Имам Хосейн (ғ.с.)-ның азасындағы жылау – мойынсұну мен шынайы махаббат
(last modified Thu, 05 Oct 2017 12:08:35 GMT )
Қаз 05, 2017 18:08 Asia/Almaty
  • Имам Хосейн (ғ.с.)-ның азасындағы жылау – мойынсұну мен шынайы махаббат

Аза тұту рәсімдері – қиындық көрген жеке адам немесе қоғамға тыныштық сыйлау үшін өткізілетін рәсім. Алайда имам Хосейн (ғ.с.)-ға арналған рәсімдерге қатысушылар өздерін осы үлкен оқиғаның зардап шегушісі, қайғыға батушысы санап, бір-біріне көңіл айтады.

Мұхаррам айының келуімен әлемнің азаттық сүйгіш халқының жүрегінде  имам Хосейн (ғ.с.)-деген махаббат жанданып, Кербала оқиғасын еске алып, көздері жасқа толады. Кербала оқиғасынан 1372 жыл өткенімен, осы уақытқа дейін жыл сайын мұхаррам айында мұсылмандар жиналып, имам Хосейн бен Әли (ғ.с.) мен хазіреттің серіктеріне арналған аза рәсімдеріне қатысады.

Аза тұту рәсімдері – қиындық көрген жеке адам немесе қоғамға тыныштық сыйлау үшін өткізілетін рәсім. Алайда имам Хосейн (ғ.с.)-ға арналған рәсімдерге қатысушылар өздерін осы  үлкен оқиғаның зардап шегушісі, қайғыға батушысы санап, бір-біріне көңіл айтады. Имам Хосейн (ғ.с.)-ға арналған аза рәсімдері Ашура ерлігінің ұмытылмауына себеп болады. Мұндай аза рәсімдері мұсылмандық шара түрінде өтіп, оған әйелдер мен ерлер, қарттар мен жастар және балалар қатысып, имам Хосейн (ғ.с.)-ның ерлігінің жолдаулары мен ғибраттарын түсінеді.

Имам Хосейн (ғ.с.)-ға арналған рәсімдерге қатысушы халық қайғырып жылайды. Аза рәсімдері оларға рухани тұрғыдан әсер етеді. Сырт көзгі уайым-қайғы адамдардың жүздерінен көрінсе, ішкі уайым-қайғы күнделікті өмірдің уайым-қайғысынан өзгеше. Бұл уайым-қайғы – қозғалыстың бастауы. Бұл аза абыржудың себебі емес, керісінше ерекше тыныштық пен ішкі шаттықты қалыптастырады. Осыған орай имам Хосейн (ғ.с.)-ға арналған аза рәсімдеріне қатысқан адамдар еш уақытта олардың қайталануы мен жалғасуынан шаршамайды. Мұның барлығы Алла елшісінің: «Имам Хосейн (ғ.с.)-ның шәһадаты үшін мүміндердің жүректерінде еш уақытта өшпейтін жалын болады»,- деген сөздерінің көрінісі.

Махаббат пен сезім – имам Хосейн (ғ.с.)-ның аза рәсімдерін өткізудегі ең маңызды факторлар. Бірақ еш уақытта сезіммен ғана шектелген жоқ, ақыл мен діни білімнен тамырлануын да байқауға болады. Сондықтан, азалы жиындар – халықты имам Хосейн (ғ.с.)-ның болмысы және қозғалысымен, сондай-ақ діни мағрифатпен таныстыру үшін жақсы мұрсат. Имам діни міндетін орындау жолында шәһид болды. Аза рәсімдерінде хабардар уағызшылар шариғат пен басқа діни мәселелер, ахлақ пен наным-сенімдер туралы баяндап, аза тұтушыларды діни тағылымдармен таныстырады. Сондықтан, имам Хосейн (ғ.с.)-ға арналған аза рәсімдері тарих бойында дінді жандандырып, Исламның тағылымдарын таратуға жағдай тудырды. Хиджри қамаридің 61-ші жылы имам Хосейн (ғ.с.) дінді жандандыру үшін көтерілген сынды имам мен хазіреттің серіктерін аза тұтушылар олардың болмысы және айбын рухтарымен танысады. Олар сабыр, даналық, шыдамдылық, батылдық пен жанқиярлық сынды жағымды сипаттарға ие кемел адамдар болған. Мұнымен қатар халық имам Хосейн (ғ.с.)-ның дұшпандарымен, яғни Язид және язидшілерімен де танысып, олардың қара ниеттері мен әрекеттеріне жиіркеніш білдіреді. Осыған орай имам Хосейн (ғ.с.) азалары іс жүзінде «тавала» мен «табараға» жету. «Тавала» – Алланың достарына достық білдіру, «табара» – Алланың дұшпандарына дұшпандық білдіру. Мұсылман шыншылдармен дос болып, керісінше жалғандықтың жақтастарынан алыстауға міндетті. Сондықтан, имамды аза тұтушылар өздерінің имамы мен басшысына: «Мен сізбен тату адаммен тату боламын. Сондай-ақ, сізге соғыс жариялаған адамға қарсы тұрамын. Сізді жақсы көретіндермен дос болып, сізге дұшпандық танытқандарға дұшпандық білдіремін»,- дейді.

