Имам Хусейннің қырқы – "Арбағин"
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i32177
Имам Хусейннің қырқы – "Арбағин" х.қ.ж.с.б. сафар айының жиырмасы күнгі Ашура оқиғасы мен имам Хусейн және оның теңдессіз 72 серігі шәһид болғаннан кейінгі қырқыншы күн. Бұл – Кербала тұтқындары Шамнан қайтқан жолда имам Хусейн (ғ.с) жерленген қасиетті кесенеге зиярат жасау үшін Кербалаға келген күн. Бұл күні Джабер ибн Абдулла Ансари де имам Хусейннің (ғ.с) қабіріне зиярат жасауға келген болатын.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 11, 2017 10:26 Asia/Almaty
  • Имам Хусейннің қырқы –

Имам Хусейннің қырқы – "Арбағин" х.қ.ж.с.б. сафар айының жиырмасы күнгі Ашура оқиғасы мен имам Хусейн және оның теңдессіз 72 серігі шәһид болғаннан кейінгі қырқыншы күн. Бұл – Кербала тұтқындары Шамнан қайтқан жолда имам Хусейн (ғ.с) жерленген қасиетті кесенеге зиярат жасау үшін Кербалаға келген күн. Бұл күні Джабер ибн Абдулла Ансари де имам Хусейннің (ғ.с) қабіріне зиярат жасауға келген болатын.

Джабер Кербалаға келді. Қазір оның көзі көрмегенімен, бірақ кезінде Пайғамбардың (с.ғ.с) көркем жүзін, Алидің (ғ.с) ұлылығы мен айбынын, Хасанның (ғ.с) батыл келбетін, Хусейннің (ғ.с) сабырлығы мен терең көзқарасын, кейін Зейнолабедин (ғ.с) мен тіпті Бағер әл-Улумнің жарқын бейнесін көрген және көреді. Жас кезінде Пайғамбардың (с.ғ.с) естеліктерін жазған және Пайғамбар дүниеден қайтқаннан кейінгі жылдары "Аһле бейттің" жақын танысы, серігі, әрі тілектесі болған кісі қазір текті, бекзат шәкірті Атие Уфимен бірге Кербалаға келіп отыр.

Сафар айының жиырмасыншы жұлдызы. Джабер Евфрат өзеніне барып, ғұсыл алды. Ол үстіне ұзын, ақ түсті жейде киіпті. Жейдесіне сепкен хош иісті әтірі ескен самалмен бүкіл Кербала кеңістігіне таралды. Ол ақырын қадам басып, қадам басқан сайын Аллаға зікір айтып келеді. Ақырындап, 37 күн бұрын имам Саджадтың (ғ.с) өз қолымен "هذا قبر حسین بن علی الذی قتلوه عطشانا: Бұл – шөлден кезерген ернімен шәһид болған Алидің ұлы Хусейннің қабірі", деп жазған мазарға жетті. Айналадан алманың иісі аңқып тұрды. Джабер мен Атие Уфи қылмыс жасалған шұңқырға жетеді. Жендеттер сол жерде ең ғазиз адамның басын кескен еді.

Джабер Атиеден қолын Хусейннің қабіріне қоюды сұрайды. Ол қарттың иығы қалтырап, ұзын, ақ сақалынан көз жасы моншақтай ағып, жейдесіне тамады. Джабер бетін қабірдің топырағына жақындатып, үш рет бар даусымен «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар!» деп тәкбір айтып, есінен танып, жерге құлап түседі. Атие Джабердің бетіне су бүркіп, Кербаланың азалы қарты көзін ашып, есін жияды. Тағы бір мәрте үш рет: «Йа, Хусейн, Йа, Хусейн, Йа, Хусейн...» деп сыбырлап айтқанымен, ешбір жауап естімейді. 

Джабер бетін жерге қойып, қайғылы дауыспен «حبیب لا یجب حبیبه؟: Дос өз досына жауап бермейді ме?»,- деп сұрайды.

Сосын Джабер өз сұрағына өзі жауап қайтарып: «Басың мен денеңнің арасын шақырымдармен бөліп тастаса, қалай жауап бермексің?» деді.

«Дос өзінің досына жауап қайтармай ма?»...

