды ести салысымен хазірет Аббасқа: «Егер мүмкін болса, оларды соғысты ертеңге қалдыруға көндір. Бүгін түнде бізге Алламен сырласып, намаз оқып, өткізуге мұрсат берсін. Алла менің намаз оқып, Оның кітабын оқығанды жақсы көретінімді біледі»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның сұрағаны ақылға сай болғанымен, Ибн Саад басында қарсылық білдірді. Кейін кейбір қолбасшыларының пікірлеріне құлақ асып, соғысты Ашура күнінің таңына шегіндірді. Бұл түн имам Хусейн (ғ.с.) серіктерінің шатырларында ғибадат түні болды. Олардың болмыстарынан ертеңгі, яғни Ашура күнгі апат пен өлімге алаңдау байқалмады.  Сондықтан, имам адал серіктеріне «Егер кеткілерің келсе, қараңғылықты пайдаланып, бұл жерден кетіңдер» деп қайталаған кезде олар кетпек түгілі Алланың жолында имамның қасында өмірлерін қиюға дайын екендіктерін жариялады.

Негізінде мұхаррамның тоғызы немесе Тасуа күні хазірет Абу әл-Фазл Аббас ерекше рөл атқарды. Сол себепті бұл күні хазірет Аббас еске алынып, мадақталады. Ол имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісі ағымында ғана емес, бала кезінен имамды ерекше құрметтеп, жақсы көретін.  Хазірет Аббас әкесі имам Әли (ғ.с.) мен имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.) сынды бауырларының қасында өсіп, олардың білімінен пайдаланды. Хазірет Аббас бен Әли тек батыл жауынгер болмады, ол тақуа және жоғары ахлаққа ие ғалым еді. Сондықтан, имам Хусейн (ғ.с.) бауыры Аббасты ерекше құрметтеп, өзінің тірегі санап, оған қара байрағын  тапсырды.

Хазірет Аббастың кесенесі

Ашура хазірет Аббас бен Әли (ғ.с.)-ның жанкештілігі, батылдығы мен жауынгерлігінің көрінісі болды. Ол барлық жерді бақылауына алып, шатырларды қорғады. Серіктері бірінен соң бірі шәһид болып, хазірет Аббас та соғыс майданына шығып, шәһид болуын күтті. Үш бауыры рақымсыз дұшпанға қарсы шығып, шәһид болды. Басқа ешкім қалмады. Хазірет Абу әл-Фазл бауырының қасына келіп, соғыс майданына шығуға рұқсат сұрады. Кейбір тарихи құжаттар бойынша хазірет Аббастың шатырлардың қасында болуын маңызды санаған имам Хусейн (ғ.с.) оған рұқсат бермеген. Алайда оның ынтасын көріп, шөлдеген балалар үшін су әкеліп беруді сұрайды. Бұл ауыр әрі қатерлі міндет болды. Өйткені, төрт мың дұшпанның сарбазы Евфратқа ешкімді жақындатпады. Әрқашан бауыры әрі имамын тыңдайтын хазірет Аббас балалар мен әйелдердің қатты шөлдегендерінен хабардар болып, су үшін дұшпанның сарбаздарына шабуыл жасап, қоржынын суға  толтырды.

 Хазірет Абу әл-Фазл суды алып, қайтар жолында дұшпанның көптеген сарбаздарымен кезікті. Ол көркем әрі анық ұранымен шәһид болуға дайын екенін және қақтығыстың қиындығынан қорықпайтынын қуаттады. Бұл батыл жауынгер дұшпанның сарбаздарының арасынан жолын ашып, су құйған қоржынын қорғауға талпынды. Дұшпандардың бірі хазірет Аббастың оң қолын шауып тастайды. Бірақ, жиһадтың қаһарманы: «Аллаға ант етемін, оң қолымды шауып тастағандарыңмен, мен дінім мен пайғамбардың перзенті адал имамды қолдаудан бас тартпаймын»,- деді. Арсызданған дұшпан хазірет Аббастың сол қолын да шауып, басынан темір қылышпен ұрғанда хазірет атынан құлайды. Алыстан бауырын көріп тұрған имам Хусейн (ғ.с.) жылдам оның қасына жетіп, жылап: «Белім сынды, күшім азайды»,- дейді. Имамның бұл сөзі хазірет Абу әл-Фазлдың беделін көрсетеді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның перзенті имам Саджад (ғ.с.) ағасы туралы: «Алла Тағала ағам Аббасқа рақымын берсін. Ол қолдарынан айырылып, шәһид болғаннан дейін жанкештілік көрсетті. Алла Тағала оның жанкештілігі үшін Джафар Тайярға сыйлағандай оған періштелермен бірге жәннатқа дейін ұшып барсын деп, екі қанат сыйлады. Аббас ұлы Алланың алдында қиямет күні барлық шәһидтер армандайтын дәрежеге ие»,- деген.