Палестинаның ішкі жағдайы: 1988 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан қазіргі таңға дейін
(last modified Tue, 21 Nov 2017 06:07:06 GMT )
Қар 21, 2017 12:07 Asia/Almaty
  • Палестинаның ішкі жағдайы: 1988 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан қазіргі таңға дейін

"Тас интифазасы" атты алғашқы интифаза 1987 жылдың желтоқсанында басталып, шамамен бір жылдан соң, яғни 1988 жылы қарашаның 15 Палестина тәуелсіздігін жариялады. 2017 жылдың қарашаның 15 осы елдің тәуелсіздік жариялауының жиырма тоғызыншы жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бүгінгі бағдарламамыздың тақырыбы Палестинада интифазадан кейін орын алған ең маңызды оқиғалар мен сионисттік режимнің қылмыстарына арналады.

Палестинаның тәуелсіздігі туралы мәлімдеме 1988 жылы қарашаның он бесі күні, яғни алғашқы интифазадан шамамен бір жылдан соң Алжирде Палестина Ұлттық кеңесі тарапынан жарияланды. Дауд Куттаб 2016 жылы қараша айында осы мәселеге байланысты былай жазды: "Бұл мәлімдеменің жобасы мен мәтінін жазуда профессор Эдвард Саид пен ақын Махмұд Дарвиш елеулі рөл атқарды. Кейбір сарапшылардың пайымдауынша, бұл мәлімдеме интифазаның жергілікті жетекшілерінің, соның ішінде Фейсал Хасанның арманы болған. Тағы біреулердің пікірінше, 1988 жылы қарашаның он бесі күні жарияланған мәлімдеме емес, құжат болған. Себебі, бұл Палестина үкіметінің негізі болып есептелінеді. Мәлімдемеде: "Палестина – Палестинаның араб халқы сол жерде дүниеге келіп, өсіп-өніп, жетілген мекен. Палестинаның араб халқы өздері, жері мен тарихы арасындағы бірлікке кепілдік береді" деп жазылған". Сонымен қатар, мәлімдемеде Бейт ул-Мұқаддас Палестинаның астанасы ретінде аталған. Сонымен қоса, 1967 жылғы шекаралар да Палестина үкіметі территориясының шекарасы ретінде бекітілген. Бұл мәлімдеменің жариялануына байланысты БҰҰ-ның Бас ассамблеясы №177.43 қарарын бекіту арқылы "1988 жылы қарашаның он бесі Палестина Ұлттық кеңесі тарапынан Палестина үкіметінің тәуелсіздігін мойындап, Палестинаның өз алдына тәуелсіз үкімет құрғанын растады.

  1.      1988 жылы тәуелсіздік жариялағаннан кейінгі Палестинаның ең маңызды ішкі өзгерістері

Палестинаның 1988 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі ең маңызды өзгерістерін төмендегідей баяндауға болады:

  1.          «Тас» интифазасының жалғасуы

Бұл интифаза 1987 жылдың желтоқсан айында басталып, алты жылдан кейін 1993 жылы Осло келісіміне қол қою нәтижесінде аяқталды. Бұл интифаза кезінде 1300-ден астам палестиналық шәһид болды.

  1.          1991 жылғы Мадрид бейбітшілік конференциясынан 1993 жылғы Осло келісіміне дейін

«Тас» интифазасының төртінші жылы басталғанда АҚШ пен Кеңес одағының қолдауымен 1991 жылы қазанның отызы күні Мадрид бейбітшілік конференциясы басталды. Бұл конференциядан кейін халықаралық бақылаумен палестиналықтар мен сонистік режим арасында бұдан басқа онға жуық отырыс өткізілді. 1993 жылдың қыркүйек айында  Норвегияда өткен Осло конференциясы «Тас» интифазасының аяқталуына себеп болып, осылайша Палестина өзгерістері үшін жаңа негіз туындады. Палесиналықтар тарапынан Палестина автономды құрылымының қазіргі басшысы Махмұд Аббас Палестина, Израиль, АҚШ пен Ресей арасындағы төртжақты келісімге қол қойды. Осло келісімі Палестина автономды құрылымының құрылуына негіз жасады.

