Ирактың Күрдістан аймағының бөліну туралы референдумы БҰҰ-ның азшылықтардың құқықтары туралы жарғысына қайшы
(last modified Tue, 24 Oct 2017 04:44:02 GMT )
Қаз 24, 2017 10:44 Asia/Almaty
  • Ирактың Күрдістан аймағының бөліну туралы референдумы БҰҰ-ның азшылықтардың құқықтары туралы жарғысына қайшы

Ирактың Күрдістан аймағының басшысы Масуд Барзанидің талабымен осы аймақтың бөліну туралы референдумын 2017 жылы қыркүйектің жиырма бесі күні заңсыз түрде өткізуі Ирактың Орталық үкіметі мен аймақ елдерінің Ирактың Күрдістан аймағымен қарым-қатынасында текетірестің артуына соқтырды.

Ирактағы саяси-әлеуметтік дағдарыстарды шешудегі ең үлкен артықшылықтардың бірі бұл елдегі діни жетекшінің өмірлік әрі аса маңызды әлеуеті болып табылады. БААС режимі басқарған кезеңдерде Ирактағы діни жетекшілер мен діни ұйымдар көптеген зиян көргенімен, қуанышқа орай, бұл діни және рухани ұйым өз орнын сақтап қалды. Ирактың діни жетекшісі аятолла Систани соңғы жылдардағы тарихи маңызды кезеңде Ирактың әлеуметтік бірлігі мен қуатын сақтауда маңызды рөлге ие болды. Ол ДАИШ-ке қарсы джиһадтың қажеттігі жайлы өзінің тарихи пәтуасында үлкен рөл атқарып, Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдум өткізілгеннен кейін Ирактың бірлігі мен ынтымағын сақтау қажеттігін қуаттап, тараптардан бір ұлттық бағдарлама шеңберінде сұхбаттасу мен келіссөз жүргізуді сұрады. Аятолла Систанидің осы ұсынысы тек Бағдадтың Орталық үкіметі тарапынан ғана емес, сондай-ақ Ирактың Күрдістан аймағы тарапынан да қолдау тапты.

Ирактың Күрдістан аймағының ерекше географиялық жағдайы мен оның құрлықтың ортасында Иран, Түркия, Сирия секілді үш елмен көршілес орналасуына байланысты мынадай жағдай туындады: егер, Ирактың Күрдістан аймағы өз алдына бөлініп шығатын болса, Иран, Түркия және Сирияның қарсылық көрсетуіне байланысты бұл аймақ пен сыртқы әлем арасындағы қатынас тоқтайды. Ирактың Күрдістан аймағының Сириядағы күрдтер мекен ететін аймақпен, яғни Дерик (әл-Малакия) пен Қамишлимен арадағы кішкентай шекарасы орын алып жатқан қауіп пен қақтығыстар салдарынан Эрбильдің сауда-саттық, тауар өткізу және т.б. істермен айналысуына мұрша бермейтін болады. Бұл Ирак күрдтерінің Ирактан бөлініп шығу жолында тұрған ең маңызды осал тұсы саналады.

Ирактағы күрдтердің бөліну қажеттілігіне қатысты мәселе Ирак ДАИШ лаңкестік тәкфирлік тобының ауыр соққылары салдарынан жүздеген миллиард доллар көлемінде шығын көріп, мыңдаған азаматы қаза болып, миллиондаған адамының босқынға айналуына себеп болған жағдайда көтерілді. Сондықтан мынадай қорытынды жасауға болады: Бағдад Орталық үкіметінің әлсіреуі мен аймақта қауіпті жағдайдың орнауы Масуд Барзаниге «Күрд үкіметі» деген атаумен бүркемелеп, тағы да бөліну мәселесін көтеру үшін негіз тудырды.