«Уа, Хусейн, сенің Пайғамбардың (с.ғ.с) соңғы перзенті екеніңді растаймын. Мүміндердің жетекшісінің перзентісің. Сен – тақуалықтың одақтасы мен серіктесісің. «Асхабе кесаның» бесіншісі, әрі Фатима Заһраның (ғ.с) перзентісің. Неге солай болмасқа? Сен Алла елшісінің қолынан ас ішіп, тақуа имамның тәрбиесінде өсіп, иманның сүтін ішіп, исламмен ақ сүт арқылы байланысып, біріктің. Сен бақытты өмір сүріп, шарапатты түрде дүниеден өтіп, досың үшін жерге тамшылатып қаныңды төктің», - деді.

Джабер зарлап жылап жатты. Зиярат дұғасын оқып, Кербаланың тыныш жазықтығында естілген оның қайғылы дауысы бүкіл кеңістікті дүр сілкіндірді. Бірде топырақты сүйсе, бірде оны иіскеп, кейде құлағына бір дауыс естілгендей үнсіз қалып, терең ойға батып, бір нәрсеге қадалып қарап отырды. Хусейннің қабіріне қолын тағы қойып: "Бауырың Яһия бин Закария өткен жолды сенің де өткеніңді растаймын",- деді. Ол теріске шығару, әдепсіздік пен ластықтың апанына түсіп, жауыз адамның алдында отырса, сен озбырлықпен күресіп, қатыгез басшыларға қарсы шықтың",-деді.

Джабер орнынан тұрды. Даланың иісін иіскеп, сахабарлардың әрқайсысына сәлем берді: Аббасқа сәлем, Акбарға сәлем, Ғасемге сәлем, Абдулла Разиғқа сәлем, Хабибке сәлем, Мослемге сәлем ... .

Сосын үнсіз қалып, көз жасы парлап, аға берді. Джабердің ақ жүзі көз жасының нұрымен ерекше айбындылық пен ұлылыққа ие болды. Сәл кідіріп, сосын саусағымен батыл әрі мәңгілік имамның қабіріне сілтеп: "Мұхаммадты (с.ғ.с) пайғамбарлыққа жігерлендірген адаммен ант етейін, сіздермен атқарған ісімізде әріптеспіз, яғни шәһәдат, жанпидалық, таза әрі адал ойын, шыдамдылық пен қайсарлық танытуда серіктеспіз",- дейді.

Атие таңырқап: "Кербалада болмаған, қолымызға семсер ұстамаған, қан төкпей, басымыз кесілмеген  Джабер және мен қалайша Хусейнге серік әрі жолдас болуымыз мүмкін?",- дейді.

Ол бұл сөздерді естігенде таң қалып, үнсіздігін бұзып, өте ақырын: "Мырзам менің, бұл қалай болуы мүмкін? Біз тау аспадық, ешбір алқап пен жерде Хусейннің серігі және жолдасы болмадық, қынаптан қылышымызды шығарып, ешбір дұшпанмен шайқаспадық? Бірақ, бұлар өз жандарын аямай, шөлден кенезелері кеуіп, қанға бөккен. Олардың жұбайлары аза тұтып, перзенттері әкелерін жоқтап отырған. Бұл қалай болуы мүмкін? Қалай?",- деді.

Сонда Джабер: "Атие, сүйікті Алла елшісінің (с.ғ.с) былай дегенін естідім: "مَن أحب قوماً خشر معهم، و من أحب عمل قوم اُرک فی عملهم، و الهی بعث محمداً بالحق نبیاً ان نیتی و نیۀ اصحابی علی ما مضی علیه الحسین و اصحبه": Белгілі бір топты жақсы көретін әрбір адам сол топпен бір деп саналады. Белгілі бір топтың жұмысын ұнатып, қабылдаған адам сол жұмыстарда әлгі топпен серіктес әрі әріптес саналады". Алланың елшісін (с.ғ.с) ақиқат пен дұрыс іске және пайғамбарлыққа рухтандырған адамның атымен ант етейін, менің ниетім мен ықыласым және жолдастарым Хусейн мен оның серіктері сол жолда өмірлерін қиған дәл сол ниет пен ықылас саналады",- деді.

