Қар 24, 2017 10:56 Asia/Almaty
  • АҚШ-тағы ахлақтық құлдырау

"АҚШ-тағы ахлақтық құндылықтар құлдырау үстінде".

Бұл сөйлем қоғамдық пікірді зерттейтін Gallup институты жүзеге асырып, жуырда жариялаған зерттеу жұмысының қорытындысы саналады. Осы зерттеуге сәйкес, америкалықтардың 77 пайызы қоғамдағы ахлақтық құндылықтар өткенмен салыстырғанда нашарлап кеткен деп санайды. Ал америкалықтардың 81 пайызы қоғамдағы ахлақтық құндылықтар өткенмен салыстырғанда орташа немесе нашар жағдайда деп айтқан. Бұл 2013 жылы америкалықтардың 40 пайызы ахлақтық құндылықтар нашарлап кетті деп, 2017 жылы бұл көрсеткіш 45 пайызға артқан жағдайда орын алып отыр. Дәл осы кезеңде ахлақтық құндылықтар орташа деңгейде деп есептеген адамдардың саны 41 пайыздан 26 пайызға төмендеген. Ал ахлақтық құндылықтар өте жоғары немесе жақсы деп бағалаған адамдардың саны 18-ден 17 пайызға төмендеген.

Сонымен қатар, Gallup институты сауалнамаға қатысушыларға алғаш рет "Ахлақтық құндылықтар жақсарды ма, әлде нашарлады ма?" деген сауал қойғанда олардың басым бөлігі ахлақтық құндылықтардың нашарлағанын мәлімдеген. 2001 жылы америкалықтардың 64 пайызының пікірінше, ахлақтық құндылықтар нашарлап кеткен. 2017 жылы бұл көрсеткіш 10 пайызға артып, 77 пайыз көрсеткішке жеткен. Осы кезеңде ахлақтық құндылықтар жақсарды деп есептейтін 8 пайыз адамдардың саны азайып, 2001 жылғы 24 пайыз көрсеткішінен 2017 жылы 16 пайызға төмендеген.

АҚШ қоғамындағы ахлақтық құндылықтардың құлдырау себебі неде?

Қоғамдағы, әсіресе АҚШ қоғамындағы ахлақтық ерекшеліктер жиынтығын зерттеу үшін оны жеке адам ахлағы, әлеуметтік ахлақ пен саяси ахлақ секілді үш деңгейде қарастырған жөн.

Сондай-ақ, кез-келген зерттеудің алдында АҚШ-тағы ахлақтық құлдыраудың салыстырмалы үдеріс екенін және бұл елде ахлақтық қасиеттер жиынтығы мүлдем жоқ деген мағынаны білдірмейтінін білген жөн. Басқаша айтқанда, көптеген азаматтар, әлеуметтік топтар, тіпті саясаткерлер мен әлеуметтік салалардың белсенділерінен құралған топ ахлаққа берік болып келеді. Қарым-қатынастардың басым бөлігі ахлақтық құндылықтар негізінде қалыптасқан.58

 Бірақ қазіргі таңда статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, ахлаққа берік болу көрсеткіші, дәлірек айтқанда бұл елдегі әлеуметтік құндылықтарды сақтауға деген сенімнің көрсеткіші төмендеп, жойылып барады.

Мұндай жағдайдың пайда болуына әртүрлі себептер келтірілген. Мысалы, нәпсінің саулығы, уәдеге адал болу, отбасы ошағын сақтау, Құдайға деген иман мен руханилық секілді кейбір әлеуметтік құндылықтардың солғындауы салдарынан америкалық азаматтар шамадан тыс өтірік айтып, бұрынғыдан бетер уәделерін бұзып, бұрынғыдан бетер руханилықтан алшақтап, ахлақтық және құндылық тұрғыдан айтарлықтай ауытқушылықтарға ұшыраған. Статистикалық мәліметтер осындай жайттарға сілтеме жасауда.

Стефан Хилл АҚШ-тағы ахлақтың құлдырауды зерттейтін "Ақиқаттың құлдырауы" (Truth Decay) атты кітабында бұл елді батып бара жатқан Титаник кемесіне теңеп: "Біз өзімізді терең, қараңғы және білмейтін суларда деп есептейміз. Ал өзіміз жауап табу үшін бізді дұрыс бағытқа қайтаратын белгі мен жолды іздеудеміз",- деп жазған.