Дін, мазхаб, тайпа, ұлт пен нәсіл негізіндегі жеке тұлғалық айырмашылықтарды ерекшелеу үнемі тарихта ел басқарудағы ең маңызды қиындықтардың бірі болған. Үлкен империялардың басқыншылық жорықтары мен өз территориясын кеңейтуге жасаған талпыныстарымен қоса, мемлекеттердің өз ішінде бір тайпа, дін немесе нәсілге жатататын топтың басқаруындағы белгілі бір географиялық аймақтың бөлінуіне қатысты дау-дамай өркениет тарихындағы үлкенді-кішілі соғыстар мен күрестердің туындауының ең негізгі факторларының бірі саналады.

Жиырмасыншы ғасырдағы Бірінші және Екінші дүнниежүзілік соғыстардың салдарлары ірі мемлекеттердің бөлінуінің негізгі факторына айналды. Ал Түркия, Ирак пен Сирия мен еуропалық бөліктерге қатысты шекараны белгілеу жұмыстары соғыстардың шекараларды өзгертуге тигізген әсерлерінің көріністері саналады. Сол ғасырда, яғни 1947 жылы Пәкістанның Үндістаннан тәуелсіздігін алуы мен кейін Бангладештің де өз тәуелсіздігін алуы жеке және діни ерекшеліктерге байланысты бөлінудің мысалдарына жатады.

Ирак күрдтерінің партиялары бөлінуді талап ету үшін ерекше аспектілерге ие. Оларды аймақтық және әлемдік басқа мысалдармен салыстыруға болмайтынын айта кеткен жөн. Күрд тайпаларының басшылары Осман ипериясының тарихында қазіргі Ирактың әртүрлі аймақтарында жергілікті және әлеуметтік әмірліктер түрінде шектеулі билікке ие болған. Алайда, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін және Ұлыбританияның Ирак пен аймақта ықпалының артуына байланысты күрдтер Ұлыбританияның қолдауы және шейх Махмұд Барзанждидің жетекшілігімен (1956-1981 ж.ж.) жергілікті Күрд үкіметін құру үшін көптеген талпыныстарды жүзеге асырды. Бірақ, кейін Франция мен Ұлыбританияның аймақтағы отаршылдық мүдделері, атап айтқанда Мосул мәселесіне қатысты ашық және жасырын келісімдері кезінде күрдтер басып-жанышталды. Сосын шейх Махмұд Барзанджиден кейін Молла Мұстафа Барзани кезінде (1903-1979 жж) шаашыраңқы түрде бөлініп шығу үшін талпыныстар жалғасын тапты. Осылайша, күрдтердің бөлінуге деген талпыныстары әлем мен аймақтың басқа елдері тарапынан қолдауға ие болмай, БААС режимі кезінде күрдтер қатты басып-жанышталды.

Саддам Хусейн (1990 ж.) Кувейтке шабуыл жасап, ұшуға тыйым салған аймақ құрған кезде күрдтер мен шиіттер жақсырақ орынға ие болды. Ал күрдтердің екі негізгі партиясы, яғни Масуд Барзани жетекшілік еткен Күрдістан Демократиялық партиясы мен марқұм Джалал Талебани басқарған Күрдістан Патриоттық одағы шектеулі түрде күрдтер мекендейтін облыстардағы кейбір басқарушы және атқарушы салаларды қолдарына алды. Бұл билік 2003 жылы және БААС режимі құлағаннан кейін артып, Ирак Конституциясына сәйкес күрдтер федералды құрылым негізінде "Ирактың Күрдістан аймағы" атты жаңа федералды аумақта өз аймақтарын толығымен басқаруға, жергілікті Парламент құруға, Ирак үкіметі кабинетінде президент пен төрт министрдің орнына ие болуға, Бағдад Парламентінде өкіл тағайындауға рұқсат алды. және Ирак табысының 17 пайызын Күрдістан аймағына бюджет түрінде бөлу қарастырылды. Осылайша, Ирактың Күрдістан аймағының басшылары соңғы жылдары осындай артықшылықтарға қарамастан, алып державалардың ықпалымен үнемі олардың қажеттіліктерінің федералды Ирак шеңберінде қамтамасыз етілмейтінін, міндетті түрде тәуелсіз үкімет құру арқылы Ирактан бөлініп шығу мәселесін қуаттап келді. Бұл үдеріс ДАИШ-тың Иракқа жаппай шабуылдарынан кейін, сондай-ақ, Күрдістан аймағының мұнайы заңсыз түрде Түркия арқылы әлемдік нарықта сатылғаннан кейін бұрынғыдан бетер күшейе түсті. Масуд Барзани өзін күрдтік ұлттық ағымның жетекшісі деп жариялап, ішкі және сыртқы қарсылықтарға қарамастан, бөліну туралы референдумды тек Ирактың Күрдістан аймағының облыстарында ғана емес, сонымен қатар Ирак үкіметіне қарасты облыстарда да өткізді. Ол бөліну туралы референдумнан кейін 1-2 жылдық үдеріс аясында Ирактың Орталық үкіметімен келіссөздер өткізіп, тәуелсіз үкімет құру үшін шара қолданатынын мәлімдеді. Барзанидің Ирактан бөліну мәселесіне қатысты қасарысқан ұстанымы Күрдістан Демократиялық партиясы өзінің тарихи өткені секілді осы жолы да алып державалардың ашкөздігі мен «күрдтердің құқықтары» деген атпен жаңа қауіпті жобаларды бастап отыр деген пікірді тағы күшейте түсті. Тарихи тұрғыдан Күрдістан Демократиялық партиясының шетелдік алып державаларға тәуелдігі туралы құжаттар бар. Олардың бір бөлігі «Саяси зерттеулер» баспасы жариялаған Махмуд Надеридің "Ирактың Күрдістан аймағының Демократиялық партиясы" атты кітабында жазылған.

