ДАИШ-тың белсенділігінің аяқталуы – қарсыласу қозғалысын жоюға бағытталған жобаның жеңіліс табуы
Бұл бағдарлама барысында ДАИШ-тың Сирия мен Ирактағы белсенділігінің аяқталуы мен бұл лаңкестік топты құрудағы мақсаттар мен дәлелдер және оның жеңіліс табуының жай-жапсарын қарастырамыз.
Бірнеше жылға созылған қарсыласу мен табандылықтан кейін Сирия мен Ирактағы ДАИШ тәкфирлік лаңкестік қозғалысы талқандалды. Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің қолбасшысы сардар Ғасем Солеймани Ислам реовлюциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеиге жолдаған хатында: "ДАИШ-тың соңғы бекінісі саналған Абу-Камал қаласын азат ету амалдарының аяқталуы нәтижесінде осы америкалық-сионистік топтың туы төмен түсіріліп, Сирияның туын желбірету арқылы бұл қарғыс атқыр сұмпайы топтың билігі аяқталғанын мәлімдеймін",- деп жазды.
Ғасем Солеймани және ол басқарған әскери күштер Бағдад, Дамаск пен Эрбильдің күйреуінің алдын алуда ерекше рөл атқарды. Олар Ирак пен Сирияның шашыраңқы әскері мен халықтық күштерін жұмылдырып, оларды ұйымдастыру мен басқаруды қолға алып, Иран, Ауғанстан мен Пәкістанның ерікті күштері және Ливанның «Хезболла» атты қуатты қозғалысының амалдарын ұйымдастыру арқылы ДАИШ лаңкестеріне қарсы қуатты майдан құрды. Осындай ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарының арқасында ДАИШ лаңкестерінің алға ілгерілеуіне тосқауыл жасалды. ДАИШ-қа қарсы соғысқан майдандарға тек шиіттер ғана емес, сонымен қоса сүниттер, язидилер мен христиандар да қатысты. Халықтық ерікті күштермен қатар Ирак, Иран, Ауғанстан, Пәкістан мен Ливандағы қасиетті мекендерді қорғаушылардың күштері қуатты ДАИШ тәкфирлік лаңкестік қозғалысына қарсы күресте мүмкін емес мақсаттарды жүзеге асырды. ДАИШ Мосул қаласын басып алғаннан кейін америкалық стратегистер: "Мосулды ДАИШ басқыншылығынан азат ету үшін отыз жылдан астам уақыт керек",- деп болжам жасаған болады. Америкалықтар Иракта ДАИШ-тың тұқымын сепкен болатын. Олар секілді ешкім бұл тәкфирлік лаңкестік қозғалыстың болмысы мен олардың қуатынан хабардар емес. ДАИШ Сауд Арабиясы, АҚШ пен Ұлыбританияның идеологиялық, қаржылай, саяси және әскери қолдауымен ұзақ мерзімге құрылған Таяу Шығыс аймағындағы әлемнің ең ірі лаңкестік ұйымы саналады. Сирия мен Ирактың басым бөлігін басып алып, «Шам мен Ирак үкіметі» атты топ аймақ елдерін бөлшектеу және басқыншы сионистік режиммен күресетін қарсыласу қозғалысын жою мақсатында құрылды. АҚШ, Ұлыбритания мен олардың аймақтық одақтастары өткен бірнеше жылдың ішінде аймақта көпмақсатты ойын жүргізді. Олар ДАИШ-ты құра тұра осы тәкфирлік лаңкестік топпен күресу туралы уәж айтты. Олар сондай-ақ өздерінің ұшқышсыз ұшақтарын ұшырып, ДАИШ-тың базаларын нысанаға алу арқылы қоғамдық пікірге лаңкестермен күресіп жатқаны жайлы пікірді таңды.
