ДАИШ-тың ақпараттық жарнамалары: құрылуынан құлдырауына дейін 1
Негізінде бұқаралық ақпарат құралдары, киберкеңістік пен әлеуметтік желілер ДАИШ лаңкестік тобына өзінің жаңа анықтамасын ұсынуға мұрсат тудырды.
ДАИШ лаңкестерінің ақпарат құралдары мен үгіт-насихат әдістерін талқылау үшін басында бұл лаңкестік топтың қалай құрылғанына шолу жасау керек. ДАИШ 1999-шы жылы Абу Мосааб әл-Зарқавидің басшылығымен құрылды. Ирак үкіметі мен сол елде орналасқан америкалық күштерге қарсы соғысқа шыққан бұл топ 2006-шы жылы бірнеше исламшыл топпен коалиция құрып, Ирактың ең үлкен облыстарының бірі әл-Анбар облысындағы маңызды күшке айналған «Моджаһедтер мәжілісін» құрды. Сол жылдың қазан айының 13 күні мәжіліс бірнеше бүлікшіл топпен «Ирактың исламдық үкіметін» құрды. Абуаюб әл-Месри мен Абу Омар Бағдади «Ирактың исламдық үкіметінің» негізгі екі басшысы болды. Олар 2010-шы жылдың сәуір айының 18 күні АҚШ армиясының әрекетінде өліп, Абубакр әл-Бағдади солардың орнына басшы болды.
Абубакр әл-Бағдадидың басшылығының басталуымен бұл лаңкестік топтың шабуылдары артып, Сириядағы дағдарыстың басталуымен топтың лаңкестері әрекеттерін арттырды. «Джебхат ан-Носрат» тобы 2011-ші жылдың соңында Сириядағы дағдарыс пен соғыстың басталуымен ДАИШ тобының бір бұтағы ретінде құрылды. 2013-шы жылы Абубакр әл-Бағдади аудио жолдауында өз тобының «Джебхат ан-Носрат» тобымен қосылғанын ту жариялады. Сөйтіп, «Ирак пен Шамдағы исламдық үкімет» деп аталған ДАИШ тобы құрылды. ДАИШ лаңкестері басында Ирактың кейбір облыстарының шектеулі аймақтарында, әсіресе әл-Анбар облысында орналасып, Ирактың бүкіл жерлеріндегі лаңкестік әрекеттерді осы аймақтан бақылауына алды. 2014-ші жылдың маусым айында Ирактың Нейнава облысының орталығы Мосулге бұрын-соңды болмаған шабуыл жасап, бірнеше сағаттың ішінде қаланы басып алды. Ирактың көптеген аймақтарын басып алуымен тұспа-тұс ДАИШ Сирияның Ракка, Алеппо, Латакия, Риф Дамаск, Дейр эз-Зор, Хасаке мен Идлиб облыстарының аймақтарына таралып, кейбір аймақтарын толығымен өз бақылауына алды. Біраздан кейін және Сириядағы «Джебхат ан-Носрат» пен ДАИШ лаңкестері арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстардың басталуымен әл-Қаиданың қолбасшысы Айман әз-Завахери Абубакр әл-Бағдадидың өз тобын «Джебхат ан-Носратпен» қосу шешімінің күшін жойды. Бірақ бұл тақырып ДАИШ қолбасшысы үшін жағымсыз болып, ол өзінің аудио жолдауында Айман әз-Завахеридың «Джебхат ан-Носрат» тобын ДАИШ-тен бөлуіне қарсы екенін жариялады. Қарсылықтарға қарамастан екі топ бөлініп, олардың арасында қақтығыстар мен қантөгіс орын алды. Қақтығыстарда өлген лаңкестердің нақты саны жарияланған жоқ. Лаңкестер бақылауға алған аймақтарда әртүрлі сылтаулармен жазықсыз адамдар өлтірілді.
Абубакр әл-Бағдади қырып-жою қылмыстарына ДАИШ-қа Еуропа мен АҚШ-тан келіп қосылған лаңкестерді пайдаланды. Ол соғыс пен қырып-жоюға жаттықтыратын жағдай тудырып, Сирия мен Ирактағы қақтығыстар мен соғысқа да соларды қолданды. Сонымен бірге алдын ала дайындалған жоба бойынша олардың кейбіреуі өз елдеріне оралып, үйренген тәжірибелерін пайдаланып, лаңкестік әрекеттерді іске асырды. ДАИШ лаңкестері жаттығулардан өтіп, олардың болмысында адамгершілік қалмады.
