«Қасиетті қорғаныс» апталығы (2)
(last modified Mon, 02 Oct 2017 08:33:35 GMT )
Қаз 02, 2017 14:33 Asia/Almaty

8 жылдық Қасиетті қорғаныс басқыншыны жеңіліске ұшырату ғана болған жоқ, ИИР жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздік негіздерін нығайтқан үлкен сынақ болды. Соның нәтижесінде исламдық Иран кез келген басқыншыға кесімді жауап беруге дайын болып, күшейе түсті.

«Қасиетті қорғаныс» апталығына арналған екінші бағдарламада үстемшіл елдердің осы басқыншылықты қолдап, АҚШ-тың аймақта әлі жүргізіп жатқан саясаттарынан көздейтін мақсаттарға шолу жасаймыз.

Саддам режимі х.ш.ж.с.б. 1359 жылы 31 шахриварда (1980 жылдың қыркүйек айында) Иранға қарсы ауқымды басқыншылықты бастады. Таңылған соғыс жылдары Иранға қарсы Батыс пен Шығыс елдері және олардың аймақтағы  одақтас елдерінен тұратын ауқымды майдан құрылды. Ауқымды майданның мақсаты ислам жүйесін әлсіретіп, ішкі қиындықтарға шырмап, соңында ИИР-ды құлатуға жағдай жасау болды. Бірақ, Иран халқы әртүрлі қиындықтарға қарамастан, осы майданға қарсы тұрып, соғыстан абырой-беделмен шықты.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи армия және тәртіп сақтау күштерінің жоғары лауазымды қолбасшыларымен  кездесуінде  Қасиетті қорғаныс кезеңдерін Иран халқы үшін абырой мен мақтаныштың  мәйегі деп атап: «Таңылған соғыстың рухани және материалдық шығындары жоғары болғанына қарамастан, 8 жылдық Қасиетті қорғаныстағы Иран халқының жетістіктері шығынға қарағанда әлдеқайда көп болды. 8 жылдық Қасиетті қорғаныстың тәжірибесі көрсеткендей, көптеген қиындықтар, қысымдар мен қаржы тапшылығына қарамастан, Иран халқы әлемдегі алпауыттардың зорлығы мен жөнсіз талаптарына қарсы тұруға болатынын көрсетті. Иран халқының 8 жылдық Қасиетті қорғаныстағы табандылығының арқасында ислам және ислами емес елдердің ықпалды тұлғалары мен белсенді адамдарының көбі құр қолмен болса да, айбынмен қорғалуға болатыны туралы нық сенімге ие болды»,-деп қуаттады.

Қасиетті қорғаныс кезеңінде қол жеткізілген нәрселердің рухани, саяси және әскери құндылықтарға ие екендігі, оларды сақтап, нығайту керек екені анық. Осындай қырлардың бірі – қорғаныс қабілетін жоғарылату және тежегіш қуатты арттыру. Сол себепті барлық салаларда қорғаныс қабілетін нығайту Иран Қарулы күштері бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады.

ИИР қорғаныс доктринасының негізі «белсенді тежеу» және «ықпалды да айбынды қорғану» үшін құрал-жабдық өндіру болып табылады. Осы аяда Иранның әскери әлеуеттерінің жергілікті мамандардың білімі мен күш-қабілетін қолдану арқылы дамығаны соншалықты, Иран өзінің қорғаныс қажеттіліктері саласында салыстырмалы түрде өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне жетті.

Иран армиясы Хатам ул-Анбия  әуе қорғаныс базасының қолбасшысы бригада генералы  Фарзад Исмаили осы жайлы: «...Егер қажет болса, Иран Қарулы күштері Ислам революциясы Сақшылар корпусы тарапынан құлатылған сионистік режимнің «Гермес» ұшқышсыз ұшағы сияқты басқа ұшақты да зымыранмен құлата алады. Егер қажет болса, электронды соғыста RQ-170 cияқты ұшақты жер бетіне қондыра алады. Егер қажет болса, 1393 жылдағы ИСАФ сияқты НАТО-ның 108 экипажы бар әскери ұшағын ИИР жеріне қондырып, кешірім сұрата алады. Егер қажет болса, дұшпанды әуе қорғаныс күштерінің зымырандарымен төпелей алады»,-деді.  

