Қар 04, 2017 21:03 Asia/Almaty
  • Батыстың бөлінушілікке қатысты екі қырлы қатынасы

Әлемнің әртүрлі жерлеріндегі бөлінуді талап ету мәселесі бүгінде кейбір мемлекеттер үшін шынайы түйткілге айналды. Шын мәнінде "қырғи қабақ" соғысынан кейінгі кезеңдегі мемлекеттердің жағдайы жайлы болжамдарға керісінше, бұл заманның маңызды ерекшеліктерінің бірі Таяу Шығыс, Африка мен Еуропада көптеген азамат соғыстарының туындауыболып отыр. Олардың кейбіреулері негізгі елден бөліну мақсатында орын алды.

Оңтүстік Судан Суданнан, Эритрея Эфиопиядан бөлініп шықты. 1990 жылдардың басында Балканда болған соғыстар салдарынан Югославиядан 5 шағын мемлекет бөлініп шықты. Бұдан басқа да бөлінушіліктерден көптеген мысал келтіруге болады. Оның ең соңғы үлгісі Ирактың Күрдістан аймағында орын алды. Осы аймақтың басшысы Масуд Барзани референдум өткізіп, қатысушылардың басым бөлігінің Ирактан бөлініп шығуға оң дауыс бергенін айтты. Мұнымен қоса, қазіргі таңда әртүрлі аймақтарда бөлінушілікті талап етіп отырған белсенді ошақтар бар. Аумақтық тұтастық бір елдің беріктігін сақтайтын ең маңызды принцип саналатындықтан, бөліну туралы талаптар мен шараларға реакцияда үкіметтер әрдайым облыс немесе өлкенің мемлекеттен бөлінуіне қарсылық білдіріп келеді. Кейбір жағдайда бөліну талап етушіліктер азамат соғысының туындауына немесе содырлардың топтары мен қозғалыстардың қалыптасуына әкеліп соқтырады. Ал келесі бір жағдайда, мысалы, Шотландияның Ұлыбританиядан немесе Каталонияның Испаниядан бөлінуді талап етуі сияқты Батыс Еуропада орын алып жатқан жайттар саяси әрекеттер қалыбындағы белсенділіктер болып табылады.

Бөлінуді талап ету саласында әрдайым көңіл аудартатын мәселелердің бірі – Батыстың осы құбылысқа қатысты екі қырлы ұстанымы. Батыстықтар әрдайым түрлі мәселелерге екі қырлы қатынас ұстанады. Тура осы мәселе Сербияның Батыс елдеріне деген қатты наразылығын тудырды. Батыс елдері Сербияның орталық үкіметінің қалауынсыз осы елдің оңтүстігіндегі Косово аймағының бөлінуіне жан-жақты қолдау көрсетті. Шын мәнінде, Еуроодақтың Каталониядағы референдумды заңсыз деп ұстаным білдіруі осыдан бірнеше жыл бұрын Косовоның тәуелсіздігін "ерекше жағдай" деп қолдау көрсеткен жағдайда орын алды. Бұл іс Сербияның ашу-ызасын тудырды. Сол себепті Белград үкіметі Еуроодақты екі қырлы стандарттарды қабылдады деп айыптады.

Осыған орай, Сербия Президенті Александр Вучич 2017 жылдың қазан айының басында Еуроодақты екіжүзді әрі екі қырлы стандарттарды пайдаланады деп айыптады. Өйткені бұл еуропалық ұйым Косово тәуелсіздігін ресми түрде танығанымен, Каталонияның референдумын айыптап, оны заңсыз санайды. Александр Вучичтің айтуынша, әрбір сербиялық бүгінде Еуроодақтан «Каталонияның тәуелсіздігі жайлы референдум қалайша жарамсыз болып, Косовоның бөлінуі туралы мәселеде оларға бұл тәуелсіздік тіпті референдум өткізбей-ақ беріле салды, референдумсыз-ақ Косовоның бөлінуі қалай заңды саналып, Еуроодақтың 22 елі бұл бөлінуді ресми түрде танып, еуропалық заңдардың негіздерін бұза салды деп сұрауы тиіс.  Бұл маңызды сауал Еуроодақтың Каталонияның Испаниядан бөліну туралы ұстанымына байланысты туындап отыр. Еуропа комиссиясы Каталонияның тәуелсіздігі туралы референдум өткеннен кейін 2017 жылдың 1 қазанында Испания үкіметінің ұстанымын қайталап, Каталония референдумын заңсыз деп танып, дауыс берушілері бүлікке қарсы полиция қызметкерлері тарапынан соққыға жығылған референдум өткен күнгі өзгерістерді "ішкі мәселе" деп атады. Бұған керісінше, Еуропа Парламенті 2010 жылы қарар қабылдап, мүше елдерінен Косово тәуелсіздігін Сербия үкіметінің қатты қарсылығына қарамастан ресми түрде тануға шақырды. Сол себепті Сербия Президенті осындай қатынас тәсіліне тоқталып, оны екі қырлы стандарт пен жаһандық саясат саласындағы айла-шарғыларды көрсетудің ең жақсы мысалы деп атады.

