Трамптың ашу-ызасына себеп болған кітап
(last modified Sat, 20 Jan 2018 10:33:40 GMT )
Қаң 20, 2018 16:33 Asia/Almaty
  • Трамптың ашу-ызасына себеп болған кітап

2018-ші жылдың қаңтар айының басында америкалық жазушы Майкл Вульф онлайн түрде кітап сататын "Amazon" сайты кітаптарының тізімінде бірінші орналасқан кітап шығарды.

Вашингтонның кітап сататын дүкендері де бұл кітаптың барлығын бір күннің ішінде көзді ашып-жұмағанша сатып жіберді. АҚШ Президенті Дональд Трамп пен оның уәкілі осыдан бірнеше күн бұрын жарыққа шығуының алдын алмақ болған кітап «Өрт және қаһар: Трамптың Ақ үйінің ішінде» деп аталды. Бұл кітап Трамптың президенттігінің бірінші жылындағы іс-әрекеттері мен шешімдерін сынайды. Кітап авторының айтуынша, кітап  ел президенті және оның жоғары лауазымды басшыларынан алынған 200-ден астам сұхбаттарға сүйеніп, 18 айдың ішінде жазылған. Сондай-ақ, жазушы кітабының Дональд Трамптың президенттік билігінің аяқталуына себеп болады деген болжам айтады. Вульф NBC арнасына берген сұхбатында Трамп туралы кітабының тиражының бірден сатылуына алғыс айтып: "Трамп маған кітабымды сатуға ғана емес, ішінде жазғанымды растауға көмектесуде. АҚШ Президентінің бір кітаптың жарық көруінің алдын алуға әрекет жасауы табиғи жайт емес",- деді.

"Өрт және қаһар: Трамптың Ақ үйінің ішінде"

Майкл Вульф «Өрт және қаһар: Трамптың Ақ үйінің ішінде» атты кітабында Ақ үйдің кейбір басшыларының, соның ішінде Стив Бэннонның сұхбатына сүйеніп, Трамптың Ақ үйде бала сияқты қылық көрсететінін, оның  бір елді басқару қабілетінің жоқ екенін әшкере етті. Трамптың экономикалық істер жөніндегі кеңесшісі Гэри Коэн кітапта: «Трамп  ешбір нәрсені, олардың ішінде бір беттік ескертпелер мен күнделікті қысқа мәлімдемелерді де оқымайды. Ол әлем басшыларымен өткізетін жиналыстардың ортасында ұйқыдан оянады, өйткені шаршап, іші пысып кетеді»,- деді. Майкл Вульф: «Менің ойымша, бұл жерде екі маңызды мәселе бар: біріншісі, Дональд Трамп еш нәрсе  оқымайды, мені мұны тағы қуаттаймын. Сіз АҚШ Президенті үшін жұмыс жасағыңыз келсе, сіз  үшін мәліметті оған қалай жеткізу туралы мәселе пайда болады; екінші мәселе, Трамп оқымақ түгілі, сіздің сөздеріңізді тыңдамайды. Сол себепті, сіз Трампқа еш нәрсе айта алмайсыз. Бұл бірінші күннен президенттік дағдарысқа айналды.

Көпшіліктің пікірінше, Дональд Трамп сайлаудағы жеңістерінің көбіне Ақ үйдегі аға кеңесшісі Стив Бэннонның стратегиясына борыштар. Стив Бэннон бұл кітапта Трампқа қарсы мәліметтерді әшкерелеп, АҚШ Президентін рухани тұрақсыз адам деп атады. Бұл кітапта Бэннонның айтуынша, Трамп үшін суретінен маңызды нәрсе жоқ. Бэннонның сенімінше, Трамп өз есімін сатып, күннен күнге бұрынғыдан бетер байып келеді. Оның есімін мейманхана, казинолар мен гольф ойнайтын жерлердің атауларынан байқауға болады. Ол Ақ үйде бұрын ойнаған сериалдағыларындай әрекет етеді. Ол сериалдардың бірінде баршаға танымал: «Сіз боссыз»,- деп айтқан болатын. Бэннонның айтуы бойынша Трамп өзін ауыр күндердің ері етіп көрсету үшін сериалдағы тәсіл бойынша әрекет етіп, басқаларды орындарынан босатуда.

