Трамптың Иранға қарсы айыптауларына жауап
(last modified Tue, 31 Oct 2017 09:14:08 GMT )
Қаз 31, 2017 15:14 Asia/Almaty
  • Трамптың Иранға қарсы айыптауларына жауап

АҚШ президенті Дональд Трамп осы ел үкіметінің Иран мен "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы жаңа стартегиясына байланысты өзінің жуырда айтқан сөздерінде Иран халқын қорлап қана коймай, Иранды айыптады. Мұндай жағдайлардың кейбіреуі бұрынғы айыптауларды қайталау болғандықтан, оларға жауап қайтарылды. Осылайша, әлемдік қауымдастықтың осы сөздерге пікіріне байланысты Дональд Трамптың Иран халқы мен үкіметіне қарсы айыптауларына тағы бір рет жауап беру қажет секілді көрінеді.

АҚШ президенті жұма күнгі сөйлеген сөзінде Иранды Вашингтондағы бір ресторандағы бомба қою әрекетіне қатысы болған деген уәж айтты. Сол айыптаулар рас па?

Иран АҚШ-тың астанасындағы бір ресторанда бомба қою үшін талпыныс жасады деген айып АҚШ-тың қауіпсіздік қызметінің басшылары мен кейбір америкалық ақпарат құралдарында Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарасты Құдс корпусының бір қызметкері Вашингтондағы Сауд Арабиясының бұрынғы елшісі Адель әл-Джубейрге террор жасауға талпыныс жасады деген уәж айтқан оқиғадан бастау алады. АҚШ-тың бұрынғы Бас прокуроры Эрик Холдер 2011 жылы: "Мансур Арбаб Сайар атты ирандық Америка азаматы Адель әл-Джубейрді өлтіру үшін бір есірткі картеліне ақша берген. Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің офицері Али Ғолам Шакури деген адамның да бұл оқиғаға қатысы болған",- деді. Біраз уақыттан кейін Арбаб Сайар құрықталып, америкалықтар Шакуридің қашып құтылғаны туралы хабарлаған болатын. Арбаб Сайардың осал тұсы мен оның есірткі бандасымен әріптестік жасаудағы күдікті өмірі АҚШ-тың Барлау және қауіпсіздік қызметінің басшылары үшін Иранның бейбіт ядролық әрекеттеріне байланысты Теһран мен Батыс елдерінің келіспеушіліктерінің шарықтаған кезінде бұл елді қыспаққа алу мақсатында жаңа қастандық әрекетін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай мен негіз әзірледі. Сақшылар корпусы офицерінің қашуы мен бұрын қолданылған автокөліктер дилерінің құрықталуы туралы хабарлау бұл қастандық әрекетке қатысты шынайы күдіктерді тудырғанымен, біраз уақыттан кейін бұл оқиға да ұмыт болды. Қазір Дональд Трамп ядролық келісімге қатысты өз міндеттемелерін бұзғанын және әлемде Ираннан үркіту үдерісін арттырғанын ақтау үшін Сауд Арабиясының қазіргі Сыртқы істер министріне террор жасау үшін жасаған бұрынғы дәлелденбеген іс-құжатқа жүгініп отыр.

АҚШ президенті сондай-ақ Иран 130 тоннадан астам ауыр су өндіру арқылы "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзды деген уәж айтқан болатын. Бұл уәждер шындыққа жанаса ма?

