Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық «Исламдық бірлік» 31-ші конференциясына қатысушылармен кездесуі
(last modified Tue, 12 Dec 2017 10:20:28 GMT )
Жел 12, 2017 16:20 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық «Исламдық бірлік» 31-ші конференциясына қатысушылармен кездесуі

Иран Ислам революциясының жетекшісі желтоқсанның 6 күні хазірет Мұхаммад Мұстафа (с.ғ.с.)-ның мәуліті мен хазірет имам Джафар Садық (ғ.с)-ның туған күнінің жылдығында Иранның үш билігінің басшылары, жүйенің бірқатар жауапты тұлғалары, ислам елдерінің елшілері және Халықаралық «Исламдық бірлік» 31-ші конференциясына қатысушылармен кездесті.

 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл кездесуде соңғы илаһи пайғамбардың (с.ғ.с.) мәуліті мен хазірет ұрпақтарының бірі имам Садық (ғ.с.) туған күнінің жылдығымен құттықтап, бұл берекеге толы күннің ислам үмбетінің Алла елшісінің нұрлы жолына назар аудартатын күн болуына үміт білдірді. Хазірет сондай-ақ ислам әлемінің қазіргі жағдайы мен Құдс мәселесіне тоқталды.

"Исламдық бірлік" конференциясының қонақтары мен Иран басшыларының діни жетекшімен кездесуі

Аятолла Хаменеи Құран Кәрімнің Исламның ұлық пайғамбарын «әлем үшін рақым» деп таныстыруына сілтеме жасап: «Пайғамбардың жіберілуі рақым болды. Бұл рақым пайғамбарының жақтастарымен бірге хазіреттің жолы мен дұрыс жолға нұсқауын қабылдамағандар үшін де нығмет болып, олар да илаһи рақымның аясына түсті. Бұл илаһи уәде міндетті түрде орындалады»,- деді. Алла Тағала Құранда: «Мен қалағанымды азабыма ұшыратамын, рахметім әр нәрсені сыйдырды. Мәрхаметімді сондай тақуалық қылғандарға, зекет бергендерге және аяттарымызға сенгендерге жедел жазамыз» деді. Олар сондай жандарындағы Тәуратта және Інжілде жазулы жіберілген, сауатсыз Пайғамбарға ергендер..»,- деп айтқан. («Ағраф» сүресі, 156-157-ші аяттары). Ислам революциясының жетекшісі  пайғамбардың (с.ғ.с.) адамзатқа берген сыйын тұтқындықтардан босату деп қуаттап: «Исламның ұлық пайғамбары адамдарды аяқ-қолдарын кісендеп, мойындарына байланып, оларға қозғалып, көкке ұшуға рұқсат етпейтін және рухани құндылықтардан алыстатып, өмірлерін ащыға айналдыратын шынжырлардың тұтқынынан азат етті»,- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи үстемшіл елдердің зұлымдығын, отаршылардың үстемдігін, таптық қайшылықтарды, ақсүйектердің зұлымдығы мен тәкаппарлығын адамзаттың тұтқындары деп атап: «Исламның ұлық пайғамбары осы кісендермен күресті. Қазіргі кезде халықтар табандылық білдіріп, дәл осы жолды жалғастырып, өздерін тұтқыннан азат ете алады»,- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи"Исламдық бірлік" конференциясына қатысушылармен кездесті

 Иран Ислам революциясының жетекшісі  қазіргі кездегі әлемнің үстемшіл елдерінің ислам үмбетіне қарсы үлкен қастандықтарына тоқталып, қастандықтарға қарсы тұрып, оларды жоюға болатынын қуаттады. Аятолла Хаменеи Құран Кәрімдегі хазірет Мұса мен Перғауын туралы айтылған оқиғаны еске салып: «Перғауын хазірет Мұсаның алдында үлкен құдырет болды. Мүлік, қару, ақша, барлық нәрсе оның ықтиярында болды. Хазірет Мұса жалғыз еді. Ол Аллаға:  «Раббымыз! Расында Сен Перғауын және оның шонжарларына дүние тіршілігінде зейнет және малдар бердің, жолыңнан адастырулары үшін бе? Малдарын жойып, жүректерін қатайт! Жан түршіктірерлік азапты көргенге дейін олар иман келтірмейді» деді. («Юнус» сүресі, 88-ші аят).

Аятолла Хаменеи «біздің заманымыздың перғауындары» деп АҚШ, сионистік режим және соларға тәуелді ислам қоғамының ішіндегі ақша мен шаһуатқа табынушыларды атап: «Олардың барлығы Исламға, Исламның ұлық пайғамбарының жолына қарсы тұрып, Батыс Азия аймағындағы мұсылмандардың арасында мазхабаралық соғыстар тудырып, ислам қоғамын әлсіретіп, сионистік режимнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат етуде»,-деді. Иран Ислам революциясының жетекшісі  қастықтарға қарсы тұратын жол ретінде Құранда таныстырылған жолды, яғни табандылық білдіріп, надандықты қолдамауды атады.