«Өрт және қаһар: Трамп Ақ үйінің ішінде» атты кітаптың шығуы Трамптың реакциясымен кезігіп, оның адвокаттары кітаптың сатылуының алдын алуға көп талпыныс жасады. Америкалық тарихшы Тим Нафтали Трамптың іс-әрекеттері мен оның кітаптың шығуына білдірген реакциясы туралы CNN-ге берген сұхбатында: «Дональд Трамптың қолайсыз әрекеттерін әшкерелеу үшін кітап шығару қажет емес еді. АҚШ Президенті бұл кітапқа немқұрайдылық танытудың орнына тікелей шабуыл жасады, өйткені ол өзін қадағалай алмайды»,- деді. Ақ үйдің ішіндегі әшкереулер тек Трамппен шектелмей, Американың саяси кеңістігіне де жетті. Осы кезде Муленнің ресейліктердің АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласуы туралы зерттеулері Америкадағы негізгі пікірталастардың тақырыбы болуда. Бұл кітапта Дональд Трамп туралы тікелей айтылмағанымен, кітаптың авторы Вульф Бэннонның сөзі бойынша президенттің баласы Джуниор Трамп орыстармен қарым-қатынаста болған деп жазды. Бірақ, Дональд Трамп бұл сөздерге реакция білдіріп, «Бэннон ақылынан айрылған» деді.  «Өрт және қаһар: Трамптың Ақ үйінің ішінде» деген кітап басылып шыққаннан кейін Бэннон өз сөзін қайтып алғанымен, Вульфтың кітабында ұсынылған мәліметтер бұл күмәндерді нығайтты. Дональд Трамп сан рет бұл айыптауларды теріске шығарып, Стив Бэннонның сөзіне реакция білдіріп: «Ол жұмыс орнынан ғана емес, ақылынан айрылды»,- деді.

Трамп және Бэннон

Бұл кітаптағы Трампқа қарсы  келесі ең маңызды әшкерелеудің қатарына Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман мен Дональд Трамп және оның отбасы арасындағы ынтымақтастық кіреді. Вульф оны хабарсыздыққа сүйенген ынтымақтастық деп бағалады. «Өрт және қаһар: Трамптың Ақ үйінің ішінде» атты кітаптың жазушысы Ақ үйдің кейбір басшыларының сұхбаттарына сүйеніп: «Трамп Сауд Арабиясында Мұхаммад бен Салман тақ мұрагері болып жаряланған соң, күйеу баласы Джерад Кушнермен бірге Сауд Арабиясында төңкеріс жасағанын  мойындады»,- деп жазды. Бұл кітапта сондай-ақ, Трамптың бен Салманның саудиялық шахзадаларға қарсы басып-жаншуларды қолдағаны туралы мәліметтер көрсетілген.

Майкл Флин: «Президент сыртқы саясат саласындағы кеңестерге немқұрайдылық білдіріп немесе олармен қарсыласып, саудиялықтардың Катарға күш көрсету жобасымен келісті. Трамп «Катар лаңкестік топтарға қаржылай қолдау көрсетеді» дегенімен, Сауд Арабиясының осы саладағы ұқсас әрекеттеріне көзжұмбайлық танытты. Оның дәлелі Сауд әулетінің тек кейбір мүшелері ғана лаңкестік топтарға қолдау көрсетті деген ойы болды.

Майкл Вульф

Кітаптың келесі бөлімінде автор Трамптың Иран туралы экстремистік көзқарастарының тамыры мен оның Ираннан үркітуді сыртқы саясатының негізі еткеніне тоқталып: «Трамп өзінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Майкл Флиннің «Иранға қарсы адам – өте жақсы адам» дегенді үйренді»,- деп жазды. Бұл кітаптағы әшкереушіліктер бүгінде әлемдіктерді, әсіресе Америка халқының көбін қызықтырды. Кітаптың жазушысы Вульф бұл туралы NBC арнасына: «Қазіргі заман – жаман әрі қалыптан тыс заман. Мұны өткен бірнеше күнде менің кітабыма көп назар аударылуы дәлелдеді. Бұл кітап АҚШ Конституциясының 25 қосымша бабын іске асыру болды. Трамптың Ақ үй мүшелері бұл туралы толығымен әшкере түрде айтып: «Біз 25 қосымша бапты іске асыруға әлі жете қойған жоқпыз» деді. Айта кететін жайт, бұл бап АҚШ президентінің орынбасарлығына қатысты. Ақ үй мен Трамп кітапта айтылған уәждерді теріске шығарып, оларды шындыққа сай емес деп қуаттағанымен, кітап шыққаннан бір аптадан кейін Вульфтың Трамп үкіметіне қарсы әшкерелеуі 2018 жылдағы Gallup ұйымы сауалнамасының алғашқы нәтижесі болып, Трамптың рейтингінің екі пайызға төмендеп, 37 пайызға жеткенін көрсетеді.  2017 жылдың желтоқсан айының 31 күнгі сауалнама бойынша Трамптың рейтингі 39 пайыз деп жарияланған болатын.

Вульфтың ұсынған фактілеріне сүйеніп, Трамптың осы уақытқа дейінгі іс-әрекеттері мен мінез-құлқына қарап, кітаптағы жанжалды уәждер Трамптың алдағы айдағы ой-пікірлерінен байқалып, АҚШ Президентінің Ақ үйдегі келешек шешімдері мен асығыс сөздеріне әсер ететіні туралы болжамдар жасалды.