Иран "алтылық» тобымен жасаған ядролық келісімге сәйкес өз центрифугалары мен байытылған уранның көлемі мен тығыздығын және ауыр судың қорларын 130 тоннаға дейін азайтуға міндеттелді. Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасына беріктігін растай алатын жалғыз ұйым ретіндегі Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) көптеген есептері бірнеше рет бұл міндеттемелердің орындалып жатқанын растаған болатын. Теһран өзінің беріктігін дәлелдеу үшін ауыр су қорларының артығын шетелдерге сатып, оның бір бөлігін халықаралық нарықтарға көрсету үшін Омандағы қоймасында қалдырды. АҚХА-ның есептеріне сәйкес, кейбір жағдайларда ауыр су өндіру желісінің бұл стратегиялық өнімді сату үдерісімен сәйкес келмеуі немесе оны басқа елдердегі қоймада сақтауына байланысты Иранның жалпы ауыр су қоры 130 тонна көлемінен сәл артқан болатын, алайда АҚХА бұл мәселеден хабардар болғанан кейін бірден бұл көрсеткіш бекітілген деңгейге дейін азайтылды. Басқаша айтқанда, осы белгіленген деңгейден асып кету жағдайы техникалық ақаулардың пайда болуымен байланыстырылып, Иранның өз міндетін бұзудың белгісі ретінде бағаланбады. Сол себепті, АҚХА Теһранның әріптестік жасағаны үшін алғыс білдіріп, сегіз есебінде Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін, соның ішінде өндірілетін ауыр судың көлемін сақтағанын растады. Осылайша, Трамп толығымен техникалық және аяқталған мәселені халықаралық келісімді бұзу үшін теріс пайдалануға талпыныс жасап отыр.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы негізінде Иранның Натанздағы зауытында орнатылған 5060 IR-1 центрифугасы бар. Бұл центрифугалар 3,67 пайыздық байытылған уранның белгілі бір көлемін өндіреді. Ядролық келісімде белгіленген уақытқа дейін Иранның дәл осы центрифугаларды ядролық отын өндіру мақсатында пайдалануы келісілген. Осындай жағдайда "Ортақ қадам" бағдарламасында Иранға центрифугалардың жаңа буынына зерттеулер жүргізуге рұқсат берілген. Мұндай жаңа центрифугалардың бірі центрифуганың бірінші буынымен салыстырғанда байытылған уранды сегіз есе артық өндіретін IR-8 центрифугасы саналады. Ислам Республикасы "Ортақ қадамда" белгіленген мерзім аяқталғанан кейін центрифугалардың жаңа буынын іске қосып, Бушердегі атом электр стансасының реакторы үшін жеткілікті отын өндіруді мақсат етіп отыр. Ресей Бушердегі электр стансасын жетілдіруші ретінде Иранмен отын сату туралы он жылдық келісімге қол қойды. Сол себепті Ислам республикасы осы электр стансасының қажет отын шығаруын талап етуде. Ал Трамп жалған айыптаулар арқылы Иранның ғылыми-технологиялық зерттеулерден мақұрым қалуын және "Ортақ қадам" бағдарламасындағы шектеулерінің мерзімі аяқталғаннан кейін ядролық отын өндіруде жеткіліктілікке жетуіне рұқсат бермеуді көздеп отыр.

Мұнымен қатар, АҚШ президентінің айтуынша, Иран "Ортақ қадамда" белгіленген шектеулердің мерзімі аяқталғаннан кейін ядролық қару жасауға бет бұрады. Бұл айыптау шындыққа қаншалықты жанасады?

ИИР елдің жүйелік стратегиясында ядролық қару жасауға орын жоқ екенін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи діни пәтуа жариялап, ядролық қаруды жасауды немесе пайдалануды шариғат бойынша харам деп жариялады. Ираннның "Ортақ қадам" келісімі шеңберіндегі міндеттемелері мен мерзімдік шектеулер қою дәл осындай мақсатта анықталған. Егер, қарсы тараптар, әсіресе АҚШ ядролық келісім шеңберінде өз міндеттемелеріне берік болып қалатын болса, АҚШ үкіметінің Иранға қарсы барлық ядролық санкциялардың күшін жою туралы заң жобасын Конгреске жіберген шартымен ИИР үкіметі келісімнің сегізінші жылы аяқталғанда Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіне қосымша хаттаманы бекіту үшін жібереді. Мұндай жағдайда Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің қосымша хаттаманы бекітуімен Иранның ядролық саладағы әрекеттеріне қатысты бақылаулардың кейбіреуі тұрақтанады. Бірақ, Иран халқының құқықтары негізінде бекітілген 5 жылдық, 8 жылдық, 10 жылдық, 15 жылдық және 25 жылдық мерзімдердің соңында бақылаулардың кейбіреуі жойылады. Осылайша, Трамп бұл үдерісті назарға алмай, Иранның бейбіт ядролық саласындағы әрекеттерінің келешегі туралы үрей тудырып, "Ортақ қадам" бағдарламасын жалғастыруға  қиындық тудыру үшін талпыныс жасауда. АҚШ үкіметі "Ортақ қадамның аяқталуы" атты сөз тіркесін пайдаланып: "Иран "Ортақ қадамда" белгіленген шектеулердің мерзімі аяқталғаннан кейін ядролық қару жасауға кіріседі",- деген уәж айтуда. Бұл "Ортақ қадам" келісімі аяқталмайтын, Иранның міндеті ядролық қарудан біржолата және тұрақты түрде бас тартуына негізделген жағдайда айтылып отыр.