АҚШ Мосул қаласы құлағаннан кейін Ирактағы тынышсыздық дағдарысы мен ДАИШ-ке қарсы күресіп жатқан майданды басқару деген уәжбен ДАИШ-ке қарсы соғыста қарсыласу қозғалысы әрекеттерінің алдын алу мақсатында «ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция» атты жасанды майдан құрды. Бірақ өзгерістер үдерісі АҚШ пен оның одақтастарының қалауы, күткені мен мақсаттарына қарсы болып шықты. АҚШ-тың сыртқы және қауіпсіздік саясатында Вашингтон мен оның одақтастары Таяу Шығыс аймағы елдерінде тынышсыздық тудырып, түрлі исламдық мазхабтарды ұстанушылардың арасында қайшылық қалыптастыру үшін ең маңызды құрамдас бөліктері арасында жік салуда. Сауд Арабиясындағы ваххабизм идеологиялық қозғалысы дәл осындай негізде Ұлыбритания тарапынан Сауд Арабиясында күшейтілді. Бұл қозғалыс Сауд әулетімен тығыз байланысты. ДАИШ идеологиясының негіздері де ваххабимзнің Құран Кәрім мен ислам пайғамбарының өмір салтынан (с.ғ.с) жасалған бұрыс тұжырымдамалардан бастау алады. Ваххабизмнің зорлық-зомбылықты көздеген әсіре тұжырымдамасына сәйкес, ваххабизмді исламдық тағылымдардың бірі ретінде қабылдамайтын мұсылмандар олар үшін кәпір саналады. Уаһабшылардың ойынша олардың жазасы тек өлім. Осындай идеологиялық негізге сай, ДАИШ он мыңдаған адамның басын кесіп, исламның атымен адамзат баласына қарсы ең қатыгез қылмыстарды жүзеге асырды. ДАИШ-тың АҚШ пен сионистерге өткен бірнеше жылдың ішінде Исламның жарқын бейнесін құртуда жасаған қызметін ешбір қозғалыс атқара алмас еді. ДАИШ жобасының мұсылмандардың бірлігін бұзып, аймақтық географиясын өзгерту мақсатында құрылған ең ірі әрі бұрын-соңды болмаған жоба саналатынын айтқан жөн. Ол лаңкестік топтардың бұрынғы түрлеріне қарағанда алғаш рет әлдеқайда қуаттырақ әрекет ететін батыс, араб, африкалық және Азияның шығысындағы елдердің мүшелігімен құрылған лаңкестік топ саналады. ДАИШ тобына қатысты екінші маңызды жайт – олардың барлау және әскери тұрғыдан қуаттылығы. АҚШ пен оның одақтастарының барлау және қауіпсіздік ұйымдары тарапынан ДАИШ-ке арнап өте қуатты әскери құрал-жабдық пен көптеген ақпарат жіберу көлемін елестетудің өзі қиын. ДАИШ басқа әсірешіл лаңкестік топтарға қарағанда әлдеқайда қуатты болды. Сонымен қатар, ДАИШ-тың тудырған қорқынышы мен үрейі тарихта бұрын-соңды болмаған, мүмкін моңғол шапқыншылығынан да күштірек болған шығар. Балалардың басын шабу, адамдардың терісін сыпыру, тұтқындарды отқа күйдіріп қақтау, оларды өртеу, адамдарды суға тұншықтырып өлтіру, адамдарды бомбалар арқылы жарып жіберу, ата-аналарын перзенттерінің көзінше өлтіру, әйелдерді құлдыққа алу, құл әйелдер мен қыздарды жыныстық тұрғыдан пайдалану, тіпті балаларды лаңкестік пен зұлымдыққа үйрету осы топтың жасаған қылмыстарының қатарын құрайды. Мұндай іс-әрекеттердің жиынтығы тарихта мүлдем болмаған.
Иран соңғы жылдары мұсылман елдерінің бірлігі мен жақындасуының орталығына айналғандықтан, ДАИШ лаңкестік тобы мақсаттарының ең негізгісі Иран Ислам Республикасына шабуыл жасап, Иран шекараларындағы қауіпсіздікті бұзуы болды. Сондықтан ДАИШ осылай тез арада жойылу үшін қалыптаспаған. Ол белсенділігін жалғастырып, Иран мен мұсылман елдеріндегі теңгерімді бұзу үшін құрылған. АҚШ, сионистер мен олардың аймақтағы одақтастарының күткені мен қалауына қарсы ДАИШ-тың жасаған жиркенішті қылмыстары әртүрлі исламдық мазхабты ұстанушыларға олардың болмысын тереңірек әшкере етіп, баршаны осы идеологиялық қозғалысты тамырымен жою үшін біріктірді. ДАИШ қылмыстары Ирак пен Сириядағы әртүрлі тайпалар мен түрлі мазхабты ұстанушыларды бір-біріне жақындастырып, біріктірді. Иран, Ливан, Ауғанстан мен Пәкістанның көптеген жастары ДАИШ-пен күресу үшін Сирия мен Иракқа барды. Олардың ішінде мыңдаған адам осы күрес жолында шәһид болды. Алайда қарсыласу қозғалысының бұл тәкфирлік қозғалыспен күресуге деген ерік-жігері олардың көзін жойғанға дейін азаймады. Қарсыласу өзегін жойып, мұсылман елдері мен әртүрлі мазхабтарды ұстанушылардың арасында қайшылық пен соғыс тудыру үшін құрылған топ мұсылмандардың бірлігінің негізгі факторына айналды. ДАИШ-тың Сирия мен Ирак жерінде талқандалуы ислам әлемінде шынайы бірліктің пайда болғанын білдіреді. Бөлінушілікке бағытталған бүлік өмірінің соңғы күндерін бастан өткізіп жатқанда ислам әлемінің бірілігі мен ынтымағын ойлап, мұсылман халықтары арасындағы түсіністікті дамыту үшін бастама көтеру қажет. Бүгінде барша әлем ДАИШ-ты жақсы таныды, енді ешкім ДАИШ-ты исламның өкілі деп есептемейді. Алайда, ДАИШ-тың өмірінің әртүрлі кезеңдерден тұратынын назарға алған жөн. Бұл лаңкестік топтың әскери белсенділігі аяқталды. Ал оның орталық үкіметтер мен мұсылман халықтарына қарсы стратегиялық әрекеттер жасауға шамасы келмейтін қалған қысқа өмірі шөлдер мен Таяу Шығыстың шалғай аймақтарында өтеді. Бірақ лаңкестік және азаптаушы әрекеттер деңгейіндегі бұл лаңкестік қозғалыстың ғұмыры әлі жалғасып жатыр.