Сауд әулеті ислам әлемінің бірлігіне кедергі жасауда
(last modified Mon, 11 Dec 2017 08:07:09 GMT )
Жел 11, 2017 14:07 Asia/Almaty
  • Сауд әулеті ислам әлемінің бірлігіне кедергі жасауда

Сауд әулеті мен ваххабизм – ислам әлемінің бірлігі жолында тұрған негізгі кедергілердің бірі. Олар өздерін қасиетті Мекке мен Мәдинедегі мешіттердің қызметшілері, ислам ахкамдарын жүзеге асырушылар, тіпті мұсылмандардың бірлігін жақтаушылар санайды. Алайда іс жүзінде олар өз ұрандарына толығымен қайшы әрекеттер жасайды. Бұл дәл мұнафықтар іске асырып жатқан әрекет болып табылады.

Ислам әлемінің бірлігі – мұсылмандардың ерте заманнан келе жатқан арманы. Осындай ынтымақтастықтың арқасында әртүрлі мазхабтар мен тайпалардан шыққан мұсылмандардың бауырластығы нығайып, дұшпандардың мұсылман мемлекеттеріне басқыншылық жасауға батылы бармайды. Бірліктің ғажайып ықпалы мен әсеріне байланысты Құран мен хадистерде оның маңызы баса айтылған. Әли Имран сүресінің 103-аятының басында: "Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер",- деп айтылған. Құран тәпсіршілері Алланың жібін (дінін) ислам, Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с), ол хазіреттің әулеті (ғ.с) (Аһле бейт) және Құран секілді мұсылман үмбетінің бірлігі мен ынтымағын нығайтатын факторлар деп түсіндірген. Мұсылмандардың бірлігі мен ынтымағының негіздері, жанашыр әрі көзі ашық үлемдер мен тұлғалардың талпыныстарына қарамастан, мұсылмандар әлі де Исламның діттеген бірлігі мен ынтымаққа қол жеткізе алмады. Бұл сәтсіздіктің себептерін ислам әлемінің бірлікке жетер жолында тұрған кедергілерден іздеген жөн. Кедергілерді ішкі және сырты кедергілер деп екі топқа бөліп қарастыруға болады. Кейбір кезде бұл екі топ бір-бірімен тығыз байланысты.

Жік салушы шетелдік факторларға исламның негізі мен мұсылмандардың сеніміне қарсы, оларды ішкі алауыздықтар арқылы әлсіретіп, бытыраңқы болуын көздейтін үкіметтер мен ағымдар жатады. Бірақ ислам әлемі бірлігінің ішкі кедергілері одан да маңызды әрі ықпалды. Оларға жәһілдік, соқыр сенім, қараниет, хабарсыздық пен алауыздық жатады. Өкінішке орай, ислам әлеміндегі үкіметтер мен ағымдар қасақана немесе абайсызда мұсылмандардың арасында келіспеушілік тудырып, Ислам дінінің дұшпандарына қызмет ету үшін әрекеттер жасады. Ислам әлемінің ішінде жікшілдік тудырушы рөлді атқаратын маңызды ағымдардың бірі ваххабизм ағымы саналады. Бұл ағым он сегізінші ғасырдың орта шенінде оның негізін қалаған Мұхаммад бин Абдулваххаб Сауд әулетімен коалиция құрған кезден бастап жік салу мен зорлық-зомбылыққа бағытталған әрекеттерін бастады. Қысқа мерзім аралығында Сауд Арабиясының қалалары, соның ішінде Мекке мен Мәдине ваххабистердің шапқыншылығына ұшырады. Олар тіпті Кербала мен Наджафқа да шабуыл жасады.

Негізінен ваххабистік көзқарастың исламның басқа мазхабтарымен салыстырғанда көптеген айырмашылықтары бар. Олар діни ұлы тұлғалар, тіпті Ұлық пайғамбардың (с.ғ.с) көмегіне жүгінуді шерк (Аллаға серік қосу) деп есептейді. Сондықтан олардың пікірінше, әулие адамдардың басына зиярат жасауға болмайды. Бұл кертартпа ағым бойынша, өркениеттің көптеген көріністері мен жетістіктерін пайдалану дінге қарсы саналады. Бірақ уақыт өте келе олар өздерінің осы сенімінен бас тартты. Әрине, ислам ағымдары мен мазхабтардың арасында келіспеушіліктер бар, бірақ бұл келіспеушіліктер мұсылмандар арасында қақтығыс пайда болып,  зорлық-зомбылық көрсетуге себеп болған емес. Себебі, мазхабтық сенімдерді сақтай отырып, ортақ принциптер негізінде түсіністік пен бірлікке жетуге болады. Алайда ваххабистер тек өздерінің сөздерін ғана дұрыс деп есептейтін соқыр сенімге ие. Ислам пайғамбары (с.ғ.с) бұл жайында былай деген: "Халықты соқыр сенімге шақыратын адам бізден емес. Соқыр сенімі үшін соғысатын адам да, өзінің соқыр сенімі үшін жанын беретін адам да бізден емес». Бірақ соқыр сенімге негізделген ваххабизм көзқарасы бойынша, осы ағымның сенімдерін қабылдамайтын кез келген адам мүшрік саналады. Сондықтан онымен күресу қажет. Басқаша айтқанда, осы бұрмаланған ағымның негізінде басқаларға өзінің сенімдерін күштеп, зорлап таңуға болады. Мұндай сенім мен көзқарастың болуы негізінен ваххабисттердің берік әрі түбегейлі сенімдерінің жоқтығы мен халықтың оны қабылдамайтындығынан шыққан.

