Барзанидің Ирактың Күрдістан аймағын бөлу туралы референдум өткізудегі мақсаты 1
(last modified Thu, 12 Oct 2017 19:41:42 GMT )
Қаз 13, 2017 01:41 Asia/Almaty
  • Барзанидің Ирактың Күрдістан аймағын бөлу туралы референдум өткізудегі мақсаты 1

Ирактың Күрдістан аймағының басшысы Масуд Барзани 2017 жылдың қыркүйек айының 25 күні жергілікті, аймақтыө және халықаралық қарсылықтарға қарамастан референдум өткізді.

Барзанидің белгіленген күні референдум өткізудегі мақсаты мұрсатты өзінің саяси мақсаттарына жету үшін пайдалану болды. Барзанидың Ирактың Күрдістан аймағын басқаруына жасаған шолу оның аймақты бөлутуралы референдум өткізуінің мақсаты Барзани әулетін Ирак күрдтері мәселелерінің шешімі етіп көрсету болды. Ирактың Күрдістан аймағының экономикалық және саяси дағдарыстармен бетпе-бет келуіне байланысты барша Барзаниді айыптауда.

 Масуд Барзанидің Ирактың Күрдістан аймағының билігін басқарудағы екінші кезеңі екі жылға созылып, 2015 жылдың тамыз айының 19 күні аяқталды. 2013 жылы Ирактың Күрдістан аймағының Демократиялық партиясы мен Ирактың Күрдістан аймағының Патриоттық одағы басқа күрд партияларының кейбір қарсылықтарына қарамастан, Ирактың Күрдістан аймағының референдумы мен аймақ басшысының сайлауын екі жыл кейінге қалдыруға келісті. Бұл келісімге сәйкес Барзанидің билігі екі жылға созылды. Сондай-ақ, екі жылдан кейін Барзанидің билігі жалғаспайтыны туралы  келісім де жасалды. Ирактың Күрдістан аймағының Конституциясы бойынша бір адам екі реттен артық аймақ билігіне ие бола алмайды. Масуд Барзанидің екі жылға созылған билігі аяқталған кезде Ирактың Күрдістан аймағының саяси және экономикалық жағдайы нашарлады. Масуд Барзани аталмыш аймақтың билігін екі тәсілмен іске асырды. Ол бірінші кезеңінде билік басына Ирактың Күрдістан аймағының жергілікті Парламентінің дауысымен жетті. Екінші кезеңінде Ирактың Күрдістан аймағы халқының тікелей дауыс беруімен сайланды. Сондай-ақ, билігі созылған кезеңде аймақты келісім бойынша басқарды. Бірақ, 2015 жылдың тамыз айының 19-нан осы уақытқа дейін ешбір келісімсіз сол аймақты басқаруды жалғастырып келеді.

 2015 жылдың тамыз айының 19 күні Масуд Барзанидің Ирактың Күрдістан аймағын  заңды және келісім бойынша басқару уақытының аяқталуымен бұл аймақтың саяси және экономикалық  нашар жағдайына байланысты наразылықтар пайда болды. Ереуілдер мен шерулер өткізіп, мәлімдеме жариялау  халықтың аймақ жағдайына наразылық білдіретін құралдары болды. Ирактың Күрдістан аймағының мұғалімдер одағы, Салаһаддин жоғары оқу орындары, Эрбильдің Политехникалық және Медициналық университеттері мен басқа да әртүрлі таптар Масуд Барзанидің заңсыз билігі кезінде әртүрлі жолдармен аймақ басшыларына, әсіресе Барзаниге наразылықтарын жеткізді. Осы салада Солеймание қаласының мұғалімдері мен мәдени қайраткерлері Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумнан кейін шеруге шығып, бұл аймақтағы қаржы жемқорлығының таралуымен айыптап, құқықтық жағдайлары мен күнделікті тұрмыстарын жақсартуды талап етті. Шерушілер ұрандар айтып, егер талаптары орындалмаса, азаматтық жолдар арқылы наразылықтарын жалғастыратындықтарын ескертті. Наразы мұғалімдердің бірі Осман Голпей: «Біздің өткен жылғы талаптарымыздың ешбіреуі іске асырылмады. Жағдайларымыз жақсарудың орнынан өткен жылғыдан бетер нашарлады. Ирактың Күрдістан аймағының мұғалімдері мен жұмысшылары айлар бойы еңбекақыларын алмады немесе аймақ басшылары олардың ақыларын азайтты. 2016 жылдың ақпан айында Ирактың Күрдістан аймағының басшылары экономикалық үнемдеу саясаты бойынша мемлекеттік қызметкерлерінің еңбекақыларының 15-75 пайызға төмендетілетіні туралы хабарлады.   Бұл шешім Ирактың Күрдістан аймағындағы наразылықтарды арттырды»,- деді.

