Қасиетті қорғаныс апталығы (3)
Иран 8 жылдық Қасиетті қорғаныс барысында дұшпанның басқыншылығына қарсы тұрып, əлем халықтарына үстемшіл алпауыттардың алдында тізе бүкпейтінін көрсетіп, теңдессіз ержүректікпен қорғанып, дұшпанды Иранның жерінен қуып шықты. «Қасиетті қорғаныс» апталығына арналған үшінші бағдарламамызда деректер, институттардың зерттеулері мен саяси тұлғалардың пікірлері негізінде Саддам режимінің Иранға таңған соғысының басталу себептеріне шолу жасаймыз.
Ирактың Иранға таңған соғысының басталуы мен аяқталуы
Ирактың Иранға соғысы х.ш.ж.с.б. 1359 жылдың 31 шахриварында, сәйкесінше 1980 жылдың қыркүйек айында Ирактың Иранның бірнеше әуежайына әуеден және Баас армиясының Иранның батысы мен оңтүстігіндегі қалаларға құрлықтан жасаған шабуылдарымен басталды. Бұл соғыс Ислам революциясы жеңіске жеткеннен 19 ай өткен соң және Саддам Алжир келісімін Бағдадта теледидар алдында жыртып тастағаннан бірнеше күн өткен соң орын алды. Саддам бір сөзінде Арвандрудтың Ирактың толық меншігінде екенін және Иран аралдарының арабтарға тиесілі екенін айтып, Иранға соғысты құрлықтан, әуе мен теңізден бастады.
Саддам Хусейн 31 шахривардың түс кезінде Иранға шабуыл жасау бұйрығын бермес бұрын шекаралық қайшылықтар тақырыбын соғыстың басталу себебі деп атады. Алайда, тіпті оның өзі бұл соғыстың алдын ала жоспарланып, ойластырылған трансаймақтық жоспарын орындау ғана екенін білген. Бағдад үкіметінің өзі осы жоспарды орындауға ынта танытқан.
Кейін ирактық және ирактық емес саясаткерлер тарапынан айтылған көзқарастар бойынша, Саддам Ислам революциясы мен ИИР-ын жою жобасын сәтті орындау арқылы осы революциясының жеңісінен кейін мүдделеріне қатер төнген елдердің қолдауына ие болып, араб әлемінің жетекшісіне айналуды ойлады.
Сол себепті көптеген саяси сарапшылар Ирактың Иранға таңған соғысын шекарадан тыс жердегі талап-тілектен бастау алған трансаймақтық басқыншылық деп атады. Осы тұрғыдан Ирак армиясының Иранға басып кіруі әлемдегі хабардар саяси орталардың ешқайсысының таңданысын тудырмады.
Ирактың басшылары басқыншылықты бастаған кезден-ақ өздерінің саяси, әскери және жарнамалық күш-қуатын Иран Ислам революциясын тізе бүктіру үшін жұмсады. Ирак саяси майданда көптеген делегацияларды Еуропа, Африка мен Азия елдеріне жіберіп, осы сапарларда өзінің ИИР-на соғыс ашқандағы мақсаттарын әлем халықтарына түсіндіруге тырысты.
Ирактың Баас режимі соғыс кезінде барлық халықаралық заңдар мен қағидаларды бұзды. Алжир келісімі, химиялық қаруларды қолдануға тыйым салу келісімі, тұрғын үйлерге шабуыл жасауға тыйым салу келісімі, соғыс тұтқындарына адами қатынас көрсету қажеттігі туралы келісім, авиациялық қауіпсіздікті сақтау қажеттігі туралы келісім, теңіздер мен ауылдардың қауіпсіздігін сақтау қажеттігі туралы келісім және тағы да басқа жүздеген келісімдер, халықаралық заңдар мен ережелер соғысы барысында Саддам режимі тарапынан бұзылды.
Соғыстың аумағы тек шекаралық аудандармен ғана шектеліп қалған жоқ. Иранның көптеген қалаларындағы тұрғын үйлер мен мектептер зымырандық шабуылдарға ұшырап, бомбаланды. Иранның айлақтарына жіберілген жүк кемелері мен мұнай танкерлері сан рет нысанаға алынып, Сауд Арабиясында орналасқан «Авакс» тыңшылық ұшақтары Ирактың қырғи ұшақтарына нысананы анықтауға көмектесті.
Таңылған соғыс барысында Ирак қару‑жарақ, қаржы және саясат тұрғысынан халықаралық шектеусіз қолдауға ие болды. АҚШ, Франция, Кеңес одағы мен Британия Иракқа қажет қару‑жарақтарды экспорттаушы елдердің алдыңғы сапында болды. Германия мен басқа да бірқатар еуропалық елдер Иракты химиялық қарулармен қамтамасыз ететін, ал Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері Иракты мұнай және қаражат тұрғысынан қамтамасыз ететін басты елдер болды.
