Қаң 07, 2018 21:05 Asia/Almaty
  •  Трамптың Құдсқа қатысты шешімінің салдарлары 1

АҚШ Президенті Дональд Трамп желтоқсан айының 6 күні біржақты шешім қабылдап, Бейт әл-Мұқаддасты Тель-Авивтің орнына сионистік режимнің астанасы ретінде таныстырып, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа көшіруді бұйырды.

Трамптың шешімі Палестина үшін оң нәтижелер мен теріс салдарларға ие

Оң нәтижелері

Оң нәтижесіне біріншіден, Палестина мәселесінің негізгі тақырып деңгейіне оралуы жатады. Палестина үшін ең маңызды оң нәтижесі соңғы жеті жылда араб елдеріндегі наразылықтар мен Сирия, Ирак, Йемен мен Ливиядағы дағдарыстардың пайда болуына байланысты ислам әлемі мен халықаралық жүйеде шетте қалған Палестина тақырыбының Трамптың шешімімен басты мәселеге айналуы саналады. Әлемнің әртүрлі аймақтарында АҚШ пен Израильге қарсы наразылықтар, Палестина мәселесінің Қауіпсіздік кеңесінде көтерілуі мен БҰҰ Бас ассамблеясының Құдс қарарын бекітуі Палестина мәселесінің негізгі мәселеге айналғанын көрсетеді. Бірінші рет халықтар арсындағы ресми және бейресми жиындар дін, ұлт және географиялық орындарына қарамастан Палестинаны қолдады.

АҚШ Президенті шешімінің Палестина үшін екінші оң нәтижесі Палестинаға Шығыс Құдсты өз иелігі санауға мүмкіндік беруі жатады. Яғни, егер АҚШ алдағы үш жылдың ішінде өз елшілігін Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа көшіре алмаса, бейресми түрде Шығыс Құдсты  Палестинаның иелігі ретінде қабылдау үшін мүмкіндік туады.

Теріс салдарлары

Трамптың шешімінің Палестина үшін теріс салдарлары да болады. Ол Палестинаның келешегі үшін маңызды әсер етеді. Теріс салдарларының біріне палестиналықтардың қайтадан босқынға айналуы жатады. Егер сионистік режимнің астанасы Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа көшетін болса, Палестинаның 5 миллион халқы босқынға айналады. Өйткені, бұл жоба бойынша, шамамен 400 000 палестиналық Иордан өзенінің батыс жағалауында босқынға айналады. Босқындарды Сирия, Иордания мен басқа аймақтардағы палестиналық босқындардың тағдыры күтуде. Бұл шынайы қатер болады.

Келесі теріс салдары Құдстың жағдайының өзгеруі болады. Яғни, Трамптың шешімі Женева конвенциясы бойынша басып алынған саналатын Құдсты еврейлендіруді жылдамдатады.  Басқаша айтқанда, бұл шешім Құдсты басып алынған қала деп санайтын осыған дейінгі барлық келісімдер мен бұл қалаға ерекше статус беріп, құрамын өзгертуге рұқсат етпейтін №4 Женева конвенциясын бұзу саналады.