Ваххабизм ағымының бірқатар маңызды ойшылдары

Сауд Арабиясында мұнай кен орындарының табылуы мен одан түсетін ауқымды табыстардың Сауд әулетінің пайдасы үшін тәркіленуі ваххабизм үшін ақшаны пайдалану арқылы өз ықпалын таратуға мүмкіндік тудырды. Сауд әулеті басқа мазхабтарға қарсы ваххабисттік көзқарасқа ие адамдарды тәрбиелеу мақсатында түрлі елдерде арнайы діни медреселер аша бастады. Саудиялықтар, сондай-ақ, халықты ваххабизм сенімдеріне қызықтыру үшін көптеген қаражат бөлу арқылы әлемнің жер-жерінде түрлі діни үгіт-насихаттық орталықтар құрды. Өркениеттің жетістіктерін пайдалануды шариғатқа қайшы деп есептеген ваххабистер өздерінің негізсіз сенімдерін насихаттап, мұсылмандардың арасында келіспеушілік тудыру мақсатында радио, теледидар, спутниктік байланыс пен интернет секілді ақпарат және байланыс құралдарын пайдалануға бет бұрды. Сауд Арабиясының мұнайды сатудан тауып отырған қыруар ақшасы оларға осы салаларға есепсіз қаржы салатын мүмкіндік берді.

Саудиялықтар өздерінің күн тәртібіне зорлық-зомбылық пен соғысқа басымдық беруді ұмытпаған. Олардың үгіт насихаттары ислам әлемінде алауыздықтар мен соғыстың кең етек жаюы жолында қызмет етуге бағытталған. Олар өткен жылдар ішінде негізгі ерекшеліктері соқыр сенім, кертартпашылық, басқа мұсылмандармен жауластық және қан төгу болып табылатын көптеген тәкфирлік топтарды құрды. Ауғанстандағы "әл-Каида", Нигериядағы "Боко Харам", Ирак пен Сириядағы ДАИШ және "ан-Носрат" майданы, Сомалидегі "аш-Шабаб" тәкфірлік-лаңкестік топтары мен Ливан, Ливия, Мысыр мен Ауғанстандағы осыларға ұқсас топтар ваххабизм сенімдерін ұстанатын топтардың қатарын құрайды. Олар шын мәнінде ислам әлемінде жікшілдік тудыру, соғысты өршіту мен зорлық-зомбылық көрсетудегі Сауд әулетінің өкілдері саналады. Сирия мен Ирак саудиялықтардың тәкфирлік топтарын пайдалану арқылы оларға алапат соғысты таңып, жүз мыңдаған адамды осы бүліктің құрбаны еткен екі мұсылман елі саналады. Сонымен қатар, тәкфирлік лаңкестік топтардың шабуылдары салдарынан Пәкістан мен Мысырда, Ливия мен Ливанда, тіпті кейбір Еуропа елдерінде мыңдаған адам қаза болды.

ДАИШ – Сауд әулетінің қолдауымен Сирия мен Иракта көптеген қылмыстарды жасаған тәкфирлік ағым

Сауд әулеті режимі қолдау көрсетіп отырған топтардың қылмыстарымен шектеліп қоймай, кейбір елдерде өзі де тікелей соғысқа кіріскен. Екі жарым жылдан астам уақыттан бері Йеменнің мазлұм халқы Сауд Арабиясы әскерінің қатыгез шабуылдарына ұшырап отыр. Қазіргі таңға дейін мыңдаған йемендік саудиялықтардың әуе шабуылдары салдарынан қаза тауып, жараланған. Бұл елді теңіз және құрлық арқылы оқшаулау салдарынан Йемен халқы кедейшілік пен тырысқақ секілді түрлі жұқпалы ауруларға ұшырады. Саудиялықтардың Бахрейннің ішкі істеріне араласуы мен озбыр Халифе әулетіне қолдау көрсетуі де бұл елдегі азаттық сүйгіш халықты басып-жаныштауға себеп болды. Осы мемлекеттер мұсылман елі болуымен қоса, араб тектес. Сауд Арабиясы дәл сол ваххабизмді мәжбүрлеу арқылы араб әлеміне жетекшілік етуді көздеуде. Алайда іс жүзінде бұл әрекет араб елдері арасындағы жікшілдіктің шарықтау шегіне жетуіне соқтырды.