Ирак үкіметі соғыс басталардан бір күн бұрын 12 млрд долларды қару‑жарақ сатып алуға жұмсады. Алайда соғыс барысында Бағдадтың әскери бюджеті Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің жалпы әскери бюджетінен артық болды. Бұл аралықта Ирак өзінің ішкі табысының 40 пайызын АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен Ресейден қару‑жарақ сатып алуға жұмсап отырған. «Стокгольм бейбітшілігі» атты халықаралық институттың есебі бойынша, соғыстың соңында Ирак әлемдегі ең ірі бесінші әскери күшке айналды.
Бұл соғыста америкалықтар да Саддамның соғыс машинасы мен ИИР-мен жауласуына көмектесуге өз үлестерін қосты. 1982 жылы Ирактың атауы Вашингтонның «терроризмді жақтаушылар» деп атаған елдердің тізімінен шығарылып, 1984 жылдың желтоқсан айында АҚШ Иракқа қарсы салынған саяси санкцияны жойып, бұл елмен саяси салада қарым‑қатынас жасай бастады. Америкалықтар көптеген жағдайларда Саддаммен үйлесе отырып, ИИР-ға қарсы тікелей соғысқа кірісті. Парсы шығанағындағы Иранның мұнай терминалдары мен ұңғымаларына шабуыл жасау және осы аймақтың көгінде Иранның Airbus жолаушы тасымалдаушы ұшағын құлатып, 290 жолаушы мен экипаж мүшелерін өлтіруі осындай шабуылдардың екі мысалы болып табылады.
АҚШ-тың сол кездегі Қорғаныс министрі Каспар Уайнбергер Иранға қару‑жарақ санкциясын салу туралы қарардың бекітілгені жайлы: «Қару‑жарақ санкциясы туралы қарар орындалатын болса, Иранның соғысты жалғастыруға деген қарым-қабілеті бірден жойылады. Шын мәнінде, Иранның бір ұлт ретіндегі болмысының тамыры құртылады»,-деп ашық айтқан болатын.
Журналист, жазушы әрі сарапшы Алан Фридман Ақ үйдің бір қайраткеріне сілтеме жасап: «Біздің күштеріміз соғыс алаңында Ирактың әскерилеріне көптеген әскери-тактикалық көмек көрсетті. Тіпті, олар кейде ирактық сарбаздармен қатар Иранның шекарасында болған. Бұл жағдай 1987 жылға дейін жалғасты»,-деді.
Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс аймағы мәселелері жөніндегі сарапшы Джеймс Билл өз кітабында соғыстың туындау себебі жайлы: «Бұл үдерісте Ирак Иранның Ислам революциясын жөргекте тұншықтырамын деп үміттенген болатын»,-деді.
Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас сарапшысы Говард Тичер: «АҚШ Саддам Хусейнге сол заманда өзінің ең жақын одақтастарына жасамаған көмекті көрсетті»,-деді. Тиммерманс «Өлім саудагері» атты кітабында: «Саддам 1982 жылдың маусымында бір бельгиялық компаниямен құны 830 млн долларды құрайтын келісімге қол қойды»,-деп жазды. Жасырын түрде «505 жоспары» деп аталған шығыны көп жобаның мақсаты Ирактың дамыған қырғи ұшақтарына 50 метрлік тереңдікте 800 тұрақ салу болды. Бельгия үкіметінің экспорттық беделін пайдаланған сол елдің компаниясы 4 жылдың ішінде Иракта 17 әуе базасы мен бірнеше әскери тұрақ салды. Ирактың «Мираж» ұшақтары Иранмен соғыс барысында сол базалардан ұшып отырған. АҚШ Бағдадқа елші жібермес бұрын бұл қаладағы АҚШ-тың барлау бөліміне тұрақты басшы жіберіп қойған болатын. Ол Саддамның жанында маңызды орынға ие болған және әрбір ірі шабуылдың алдында кеңеске шақырылып отырған»,-дейді.
Алайда Батыс әлемінің таңылған соғыс жылдарындағы Иракқа көмектері мұнымен шектелмеді. Адам құқығын қорғау туралы уәждеріне керісінше, олар Иракқа соғыс құралдарын беріп отырды. Олардың әсерлері әлі күнге дейін байқалады. Таңылған соғыс жылдары (1359-1367 жылдары) Ирактың химиялық қарулар қолдануы салдарынан Иранның қорғансыз халқы мен әскерилері арасында 100 мыңнан астам адам жараланып, шәһид болды.
Жауынгерлермен қатар шекаралық аудандардағы қалалар мен ауылдардың қорғансыз халықтарына да осы қарулармен сан рет шабуыл жасалды. Осы арада 12 мыңға жуық тұрғыны бар Сардашт қаласы 1366 жылдың 7 тирінде, сәйкесінше 1987 жылдың шілдесінде қыша қосылған химиялық бомбаның нысанасына алынған жерлердің бірі болды. Бірнеше айдан кейін күрдтер тұратын Халабче қаласы да химиялық қарулармен бомбаланды. Салдарынан кемінде 5000 күрд азаматы жан тапсырып, 7000-нан астам адам жараланды. Химиялық қарулардың салдарлары әлі күнге дейін жалғасып жатыр.
БҰҰ-ның сол кездегі Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльяр соғыс аяқталғаннан бірнеше жыл өткен соң жасаған бір мәлімдемесінде Иракты ресми түрде «соғысты бастаушы» деп атады.