Үшіншіден, Трамптың шешімінен кейін АҚШ пен сионистік режимге қарсы және керісінше Палестинаны қолдайтын шерулер өткенімен, олардың сапасы туралы айтатын болсақ, бұл реакциялар қысқа мерзімге ғана әсер ететіндей осал болды. Олар Трамптың шешімін айыптағанымен, бірақ Палестинаны іс жүзінде қолдайтын ешбір шара қолданбады. БҰҰ Бас ассамблеясындағы Құдс қарары демонстрациялық іс-шара болды. Осы салада араб аналитиктерінің бірі Адель Рошед: «БҰҰ-ның шешімі міндетті шешім болған жоқ. Сондықтан оның іске асырылу күші жоқ. Аталмыш қарар тек ұсыныс және іс жүзінде жағдайды өзгертпейді. Басқаша айтқанда, осыған дейінгі қарарлар сынды бұл қарардың да әсері болмайды. Көптеген мемлекетер БҰҰ-ның Құдсты қолдау қарарына оң дауыс беріп, оны растады. Осылайша, Трамптың Құдсты Израильдің астанасы ретінде жариялауына қарсылық білдірді. Оң дауыс бергендердің ішінде еуропалық мемлекеттер де  болды. Еуропалық мемлекеттердің көбі құрылғандарынан бері сионистік режимнің саясаттарын қолдап келе жатқан жағдайда бұл жолы БҰҰ-ның қарарына оң дауыс беріп, Трамптың жобасына қарсылықтарын жариялады. Сондықтан олардың Трамптың жобасына қарсылық білдіруі шынайы емес деген ой туады. Бұл мемлекеттер халықтарының көңіл-күйін бақылауға алу үшін Трамптың жобасына тек сырт көз үшін ғана қарсылық білдірді»,- деп жазды. Келесі араб аналитигі Исам Неғман да былай деп жазды: «Бұл жеңіс – Палестина мен оның жақтастары үшін рухани, құқықтық және саяси жеңіс. Ал АҚШ пен Израиль және олардың одақтастары үшін ауыр жеңіліс. Алайда  бұл сәтсіздіктер АҚШ пен Израильді билеп-төстеуші және қалашық құрылысының саясаттарын тоқтатуға мәжбүрлеуге жеткіліксіз. Яғни, БҰҰ Бас ассамблеясының желтоқсанның 21 күнгі қарары жеткілікті емес және палестиналықтарды азату ету мақсатындағы тарихи күресті тоқтатып, палестиналықтардың  өз жерлеріне оралып, тәуелсіз мемлекет құруына мүмкінді тудырмайды».

Төртінші салдары, Араб әлемінің Палестина мәселесіне немқұрайдылық танытуы

Араб үкіметтерінің Трамптың шешіміне қатысты реакциялары араб басшылары үшін Палестина мәселесінің маңызды еместігін көрсетеді. Араб басшылары Палестинаны қолдау үшін іс жүзінде шынайы әрі әсерлі әрекет еткен жоқ. Негізінде олар сионистік режиммен арадағы қарым-қатынастарын үзіп, израильдік тауарларға санкция салып, араб елдеріндегі АҚШ елшілерін шақыртып, халықаралық қоғамда тек сөзбен қолдау көрсетумен шектелмей, Палестина интефазасына әскери және қаржылай қолдау көрсете алатын еді. Бірақ, олардың ешбіреуі араб басшылары мен Түркия сынды исламдық елдердің шешімдерінен көрінбеді. Осы салада Кувейт университетінің саяси ғылымдар ұстазы Мұхаммад Салеһ әл-Мофасер елінің «Әл-шарқ» газетінің порталында: «АҚШ Израильді айыптайтын қарарлардың жобасына қарсы 80 рет вето құқығын пайдаланды. Араб басшылары АҚШ-қа қарсы ешбір саяси ұстаным білдірген жоқ. Желтоқсанның 21 күні  өткен Бас ассамблеяның төтенше отырысында да ешбір араб делегация еш нәрсе айтпады. Кейбір араб елдерінің өкілдері сөз сөйлеуді сұраған тізімде болғанына қарамастан, бұл отырыста сөз сөйлемегені үшін ақталып, араб тобының басшысы мен Йемен өкілінің  және Қосылмау қозғалысына мүше елдердің атынан Венесуэла өкілінің сөйлеуімен шектелді»,- деп жазды.

АҚШ Президенті Дональд Трамп желтоқсан айының 6 күні Палестина үшін оң нәтижелер мен теріс салдарлар әкелетін басып алынған Құдс туралы шешім қабылдады. Бұл шешімнің оң нәтижелері уақытша, қысқа мерзімді болады деген ой туады. Өйткені, реакциялар іс жүзінде Палестинаны қолдаудың орнына Трамптың шешімін айыптаумен шектелді. Кейбір мемлекеттер АҚШ Президентінің өз елінің елшілігін Бейт әл-Мұқаддасқа көшіруін қолдады. Тіпті, Гватемалла үкіметі  ресми түрде өз елшілігін Бейт әл-Мұқаддасқа көшіретінін жариялады. Егер исламдық үкіметтер, әсіресе араб үкіметтері бірауыздан Палестинаны қолдап, тек ауызбен қолдау саясатынан шығып, Палестинаны іс жүзінде қолдауға кіріссе, АҚШ Президентінің Құдс туралы шешімі іске аспайды.

 

 

 

Тегтер