Бірақ саудиялықтардың келіспеушіліктері мен олардың исламның қарсыластарына қызмет етуін әшкере ететін ең маңызды мәселе олардың ислам әлемінің негізгі дұшпаны саналатын АҚШ-қа толығымен бағынуы болып табылады. Сауд әулеті басынан Ұлыбританияның, содан кейін АҚШ-тың қолдауына ие болды. Вашингтон да осы озбыр әулеттің жік салу және жауластық тудыру саясаттарын қолдап, Йемен халқын жаппай қырып-жоюда да бұл режимге қару-жарақ, саяси және үгіт-насихаттық тұрғылардан көмектесіп отыр. Сауд әулетінің бұл саясаты Ниса сүресінің 138-139 аяттарын еске салады: "(Мұхаммед Ғ.С.) мұнафықтарға, өздеріне негізінен күйзелтуші азап бар екендігін шүйіншіле.

Сондай мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтқандар, олардың қасынан ізет іздей ме? Шын мәнінде, ізет бүтіндей Аллаға тән. (Ниса сүресі, 138-139)". 

Саудиялық-америкалық одақ

Жақында әшкере болған Сауд әулетінің ислам дұшпандарына жағымпазданудағы тағы бір саясаты - сионистік режиммен дос әрі бағыттас болуы. Саудиялықтардың Құдсты басып алушы режиммен жасырын қатынастары туралы хабарлар бұрын да жарияланған болатын. Алайда қазір қос тарап достығы және бір-бірімен әріптестік жасайтынын ашық түрде мойындап отыр. Сионисттік режимнің бұрынғы Соғыс министрі Моше Ялунның сөзі осыған дәлел: "Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейрдің біздің иврит тілінде айтып отырған мәселелерді араб тілінде айтуы кездейсоқтық емес". Бұл Сауд әулеті өзін бірнеше жылдан бері Палестина халқының қолдаушысы, сионистік режимнің дұшпаны деп көрсетіп отырған жағдайда орын алып отыр. Саудиялықтар мен сионист еврейлердің достығы мен бағыттас болуы еврейлер мен мұнафықтардың Пайғамбар мен мұсылмандарға қарсы ынтымақтастығын еске салады.

Сауд әулеті мен Израильдің достығы

Басқа жағынан алып қарасақ, Иранды өздерінің жік салу және үстемшіл мақсаттарын ілгерлетудегі негізгі тосқауыл санайтын саудиялықтар Иранмен шындап дұшпандық жасап отыр. Бұған байланысты ол АҚШ пен сионистік режиммен келісімге келген. Олар есепсіз ақша жұмсау арқылы кейбір кертартпа араб елдерін де өздерінің қатарына қосуға талпыныс жасады. Саудиялықтардың бұл саясаты Сауд әулеті режимінің ислам әлемінде алауыздық пен келіспеушілік тудыру әрекеттерін бүркемелеп тұрған перде саналады. Бұл мұсылман үмбетіне соққыдан басқа ешбір пайда әкелмейді.

Қалай болғанда да Сауд әулеті мен ваххабизмнің ислам әлемінің бірлігіне тосқауыл болып тұрған маңызды кедергілер екені күмәнсіз. Олар өздерін Мекке мен Мәдинедегі мешіттердің қызметшілері, исламның ахкамдарын жүзеге асырушы санайды. Алайда, іс жүзінде өз ұрандарына толығымен қарама-қайшы әрекет етеді. Бұл іс дәл мұнафықтар жасаған әрекет болып табылады. Құран Кәрімде мұндай адамдар жайлы былай делінген: "Оларға: «Жер жүзінде бұзақылық қылмаңдар!»,- делінсе, олар: «Біздер түзеуші ғанамыз» дейді.

Сақ болыңдар! Шын мәнінде олардың өздері бұзақы, алайда олар түсінбейді." (Бақара сүресі, 11-12 аят).

Ислам әлемінің бірігуіне қарсы сыртқы дұшпандардың жайы анық. Мұсылмандардың оларға қарсы міндеті түсінікті. Бірақ, өздерін мұсылман етіп көрсетіп, іс жүзінде жікшілдіктің тұқымын сеуіп жүрген ішкі жік салушы адамдарды танып-білу қиын, олармен қарсыласу одан да қиынырақ. Сол себепті Исламның Ұлық Пайғамбары (с.ғ.с): "Мен өз үмбетім үшін мүміннен де, мүшіріктен де қорықпаймын. Себебі, Құдай мүмінді жүрегіндегі иманы арқылы сақтап қалса, мүшірікті шеркіне  байланысты жығады. Бірақ, мен сендерге сендердің сенімдерің негізінде сөйлеп, бірақ іс жүзінде оған қарама-қайшы әрекет ететін екіжүзді мұнафықтардан қорқамын",- деген.