Имам Хомейни атындағы діни мекендегі аза рәсім

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Иман келтіргендердің жүректері Алланың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен ақиқатқа жібімей ме?»- деген («Хадид» сүресі, 16-шы аят).

Имам Хосейн (ғ.с.)-ның достары да мұхаррам айының келуімен таухидтің үлкен басшысын еске алып, жылайды. Олардың имам Хосейнді (ғ.с.) қайғырып жылауы Аллаға иман келтіруі мен Оның алдындағы қарапайымдықтарының белгісі. Исламның ұлық пайғамбары: «Хосейнмен дос болу – Алламен дос болу, имамға дұшпан болу Аллаға дұшпан болу»,- деген болатын. Имам Хосейн (ғ.с.) үшін жылау адами кемелдікке иман келтіру және кемелдікке жету талпынысынан пайда болады. Негізінде кемел адамдардан айырылу әрқашан ауыр тиеді. Халық өкініш білдіріп, оларды аза тұтады. Ал егер мұндай адамдар мазлұмдықпен қаза болса, қазаны қабылдау одан сайын  ауыр болады. Сондықтан Кербала оқиғасынан кейін тірі қалған ең айбынды азамат имам Саджад (ғ.с.)-ның ұзақ жоқтауы жақындарын жоғалтуымен бірге олардың мазлұмдықпен құрбан болғандықтарына байланысты болды. Имам Саджад (ғ.с.) Кербала оқиғасын, әкесі мен ағаларының және тағы да басқа жақындарының шәһидтіктерін ,6жақыннан көрді.

"Хосейн кім?" деген рәсімдегі швециялық әйелдің жылауы

Имам Хосейн (ғ.с.)-ға арналған аза рәсімдеріндегі жоқтау адамдардың жүрегінен шығып, имам мен хазіреттің серіктерінің мазлұмдықпен дүниеден озуы сезімдерді оятататын ең маңызды фактор болып табылады. Олардың дүниеден мазлұмдықпен кетуі тіпті көптеген мұсылман емес адамдардың аза рәсімдерінде қатысуына себеп болды. Аза тұтушылар қайғыға батып, көздері жасқа толады.

Имам Хосейн (ғ.с.)-ды аза тұтушылардың көз жасы олардың ішкі мейірімдері мен махаббаттарының белгісі. Бұл махаббатты олардың жүректерінде Алла Тағала қалыптастырды. Бұл көз жасының әртүрлі әсерлері байқалады: бір жағынан азадағы көз жастары рухани тыныштыққа жеткізеді. Басқа жағынан аза рәсімдеріне қатысушылардың мейірімдері мен білімлерін арттырып, олардың шәһидтер сынды болуы үшін іс-қимылдарын өзгертуге себеп болады. Имам Хосейн (ғ.с.) үшін жылау саяси және қоғамдық тұрғыдан да көп әсерін тигізеді. Өйткені, мұндай жоқтаулар дінді жандандырып, әділет орнату үшін хабардар түрде көтеріліп, қолындағы барын осы жолда жұмсаған ұлы тұлғаны еске салады. Хазірет бұл жолда сәбиінен де айрылды. Сонымен, имам Хосейнды  (ғ.с.) жоқтап, жылау аза тұтушыны теңдессіз тұлғаға жақындата түседі.

Аза тұтушы имам Хосейн (ғ.с.)-ға аза рәсімдерін өткізіп, жылап, хазіреттің өзі мен қозғалысына табанды екенін жариялайды. Олар іс жүзінде де өздерінің табандылықтарын  дәлелдейді. Ирандық шәһид Мохсен Ходжаджи мен оның серіктері – қазіргі әлемдегі имам Хосейнді (ғ.с.) аза тұтушылардың үлгілері. Олар ДАИШ тобының тұтқынына түсіп, имам Хосейн (ғ.с.) сынды батылдығы және ғиззатымен шәһид болды.

Шәһид Мохсен Ходжаджи ДАИШ тұтқынында

Ашура мәдениетіндегі жылау – имам Хосейн (ғ.с.) көтерілісінің ұмытылмауына себеп болатын және шәһидтік жолдауын басқа барлық қоғамдарға жеткізетін фактор. Имам Хомейни бұл туралы: «Имам Хосейннің (ғ.с.) аза рәсімдерінде жылау – бұл қозғалысты мәңгілік ету. Мәңгілік  ету деген аз санды халықтың үлкен империяға қарсы тұруы. Олар көз жасынан қорқады. Өйткені, бұл – мазлұмның көз жасы, залымға қарсы дауыс»,- деп айтқан болатын.

***********************************