Аятолла Хаменеи аймақ мемлекеттерінің кейбір басшылары мен тіпті «АҚШ-тың қуыршағы» мен «іріткі дабылы» деп аталған кейбір көрнекті тұлғаларын надандықтың үлгілері деп таныстырып, оларды қолдамау қажеттігін баса айтып: «ИИР-ның мұсылман елдерімен қайшылықта болатындай еш себеп жоқ. Біз бірлікке сенеміз. Біз Ислам республикасы мен Иран халқына іс жүзінде өзі мен исламдық әртүрлі мазхабтардың мұсылман бауырларының арасында бірлік пен бауырластық орнатуға мүмкіндік берген Аллаға алғыс айтамыз. Бірақ бірлікті талап ететін қозғалысқа қайшылық пен соғыс тудырғысы келетіндер мен аймақтағы АҚШ-ның саясаттарын іске асыруды көздеушілер қарсы. Біз оларға аймақтың кейбір үкіметтерінің АҚШ-қа қызмет етуінің олардың өздеріне зиян келтіретінін, мұндай істің салдары туралы Құранда «өздерін жояды» деп айтылғанын еске саламыз»,- деді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  Ислам дұшпандарының аймақта тәкфиршіл топтар құрғаны туралы: «Олар біздің аймақта тәкфиршіл топтар құрып, соларды пайдаланып, мазхабаралық соғыс бастамақ болды. Бірақ Алланың көмегімен олардың ауыздары жабылып, мазхабаралық соғыс орын алмады және келешекте де орын алмайды. Біз арандатушы дұшпанға қарсы тұрып, табандылық білдіріп, Құдайға шүкір жеңдік. Дұшпан  шиіттер мен сүнниттер арасында соғыс тудыруды мақсат етті, бірақ Құдай біздің дұшпандарды ақымақ етіп жаратқан. ДАИШ шиіттер мен сүнниттерге қарсы қылмыстарымен барша мұсылманның дұшпаны екенін көрсетті»,- деді. Аятолла Хаменеи Иранның аймақтағы ДАИШ тобына қарсы  күрескенін қуаттап: «Біздің тәкфиршіл күштерге қарсы күресіміз зұлымдыққа, исламды  бұрмалауға, исламдық ахлақ пен  исламның негіздерінен алыс жабайы топқа қарсы күрес болды. Бұл топ тірі адамдардың терісін сыдырып, мұсылмандардың отбасыларын тұтқындап, саяси, жыныстық, қаржылық бұзақылықпен айналысты. Олар АҚШ пен сионизмнің қолшоқпары. Оларды қолдаушылар да АҚШ пен сионизмнің қолшоқпарлары. Бұл – шындық. Біз оларға қарсы тұрдық. Ислам әлемі ғиззатқа жеткісі келсе, бірігіп, бірлігінен айырылмауы керек»,- деп мәлімдеді. Шамамен екі апта бұрын ДАИШ-тың соңғы қамалы болған Абу-Кемал азат етіліп, америкалық-сионистік топтың туы құлатылып, Иранның Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы Қасем Солеймани сұм құбылыстың жеңілгенін жариялады. 

"Исламдық бірлік" конференциясының қонақтары

Иран Ислам революциясының жетекшісі  сөзінің жалғасында Палестина мәселесіне тоқталып: «Қазіргі таңда Палестина мәселесі – ислам әлемі мен ислам үмбетінің басты саяси мәселесі. Сондықтан барша Палестинаны, бұл елдің азаттығын қорғап, Палестина халқын құтқаруы керек. Дұшпандардың Құдсты сионистік режимнің астанасы деп жариялау туралы уәждері олардың дәрменсіздігінен туындап отыр. Ислам әлемі осы  қастандыққа қарсы тұрып, сионистердің бұл істен бұрынғыдан да ауыр соққы көріп, қасиетті Палестина ақырында азаттық алатыны күмәнсіз. Ерте ме, кеш пе, бірақ бұл күн келіп, ислам үмбетінің Палестинаны азат ету күресі Құдайдың көмегімен нәтижеге жетеді»,- деді.

 Аятолла Хаменеи сөзінің соңғы бөлімінде Иран халқының үлгі боларлық деңгейдегі табандылығына тоқталып: «Иран халқы Алланың көмегі, өз иманы, қырағылығы және табандылығымен көптеген қиын жолдардан өтті. Мұны барша біледі. Дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі достарымыз бен дұшпандарымыз да біледі. Ислам революциясының жеңісінен кейінгі 38 жылда біз көптеген қиындықтармен кезіктік. Иран халқы қиындықтардн абыройымен өтті. Келешекте де бізге қарсы әртүрлі кедергі жасалады. Бірақ Иран халқының күш-қуаты өткенмен салыстырғанда артқан. Біз Алланың көмегімен  қиындықтардан өтеміз. Дұшпан Иран халқын жеңіп, артқа шегіндіре алмайды. Біз барлық қиындықтардан сәтті өтіп, барлық мұсылман халықтарына исламдық ғиззатты көрсетіп, Исламның туын биікке көтереміз»,- деп  қуаттады.

 

 

 

Тегтер