Мұхаррам және Ашураның әртүрлі халықтар арасындағы көріністері 4
(last modified Tue, 10 Oct 2017 10:11:59 GMT )
Қаз 10, 2017 16:11 Asia/Almaty

Иранның әртүрлі аймақтарында пәк имамдардың, әсіресе имам Хосейннің (ғ.с.) шәһид болған күннің жылдығында аза рәсімдері өткізіледі. Негізінде, мұхаррам айындағы арнайы аза рәсімдері мен ұрандар – ислам әлемінің әртүрлі бөлімдеріндегі діни рәсімдердің бір бөлімі.

Аза рәсімдерінің рөлі пәк имамдардың өмір жолдарын үлгі етіп, қоғамдағы адамдардың мейірімділігі мен өзгеруді қалау тұрғыларын дамыту саналады. Имам Хосейн (ғ.с.)-ның аза рәсімдерінде іс-қимыл шынайы және бейресми болады. Нәтижесінде, аза тұтушылардың арасында қоғамдық бірлік пен ынтымақтастық пайда болды. Мұхаррам айында Иранның әртүрлі аймақтарында  өтетін аза рәсімдерінің түрлілігі мен кең ауқымдылығы байқалады.

Аза рәсімдердегі бірлік

«Марсие сораи» («роузе хани») – имам Хосейн (ғ.с.)-ның аза рәсімдеріне қатысты, сонымен бірге пәк имамдардың ерекшеліктері мен қиындықтарын айтқанда әрі діни мәселелерді баяндау үшін қолданылатын термин. «Марсие» деген сөздің мағынасы өлгендерді және олардың жақсылықтарын еске алуды білдіреді. Яғни, адамның дүниеден озуы мен бір нәрседен айырылуына өкініш білдіру. Дүниеден озған адамдарды еске алу туралы аза рәсімдерінде мәрсие оқу халықтар арасында ежелден таралған рәсім.  «Ноухе» де – діни рәсімдердің бір түрі. Ол имам Хосейн (ғ.с.)-ға арналған аза рәсімдерде «сине зани» және «занджир занимен» бірге оқылатын діни марсиелердің бір түрі. Кербала шәһидтері үшін оқылатын «ноухе» ашуралық аза рәсімдеріне байланысты. Аза рәсімдері халықтың жаппай қатысуымен  өтетін болғандықтан, қарапайым және қызықтыратын өлеңдер оқу халықтың сезімдерін оятып, бірлігін орнатуға көмектесетін ең жақсы құрал.

Жақындарымызға арналған аза рәсімдерін Құран аяттарын оқумен бастап, жалғасында марқұмның жасы қасиеттерімен таныстырып, жақындарына аяушылық білдіріп, аяқтаймыз. Имам Хосейн (ғ.с.) мен Кербаланың басқа шәһидтерінің аза рәсімдері дін және діни әулиелер мен адамдар арасындағы рухани байланысты мәңгілік сақтауға себеп болатын факторлардың бірі саналады.

Мұхаррам айында, әсіресе «мұхаррам онкүндігі» – айдың  бірінші он күні Иранның барлық қалалары мен ауылдарында пайғамбар әулетінің жақтастарының үйлері, мешіттер, «хосейниелер» мен «текиелер» деп аталған діни мекендерде аза рәсімдері өтеді. Бұл рәсімдерді жақсырақ өткізу үшін дайындықтар алдын ала басталып, жиындарда сөз сөйлейтін адамдар мен аза тұтушыларға берілетін ас-су ұйымдастыралады.

Ирандағы "роузе" оқу рәсімі

Үйлерде әйелдердің аза рәсімдерін орындауы, мәселен «роузе» оқуы – ирандық әйелдер өткізетін ерекше рәсімдердің бірі түрі. Олардың көптеген әсері бар. Соның бірі әйелдерді пәк имамдарды, әсіресе хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мен хазірет Зейнапты үлгі тұтуға үйретуде. Аллаға иман келтірген діни перзент тәрбиелеу үйлерде өтетін рәсімдердің келесі берекесі болып табылады. Өйткені, балалар кішкентай кездерінен діни мәселелермен танысса, кәмелет жасына жеткен кезде діни міндеттерін жақсырақ орындайды.