Басқа зерттеушілер америкалық азаматтардың хабардарлығы мен иман деңгейін хазірет Мұса (ғ.с) пайғамбардың яхудейлер мен христиандарға орындауға міндетті он бұйрығы (он өсиеті) негізінде бағалаған. Бұл зерттеулерге сәйкес, америкалықтардың басым бөлігі он бұйрыққа негізделген діни өсиетке сенбейді немесе одан бейхабар. Бір зерттеудің нәтижелері америкалықтардың тек 31 пайызының ғана он бұйрыққа сенетінін көрсетеді. Америкалықтардың әсірешіл дарашылдығы да ахлақтық құлдырау үдерісіне қатты әсерін тигізген. Бір сауалнама нәтижелеріне сәйкес, америкалықтардың 93 пайызы істің дұрыс-бұрыстығына байланысты жеке өздері шешім қабылдайды. АҚШ қоғамының 75 пайызы істің дұрыс немесе бұрыстығына байланысты ешқандай стандарт жоқ деп санайды. Жасөспірімдердің 83 пайызы да дәл осы көзқарасты ұстанады. Мұндай кеңістікте америкалық азаматтардың өзінің жеке мүдделерін ең жоғары деңгейге жеткізу үшін басқалардың ақыл-кеңестерін назарға алмай, өздерінің ахлаққа жатпайтын қылық көрсетуі таң қалдырмай ма?

АҚШ-тағы жеке ахлақтың құлдырауы осы елдегі әлеуметтік ахлаққа қатты әсерін тигізген. 2010 жылы мал-мүлік иелеріне 15 миллиард шығын келтірген 9 миллионнан астам қылмыс жайты Америка Құрама Штаттарындағы тонаудың түрлеріне байланысты тіркелген. Сол жылы 16 000-нан астам адам қаза болған, яғни күніне 45 өлім жайты орын алып отырған. АҚШ сондай-ақ, 2 миллоннан астам тұтқындалғандардың саны бойынша әлемдегі ең жоғары көрсеткішке ие. Ал бас бостандығынан айырудың орнына баламалы жаза түрлеріне сотталғандардың саны бірнеше есе көп. Бұл жағдай америкалық жасөспірімдер мен жастар арасында әлдеқайда нашар. Мысалы, күн сайын АҚШ-та мыңдаған жасөспірім қыз тұрмыс құрмастан жүкті болып жатады, 1100 жасөспірім қыз түсік жасайды. 500 жасөспірім қыз нашақор болып, мыңдаған қыз бала ішімдікке салынады. 1973 жылы АҚШ-тың Жоғары Соты түсік жасауды заңдастырғаннан бастап бұл елде 57 миллион түсік жасау жайты орын алған. АҚШ-та балаға зорлық-зомбылық көрсету салдарынан жыл сайын 3 миллион бала, күн сайын 4 бала жан тапсырып жатады. Сонымен қатар, жылына 800 000, күніне 2000 мектеп жасындағы балалардың іс-түссіз жоғалып жататыны туралы хабарлар жарияланады. АҚШ-та 237 000-нан астам адам жыныстық зорлық-зомбылық құрбанына айналады. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, америкалық әйелдердің бестен бірі жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.

АҚШ-та отбасы негізінің болмауы да жағымсыз салдарларға әкеліп соқтырады. Кейбір зерттеулерге сәйкес, америкалық ерлі-зайыптылардың 53 пайызы жұбайларының көзіне шөп салады, ал америкалықтардың 65 пайызы үйленуден тыс еркін қарым-қатынаста болуды әбестік емес деп есептейді. 1960 жылдары 500 000-нан аз жұп үйленбестен, бірге өмір сүрген. 2013 жылы бұл көрсеткіш 6 400 000-нан астам жұпқа жетіп отыр. Америкалықтардың 54 пайызы некесіз туған балаға ахлақтық тұрғыдан оң пікір ұстанатындықтарын  мәлімдеген. 2008 жылы бала туу жайттарының шамамен 41 пайызы тұрмыс құрмаған әйелдерге тиесілі болған. Ал 1963 жылы бұл көрсеткіш тек 7 пайызды құрады. Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, америкалықтардың 52 пайызы өз жынысының өкілімен қатынаста болуды ахлақсыздық деп санамайды.