Біраз уақыттан кейін алыс жолдан қайғы мен мұңға толы керуен келіп жетеді. Бұл қырық күн бойы бөтен жерде, туған жерінен жырақта азап шегіп, жараланып, қамшының астында қалып, кінәлау, жазғыру, қоқан-лоққы мен қорлауға ұшырап, Кербалаға қайта оралған керуен еді. Ол Кербаладан кеткен кездегі мерейі үстем керуенге мүлдем ұқсамады. Бұл керуен Кербаланың мазлұм шәһидтерінің қанын төгу арқылы қол жеткізген анты мен сертін қайта жандандыру үшін Омеяд әулетінің жарты ғасырға созылған қастандықтарын жойып, Кербалаға жеңіспен оралды. Кербаладан тоналған күйде кеткен бұл керуен енді Кербалаға жеңіске жеткен жүзбен қайтты. Бұл керуен өз мақсатына жетті. Күн қауесет, өтірік пен алдау бұлттарының артынан шығып, оларды сейілтіп, жұмылған қабақтарды ұрғылап, көздерді ашуға шақырды

Арбағин күні – қан кемелденіп, махаббат пен жанпидалық жеміс берген, егін жинап, теріп, тағы өсетін, сертке берік болып, тағы келісім жасайтын кез. 

Зейнаб (ғ.с) әйелдердің арасында тұрып, киімін ауыстырады. Не кигенін білесіз бе? Ол өзімен бірге алып келген аманаттарын киді. Қырық күн бұрын тоналған киімдерін қайтарып, соларды киді. Қырық күн бойы одан алыста болған ғазиз иісті сезді. Жақындай түсіп, Евфрат өзенінің жанынан өткенде жүрісін баяулатты. Неғман Башир алдыда керуенді бастап келе жатты.

Джабер керуенді жалаң аяқ қарсы алуға шығып, көзінен жасы тамшылады. Имам Саджадқа (ғ.с) жақындағанда имам одан: "Сен Джаберсің бе?",- деп сұрады. Джабер: "Ия, пайғамбардың шөбересі",-деп жауап қайтарды. Сол күйінде имамды құшақтап, имам Хусейнмен қоштасқанына қатты жылады. Имам Саджад (ғ.с.) Джаберге: "Джабер, бізге бөтен жерде жалғыздықта көмектесетін сенің жоқтығың қатты байқалды. Ей, Джабер! Алланың атымен ант етейін, дәл осы мекенде ересек ерлерді шәһид етіп, жасөспірімдердің бастарын кесіп, әйелдерді күң етіп, шатырларымызды өртеп жіберді",- деді.

Содан кейін Джаберге шәһидтердің әрқайсысының қабірлерін көрсетіп: "Бұл – Али Акбардың қабірі, ал мына жерде Ғасемнің қабірі. Мынау – Хусейннің әкесінің қабірі. Алақме жылғасының маңында менің әкемнің ағасы Аббастың қабірі",- деді.

Имам Саджад (ғ.с) Джабер және Атиемен кездескеннен кейін ер кісілерге қасиетті қабірдің маңайынан алысырақ баруға бұйырады. Сол кезде Зейнеп жай басып, ағасының қабірінің басына келіп отырып: "Алла елшісінің сүйікті немересі, Мекке мен Минаның перзенті, Заһра (ғ.с) мен Али Мортезаның (ғ.с.) перзенті! Бауырым-ай! Қырық күнде дегенде саған зорға жеттім! Бауырым, Ашура күнін сені өлтірген жерге келгенде денеңнің жебе, қанжар мен семсерлерден парша-паршасы шыққаны соншалықты, сені тани алмадым. Бірақ, қазір қырық күннен соң орныңнан тұрып, маған қара. Сенің бүгін мені тани алмайтының айдан анық. Шашымды ақ басып, белім бүгілді... Мені тани алмайтының айдан анық...",- дейді. Имам Саджад (ғ.с) апасының алаңдағанын көріп, Зейнепке (ғ.с): "Апатайым, сабыр ет, өзіңе берік бол",- дейді. Зейнеп (ғ.с) оған: "Али, көзімнің жарық нұры! Бауырымның жанында қалуым үшін мені Кербалада қалдыр",- деп өтінеді. Имам Саджад (ғ.с): "Апатай, тыныштал, сабыр сақта. Сен жетімдерге бас көз болуың керек",- дейді.

Осы арада керуенмен келген адамдар толқып, қайғыға салынды. Олардың әрқайсысы өткен оқиғаларды қайта баяндап жатты. Бірі Кербала, азаптаулар, көзден аққан жас, күю мен қамшылап соғуды айтса, басқасы құлдық, жолдағы ауыртпалықтары мен Убайдулла ибн Зияд пен Язид жиынының азаптауларын баяндады. Аһле бейт әулеті шәһидтердің қабірімен сырласып жатқан кезде аспаннан қанды жауын жауып, Нейнава шөлі таңданып, қайғыға батты...