ДАИШ үкіметін халифа басқарып, оның орынбасарлары, қарулы және барлау күштері болды. ДАИШ лаңкестері заң бекітіп, оның іске асырылуын бақылайтын органды да құрды. Олар өздерін шариғатқа сүйенген бірнеше ұлттық исламдық үкімет құруды көздейтін жиһадтық сүннит топ деп таныстырды. Мамандардың пікірінше, ДАИШ-тың бюджеті контрабанда, бопсалау және басқа қылмыстар арқылы қамтамасыз етілді. Кейбір мәліметтер Мосулды басып алуынан бұрын ДАИШ-тың ірі және шағын сауда салаларындағы бопсалау мен салық салу арқылы ай сайын 8 миллион доллар кірісі болғанын көрсетеді. ДАИШ Мосулды басып алған соң бұл қаланың банктерін өз бақылауына алып, кемінде 430 миллион долларды қорына түсірді. Сонымен бірге басып алынған аймақтарда өндірілген мұнайды сатып, ай сайын 40 миллион доллар ақша табатын болды. ДАИШ тұтқынға түскендер, сатқындық жасаушылар мен дұшпандарын айыптайтын сот құрып, жан түршіктірерлік және үрейлі азаптармен оларды өлтірді. Лаңкестердің өлім жазасына жазаланғандарының арасында қарапайым әскери емес азаматтар көп кездеседі. Вашингтон ұйымының жиһадтық топтар туралы зерттеу бөлімінің маманы Арон Зеллиннің пікірінше, бұл топ өз жолдауын жеткізу үшін қоғамдық желілер, әсіресе Твиттердің дамыған мүмкіндіктерін пайдаланды. Дәл осы мәселе бұл топқа Батыстың 2000 азаматының қосылуына себеп болды. Әлемдік деңгейдегі қарым-қатынас технологияларының маңыздылығына назар аударып, ДАИШ лаңкестік тобы өзінің ақпарат тарату органы ретінде «Әл-Этесам» ұйымын құруға кірісті. Сондай-ақ, 10 теледидар, 3 радиоарнасы кірген өзінің ақпараттық империясын іске қосты. ДАИШ лаңкестері араб және ағылшын тілдерінде «Дабеқ» деп аталған ғаламтор журналының бірнеше нөмірін шығарды. «Сахих Мүслім» хадис кітабында Дабеқ – ақыр заман соғыстарының бірі орын алатын қалалардың бірі.
ДАИШ өз қатарына адамдарды тарту үшін киберкеңістікті пайдаланып, журналдар мен сайттарды өз әрекеттерін таратуға талпыныс жасады. Бұл лаңкестік топ киберкеңістікті өзін әділетсіздік, кемсітушілік және құқықтардың бұзылуына қарсы ұйым ретінде таныстырды. Адамдармен идеологиялық қарым-қатынас орнату еуропалық жастарды бұл топқа тартуда маңызды рөл атқарды. Бұл топтың мүшелері мен жақтастарының ықтиярына жазбалар, кітапханалар мен жаттықтыратын фильмдерді ұсынды. Қоғамдық желілердегі белсенділігінің артуымен бұл лаңкестік топ өз құрылымын өзгертуге күш салды. ДАИШ лаңкестерінің ғаламтор әлеуметтік желілерінде белсенділік танытуына уақыт шектеулерін жеңіп, пікір алмасу орнатып, ықпалын кеңейтуіне себеп болды. ДАИШ әлеуметтік желілерде жолдаулар мен өлеңдерінде, суреттері, дыбыс және бейнематериалдарында өзінің идеологиясын көрсетті. ДАИШ-тың киберкеңістіктегі үгіт-насихаттарын «қара үгіт-насихат» санауға болады. Сөйтіп, еуропалық жастарға шындықты бқрмалаған қате мәліметтер ұсынылады. Шетелдік журналистерді дұшпан деп жариялап, олардың кейбіреуін бауыздағандарын көрсетіп, ақпараттық монополияға ие болу ДАИШ-тың әрекеттерінің бірі болды. Голливуд фильмдеріне ұқсас ДАИШ-тың үгіт-насихаттық фильмдері Батыс жастарын қызықтырып, лаңкестердің қатарына қосатын мықты себеп болды. ДАИШ лаңкестерінің күнделікті тұрмысынан оларды дұшпан деп ойлайтын адамнан кек алу туралы фильмдердің мәтіндері әртүрлі болды. Жарыққа шыққан фильмдерінің жолдаулары әртүрлі адамдарға қатысты. Мәселен, адамды «алаңдау жері» деп аталған отанынан «ислам халифаты» деген қауіпсіз жерге кетуге шақыру. Басқа жақтан фильмдері үрей мен қорқыныш тудыруды мақсат етіп, құрбандарын бауыздап, көрерменді бұл топтың қиратушы күшімен таныстырады.
Қорыта айтқанда, ДАИШ-тың үгіт-насихаттарында ерлік оқиғалар, әділетсіздікпен күрес және исламдық халифат идеясына жеткізетін әрекеттерді көрсетеді. Олар өз үгіт-насихаттарында әл-Қаиданың тәсілдерінен үлгі алып, басында зорлық-зомбылық сахналарды көрсететін бейнематериалдарды дайындап, оларды қасиетті Мединемен бірге көрсетті. Бұл екі топ та экстремистік әрекеттерге жақын болып, қалауларына жету үшін зорлық-зомбылық қолданады. ДАИШ-тың үгіт-насихаттарының толқынының қызық болғаны сондай, еуропалық ерлер мен әйелдердің бұл топқа бет бұруына себеп болды. ДАИШ лаңкестері зорлық-зомбылық пен тұрақтылықты бұзу әрекеттерді бірге көрсететін бейне материалдар дайындап көрсетті. Дәл осы мәселе адамдарды қызықтырды. Шапқыншылықты насихаттаған жолдаулар мен әлсіздіктің мықты тұсқа айналуы туралы уәждер бір жақтан, алдағы перспективалар туралы суреттер басқа жақтан әлемнің әртүрлі жерлерінің, әсіресе Еуропа жастарының қолдауына себеп болды. Адамдар елдері мен отбасыларын қалдырып, ДАИШ-ке қосылып, бұл лаңкестік топтың сарбазы ретінде бірнеше жыл бойы жазықсыз адамдарды өлтіруге қатысты.