АҚШ-тағы құндылықтардың құлдырауы жеке және әлеуметтік әрекеттермен қоса осы елдегі саяси әрекеттерге де әсерін тигізген. АҚШ президенті қызметіндегі адам үйлі-баранды болғанына қарамастан, Ақ үйдің тағылымгерімен ахлаққа жатпайтын қатынаста болғандықтан бұл ел саяси дағдарысқа ұшырады. Билл Клинтон мен Моника Левинскидің жанжалы АҚШ-та ахлақсыздықтың қандай деңгейге жеткенін көрсетіп отыр. 1990 жылдары осындай ахлаққа жатпайтын қатынастың әшкере болуы мен соның салдарынан АҚШ-тың ең жоғары басшысының, яғни президенттің өтірігі оны импичментке дейін жеткізгенімен қазіргі таңда бұл ел халқының шамамен жартысы әйел атаулыны жек көретін және әйелдерге қатысты әдепсіз сөздер айтумен айыпталған адамды Ақ үйді басқаруға жіберді. Қазір АҚШ халқының басым бөлігінің көзқарасына сәйкес, елде жоғары лауазымды қызметке орналасуды мақсат ететін адам үшін сау және ахлақтық әдепке сай өмір сүру аса маңызды емес. Дәл сол себепті өткен жылы АҚШ-тағы президенттік сайлауда дауыс бергендердің жартысынан көбі мұның алдында электронды хаттарына қатысты өтірік айтқаны үшін айыпталған Хиллари Клинтонға дауыс берген еді. Өткен онжылдықтарда Клинтонның электронды хаттарын жасырып, оларды жоюға байланысты әрекеттерге баруы саясаткердің биліктен кетуімен аяқталар еді. Бірақ, бүгінгі таңда саясаткерлердің өтірік айтуы мен алдауы әдеттегі іске айналған. Бұл көзқарас саясаткерлердің жемқорлық мәселесіне қатысты шиеленісе түскен. Қазіргі таңда Вашингтонда сыбайлас жемқорлықпен қолын былғамаған немесе өзінің сайлауалды шығындарына күдікті қаржы көздерін пайдаланбаған саясаткер жоқтың қасы. АҚШ-ның Федералды Жоғары соты сайлау науқанында қайырымдылық көмектердің шегін анықтайтын шектеулерді жойған кезден бастап, атқарушы немесе заң шығарушы органдарға сайланған адамдар "бір пайыздылар" деп аталатын ірі олигархтардан несие көмектер алған. Бұл үшін "халық қалаулылары" халықтың құқықтарын қорғаудың орнына өздерінің қаржылай демеушілерінің мүдделерін қамтамасыз етіп отырады. Соңғы жылдары бұқара халықтың АҚШ-тың Федералды үкіметі мен Конгресіндегі басшыларға сенімі күннен-күнге азайып бара жатқаны тегін емес. Қазіргі таңда америкалықтардың 30-35 пайызы ған өз президентіне сенім артады. Алайда бұл көрсеткіш Конргесс үшін өте аз саналады.

Ахлақ философтары мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, қауымдастықтардың мықтылығы мен өмірінің жалғастығы халықтардың ахлақтық және сенім құндылықтарын сақтауымен байланысты. Қауымдастықтар төменге қарай құлдырап бара жатыр. АҚШ халқының көбісі үшін ахлақтық, отбасылық және рухани құндылықтар әлі де маңызды саналады. Бірақ, өткенмен салыстырғанда бұл мәселеден маңызды алшақтықтарды байқауға болады. Егер бұл алшақтықтар қайта қалпына келтірілмейтін болса және АҚШ-та ахлақтық "қайта өрлеу" орын алмайтын болса, бұл елдің қоғамы әлеуметтік, мәдени, саяси, тіпті қауіпсіздік салалары бойынша  салдарсыз түзетуге келмейтін ауыр зардап шегетін болады.

Тегтер