АҚШ президенті: "Усама бен Ладеннің баласы Ирандағы «Әл-Каида» тобының басшысы болған. Сол себепті, Теһран 2001 жылғы 11-қыркүйек оқиғасын жүзеге асырған лаңкестердің демеушісі саналады",- деген уәж айтты. Бұл айыптар қандай деректерге негізделген?

АҚШ-тың Барлау ұйымдары тарапынан жарияланған жасыруға келмейтін айғақтарға сәйкес, Усама бен Ладен секілді адамдар 1980 жылдары Ауғанстандағы Кеңес одағының Қызыл әскерімен күресу мақсатында АҚШ-тың Орталық Барлау агенттігінің қаржылай және қару-жарақ көмектерінің арқасында Ауғанстанда қалыптасқан. Бұл адамдар біраз уақыттан кейін «Әл-Каида» лаңкестік тобын қалыптастырып, өз одақтастары – Талибандарға Иранның ішіндегі аймақтарға шабуыл жасауға көмектескен. Алайда, Талибан және «Әл-Каида» лаңкестік топтарының әрекеттері америкалықтардың өздерінің етегінен алып, 2001 жылы қыркүйектің он бірі күнгі оқиғаны жүзеге асырды. Теһран халқы оқиға орын алғаннан кейін бірнеше сағаттан соң алаңда жиналып, осы оқиға құрбандарын еске алып, май шамдар жаққан. Бұдан кейін Ауғанстандағы Иранның қолдау көрсететін топтары Талибан және «Әл-Каиданың» позицияларына қарсы шабуылдарын бастап,  лаңкестік топтарды тұралатты.

Осы арада Иран Бонн келісімінде атқарған рөлінің соңында Ауғанстанда саяси тығырық басталып, Талибандар жеңіліске ұшырап, сол елде алғашқы президенттік сайлау өткізуге, нәтижесінде Хамид Карзайдың жеңіске жетуіне негіз жасады. Ауғанстандағы Талибандарды құлатқаннан кейінгі бейберекеттікке толы кезең мен Иранның Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы ұзақ шекараны назарға алатын болсақ, Талибан және «Әл-Каиданың» қашқын мүшелерінің Иранның кейбір жерлеріне өтуіне мүмкіндік туды. Осылайша, Иранның қауіпсіздік қызметінің басшылары тез арада бұл жағдаймен күресіп, көптеген лаңкестерді құрықтаған болатын. Егер, Иран Талибан және әл-Каидамен күресуде қырағылық танытса, Ауғанстанның қауіпсіздік жағдайы біртіндеп бұдан бетер нашарлап, Батыс елдерінің бұрынғыдан бетер лаңкестік қоқан-лоққыларға ұшырайтыны күмәнсіз саналады. Мұндай жағдайда АҚШ-тың сол кездегі президенті Джордж Буш Иранның лаңкестікке қарсы шаралары үшін алғыс білдірудің орнына, бұл елді бүлік тудырушы елдердің тізіміне енгізді. Қазір АҚШ-тың республикашыл президенті әл-Каида басшысы баласының 11-қыркүйек оқиғасына қатысы туралы аяқталған іс-құжатты қайта көтеру арқылы Иранға қарсы әрекеттерін ақтауды көздеп отыр.

Соңында АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мен Солтүстік Корея қару-жарақ саласында ядролық ынтымақтастық жасады деп хабарлады. Оның осы айыптаулары шындыққа жанаса ма?