Осло келісімі Израиль мен Палестина арасындағы маңызды келісім саналады. Алайда Израиль бұл келісімнің мазмұнын ешқашан жүзеге асырмауымен қоса, оны бұзды. Сионистік режимнің бұл келісімдегі маңызды міндеттері сионистік қалашықтар салуды доғару мен палестиналық тұтқындарды азат ету болды. Бірақ келісімді жүзеге асыру үшін белгіленген  бес жылдың ішінде мұның бірде-біреуі іске аспауымен қатар,  келісімге қол қойғаннан бері 24 жыл өтсе де, қалашықтар салу мен палестиналық тұтқындарды азат ету мәселесі бұрынғыдан бетер нашарлай түсті. Шынтуайтында, Осло келісімінің жеңімпазы сионистік режим болды. Себебі ол палестиналықтар тарапынан ресми түрде мойындалды.

  1.          Екінші (әл-Ақса) және үшінші (Құдс) интифазалар

1988 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі Палестинадағы маңызды оқиғалар ретінде екінші және үшінші интифазалардың қалыптасуын атауға болады. "Әл-Ақса интифазасы" деп аталатын Палестинаның екінші интифазасы 2000 жылдың қыркүйек айында басталып, 2005 жылдың ақпан айында, яғни төрт жыл бес айдан кейін аяқталды. Бұл интифаза кезінде 4412 палестиналық шәһид болып, 48 000-ден астам палестиналық жараланды. Палестинаның екінші интифазасы 2005 жылы ақпанның сегізі күні Мысырдың Шарм әш-Шейх отырысында палестиналық және израильдік тараптар арасында қол қойылған атысты тоқтату туралы бітім нәтижесінде аяқталды.

Палестинаның үшінші интифазасы басталуының ұшқыны екінші интифазаның басталғанына 15 жыл, оның аяқталғанынан бері 10 жыл өткен соң 2015 жылы қыркүйектің жиырма төрті күні мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі мен яхудилердің Йом-Киппур мерекесімен тұспа-тұс келгенде шашылды. Алайда бұл интифаза ресми түрде 2015 жылы қазанның бірінен басталып, әлі жалғасуда. Осы уақытқа дейін 340-тан астам адам шәһид болды. Екінші және үшінші интифаза қарсыласу мен күрестің палестиналықтардың сионистік режимге қарсы болмысының бір бөлігі екенін және палестиналық қозғалыстың жалғасуын дәлелдейді.

  1.          Палестинаның парламенттік сайлауынан 2017 жылы Ұлттық Вафақ үкіметінің құрылғанына дейін

1988 жылы Палестинаның тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі саяси оқиғалардың маңыздысы парламенттік сайлау өткізуі саналады. Палестинадағы бірінші парламенттік сайлау 1996 жылы өткізілді. Бірақ, ХАМАС қозғалысы бұл сайлауларға қатысудан шеттетілді. Екінші сайлау да 10 жылдан кейін, яғни 2006 жылы ХАМАС қозғалысының қатысуымен өткізілді. ХАМАС мәжілістегі 132 орыннан 74 орынға ие болып, "Фатх" қозғалысынан көбірек орынмен басымдыққа ие болды. "Фатх" қозғалысының бұл сайлауда жеңіліске ұшырауы Палестинадағы "Фатх" пен ХАМАС қозғалыстары арасындағы қақтығыстар мен текетірестердің, тіпті ішкі соғыстың етек жаюының негізгі факторына айналды. Бұл соғыс Палестинаның Йордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторындағы екі үкіметтің бір мезгілдегі билігіне куә болуына себеп болды. Мұндай жағдай 2017 жылдың қазан айына дейін жалғасып, қазанның он екісі "Фатх" пен ХАМАС Мысырдың астанасы Каирде ұлттық бітім мен ұлттық Вафақ үкіметінің құрылуы туралы келісімге келді.

  1.      1988 жылы тәуелсіздік жариялағаннан кейінгі сионистік режим қылмыстарының саудиялық бағыты

Палестинаның тәуелсіздігі туралы мәлімдеменің Палестинаның бірінші интифазасынан кейін шамамен бір жылдан кейін жарияланғанына қарамастан, бұл мәлімдемеден кейін сионистік режимнің қылмыстары мен оның Палестина халқының құқықтарын бұзуы ақырындап арта берді. Сионистік режимнің Палестинаға қарсы маңызды қылмыстарына соғысты таңу, Газа секторын оқшаулау мен қалашықтар салуды жалғастыру және палестиналық тұтқындар санының артуы жатады.

