Ирандағы адам құқығының жағдайы-4
(last modified Sat, 27 Jan 2018 06:37:17 GMT )
Қаң 27, 2018 12:37 Asia/Almaty
  • Ирандағы адам құқығының жағдайы-4

(Діни азшылықтар және мазхаб бостандығы) ИИР Конституциясында «Ұлт құқығы» деген атпен жеке тарау қарастырылған. 24 бапта қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың, соның ішінде тіл, мазхаб, этнос пен қауым тұрғысынан заңды құқықтары мен бостандықтары ресми түрде танылған.

Мұнымен бір мезгілде ИИР Конституциясының 14-бабында үкімет пен мұсылман халық мұсылман еместерге қатысты дұрыс мінез-құлық көрсетіп, исламдық әділет пен адамдық құқықтарды сақтауға міндеттелген. Сонымен қатар, ИИР Конституциясының 13-бабында зәртушт, яһуди мен христиан ирандықтар Иранда ресми түрде танылған діни азшылықтар саналады. ИИР – көптеген қауымдардан тұратын елдердің бірі. Бұл қауымдар азшылық топтарға жатады.

(Мазхаб бен ой-пікір бостандығы)

ИИР Конституциясының 23-бабында «Адамның ой-пікірін қазбалауға тыйым салынады. Ешкімді ой-пікіріне бола басып-жаншуға болмайды» деп жазылған. ИИР Конституциясының 26-бабында: «Иранда танылған партиялар, қоғамдар, саяси және кәсіподақтық ассоциациялар, исламдық немесе діни азшылықтардың ассоциациялары ИИР-дағы принциптер мен тәуелсіздік, азаттық, ұлттық бірлік, исламдық және негізгі қағидаларды бұзбаса, еркін жұмыс істейді»,-деп жазылған. Сондай-ақ, ИИР Конституциясының 13-бабында діни рәсімдерді орындау, діни тағылым беру және ресми танылған азшылықтардың рәсімдерін ұстану еркіндігі қуатталған. ИИР азшылық топтардың діни мерекелері мен демалыстарын жан-жақты өткізу құқығын ресми түрде таныған. Діни азшылықтардың қызметкерлері мен әскердегі сарбаздары  өздерінің ресми мерекелерінде демалыс ала алады.

Иранда діни азшылықтардың ғибадат ететін кеңістігі жан басына шаққанда мұсылмандардан шамамен екі есе артық. Христиандар Иран бойынша 250-ден астам шіркеуге ие. 500-ге жуық адамға бір шіркеуден келеді. Иранда яһудилердің 16 синагогасы, зәртуштердің 78 ғибадатханасы бар. Мұнымен қоса, азшылықтардың орталықтары әрдайым Иран үкіметі тарапынан және қоғамдық қаражат арқылы жөндеуден өткізіліп тұрады. Тіпті, тарихи тұрғыдан көне орындардың кейбіреуі әлемдік мұра тізіміне енгізілген. Мысалы, Батыс Әзірбайжан облысындағы Қара шіркеу теңдессіз архитектурасына байланысты Ирандағы тоғызыншы ескерткіш ретінде БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО тарапынан әлемдік мұра тізіміне тіркеуге алынды. Діни азшылықтар 150 мың адамды құрайтындықтан ИИР Ислам Кеңесі Мәжілісінде 5 орынға ие.

ИИР-да діни азшылықтар өздерінің қоғамы мен діни қауым мүшелерін хабарландыру аясында арнайы газет пен журналдардар шығарады. Ирандағы армяндар қоғамының «Алик» газетін, «Пейман» маусымдық басылымын, «Аракс», «Арарат» және «Льюис нур» атты айлық журналдарды атауға болады. Олар армян және парсы тілдерінде Теһранда шығады. Халдей католик шіркеуіне тиесілі «Юхана орталығы» (Канун-е Юхана) басылымы да христиандарға қатысты мәтіндерді жариялайтын беделді басылымдардың бірі саналады. Ассириялықтар қоғамы да «Ассириялықтар жолдауы» (Пайям-е ашуриан) айлық журналын шығарады. Жалпы, Ирандағы діни азшылықтарда 20 газет, апталық және айлық газет пен журнал, өздеріне тиесілі 5 баспахана бар. Өткен 10 жылдың ішінде діни азшылықтар Иранда 500-ден астам тақырыпта діни кітаптар шығарды. Олар өз түрі бойынша теңдессіз.

ИИР Конституциясы бойынша діни азшылықтар білім беру құқығымен қоса, өздерінің діни тағылымдарын еркін меңгеріп, біліп беріп, басылымдар, ақпарат құралдары мен мектептерде өздерінің жергілікті және қауымдық тілін пайдалана алады. Ирандағы діни азшылықтарда кәдімгі мектептерде білім алу мүмкіндігімен қоса, арнайы мектептер де бар. Ирандағы діни азшылықтарға тиесілі 93 мектеп бар. Діни азшылықтар  Ирандағы басқа азаматтар сияқты университеттердің әртүрлі деңгейлерінде білімдерін жалғастыру мүмкіндігіне ие.Азшылықтардың әдебиеті мен мәдениетін қолдау үшін Иранның кейбір университеттерінде соларға қатысты жоғары оқу курстары ашылған.

(Діндер мен мазхабтардың диалогы)

ИИР діни көпшілік пен азшылықтарға жататын адамдар арасында өзара құрмет пен түсіністік орнату үшін әсерлі қадамдар жасап, мәдени тұлғалар мен ойшылдарды шақыру арқылы діни азшылықтар жөнінде көптеген пікірталастар өткізді. Осы аяда мұсылмандардың тату өмір сүруі тақырыбында діни диалогтардың бірнеше кезеңі, католик христиандармен, протестант және ортодокс христиандармен, Иран армяндарымен «Мұсылмандар мен армян христиандардың тату тіршілігі» атты диалогтар өткізілді. Теһранда жыл сайын исламның әртүрлі мазхабтарын ұстанатын үлемдер мен ойшылдардың қатысуымен «Исламдық бірлік» халықаралық конференциясының өткізілуі Иранның әртүрлі мазхабтар арасында диалог өткізіп, әріптестікке ынталандыру үшін ұдайы жасап жатқан талпыныстарының  айқын үлгісі болып табылады. 2017 жылдың 5-8 желтоқсаны аралығында Теһранда «Исламдық бірлік» халықаралық конференциясының 31-ші кезеңі «Исламдық бірлік және жаңа өркениеттің қажеттіліктері» деген тақырыпта өтті. Ислам мазхабтарын жақындастыру дүниежүзілік ассоциациясының бас хатшысы аятолла Мохсен Араки «Исламдық бірлік» халықаралық конференциясының өткізілуін Ислам әлемі бірлігінің символы деп атап: «Ислам әлемінің саясат, өнер, ой және ғылым саласындағы жарқын тұлғаларының бір ұран, бір мақсатпен бас қосуы ислам әлемінде бірліктің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді»,-деді.