Масуд Барзани мен Ирактың Күрдістан аймағының кейбір партияларының тәуелсіз Күрд үкіметін құрып, Ирактан бөлініп шығуға деген талпынысы ИИР-ның жанындағы ең маңызды саяси өзгерістердің бірі саналады. Себебі, бұл жағдай тек Ирактың ішкі теңгерімі мен Иранның мүдделеріне ғана емес, сондай-ақ аймақтың басқа елдеріне де теріс әсерін тигізеді. Ирактың Күрдістан аймағының бұл әрекеті Ирактың Орталық үкіметі, аймақ елдері мен әлемдік державалардың қолдауына ие болмай, оның заңды еместігі мен құқықтық негізге сәйкес келмейтіні бірнеше рет қуатталғанымен, қайткен күнде де референдумды өткізу Ирактың саяси-әлеуметтік өзгерістерін болжау, оның бұл елдің болашағына әсері және күрдтердің аймақтың саяси өзгерістерінде атқаратын рөлі тұрғысынан үлкен маңызға ие.

Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумды өткізуге осы ел басшыларының үзілді-кесілді қарсылық білдіруіне қарамастан, Күрдістан аймағының басшылары өз шешіміне табандылық танытып, референдумды Ирактың Конституциясында белгіленген шеңбер мен құрылымдарға қайшы тек Күрдістан аймағының күрдтер мекендейтін облыстарында, яғни Халабаджа, Солеймание, Эрбиль және Доһукта ғана емес, сондай-ақ Киркук облысы секілді қақтығыс орын алған аумақтардағы қалалар мен ауылдарда да өткізді.

Ирактың Күрдістан аймағы басшыларының күткендеріне қайшы АҚШ пен Ресей және Еуропаның мықты елдері мен аймақ елдерінің барлығы бұл референдумды өткізуге қарсы болды.

Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі туралы референдумды өткізу барлық аймақтық және халықаралық қарсылықтарға қарамастан, Иракта ерекше жағдай қалыптастырды. Ирактың Күрдістан аймағының географиялық жағдайы мен бұл аймақтың Иран және Түркия секілді аймақтың мықты мемлекеттерімен көршілес орналасуы және олардың Ирактың бөлінуіне қарсылық танытуына байланысты Иракта тәуелсіз Күрд үкіметін құру үдерісі өте ауыр әрі мүмкін емес іс секілді көрінеді.