Көпшілік ұлтын албандықтар құрайтын Косово 2008 жылдың тамыз айында референдум өткізбей-ақ Сербиядан тәуелсіздік алды. Косовоның Президенті Хашим Тачи Косовоның Сербиядан тәуелсіздік жариялауының біржақты болмағанын, керісінше халықаралық серіктестермен үйлесімділікте атқарылғанын айтты. Косово Сербиядан тәуелсіздік жариялағанымен, Белград ешқашан бұл мәселені қабылдамай, оны заңсыз деп санайды. Осы уақытқа дейін әлемнің 113-тен астам елі Косовоның тәуелсіздігін ресми түрде таныды. Бұған қарамастан маңызды елдер Косовоны тәуелсіз ел ретінде танудан бас тартты. АҚШ, Ұлыбритания мен Франция Косовоның тәуелсіздігін қолдағанымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің басқа екі мүшесі Ресей мен Қытай әлі күнге дейін бұл мәселеге қарсы. Еуропа деңгейінде де осы салаға қатысты ұқсас қайшылықтар бар.

Соған қарамастан еуропалық елдердің көбі Косовоның тәуелсіздігін ресми түрде таныды. Алайда Испания, Словакия, Румыния, Грекия мен Кипр Косовоны бұрынғыдай Сербияның бір бөлігі санап, оны тәуелсіз ел ретінде танымады. Бұл елдердің өздері Испания сияқты бөлінуді талап ету мәселесіне ұшырап отыр. Мысалы, Каталония аймағы Испаниядан бөлініп шығуды байсалды түрде көздеп келеді. Сондай-ақ, бұл елдер Сербия мен Ресейдің байырғы  одақтастары саналады және ортақ мүдделері мен ұстанымдарына байланысты Косовоның тәуелсіздігін қабылдамайтын Белградтың ұстанымын қолдайды. БҰҰ желісін айналып өтіп, АҚШ пен кейбір Батыс елдерінің ынталандыруы және қолдауымен жүзеге асқан Косовоның тәуелсіздігін жариялаудың салдарларының бірі халықаралық заңдар мен ұйымдарды тікелей түйткілге ұшырату болды. Ақырында БҰҰ-ның Халықаралық соты 2010 жылы Косовоның 2008 жылы жариялаған тәуелсіздігін заңды деп танып, орталық үкіметтің, яғни Сербия үкіметінің рұқсатынсыз жасалған бұл әрекетті заңды деп жариялады. Осындай жағдайда Косовода тіпті тәуелсіздік алу үшін референдум өткізілмеді. Бұған қарамастан, Еуроодақ, АҚШ пен Батыс блогындағы басқа да елдер бұл шара өздерінің мүдделеріне сай болғандықтан және Ресейдің серіктестерінің бірі, яғни Сербияны әлсіретіп, ақырында Мәскеудің Балканға ықпалын төмендететін болғандықтан осы шараға жақтасты.

Мұндай жағдайда Еуроодақ елдеріндегі, әсіресе Испания мен Ұлыбританиядағы бөлінушілікті талап етуге Брюссель мен Вашингтон ешбір жағдайда оң көзқарас танытпайды және бұл мәселеге үзілді-кесілді қарсы. Еуропа істері жөніндегі сарапшы доктор сейіт Әлиреза Мусавидің айтуынша, қазіргі таңда Бельгияда осы кішкентай елдің бірнеше мәдениеттен тұруына байланысты бөлінушілікке қатысты ,талпыныстар бар. Италиядағы Оңтүстік Тироль аймағы, Ұлыбританияда Уэльс пен Шотландия аймақтары бөлінуді талап етіп отыр. Олар Испанияда бөліну туралы референдум өткізілгеннен кейін тәуелсіздік алу үшін құқықтық қадамдар жасай алады. Еуроодақ осы ұйымға мүше елдердің барлық салаларда бірлік пен интеграцияны сақтауы қажеттігін қуаттайды. Бұл елдердегі бөлінушілікті талап ету интеграцияға кері әрекет етумен, шын мәнінде Еуроодақтың ыдырауымен бірдей. Сондықтан Еуроодақ енді өзінің мүдделеріне сай осы одаққа мүше елдерде бөлінуге бағытталған қозғалыстарды қолдамайды. Испанияның орталық үкіметі Каталонияның тәуелсіздік талап етуіне қатысты пассивті ұстаным білдірсе, Испанияның ұлттық айбыны, әсіресе экономикасы үшін аса маңызды аймағынан айырылып қана қоймайтынын, Каталонияның бөлінуі осы елдің басқа аймақтарының, әсіресе Басктар өлкесінің тәуелсіздік талап етуіне серпін беретінін жақсы біледі. Басктар өлкесінде "Ата" деп аталатын басктар ұйымы ондаған жылдар бойы Испаниядан бөліну үшін қарулы күрес жүргізіп келді.