Ирактың Күрдістан аймағының жағдайын наразылық, ереуіл және қауіп-қатерге жеткізген билікке жету мақсатын көздеген саяси дау-дамайлар мен соғыс болды. Бұл саяси дау-дамайлар Ирактың Күрдістан аймағының басшысын бекіту саласындағы қайшылықтардан туындап отыр. Масуд Барзани 2015 жылдың тамыз айынан билік басында бұл аймақтың  барлық партияларының өкілі ретінде отырға жоқ. Ол бұл лауазымды тек өз партиясының қалауы бойынша ғана ықтиярына алды. Дәл осы негіздер бойынша Ирактың Күрдістан аймағының бөліну референдумын өткізді. Ирактың Күрдістан аймағының Демократиялық партиясы оны бұл аймақтың басшысы болуға ең жақсы үміткер деп санайды. Дәл осы мәселе саяси дағдарысты аймақтағы экономикалық дағдарыстан жоғарылатты. Ирактың Күрдістан аймағы Демократиялық партиясының талабы және оның қарсыластарының келіспеуі аталмыш партияның Барзанидің бәсекелесін жергілікті кеңседен шығарып жіберіп, Юсеф Мұхаммад Садыққа жергілікті парламенттің басшысы міндетін жалғастыруға кедергі болды. Бұл жағдай Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумге дейін жалғасты. Ливанның «Әл-Аһд» ақпарат базасы бір мақаласында: «Тарих Масуд Барзанидің іске асырған әрекеттерінің Ирактың Күрдістан аймағындағы күрдтердің мүдделеріне қайшы болғанын жақсы көрсетеді. Барзанидің Ирактың Күрдістан аймағын бөлуге қысым көрсетуі үкімет билігін мұралық етуді көздейтіндігінің белгісі» деп жазды.

Ирактың Күрдістан аймағын бөлу туралы референдумға қатысты күрдтер арасындағы қарсы дауыстардың болуына байланысты Барзанидің бұл аймақтың саяси саласындағы  жолы оңай болмайды. Израильдің Барзанидің референдум өткізуін қолдауы оған қатысты сынды арттырды. Басқаша айтқанда, барша үшін Барзанидың бөліну туралы референдум өткізуінің мақсаты күрдтердің қалауы емес екені, тек өз мүдделерін сақтау үшін екені анықталды. Сол себепті Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әлиакбар Велаяти  Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуін заңсыз деп жариялап, әрекет салдарынан аймақта тынышсыздықтардың туындауы мүмкін екендігін ескертті. Ирак Президентінің бұрынғы кеңесшісі Вафиқ әл-Самераи Ливанның «Әл-Майадин» арнасына берген сұхбатында «Масуд Барзани  отпен ойнап отыр. Ирактың Күрдістан аймағында өткен референдум Масуд Барзанидің билігінен айрылуына себеп болады. Израильдіктер  1960 жылдардың ортасынан осы уақытқа дейін Барзанидің күштерін қолдауда. АҚШ-тың Барлау ұйымы да Масуд Барзанидің әкесі Молла Мұстафа Барзанидің кезінен бері Ирактың Күрдістан аймағына араласып отыр»,- деді.

 

Тегтер