Ирактың ерекше саяси-әлеуметтік жағдайы мен осы елдегі ру-тайпалар мен дін өкілдерінің барлығының қару-жараққа қолжетімділігін назарға алатын болсақ, қақтығысқа тыйым салу үшін қатты талпыныс жасау қажет. Ирак қазіргі таңға дейін бұл салада өте табысты әрекет етіп келді. Бірақ, дәл қазір Киркук секілді қақтығыс орын алып жатқан аймақтарда әртүрлі қозғалыстар арасында бақыланбайтын қақтығыстардың орын алу ықтималы жоғары. Бұл жағдайды бақылау мен басқаруда діни жетекші маңызды әрі сындарлы рөл атқарды. Эрбиль мен Бағдадтың аятолла Систанидің келіссөз бен сұхбаттасу каналдарын сақтау мақсатындағы ұсынысын қабылдауы құнды іс.

Ирак СІМ өз мәлімдемесінде ИИР мен Түркиядан шекара мәселесі жөнінде бұдан былай тек Ирак Орталық үкіметімен ғана әрекеттестік жасауды сұрады. Бұл өтініш мұның алдында Ирактың Орталық үкіметі, Түркия мен Иран үкіметтерінің Ирактың Күрдістан аймағына әуе шекараларын жауып, бұл аймақты әуе кеңістігі арқылы қоршауға алған жағдайда жасалды. Түркия мен ИИР-ның Ирактың Күрдістан аймағымен шекараларында қауіпсіздік шаралары қатты күшейтілген. Ирактың Күрдістан аймағының Түркия және Иранмен кедендік бекеттерінен Ирактың Күрдістан аймағына импортталатын тауарлардың азайғаны көрінеді.

Географиялық тұрғыдан тар жерде орналасудан жасайтын ең маңызды қорытынды оның Ирактың Күрдістан аймағының экономикалық жағдайына әсері саналады. Ирактың Күрдістан аймағының ең маңызды табыс көзі мұнай саудасынан түседі. Бұл аймақ күніне шамамен 350 мың баррель мұнай экспорттайды. Бірақ, шекаралардың жабылуы Ирактың Күрдістан аймағын мұнай сатудан тыю мақсатында жасалды. Себебі, бұл мәселе аймақты көптеген қиындықтарға ұшыратады.

Аймақтық және халықаралық қатаң қарсылықтар мен Ирактың Орталық үкіметінің қысымдарына қарамастан, Күрдістан аймағының басшылары 2017 жылы қыркүйектің жиырма бесі күні бұл аймақтың Ирактан бөлінуі туралы референдумды жеке ынта мен фракциялық мүдделермен өткізді. Ирактың Күрдістан аймағы басшыларының бұл әрекеті Ирак Конституциясы мен халықаралық ережелерді бұзу саналады. Дәл осы қайшылықтар шеңберінде референдум мен оның нәтижелерін Ирак үкіметі ғана емес, сондай-ақ, ешбір мемлекет пен халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ мен БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі де қабылдамады.

Халықаралық құқықтарда да біржақты бөлінуді талап ету деген ұғым жоқ. Осы саладағы кез-келген әрекет Орталық үкіметпен өзара әрекеттестік арқылы жүзеге асуы тиіс. Мүмкін, кез-келген топ пен халық өзінің бөлінгенін мәлімдей алатын шығар. Бірақ, бөлінуі туралы мәлімдеме басқалар, алдымен көрші елдер мен әлемдік қауымдастықтың басқа елдері тарапынан ресми түрде мойындалуы тиіс. Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуге бағытталған әрекеті аймақтық деңгейде ғана емес, тіпті халықаралық деңгейде де қарсылық тудырған жайдайнда орын алып отыр. БҰҰ-ның азшылықтардың құқықтары туралы жарғысының 8 бабының 4-тармағында: "Бір елдің азшылығы ұлттық билік пен елінің бірлігі мен тәуелсіздігіне қарсы біржақты шара қолданатын болса, ол қабылданбайды"- деп анық айтылған. Сондай-ақ, халықаралық қатынастарда тайпалық национализмнің қуатталуы БҰҰ-ның Жарғысы мен Адам құқықтары жөніндегі декларациясының бірінші тармағына ашық түрде қайшы келеді.

Тегтер