Еуропа басшылары бұдан да маңыздырақ алаңдаушылыққа ие: ол – Каталонияның бөлінуінің Еуропадағы бөлінуді талап етуші басқа аймақтардың өздерінің орталық үкіметтерінен бөлініп шығуға көбірек талпыныс жасауға ынталандыруы. Мұндай аймақтардың басында Шотландия тұр. Ұлыбританияның Еуроодақтан бөліну туралы референдумынан кейін бұл аймақ қазір шынайы түрде Ұлыбританиядан бөлініп, тәуелсіз ел ретінде Еуроодаққа қосылуды көздеп отыр. Каталонияның Испаниядан тәуелсіздік алуы жүзеге асатын болса, Шотландияның жергілікті басшылары осы жайтты негізге алып, Ұлыбританиядан бөлінудің тезірек жүзеге асырылуын талап ете алады. Мұнымен қоса, Бельгия мен Италияның солтүстігіндегі бөлінуді талап етуші ошақтар да белсене түсті. Бұл Еуроодақтың ең негізгі болмыстық принципі, яғни еуропалық интеграцияны түбегейлі бұзумен бірдей. Сондықтан Еуроодақты Каталонияның қазіргі жағдайын жіті бақылап, ондағы референдумның нәтижесіне көңіл аударуы тиіс орган ретінде атаған Каталония аймағы басшысының талабына қайшы Еуроодақ ешқашан Каталонияның тәуелсіздік алуын жақтамай, керісінше Каталония мен Мадрид арасындағы қазіргі саяси дағдарыстың бейбіт жолмен шешілуін талап ететін болады. Еуропа басшылары Каталонияның Испаниядан бөлінуі туралы референдум өткеннен кейін туындағын дағдарысты доғару үшін шұғыл түрде шешім жолын табу қажеттігін қуаттап отыр.

Бөлінуді талап ету саласында екі қырлы критерийлерді пайдалану Батыстың түрлі мәселелерге қатысты екі қырлы қатынасының бір мысалы ғана. Шын мәнінде, Батыстың лаңкестік саласындағы қатынасы мен амал-әрекетінен қайшылық айқын байқалады. Лаңкестіктің дамуының басты себептерінің бірі батыстықтардың осы құбылыспен, әсіресе Таяу Шығыстағы экстремистік терроризмге қатысты екі қырлы қатынас көрсетуі болып отыр. Батыстықтар мен олардың араб одақтастары өз мүдделері мен мақсаттарын ілгерілету үшін экстремистік терроризммен күресудің орнына лаңкестік топтарды қолдайды. Саяси сарапшы Иван Ипполитовтың айтуынша, АҚШ-тың мақсаты соңғы жылдары әрдайым өзінің сыртқы саяси мақсаттарын ілгерілету үшін лаңкестік пен экстремизмді құрал ретінде пайдаланып, соның нәтижесінде Таяу Шығыс елдерін әлсіретіп, терроризм мен экстремизмді таратуға жағдай жасау болды. Қазіргі таңда батыстықтардың экстремистік терроризмді қолдаудағы әрекеттерінің нәтижесі, дұрысы салдары батыстық тәкфіршіл лаңкестердің немесе ДАИШ-ке адал лаңкестік элементтердің Еуропа мен АҚШ-қа қайта оралуы түрінде көрініс тапты. Неміс сарапшысы Питер Нойман ДАИШ-тың қалыптасуы мен таралуы жайында: "Сирияда орын алған оқиғаның салдарлары ұзақ жылдар бойы бізбен бірге қалатын болады",-дейді. Шын мәнінде, батыстықтар ешуақытта олардың Таяу Шығыста лаңкестік топтарды құрып, дамыту үшін берген жан-жақты көмектері бір күні өздеріне теріс күйде қайтып оралады деп ойламады. Алайда қазіргі таңда қауіпсіздік басшылары «даиштық» қауіп-қатерлердің шынайырақ болып бара жатқанын айтуда. Бұл Батыс елдерінде қауіпсіздік деңгейінің төмендеп бара жатқанын білдіреді. Жалпы бөлінуді талап ету мен лаңкестік сияқты маңызды мәселелерде батыстықтардың екі қырлы критерийлер мен стандарттар қолдануы мәселелердің шешілуіне септігін тигізбегені былай тұрсын, бұл мәселелердің әртүрлі аймақтарға таралып, тіпті олардың өздері үшін қиындыққа айналуына әкеліп соқтырды.

Тегтер