2-1. Соғыс

Сионистік режим күнделікті басқыншылықтары, адам өлтіру, бомбалаулар, террорлар түріндегі көптеген қылмыстарымен қоса қарсы үшжақты интифазалар барысында палестиналықтарға қарсы көптеген соғыс жүргізді. Жалпы алғанда, Израиль 1948 жылдан бастап араб елдері әскеріне қарсы төрт соғыс, Палестинаның қарсыласу топтарына қарсы жеті соғыс және Ливанның қарсыласу қозғалысына қарсы үш соғысты қамтитын орта есеппен алғанда әрбір бес жыл сайын бір негізгі қақтығыс орын алған он төрт соғыс жүргізді. Палестинаға қарсы соғыстар ретінде 2008, 2012 және 2014 жылдары орын алған соғыстарды атауға болады. Израиль «Балқыған қорғасын» деп, ал ХАМАС «Фұрқан шайқасы» деп атаған 2008 жылғы соғыс жиырма екі күнге созылып, 1450 палестиналық, соның ішінде 404 бала мен 115 әйел шәһид болып, бес мыңнан астам адам жарақат алды. Израиль «Бұлтты баған» деп атаған 2012 жылғы соғыс сегіз күнге созылып, оның салдарынан 191 адам шәһид болып, 1526 адам жараланды. Ал 2014 жылғы соғыс елу күнге созылып, соның салдарынан 220-дан астам адам, соның ішінде 550 бала шәһид болып, 11 000-нан астам адам жараланды.

2-2. Газа секторын оқшаулау

Сионистік режим Палестинадағы 2006 жылғы сайлаудан және ХАМАС қозғалысы жеңіске жеткеннен кейін "Фатх" қозғалысымен келісілген әрекет аясында Газа секторын қоршауға алды. Қоршау он бір жыл өткенімен, әлі  жалғасуда. Газа секторын ең ірі үсті ашық зынданға айналдырған оқшаулау салдарынан Газа секторындағы өмір сүру деңгейі қатты төмендеп, елдегі жұмыссыздық деңгейі шамамен 50 пайызға, кедейшілік деңгейі 60-тан астам пайызға артты, сондай-ақ Газа секторы тұрғындарының 80 пайызы гуманитарлық көмектерге мұқтаж. Дәрі-дәрмек тапшылығы да осы аймақтағы науқастар үшін үлкен қиындыққа айналды. Сионистік режим тіпті Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге тосқауыл болып отыр.

2-3. Қалашықтар салу үдерісінің жалғасуы

Қалашықтар салу Израильдің палестиналықтарға қарсы ең маңызды қылмыстарының бірі саналады. Себебі бұл үдеріс Палестина тұрғындарын өздері мекен ететін жерлерден  кетуге мәжбүрлейді. Бүгінде шамамен 5 миллион палестиналық босқынға айналған. Қалашықтар салу үдерісі еврейлендіру мен территорияны кеңейту мақсатында сионистік режим тарапынан жүзеге асырылып жатыр. Қалашықтар салу басып алынған жерлерде еврей халқы санының артуына себеп болды. 1988 жылы еврейлердің саны 180 000 адам болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 650 000-ға артқан. Сионистік режим қалашықтар салудың жалғасында Осло келісіміне назар аудармауымен қатар, тіпті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қалашықтар салуды айыптауға байланысты қабылдаған №2334 қарары да сионистік режимнің бұл қылмысты жалғастыруына еш кедергі бола алмады.

2-4. Палестиналық тұтқындар санының артуы

Израильдің палестиналықтарға қарсы жүзеге асырған қылмыстарының келесі бірі палестиналық тұтқындарға қарсы жасаған қылмысы саналады. Сионистік режим түрмелерінде 6000-нан астам адам тұтқын өте нашар жағдайларда қамауда жатыр. Бұл тұтқындар өте нашар санитарлық және азық-түлік жағдайы мен физикалық және психикалық азаптауларға байланысты бірнеше рет аштық жариялаған болатын. Бірақ Құдсты басып алған режим олардың мұндай жағдайына мүлдем көңіл аудармады.

Қорытынды

Жалпы алғанда, 1988 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі Палестинаның жағдайы ішкі мәселелер тұрғысынан қайшылықтардың артуы мен ішкі қақтығыстар жаққа бет алуда. Қарсыласу топтары Израильге қарсы күресу қажеттігін қуаттап отырған жағдайда "Фатх" қозғалысы мен Палестина автономды құрылымы сионистік режиммен келісім мен ымыраға келу бағытын ұстанып отыр. Дәл осы мәселе "Фатх" пен ХАМАС арасында қайшылықтың пайда болуындағы маңызды фактор саналады. Сионистік режим 1988 жылы Палестина өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін палестиналықтарға қарсы көптеген қылмысты іске асырып, палестиналықтарды басып-жаныштау мен оларды өз мүлкінен айыру үдерісін айтарлықтай арттырды.