Бүгінде Иранның зымыран саласында қабілеттік деңгейін арттырғаны соншалықты, кез келген ұзақтық пен нақтылыққа арналған зымырандарды қалаған көлемде өндіре алады.

Иранның 2000 км ұзақтыққа арналған «Хоррамшахр» баллистикалық зымыраны сынақтан сәтті өткен елдің қорғаныс саласындағы ең жаңа жетістік саналады.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы бригада генералы Амир-Али  Хаджизаде жұма күні Иран Қарулы күштерінің парады кезінде тілшілерге берген сұхбатында 2000 км ұзақтыққа арналған «Хоррамшахр» баллистикалық зымыранының 1800 кг көлемінде бірнеше соғыс оқтұмсығын тасымалдау қабілетіне ие екендігін айтты.   

Бұлар Иранның исламдық жүйесі мен халқы үшін үлкен жетістік, ал дұшпандарға қарсы тежегіш фактор болып табылады. Егер бір ел Иранға басқыншылық жасауды мақсат ететін болса, оған өкінерліктей жауап беріледі. 

АҚШ таңылған соғыс кезінде әскери гегемония қалыбында өзінің аймаққа ықпалын арттыруға тырысты. Қазіргі аймақтық өзгерістер көрсеткендей, АҚШ-тың аймақтағы стратегиясы бұрынғы басқыншылық саясаттардың жалғасы болып отыр. Бұл стратегияның Трампқа дейінгі кезеңнен ешқандай айырмашылығы жоқ. АҚШ-тың өзі тудырған қоқан-лоққылармен күресу сылтауымен аймақтағы араб шейхтеріне қару-жарақ сатуда өзіндік есебі бар. Сондықтан, осы қастандықтың жолын жауып, оны сәтсіздікке ұшырата алатын нәрсе – қорғаныс күші мен тежегіш қуат тұрғысынан дайын болу.

ИИР Президенті Хасан Рухани Теһранда Иран Қарулы күштерінің әскери парадында сөйлеген сөзінде: «Иран өзінің баллистикалық зымырандарының қабілетін нығайтуды мақсат етіп отыр. Оған шетелдік алпауыттардан рұқсат сұрамайды»,-деп баса айтты. 

АҚШ-тың саясаткерлері республикашыл немесе демократ болғанына қарамастан, Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бастап бұл елге қарсы сан рет қастандық жасап, Иранға қарсы соғыста Саддамды қолдап келді. Енді Иранға қатысты қоқан-лоққы тілін пайдаланып отыр. Ақ үй басшылары өз уәждеріне қатысты Иранның ұстанымын біледі. Іс жүзінде Иранның жариялаған және жүзеге асырып отырған саясатының алпауыт елдерге қарсы табандылық пен олардың аймақтық коалицияларының құрылуы мен қоқан-лоққыларынан қорықпау болып табылатындығына көздері жетті.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи армия қолбасшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде жүйенің айшықты әрі мықты тұстарының бірін алпауыттардың үркітуіне қарсы Иран халқының ержүректік мен табандылық рухы деп атап: «Басқыншы алпауыттардың амал-тәсілдерінің бірі – халықтар мен үкіметтерді қорқытып, оларды өзінің заңсыз мүдделерін қамтамасыз етуге көндіріп, өздерін әсірелеп көрсету»,-деді.

Ол Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бері жасалған әртүрлі қастандықтарға тоқталып: «Егер ИИР жүйесі мен халқы алпауыттардан қорқып, олардың алдында кері шегінген болса, бүгінде Иран мен ирандықтан ешбір белгі қалмаған болар еді»,-деді. 

Ислам революциясының жетекшісі: «Өз халқымен тығыз байланысты, өз халқын жақсы көретін, халқы да оны жақсы көретін әрі дұшпанның алдында табанды жүйеге қарсы АҚШ пен одан да үлкен дұшпан ештеңе де істей алмайды»,-деп қуаттады.